Конспект урока "Аққала"

Ортаңғы «Қуыршақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің
конспектісі
Өткізілу күні: 15.01.2019 ж
Тәрбиеші: Берік А
Білім беру саласы: Шығармашылық
Пән: Мүсіндеу
Өтпелі тақырып: «Қардың пайдасы»
Тақырыбы: Аққала
Дамытушылық: Алақан арасында ермексазды домалақтау дағдырларын
жетілдіру,
Оқыту: екі, үшбөліктен тұратын қарапайым затарды мүсіндеуге, оларды
өзара біріктіруге толықтыруға үйрету.
Тәрбиелік: ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Билингвалдық компонент: аққала- снеговик.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Шаттық шеңбері:
Ашық менің жүрегім
Ылғи күліп жүремін.
Бірге ойнапғ бір жүрер
Достарым көп, білемін!
-Балалар жылдың қай мезгілі?
-Қыстың нешінші айы?
-Ауа-райы қандай?
Менің сендерге өлең оқып бергім келіп тұр, мұқият тыңдап өлеңде не жайында
айтылғаның айтамыз.
Көрмем сөз:
Қыс келді, қыс келді,
Ақтарып ақ қарды.
Жол аппақ түске енді,
Аралап қайтайық,
Ақ күміс бақтарды. Ә. Ысқақбаев
-Неге жердің бәрі аппақ?
Жердің бетін қар жапқан.
Қар ұлпалары неге ұқсайды?
Жұлдызшаға ұқсайды
Қар ұлпалары қандай керемет, өрнектері бар екен.
Енді осы қыс мезгіліндегі көріністерді бақылайық. Суретпен жұмыс.
Билингвальды компонент: аққала- снеговик.
Қардың жауғанын қимылмен көрсету. Қар туралы түсініктер беру.
-Біз қардан не жасай аламыз.
-Қарды қолмен ұстасақ, қолымыз тонады,
Балалар біздің топта қар жоқ, ал бізге аққала жасау керек. Аққаланы
қолымыз тонбайтындай, топтың ішінде неден жасауға болады?
-Ермексаздпан.
-Дұрыс айтасындар, олай болса сендерге қауіпсіздік ережесімен
таныстрайын.
Қауіпсіздік ережесі:
-Ермексазды аузымызға салмаймыз
-Көршімізді мазаламаймыз
-Үстел үстіне ермексазды қоймаймыз.
-Қолымыз бүлінген жағдайда шүберекпен сүртеміз
Қар тек қыс мезгілінде жауатын ерекше құбылыс.
Жұмыстың орындалу тәсілін көрсетіп, түсіндіру:
–ермексазды әртүрлі 3 бөлікке бөлу;
-үлкен ермексазды алып, алақанға қойып жұмсарту
-Дайын болған еремексазды алақан арасына салып жалпайту, жалпақтау
-аққаланың үлкен бөлігін дайын берілген қатты қағазға жабыстыру.
-дәл осылай аққаланың үш бөлігін жасау.
Сергіту сәті.
Ұлдар менен қыздармыз
Доп сияқты секіріп
Аяқпенен топылдап
Қолымызды соғамыз.
Жұмысымызды жалғастырамыз.
-Қарандаршы, біздің аққаламызға не жетіспей тұр?
-Дене мүшесі
-Олай болса ермексаздан көзің, мұрының жасаймыз
Көз қандай түсті, ол үшін қандай ермексазды алу керек.
-Қара
Мұрының біз сәбіз секілді жасаймыз. Ол үшін қандай түсті ермексазды алу
керек.
Балалар жасаған жұмыстарын көрсетеді.
Қорытынды:
Аққала неше бөліктен тұрады?
Үш бөліктен тұрады.
Мұрнын, көзін неден жасайды
Сәбізден, көмірден жасайды.
Түстері қандай?
Қызғылт сары, қара.
Аққаланы неден жасайды?
Қардан жасайды.
Балалар, бұл жасаған достарыңды ата-аналарыңа көрсетемін. Балалар
жұмыстарын талдау, оларды мақтап, мадақтайды.