Конспект урока "Қар кесегі"
Ортаңғы «Қуыршақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізілу күні: 17.01.2019ж
Тәрбиеші: Берік А.Б
Білім беру саласы: Шығармашылық
Пән: Сурет салу
Өтпелі тақырып: «Қардың пайдасы»
Тақырыбы: «Қар кесегі»
Мақсаты:
Тәрбиелік: Табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: қардың аппақ ұлпа, мамықтай, жұмсақ болатының айтып түсіндіру
Оқыту: балаларға дербес түрде қар кесегін салуды үйрету
Педагогикалық технологиялар: дамыту, ойын
Ресурстармен қамтамасыз ету: суреттер, қар кесегі.
Билингвалдық компонент: қыс-зима, қар-снег, аққала-снеговик
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Шаттық шеңбері:
Біз бақытты баламыз
Айтқан тілді аламыз
Үлкендерді көргенде
Амандасып аламыз!
Жыл мезгілін атайықшы?
Бүгін аптаның нешінші күні?
Балалар, бәріміз терезеге қарайықшы, қазір жылдың қай мезгілі?
- Иә, қыс мезгілі. Дала аппақ қарға оранды. Күн суытып, жиі - жиі боран соғып, қар
жауып тұр.
Негізгі бөлім:
Бүгін біз «Ақ ұлпа қармен» танысамыз.
- Сендер далаға шыққанда қарды қолдарыңмен ұстап көрдіңдер ме?
- Қар қандай екен?
- Қардың түсі ақ, суық, қолымызбен ұстасақ, ол еріп кетеді, демек ол жылыдан еріп
суға айналады.
- Жауып тұрған қарға алақанымызды тоссақ – ол алақанымызда ақ ұлпа болып
көрінеді.
- Қыста біз далада қандай ойындар ойнаймыз?
- Балалар, қыста жылы киімдерімізді киіп жүру керек.
Қар қалың түскенде жолдарды қар басып қалады. Сондықтан адамдар жолды қардан
тазартып отырады.
Қар –ақ түсті, үлпілдек, ұлпа жеңіл болады.
Қарды қолымызға ұстасаө не болады?
Ия, қолымыз, тонады. Қар қолымызда еріп кетеді.
Бүгін біз қардың суретін салайық.
Қауіпсіздік ереежесі:
Қылқаламды үш саусақты біріктіріп ұстаймыз.
Бояуды үстімізге жақпаймыз, иіскемейміз, қолмен ұстамаймыз.
Жұмыс аяқталған соң жұмыс орнын жинап, қолымызды жуамыз.
Сурет салу реті:
Бүгін біз қарды қарапайым сызықтарды пайдалана отырып саламыз, көк түсті таңдап
алып, сызықтарды оңнан солға, солдан оңға жұдызша әрізді саламыз. Біздің ақ ұлпа
қарымыз дайын.
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық,
Алға қадам басайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Бойымызды жазайық.
-Балалар суреттерін аяқтап, жұмыс орнын жинақтайды.
Қорытынды:
-Бүгін біз ненің суретін салдық?
-Қар қандай болады?
-Қай мезгілде жауады.
Балаларды мақтау, мадақтау.
Начальная школа - еще материалы к урокам:
- ОД "Прогулка с кошечкой"
- Сценарий "Рождество Христово"
- Новогодняя сказка "Маруся и отметки"
- Сценарий "Учитель, которого ждут"
- Конспект урока "Обобщение знаний по сказке С.Т. Аксакова "Аленький цветочек""
- Технологическая карта "Чтение рассказа В.Ю. Драгунского «Друг детства» из серии «Денискины рассказы»"