Технологическая карта урока "Жасыл құрбақа"

Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары
Тәрбиеші: Абилова Алмагуль Аллабергеновна
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Жаратылыстану
Өтпелі тақырып: Бізді қоршаған әлем
Тақырыпша: Ғажайып әлемі
Тақырыбы: «Жасыл құрбақа»
Ересек топ
Мақсаты:
Білімділік:
Жасыл құрбақаны танып айтып беруге үйрету. Құрбақаның қозғалу тәсілдері,
мекендейтін ортасы, қорегі туралы ұғым беру.
Дамытушылық: Қосмекенділер туралы түсінігін кеңейту.
Тәрбиелік: Құрбақаға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Құрбақаны бақылау
кезінде құрдастарымен жағымды қарым-қатынас орнату.
Көрнекіліктер: құрбақаның тіршілігі туралы түсірілген бейнетаспа,
суреттер.
Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, су құйылған ләген, ішінде
құрбақа салынған шыны ыдыс (беті матамен жабылған).
Алдын ала жасалатын жұмыстар: қосмекенділерге байланысты әңгімелер
жүргізу.
Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.
Билингвальды компонет: бақа-лягушка-frog, жасыл-зеленый-green
Мотивациялық қозғаушылық:
Шаттық шеңбері:
Тәрбиеші музыка қойып, балаларды шаттық шеңберіне шақырады.
Балалар:
Табиғат – ол анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Құшағында ойнаймыз,
Шаттық әнге саламыз.
Ұйымдастыру ізденістік:
Тәрбиеші: Жұмбақ жасырады
Өзі қорқақ,
Аяғы талтақ.
Көзі тостақ.
Ол не балалар?
Балалардың жауабы: Бақа.
Балалар құрбақа туралы білетіндерін айтады.
Жасыл құрбақа туралы бейнетаспаны тамашалайды.
Балалар мұқият қарап, бақаның қимыл-қозғалыспен, тіршілігін бақылайды.
Тәрбиеші: -Құрбақа жайлы не айта аласыңдар, оның көзі, аяғы қандай?
Дұрыс айтасыңдар, құрбақаның терісі бұдырлы, мүйізді болатындықтан
құрлықта тіршілік етуге бейімделген.
-Құрбақалар денесі кеуіп кетпес үшін, күндіз орманда ылғалды жерлерде:
жапырақ, шөптердің астында, тышқандар мен көртышқанның індерінде,
құлағын ағаш пен олардың тамырының астында жасырынып жатады, қорегін
түнде аулайды. Жаңбырлы күндері күндіз де белсенді тіршілік етеді.
Өрмекші, құмырсқа, жұлдызқұрт, шырышты ұлу, шұбалшынмен т.б.
қоректенеді. Індерде, тұрғын үй астында, қоймаларда кыркүйектің аяғы мен
қазаннан бастап қысқы ұйқыға кетеді. Көктемде ақпайтын немесе ағыны баяу
су қоймасына уылдырығын шаша бастайды. Құрбақалар зиянды
жәндіктермен қоректеніп, ауыл шаруашылығына пайда келтіреді.
Бақалар да адам сияқты осылай тыныс алады екен. Ал қыстыгүні олар ауаны
өкпе арқылы емес, терісі арқылы қабылдайды. (Құрбақаны шеттері жабық
биік шыны террариумға жібереді).
Сергіту сәті
«Ква–ква-ква, ква- ква-ква.
Шомыламыз біз суға
Ква-ква-ква, ква- ква-ква.
Таң атқанша, қуана
Ква- ква-ква, ква- ква-ква.
Асығамыз жағаға
Ква – ква - ква, ква - ква-ква.
Шыбынды біз ұстауға.
Балалар құрбақаның қозғалысын бақылайды.
Тәрбиеші: -Байқадыңдар ма балалар, бақа шынымен де секіреді екен. Ал
неліктен олар секіреді?
-Алдыңғы екі аяғы артқы екі аяғына қарағанда қысқа.
-Міне, жауабын таптық. Яғни олардың артқы аяғы алдыңғы аяғынан ұзын
болғандықтан секіреді екен. Жаңа сендер суда жүзеді дедіңдер. Енді оның
қалай жүзетінін бақылаймыз (бақаны су құйылған легенге жібереді). Суда
бақа жүзеді. Балалар көдіңдер ме, бақа суда жүзеді екен. Олардың балық
сияқты қанаттары жоқ. Бірақ олар жүзіп жүр. Оның сиқыры неде.
Балалар: -Бақаның жүзуіне аяқтары көмектеседі.
Тәрбиеші: -Дұрыс айтасыңдар, артқы аяғы алдыңғы аяғынан ұзын
болғандықтан олар суда жүзе алады.
«Жалғасын тап» ойыны.
Жансыз табиғат - ...
-Су, ауа, күн, тас.
Жанды табиғат - ...
-Адам, өсімдік, жануарлар.
Үй жануарлары - ...
-Түйе, жылқы, сиыр, т.б. ешкі, шошқа
Үй құстары - ...
-Әтеш, тауық, балапан
Жәндіктер - ...
-Көбелек, қанқыз т.б..
Дала гүлдері - ...
Бақбақ, түймедағы, қызғалдақ.
Гүлзарда өсетін гүлдер - ...
Раушангүл, жұлдызгүл,
Дәптермен жұмыс.
Тәрбиеші: Дәптерде берілген тапсырманы түсіндіреді.
Балалар: Дәптерде берілген тапсырманы орындайды
Рефлексиялық-түзетушілік: Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған
әсерлерін, көңіл- күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін
сұрайды.
Іс-әрекетті көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді. Қойылған
сұрақтарға жауап беріп, ой бөліседі.
Күтілетін нәтиже:
Білу: жасыл құрбақаны танып, ажырата білуі, олардың дене бөліктері
туралы, табиғат үшін маңыздылығын.
Игеру: ажыратады, құрбақаның тіршілігі туралы түсініп айта алады, олардың
құрлықта да, суда да тіршілік ете алатынын біледі.
Меңгеру: сұрақтарға еркін жауап бере білуді, өз пікірін, ойын айтуды,
бейнетаспадан көргендерін жауап беру кезінде пайдаланады.