Конспект урока "Қыс мезгілі"
Екінші кіші тобының оқу іс-әрекетінің ұйымдастыру канспекті
Білім беру саласы: «Таным», «Шығармашылық»
Білім беру саласы:«Қоршаған ортамен танысу», «Сурет»
Өтпелі тақырып:Менің Қазақстаным
Тақырыбы: «Қыс мезгілі»
Мақсаты:
Тәрбиелік: Балалардың қыс мезгілі туралы түсінігін кеңейту.
Дамытушылық: Қыс мезгілінің сұлулығын тамашалай білуге, табиғаттың
ерекшелігін сезіне білуге, қоршаған ортамен танысу арқылы баланың ой -
өрісін дамыту.
Оқыту: Жапалақтап жауып тұрған қар ұлпаларының суретін түтікше
арқылы үрлей отырып, бейнелеуге үйрету.
Педагогикалық техналогиялар: көрсету,түсіндіру,ойнау
Ресурстарды қамтамасыз ету: Интерактивті тақта, слайд. Суреттер,
түтікше,бойау,ақ қағаз.
Ұйымдастру кезеңі
Тәрбиешінің іс - әрекеті: Шаттық шеңбер:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды күніміз
Жарқырайды даламыз
Қайырлы таң достарым
Қайырлы таң қонақтар
Тәрбиеші: Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын, шешуін таба аласыңдар
ма?
Балалар: Әрине.
Тәрбиеші: Аяз қысып,
Өрнек сызып,
Терезені торлайды
Қар омбығып,
Бет домбығып, балдырғандар ойнайды.
Бүлдіршіндерім, айтыңдаршы, бұл қай кезде болады?
Балалар: Қыс мезгілінде.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Балалар, қазір жылдың қандай мезгілі?
Балалар: Қыс мезгілі.
Тәрбиеші: Балалар, қыс мезгілінде ауа - райында қандай өзгерістер болады?
Балалар: Қар жауады, суық балады, боран соғады, аяз болады.
Тәрбиеші: Қыс мезгілінде адамдар қалай киінеді?
Балалар: Адамдар жылы киінеді.
Тәрбиеші: Қыста қандай ойындар ойнаймыз?
Балалар: Қардан аққала соғамыз, сырғанақ жасаймыз, шана, шаңғы тебемез.
Сергіту сәті:
Саусақтарым тұрыңдар,
Сапты бірге құрыңдар,
Желмен бірге майысып,
Оңға, солға бұрыңдар
Негізгі бөлім
Сюрприздік сәт Топқа Маша мен Аю қонаққа келеді.
Маша мен Аю: Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Балалар: Сәлеметсіздер ме?
Маша: Балалар менде неше түрлі пішіндер бар, сол пішіндерден аққала
жасауға көмектесесіңдер ме?
Балалар: Көмектесеміз.
Балалар Машамен бірге пішіндерден аққала жасайды.
Маша: Жарайсыңдар, балалар. Енді менің сурет салғым келіп тұр.
Тәрбиеші: Олай болса сендер Аю екеуің балалармен бірге сурет салуға
көмектесіңдер.
Балалар қорапшадағы бейнелі суреттерді таңдау арқылы екі топқа бөлінеді.
1 - топ: «Аққала» тобы.
2 - топ: «Ұлпа» тобы.
1 - топ: «Аққала» тобы жарық шамы түсірілген әйнекке қыс қызығын манка
жармасынан, ас тұздан, құмнан саусақ қимылдары арқылы сурет салады.
2 - топ: «Ұлпа» тобы көк түсті қағазды алып, ақ түсті гуащь бояуына
қылқаламды батырып, көк түсті қағазға тамызып, бояуды түтікшемен үрлеп,
қар ұлпасының суретін бейнелейді.
.
Маша мен Аю: Балалар, сендерге көп рахмет. Өте қызықты болды бүгінгі іс -
әрекеттерің. Енді қайтайық, қош сау болыңдар.
Тәрбиеші: Жүректен жүрекке,
Қол ұстасып тұрайық,
Достық әнге салайық,
Сау - саламат болайық.
Қортындылау
Қыс қызығын тамашалады.
Қыс мезгілі туралы мағлұмат алды.балалар түтікшемен қардың және құм,
жарма, ас тұзын пайдалана отырып жарық түсірілген әйнекке саусақ
қимылдары арқылы сурет салды.