Конспект ОУД "Біздің қала"
Ересек тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в старший группе
Өткізу күні / Дата проведения: 10 .12.18
Тәрбиеші / Воспитатель :Смағұл П.А
Білім беру саласы / Образовательная область: Шығармашылық
Пән / Предмет: Жапсыру
Өтпелі тақырып /Сквозная тема: «Менің -Қазақстаным»
Тақырыбы / Тема: «Біздің қала» (сюжеттік)
Мақсаттары / Цели
1. Тәрбиелік- воспитательная: Балаларға туған жері,туған қаласы ..:туралы түсінік
беру,қала көшелерін, зәулім үйлерін қиып жапсыруға үйрету. Әсемдікті көре білуге
тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая: Жапсыруларда әлеуметтік жағдайлармен балалар
өміріндегі оқиғаларды бейнелеуге,
3. Оқыту – обучающая : Қазақстаның табиғаты мен жерлестердің еңбегін бейнелейтін
ұжымдық композицияларды орындауға үйрету
Педагогикалық технологиялар / пед. Технологии: түсіндіру, сұрақ –жауап.
Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение : Қала бейнеленген
суреттер,түрлі түсті қағаздар,қатырмақағаз,қайшы,желім
Көптілділік :
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1. Ұйымдастырушылық кезеңі
Мотивациялық қозғаушылық
(Ғажайып сәт)
Бүгін біз өзіміздің туған қаламыз-Қостанай қаласына саяхат жасаймыз. Қостанай
қаламыздың қандайәдемі, көріктіжерлері бар екенің саяхат жасап көрейік.
2.Негізгі бөлім
Балаларға қала мен ауыл бейнеленген суреттерді көрсетіп,олардың айырмашылықтары
мен ұқсастықтарын сұрап,салыстыру жұмысын жұргізу.Қаладағы зәулім үйлер мен
ғимараттар,дұкендер, балабақшалар,мектептер мен емханалар,кинотеатрлар мен театрлар
туралы айту. Ғимарат құрылыстарының қандай геометриялық фигураларға
ұқсайтындығын сұрау. Содан соң биік үйдің апликациясының қалай жасауға болатынын
түсіндіру.
-Түрлі түсті қағаздан тіктөртбұрыш қиып аламыз.
-Көгілдір түсті қағаздан жолақтар қиып алып,
Олардан тіктөртбұрыш пішінді терезелерді қиып аламыз.
-Терезелерді тіктөртбұрышты үйлерге жапсырамыз.
-Түрлі түсті қағаздан контур сызығы бойымен
Ағаштар қиып аламыз.
-Негізгі бетке апликация бөлшектерін орналастыр.
Көптілділік : қала-город
Д/о: «Қазақстанның қалаларының аттарын атаймыз»
Сергіту сәті.
Сағаттың тіліндей,
Иіліп оңға бір,
Сағаттың тіліндей,
Иіліп солға бір,
Сағатқа қарап-ақ
Жаттығу қызық-ақ.
Жеке жұмыс:
И.Дамирдың, Алинаның, Сейіткерей Сезімнің қала үйлерін дұрысжасаларын қадағалау..
3.Қорытынды
Балалар біз сабақта не істедік? Қайда саяхат жасадық?
Дұрыс айтасыңдар біз бүгің сабақта өзіміздің туған қаламыз Қостанай қаласына саяхат
жасадық.біз Қостанай қаласының үйлерін жапсыруды үйрендік. Өте жақсы жарайсыңдар!