Технологическая карта урока "Астана - бас қала"
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Технологическая карта организованной учебной деятельности
Топ /Группа: Ортаңғы топ
Күні /Дата:
Өтпелі тақырып: «Менің Қазақстаным!»
Білім беру саласы: «Комуникация»- Қазақ тілі
Тақырыбы: «Астана-бас қала!»
Мақсаты: Балаларға Астана қаласы туралы түсініктерін қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Тәрбиелік – туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елінің отанын сүйітін
патриот болуға тәрбиелеу.
2. Дамытушылық – баланың зейін, ойлау, елестету қабілеттерін дамыту.
3. Оқыту - дидактикалық ойындарды пайдалана отырып Елордамыздың киелі жерлерін
атап айтуға үйрету.Сөз тіркесін түсінуге және сөздерді байланыстырып құрастыруға
жаттықтыру, сөйлем құрауға үйрету.
Дидактикалық қамтамасыз ету: Қазақстан суреттері, слайд, қызғалдақтар, флипчарт,
плакат
Көптілділік: Астана- столица- capital, биік- высокий- tall, әсем- красивый- beautiful,
сенің- твой.
Педагогикалық технологиялар: денсаулық сақтау технологиясы, ойын технологиялары.
Қызмет кезеңдері
Мұғалімнің іс – әрекеті
Балалардың қызметі
Мотивациялық –
қозғаушылық
Сәлем саған жер ана!
Сәлем саған нұрлы күн.
Аман – есен болайық
Бейбітшілікті қалайық.
Мұғалім:
-Балалар бүгін Қайрат пен Елдос
сендерді Қазақстан бойынша саяхатқа
шақырады, барамыз ба? /видео ролик/
Балалар сөздерді
қайталап, амандасады.
-иә, барамыз
Ізденушілік -
ұйымдастырушылық
1-ші «Көңілді тіл» аялдамасы
Дыбыстық жаттығу.
Таң – таң – таң қайырлы таң.
Лаң – лаң – лаң үлкен алаң.
Қазақ – қазақ біздің ел қазақ.
2-ші «Сөз шебері» аялдамасы
Суретпен жұмыс
Жаңа сөздермен танысу
Сұрақ – жауап:
-Сен қай Республикада тұрасың?
-Сен қай қалада тұрасың?
Отан,Астана, қала, үй
3-ші «Қызғалдақтар» аялдамасы
-Балалар қараңдаршы Қазақстан жері
өте бай. Қаншама қызғалдақтар өсіп
тұр екен
«Қызғалдақтарды» санау.
4-ші «Рәміздер» аялдамасы
Флипчарт «Қазақстан»
Дыбыстарды дұрыс
айтуға тырысады.
Балалар сұраққа жауап
береді
- Мен Қазақстан
Республикасында
тұрамын.
- Мен Қостанай
қаласында тұрамын
Балалар жаңа сөздермен
танысады
Балалар қызғалдақтарды
1 ден 5-ке дейін санайды
Қазақстан Республикасының
рәміздерін ата. Қазақстан
Республикасының елбасын
ата./плакат бойынша/
Музыкалық сергіту сәті «Бәрі дос»
Осы залда бәрі дос
Бір – екі – үш
Сен де, мен де, біз де, сіз
Бір – екі – үш
Бұрыламын оң жаққа мен
Бұрыламын сол жаққа мен
Бәріміз де дос.
/ маңынасын түсіндіреді/
5-ші «Мақал – мәтелдер» аялдамасы
«Туған жер – алтын бесік»
7-ші аялдама «Тақпақ жаттау»
аялдамасы
Родина моя – Отан
Люблю страну мой Қазақстан!
Басқала – столица наша,
Қала – город Астана.
Расцвела и стало краше
Д/Ойын «Қайтала, дұрыс көрсет»
Балалар Рәміздерін
атайды, сұраққа жауап
береді.
Балалар сөздерін әндетіп,
қимылмен жасайды.
Балалар мағынасын
түсініп, жаттап алады.
Тақпақтың сөздерін
аударып, естерінде
сақтайды.
Рефлексивті-
түзетушілік
-Балалар біз қайда бардық?
- Қазақстан бойынша
саяхатқа шықтық
Балалар қоштасады.
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: «Қазақстан» тақырыбы бойынша сөздерді.
Түсінеді: қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беруге, сөйлемдер құрастыруға.
Қолданады: сергіту сәттерді орындау; ойындарға қатысу.