Технологическая карта "Тышқандар"

Технологиялық карта
Білім беру саласы: «Денсаулық». «Таным».
Бөлімі: Дене шынықтыру.
Тақырыбы: Тышқандар.
Мақсаты: тура бағытта төрттағандап еңбектеуге үйрету. Бір – бірден сап –
тізбекке тұру; тоқтап және тапсырманы орындай жүру; музыкаға сәйкес қимыл жасауға
жаттықтыру.
Қолданылатын құрал-жабдықтар: сыбдырлайтын, дыбыс шығаратын резеңке
оыншықтар, тышқандар мен мысықтың бетпердесі.
Оқу іс-
әрекетінің
кезеңдері
Педагогтің іс - әрекеті
Балалардың
іс - әрекеті
Мотивациялық
қозғаушылық
Педагог төмендегі тапсырмаларды
орындатады:
Сап – тізбекке тұру, тоқтап тапсырманы
орындай жүру; қолды жоғары көтеріп,
қол мен денені байсалды оңға еңкейту.
«Тышқандар қалай жүреді?» - жеңіл,
жайлап жүру. Қолды төмен түсіріп,
жоғары көтеріп, денені байсалды төмен
еңкейту;
Тыныш, тыныш, тышқанндар, шатырда
мысық отыр. Желпімеңдер,
сыбдырлатпаңдар. (Басты шайқап, сол
қолды кеуде тұсында ұстап,
«тыныштық» дегенді ыммен көрсету.
«Шу да шу» - қолды байсалды (жайлап)
төмен түсіру, жоғары көтеріп, денені
байсалды төмен еңкейту.
«Түн таяп қалды» - алақанды ауызға
апарып (дем алу), қолды жайлап алға
созып дем шығару. «Түн» дегенде
қолдарын жақтарының астына салып,
жүрелеп отыру. «Түн бітті, таң атты»
дегенде бытырап жүгіру. Бір – бірден
сап – тізбекке тұру.
Педагогті мұқият тыңдайды,
дұрыс орындауға тырысады.
Ұйымдастыушылық
ізденістік
Жалпы дамыту жаттығулары
Шеңбер бойы тұрғызып, жалпы дамыту
жаттығуларын орындатады.
Жаттығудың жасалу ретін түсіндіріп
тұрып көрсетеді. Балаларға
орындатады. Балалардың дұрыс
орындалуын қадағалайды.
«Тышқандар демалып жатыр» тыныс
алу жаттығуы (жатып дем алу – дем
шығару).
Негізгі қимыл – қозғалыс
жаттығулары:
Жалпы дамыту
жаттығуларын орындайды.
-Қос аяқпен секіру (аяқтары бірге –
аяқтары алшақ).
-Тура юбағытта төрттағандап еңбектеу
(6 м арақашықтықта). «Сақина салу»
қимыл – қозғалыс ойыны. «Тышқандар
демалып жатыр) тыныс алу жаттығуы
(жатып дем алу – дем шығару).
Педагогті мұқият
тыңдайды, тапсырманы
бұлжытпай орындауға
тырысады.
Ойынға жаппай қатысады.
Рефлексиялық
түзетушілік
Қорытынды бөлім.
Педагогтің қалауымен бір қимыл –
қозғалысы аз ойын ойнатады.
Ойынға жаппай қатысады
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: .тура бағытта еңбектеуді, бір – бірден сап – тізбекке тұруды.
Түсінеді: бір – бірден сап – тізбекке қалай тұру керектігін..
Қолданады: жаттығулар орындау кезінде тынысты тоқтатпау дағдыларын.