Технологическая карта "Көжектер"

Технологиялық карта
Білім беру саласы: «Денсаулық». «Таным».
Бөлімі: Дене шынықтыру.
Тақырыбы: Көжектер.
Мақсаты: допты қақпа арқылы домалатуға үйрету. Алақан мен тізеге тіреле, тура
бағытта еңбектеу. Берілген белгіге көңіл аударуға; қос аяқтап алуға секіруге жаттықтыру.
Көзмөлшерін дамыту және табан бұлшықеттерін нығайту.
Қолданылатын құрал-жабдықтар: қоян, сәбіз, қақпа,барабан, ұзын жіп.
Оқу іс-
әрекетінің
кезеңдері
Педагогтің іс – әрекеті
Балалардың
іс - әрекеті
Мотивациялық
қозғаушылық
Педагог төмендегі тапсырмаларды
орындатады:
«Көжектер». Педагогтің соңынана
қосарланып шағын топпен жүру; «жүгір»
деген белгі бойынша жүгіру; «Көжектер
қалай жүреді? Тоқтап және тапсырманы
орындай жүгіру (өзін айналу, жеңіл секіру).
Шеңбер құрып тұру.
Педагогті мұқият
тыңдайды, дұрыс
орындауға тырысады.
Ұйымдастыушылық
ізденістік
Жалпы дамыту жаттығулары
Шеңбер бойы тұрғызып, жалпы дамыту
жаттығуларын орындатады.
Жаттығудың жасалу ретін түсіндіріп тұрып
көрсетеді. Балаларға орындатады.
Балалардың дұрыс орындалуын қадағалайды.
«Қояндарға сәбіз жинап береміз» тыныс алу
жаттығуы (түзелу дем алу; еңкею – дем
шығару).
Негізгі қимыл – қозғалыс жаттығулары:
-Допты қақпа арқылы домалату (ені 60 см) 1
м арақашықтықтан;
- Алақан мен тізеге тіреле, тура бағытта
төрттағандап еңбектеу (4 м арақашықтықта).
«Шапшаң өз орнына» қимылы аз оыны.
Жалпы дамыту
жаттығуларын
орындайды.
Педагогті мұқият
тыңдайды, тапсырманы
бұлжытпай орындауға
тырысады.
Ойынға жаппай
қатысады
Рефлексиялық
түзетушілік
Қорытынды бөлім.
Қимыл қозғалысы аз ойын: «Шар».
Ойын барысы: балалар қол ұстасып, бір –
біріне жақын тұрып, шеңберді біртіңдеп
кеңейте, кіші адыммен артқа қарай шегініп
жүріп: «Біздің шарымыз, үлкен болып үрлен,
осындай болып қала бер, бірақ жарылма!»
шарды үрлейді. Педагогтің «шар жарылды!»
белгісі бойынша отырады немесе шеңберді
кішірейте тарылтып, ортаға қарай жылжып:
«ш-ш-ш-ш», - деп демді шығарады.
Ойынға жаппай
қатысады
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: допты қақпа арқылы домалатуды, алақан мен тізеге тіреле, тура бағытта
еңбектеуді.
Түсінеді: жаттығулар көзмөлшерін дамытатындығын және табан бұлшықеттерін
нығайтатындығын.
Қолданады: жаттығулар орындау кезінде тынысты тоқтатпау дағдыларын.