Технологическая карта урока "Көңілді көктем"

Тақырыбы : «Көңілді көктем»
Білім беру саласы: «Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», « Шығармашылық» ,« Әлеумет».
Мақсаты:
1.Балалардың күнделікті алған білімдерін түрлі тапсырмалар орындату
арқылы бекіту .
2. Балалардың шығармашылығын тақпақ, ойын арқылы есте сақтау
қабілетін дамыту.
3. Ұқыптылыққа өз еркімен ойын жеткізуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, ойындар, тыңдау, көрсету
Көрнекілігі:Ойыншық сәбіз, көрнекілік суреттер, үлестірмелі құралдар.
Қызмет кезеңдері
Тәрбиешінің қызметі
Балалардың қызметі
Мотивациялық
қозғаушы
Балалар, қазір көктем мезгілі, күн
жылынып, жылы жақтан құстар ұшып
келді. Енді мына кішкене құс арқылы
бір - бірімізге жылы тілектер айтайық.
Шеңбер бойында ойыншық торғайды
ұсынып бір - бірлеріне «жылы
жүрекпен» өз тілектерін айтады.
-Балалар бір-бірлеріне өз
тілектерін айтады.
Іздену-
ұйымдастырушы
Құстың бізге берер тапсырмасы бар
екен. Қане орындап көрелік.
- Балалар құстың тапсырмасын орындауға
дайынбыз ба?
Тәрбиеші балаларға тапсырманы ұсынады:
1-ші тапсырма: «Адасқан сандар?»
Дидактикалық ойыны.
Мақсаты: Балаларды шапшаңдыққа
тәрбиелеу.
Шарты: Тақтадағы адасқан сандарды 1 -5 ке
дейін рет-ретімен қойып шығу.
Балалар мен балабақшаға келе жатып
қоянды көрдім, ол да балабақшаға келе
жатыр екен.
Қояның да бізге тасырмасы бар екен.
Сол кезде топқа қоян келеді.
-Сәлеметсіңдерме балалар.Мен сендерге өз
тапсырмамды ала келдім,орындауға
дайынсыздар ма?
2-тапсырма:
. Бұл ойыншық сәбіз суреті. Сіздерге осы
ойыншық сәбіз суретін бояуға тапсырма
беремін. Өздеріңіз қалаған түспен бояуға
болады.
- Жарайсыңдар, балалар! Тапсырманы
дұрыс орындадыңдар!
-Ия,дайынбыз
Балалар 1 ден 5- ке дейін рет-
ретімен қойып шығады.
.
-Қоянмен амандасады.
-Ия.
Балалар үлестіріп берілген сәбіз
суретін бояйды.
Сергіту сәті
Секірейік, секірейік,
Ұзын құлақ қоянша.
Шаршағанды басайық,
Сонда болар тамаша.
-Ал, мына жерде балалар, бізді жабайы
жануарларымен бірге үй жануарлары күтіп
қалды. Олардың суреттері гүл
күлтешелерінде орналасқан. Суреттер
араласып жатыр. Үй жануарларын жабайы
жануарларынан ажыратуымыз қажет.
Ажырата отырып тақтаға күлтешелерден
гүл құрастырумыз керек. Дидактикалық
ойын: «Үй жануарлары мен жабайы
жануарларды ажырат»
- Жарайсыңдар! Балалар біз жануарларды
ажырата отырып не құрастырдық? -Біз
неше гүл құрастырдық?
-Гүлдердің үсі қандай?
-Балалар, енді алдымыздағы гүлдерге назар
аударайық. Гүлдерімізге қонған әдемі
көбелектер қашан ұшамыз деп күтіп
қалыпты.
Тыныс алу жаттығуы. (Қағаздан
жасалған көбелектерді үпіру арқылы
тыныс алу жаттығуын орындау)
Қане балалар, құстар туралы кім тақпақ
айтып береді.
-Жарайсыңдар,балалар.
Балалар тәрбиешімен бірге
сергіту сәтін сәйкес қимылдарды
жасай отырып орындайды.
Балалар үй жануарлары мен
жабайы жануарларды ажырата
отырып гүлдерді құрастырады.
Сұрақтарға жауап береді.
- гүл құрастырдық
- екі
-қызыл және сары
Балалар тәрбиешімен бірге
көбелектерді үпіру арқылы тыныс
алу жаттығуын орындайды.
Сайран: Қарға, қарға, қарғалар,
Қар үстінде жорғалар.
Боран соқса қар болар,
Бұтаға қонар қарғалар.
Балалық қып қызбайық,
Айғаным:
Құс ұясын бұзбайық.
Құстар біздің досымыз,
Құстарда да ана бар.
Құстарда да бала бар
Заңғар:
Құстар тойын құттықтап,
Қуанамыз, қолдаймыз.
Ұя жасап құттықтап,
Біз оларды қорғаймыз.
Рефлексті
коррекциялаушы
Балаларға сұрақтар қойылады:
-Бүгін бізге қонаққа кімдер келді?
-Қоянға ненің суретің салып бердік?
-Сәбіздің түсі қандай?
-Олай болса, бүгінгі ұйымдастырылған
оқу қызметіне жақсы қатысып отырған
балаларды жұлдызшамен бағалаймын.
-Құс пен қоян.
-Сәбіздің.
-Сары.
Балалар бағаланады.
Күтілетін нәтиже.
Білуі керек: Тапсырмаларды орындай білуі керек:
Болуы керек: Балалардың ұйымдастырылған оқу қызметіне және шығармашылыққа, суреттерді
қарындашпен бояуға деген қызығушылығы болуы керек;
Үйренуі керек: Сөздерді анық айтып, тәрбиеші сұрақтарына толық және нақты жауап беріп
үйренуі керек.
Тақырыбы : « Білім теңізіне саяхат»
Білім беру саласы: «Денсаулық» «Қатынас» «Таным» « Шығармашылық» «
Әлеуметтік орта»
Бөлімі: Тіл дамыту, Көркем әдебиет, ҚМТҚ, Қоршаған орта, Жапсыру,
Құрастыру. Сауат ашу және жазу негіздері.
Мақсаты: 1.Балалардың күнделікті алған білімдерін түрлі тапсырмалар орындату
арқылы бекіту .
2. Балалардың шығармашылығын мақал-мәтел, ойын арқылы есте сақтау
қабілетін дамыту.
3. Ұқыптылыққа өз еркімен ойын жеткізуге тәрбиелеу.
Билингвалды компонент: қыс-зима, көктем-весна
Көрнекілігі: Сандық,кілт,балапан,кеме,алмалар,торғайлар,сандар,әріптер.
Шаттық шеңбері
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой.
Ал кәнекей бәріміз
Сәлем дейік үлкенге,
Сәлеметсіздер ме қонақтар!
Сәлеметсіздер ме балалар!
Қазір қай мезгіл?
Күз мезгілі неше айдан тұрады?
Дұрыс айтасыңдар балалар.
2. Тосын сәт
Ғалымбек сиқырлы сандықпен кіреді.
Ғалымбек: Сәлеметсіздер ме балалар?
Сендердің мектепке барғыларың келе ме?
Сендердің мектепке барғалы жатқандарыңды естіп, алыс сапардан сиқырлы сандық алып келдім.
Сандық ішінде не бар екенін білгілерің келе ме?
Ендеше бұл сандықтың кілтін алу үшін, менімен бірге «Білім» еліне сапарға аттанайық!
Сапарға шығу үшін не керек?
Ал қандай көлік түрін білесіңдер?
Өте жақсы олай болса, бүгін алдымызда ақ қағазда нүктелер қойылған сол нүктелерді бір-біріне
қоссақ қандай көлік шығады сондай көлікпен «Білім» атты кемемен сапарға аттанайық.
Ал енді, балалар біз кемеге мінуіміз үшін мына сұрақтарға жауап беруіміз керек.
-Табиғат деген не?
-Табиғат айналаны қоршаған бүкіл әлем. Бұл аспан, жер, өзен, көл, теңіздер, ағаштар, шөптер әлемі.
-Денсаулық деген не?
-Денсаулық дегеніміз денінің саулығы. Деніміз сау болуы үшін спортпен шұғылдануымыз керек,
дәрумендер жеуіміз керек. Дәрумендер: алма,алмұрт, алша т.б.
-Балалар кемеміз сумен жүзіп келе жатыр.
-Су қандай?
-Су қайда болады?
-Суда нелер тіршілік етеді?
-Су астында не бар?
-Су таза, мөлдір.
-Өзенде, көлде,мұхитта болады.
-Балықтар, өсімдіктер.
-Балықтар, жер бар.
-Бұл «Білім» елі. Менің тапсырмам осы елде!
Ғалымбектің 1-тапсырмасы тура,кері санау. 1-10-ға дейін.
Есеп: Ағаш бұталарында үш торғай отыр. Біреуі ұшып кетсе нешеуі қалады?
1.Бес алманың біреуін,
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда шешуі
Өз қолыңда қалады?
2. Алдыңда үш балапан,
Артыңда үш балапан,
Ақ тауық пен балапан
Айтшы санын балақай?
3. Көлден ұшты жеті қаз,
Қайтып қонды екі қаз
Қонбады оның нешеуі
Кәне кім тез шешеді?
Ойын: « Сандар шатасты »
Мақсаты: Ретімен қою.
Балалар жарайсыңдар, менің тапсырмаларымды орындап болдыңдар. Сиқырлы сандық кілтінің
бірінші бөлігін өздеріңе табыстаймын.
Балалар енді кілттің қалған бөліктерін табуымыз үшін, сапарымызды жалғастырамыз.
Балалар білім туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?
1.Оқу білім бұлағы,
Білім өмір шырағы.
2.Оқу білім азығы,
Білім ырыс қазығы
3.Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.
4.Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
5. Білім шырақ,өнер бұлақ
6.Білім басқа бітеді,
Қына тасқа бітеді.
7.Оқу инемен құдық қазғандай.
-Өте жақсы балалар, білім туралы тақпақта білесіңдер ме?
Білім туралы тақпақ айтады.
Кел балалар, оқылық
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Оқысаңыз балалар
Шамнан шырақ жағылар,
Іздегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар.
Ғалымбек кілттің тағы бір бөлігін береді.
-Балалар біздер «Білім» еліне немен келдік?
-Мен енді уәдемде тұрып, сендерге кілттің соңғы бөлігін табыстаймын.
-Ал енді, балалар сиқырлы сандықты ашу үшін кілттің барлық бөліктерін таптық. Ендеше
бөбекжайымызға тез жетіп алайық. Әндетіп бару.
-Балалар қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер?
Балалар олай болса, осы үшбұрыш төртбұрыштан судан көрген балық суретін құрастырайық.
Сергіту сәті.
Бойды сергек тік ұста,
Емін, еркін тыныста
Демінді ішке тез ал да,
Өз қолыңды алға соз,
Қол ұшына қара да
Үшбұрыш сыз ауада
Сол қолда бос тұрмасын
Шеңбер жасап зырласын.
-Ал енді, балалар біздің Ғалымбек ағамыздың әріптері де бар екен содан сөйлем құрап берейік.
Сендер менің сиқырлы сандығымның кілтін таптыңдар.Өздеріңнің ақылды екендеріңді дәлелдеп
бердіңдер. Мектепке дайын екенсіңдер.
Музыкамен ашу.
Сиқырлы сандықтан сіздер тапсырманы жақсы орындағандарың үшін сыйлыққа оқу құралдарын
алып келдім.
-Балалар енді сендер бұйырса мектепке барасыңдар. Сондықтан сендерде осы оқу құралдары болуы
керек.
Сау болыңдар!
Балалар сіздерге саяхатымыз
ұнады ма ?
Бүгін қандай елге саяхатқа шықтық?
Саяхатқа немен бардық?
Қандай тапсырмалар орындадық?
Жарайсыңдар, рахмет балалар сіздерге оқу іс – әрекетіміз аяқталды.