Конспект урока "Е дыбысы мен әрпі" 1 класс
Сабақтың тақырыбы: Е дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты:
1. Е дыбысы, әрпі мен таныстыру.Е дыбысына қатысты сөздер дұрыс оқуға,
жазуға үйрету .
2. Ұжымдық еңбекке тәрбиелеу.
3. Сөздік қорын, ойлау,есте сақтау қабілетін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп ,сабаққа қатысты суреттер. әріптің жазу
үлгісі.
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.
Сабақтың мазмұны:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық.
Мұғалім:
Қара достым, жан-жаққа
Дайынсың ба сабаққа?
Орнында ма қараңдар,
Кітап, дәптер, қаламдар.
Оқушылар:
Қарадық біз жан-жаққа.
Дайынбыз біз сабаққа.
Орнында тұр барлығы,
Кітап, дәптер, қаламда.
ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.
Топтық жұмыс:
І- топ. «Аңдар» мәтінін тізбектеп оқыту.
ІІ-топ. Кеспе буындардан сөздер құрау.
ІІІ-топ. Суретті диктант. Суреттегі заттардың аттарын жазу.
І Ү. Жаңа сабақ:
«Ер» сөзінен таныс емес дыбысты табу.
«Ер» сөзіне дыбыстық талдау жасату.
Математикалық талдау жасау.
1
2 =
1
Е дауысты дыбыс екенін аңғарту.
Хормен және жеке айтқызу.
Әріп таңбасымен таныстыру.
Баспа әріппен Е е, Жазба түрі-Ее түрімен таныстыру.
« Е» дыбысы кездесетін сөздер ойлату.
Сергіту сәті.
Оқулықпен жұмыс:
Бағандағы сөздерді хормен оқыту.
Әр сөздің мағынасын түсіндіру.
Бағандағы сөздерден 1 буынды, 3 буынды сөздерді тапқызу.
«Емен» мәтінін тізбектеп оқыту.
Дәптермен жұмыс:
Е әріптерінің бас және кіші түрлерін жазу жолдарын түсіндіру.
Ауада жазу.
Оқушылардың дәптермен жұмысы.
Шығармашылық тапсырма.
Ерланда бар 3 іні,
Естай да бар 2 іні.
Қоссақ 3пен 2-ні
Неше болады шешуі? ( Бес)
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ...... ел болмас. (Ел)
Көптеген ертегілер қандай сөздермен басталады? ( Ерте-ерте)
Сөздерді тақтаға жаздыру.
ҮІ. Сабақты қортындылау:
Жеке тұрып Дауысты дыбыс.
буын бола алады.
Сөздің барлық буынында кездеседі.
Мадақтау.
Начальная школа - еще материалы к урокам:
- Конспект урока "Сказка «Два Мороза»" 2 класс
- Презентация "Өркениет өрісі - Мемлекеттік тіл" 1 класс
- Технологическая карта урока "Безударные гласные звуки" 4 класс
- Технологическая карта урока "Ақша. Теңге" 1 класс
- Технологическая карта урока "Әртүрлі есеп шығар. Математикалық Наурыз" 1 класс
- Технологическая карта урока "Логикалық есеп шығару" 1 класс