Технологическая карта урока "Ақша. Теңге" 1 класс

Сабақ тақырыбы:
Ақша. Теңге
Мектеп: Бексейіт орта мектебі
Күні: 03.04.2018
Мұғалімнің есімі: Нұрғалиева Б.Қ.
СЫНЫП: 1-сынып
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Оқу мақсаты:
1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 теңгелік монеталармен
әртүрлі амалдар орындайды.
Алған білімді оқушылар өмірде қолданады.
Барлық оқушылар:
Оқушылардың басым бөлігі:
Кейбір оқушылар:
Ресурстар:
Ақша. Теңге.
Тірек сөздер
ақша; монета; теңге.
Сабақтың мақсаты:
Құны 1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг болатын
монеталар;монеталар салынған әмиян.
Сабаққа байланысты деректі
материалдар
Сабаққа қатысты ескертпелер
Кіріспе тапсырма. Ішінде теңге монеталары
(1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг) бар сөмкені
алып, монеталар дыбыс шығаратындай етіп
сөмкені қозғап қағыңыз. Оқушылардан
сөмкенің ішінде не бар екенін сұраңыз.
Олардың жауаптарын тыңдаңыз. Ақшаның
не үшін керегі туралы әр оқушының пікірін
тыңдап, әңгіме жүргізіңіз. Олардан “сөмке
ішінде қандай ақша жатқанын білгілерің
келе ме?” деп сұраңыз.Оқушылардың
әрқайсысына сөмкеден бір моне тадан
алғызыңыз. Қолдарындағы монета бойынша
топтарға бөлінуді сұраңыз. Оның себебін
түсін діруді өтініңіз. Олардың
монеталарды танитынын (танымайтынын)
және олармен не істеуге болатынын
сұраңыз. (Жауаптарын тыңдаңыз.)
Оқушыларға өз топтарына “ақшаның” атын
қойғызыңыз. Топтарға өз аттарын дауыстап
айтқызып, қалғанына қандай монета тигенін
тапқызыңыз. Қалған уақытта оларға осы
монеталарымен не істеуге болатыны туралы
айтқызыңыз.
Монеталар. Тапсырманы орындау кезінде
оқу шылар жұппен жұмыс жасаған кездегі
білімдерін қолдануына болады және
білімдерін қалған моне таларды
салыстыруға берілген мысалдар бойынша
кеңітеді. Оларға оқулықтағы монеталардың
суретіне қарауды ұсыныңыз. Түсі, өлшемі
мен пішіні жағынан монеталардың әртүрлі
Барлық монеталар бірдей ме? (Жоқ, олар әртүрлі.)
Монеталарды қандай белгілері бойынша
салыстыруға болады? (Түсіне, жасалған материалы
на, өлшеміне және пішініне, монетадағы жазылған
цифрына қарай.)
Қай монета өлшемі бойынша ең кіші? (1
теңгелік.)
Монеталарды қандай топтарға бөлуге бола ды?
Қандай белгілері бойынша? (Түсі және жасалған
материалы бойынша.)
Әр монетаны көрсетіп талқылағаннан кейін оларды
құнына қарай рет-ретімен қойып шығыңыз.
Оқушылардан не байқағанын сұраңыз.
1 тг мен 10 тг, 5 тг мен 20 теңгелік монеталар дың
көлеміне, ондағы жазылған цифрға, суретіне
(оқушылар “монеталардың құны” деген түсінікпен
келесі сабақта танысады, сондықтан “құны” сөзінің
орнына монетадағы цифрлар сөзін қолданыңыз)
назар аудартыңыз. Қай монетаға көп зат сатып алуға
болатынын сұраңыз.
Шығарып көр. Берілген тапсырма теңгелік моне
таларды пайдаланып өрнек құрастыруға арналған.
7 теңге 6 теңгеден қаншаға артық және 7 теңге 8
теңгеден қаншаға кем екенін 1 теңгелік монеталар
көмегімен мына үлгіні басшылыққа ала отырып
орындатыңыз.
Жауабы:
ә) 3 тг + 1 тг + 4 тг = 8 тг; б) 4 тг + 1 тг + 1 тг = 6 тг;
в) 2 тг + 3 тг + 2 тг = 7 тг.
болатынын айтыңыз. Не себепті
монеталардың түсін, өлшемін және пішінін
әртүрлі етіп шығаратыны туралы
оқушылардың болжамын тыңдаңыз. Ең
кіші монета қайсы және онда қай сан
жазылған? Ең үлкен монета қайсы? 1 мен 20
сандарын салыстыруды ұсыныңыз.
Монеталардың арасындағы
айырмашылықты өлшемі мен түсі арқылы
қалай көрсетілгені туралы талдатыңыз.
Олармен тәжірибе жүргізіңіз. Көздерін
байлап, қолдарына алған қай монета екенін
тапқызыңыз.
Монеталарды салыстыр. Тапсырма қатар
тұрған монеталардың құнын, түсін,
өлшемін, пішінін салыс тыруға
бағытталған. Берілген тапсырманы сынып
тағы оқушылармен көрнекілік түрінде
монеталарды көрсете отырып
орындатыңыз. Оқулықта берілген монета
түрлерін оқушыларға монеталардың ішінен
тауып, оларды қатар қойып, салыстыруын
ұсыныңыз. Оқушылардан не байқағанын
сұраңыз. Оларға мынадай сұрақтар
қойыңыз:
Орындап көр. Тапсырманы орындамас бұрын
оқушылармен бірге жұп сандар туралы не білетін
дерін қайталаңыз. Жұп сандарды монеталардың
құнын көрсету үшін қолдана ма деп сұраңыз. Сон
дай монеталарды табуды ұсыныңыз. 2 тг, 10 тг, 20
теңгенің жұп сандардан тұратынына назар аудар
тыңыз. Ал жұп сандардың жартысын оның сандар
қатарындағы орнына қарай анықтайтындарын
естеріне түсіріңіз. Мысалы, 10 бесінші жұп сан,
сондықтан оның жартысы 5, олай болса 10 тг-нің
жартысы 5 тг болады т.с.с. Немесе оқушылар
жауапты басқа тәсілмен де табуы мүмкін.
Сен білесің бе? Теңгеміздің туған күні 15 қара ша
екеніне оқушылардың назарын аудартыңыз.
Теңгенің шығу тарихына қысқаша тоқталып кетіңіз.
Әр мемлекеттің өз валютасы барын айтыңыз.
Оқушылардың ол жайында не білетіні туралы
сұраңыз.
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру
Қосымша тапсырмалар
Тірек сөздер немесе сөз тіркестерін
қолданып “Сөйлемді аяқта” ойынын
ұйымдастырыңыз. Жүр гізушінің ақшаны
не үшін қолданамыз деген сұрағына
оқушылар жауап береді.
Мысалы:
Азық-түлік сатып алу үшін бізге ... керек.
(Ақша.)
Қымбат емес заттарды сатып алу үшін
біз ...
қолданамыз. (Монеталарды.)
Ресейдің ақшасы “рубль” деп аталады, ал
Қазақстанның ақшасы “...” деп аталады.
(Теңге.)
Монеталарды тап. Оқушылар суреттен әртүрлі
номиналды құндылықтағы монеталарды таба алады.
Одан әрі олар әр номиналды құндылықтағы моне
таларды санайды да, олардың санын сәйкес бос
торкөздерге жазады.
Монеталар. Теңгелерді өсу ретіне қарай сызық
тармен байланыстырып қосады.
Берілген заңдылықты сақтап, монеталарды
орналастыр.
Бірінші қатарда монеталар өсу, екінші қатарда кему
ретімен орналасады.
Оқушылар сабақтың соңында:
“ақша”, “монета” жайлы біледі;
теңгелік монеталарды бір-бірінен ажыратып сипаттайды;
ақшаның адам өміріндегі орнын түсініп, күнделікті өмірде қолдана алады.
Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тексеру мақсатында
сұрақтар қойыңыз:
Теңгелік монеталарды өсу ретімен ата (1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг).
Теңгелік монеталарды кему ретімен ата (20 тг, 10 тг, 2 тг, 5 тг, 1 тг).
10 теңге мен 20 теңгені бірге алса, қанша ақша болады?
Қазақстан теңгелерін қандай белгілері бо йынша салыстыруға болады?
Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо йынша өз-өздерін
бағалатыңыз.