Алтын күз
Музыка ойнап, әсем безендірілген залға балалар келіп кіреді.
Жүргізуші: Қарсы алайық бәріміз,
Жасымыз бен кәріміз.
Қырдан кепті қыдырып,
Алтын күз бізге нұр төгіп.
Ән «Алтын күз»
Жүргізуші:Армысыздар ата-аналар, қадірлі қонақтар! «Алтын күз» атты
ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп
тұр.
«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін» - Бұл не, балалар? (Күз мезгілі)
(ендеше, күз мезгіліне арнаған өлең шумақтарымызды тыңдайық)
Айзере:Тілегім аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
Алтын күз-ырыс,береке,бірлік ала келді.
Толғанай: Жетті желмен алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз
Жиып-теріп болған соң
Той жасайды халқымыз,
Мол өнімді жинаймыз
Елге бәрін сыйлаймыз.
Айзере: Қыстың жақын қалғанын, жапырақтар білгендей,
Желмен ұшып барады, жерге қонып үлгермей
Жапырақтар жамырап, сайға барып бекінді,
Анасынан ажырап, қалған бала секілді.
Кирил: На деревьях листьев мало
На земле- невпроворот
Из лоскутьев одеяло
На прощанье осень шьет
Іңкәр: Жатыр дала жалтылдап, жаз шуағы мол құйды,
Күн астында алтын дән, тербеледі толқиды
Көктемде егін егетін, күзде жиып беретін
Біздің дала бай дала, астық толы айнала.
Нұрислам: Көк майсалы көрікті,
Алқаптағы көпегін.
Бұл күндері киіпті,
Сары жібек көйлегін.
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
Ой, алақай, тамаша,
Шашу шашты жапырақ!
Нұртілеу:Күн суытып жапырақтар түседі
Астық жеміс жиылды
Қамбамызға құйылды
Көрініс: Тұмау келеді.
Бұнда не болып жатыр?
Мен ешқандай мерекені өткізбеймін , барлықтарында тұмауымды жұқтыртамын.
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе Тұмау сіз біздін балаларымыздың көптен күткен
мерекесін бұзбауыңызды сұраймын
Айзере :Тоқтаңдар, тоқтаңдар!
Бойымнан әл құрып
Көздерім бұлдырап
Басым айналып барады!
Сұлтан: Енді, енді не етеміз?!
Аққуға қалай көмектесеміз?
Нұрислам: Сабыр сақта, саспайық
Дәрігер шақырайық!
Айзере: Жо - жоқ! Дәрігер керек емес!
Қазір өзім тұрамын тез!
Сұлтан: Онда дәрі ішіп ал,
Менде міне, көп дәрі бар!
Ә Нұрислам : Ауырмау үшін суық суға шомылу керек
Бұл - дәлелденген рецепт!
Айзере: Ах!
Бәрі бірге: Дәрігер, дәрігер! ("Жедел жәрдем" машинасының дыбысы естіледі.
Дәрігер киімін киген бала келеді)
Арсен: Мені неге шақырдыңдар,
Қандай шағым, арыздар бар?
Бәрі бірге: Мадинаға дәрігерлік көмек керек!
Арсен: Қазір қарап шығайын,
Неден ауырғанын ұғайын... (Фонендоскоппен кеудесін тыңдайды)
- А - а - а - деп қане, аузыңды ашшы...... (Тексереді)
Тістерің орнында, тамағың іспеген
Қол - аяғың әлсізденген
Қызуың ыстық екен
Білдім, неден ауырғаныңды...!
Жеткілікті мөлшерде ағзаңа
Дәрумендер жетіспеген!
Айзере : Енді не істеймін?
Арсен: Дәрумендер табиғи болғаны дұрыс,
Көп - көп көкөніс, жемістер жеуге тырыс!..
Қызанақ : Сәлеметсіңдер ме балалар! Бақшада жемістер де, көкөністер де пісіп
жатыр Бірақ кім, оларды жинап алады, мен білмеймін! Мүмкін сендер көмектесіп
жібересіңдер?
Жүргізуші: Әрине біздің балалар, көмектесіп, көкөністермен жемістерді жинап
береді.
ОЙЫН «Жемістер мен көкеністер»
Залға 4 шеңбер қойылады (олар үлкен себет болады) 4 баланың басына- өрік,
қызанақ, орамжапырақ жүзім маскаларын кигізеді. Барлық балалар 4 командаға
бөлінеді.
1 –Өрік
2 – Қызанақ
3 – Орамжапырақ
4 – Жүзім
Музыкамен барлығы билейді, тоқтап қалғанда, әр команда өз шеңберіне барып
тұрады. Кейін ойын қайталанады
Жүргізуші: Қызанақ,саған көп рахмет. Біз бақшада қандай өзгерістер бар екенін
білдік. Ендеше, біздің балалардың әнін тамашалайық. Балабақша бағында
Сайраңдаймыз жанында
Нақ өзіндей бүлдіршін
Көп достардың жанында,-деп,біздің балаларымыздың орындауында
Ән: «Күз тамаша»
Балалар бізге қонақ келе жатқан сияқты.Ол кім болды екен?
Күз ханшайымы: Сәлем менің достарым,
Өмірге көп қосқаным,
Күз сыйлығын алыңдар
Сыйлығына қаныңдар.
Молшылыққа кенеліп,
Шаттық әнге салыңдар.
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Күз ханшайымы! Біздің балалар сізді асыға күтті.
Күз ханшайымы: Рахмет, менің достарым! Ал, мен сендерге жұмбақ ала келдім.
1.Бұтақта ілініп тұрамын,
Піскенде себетке құладым.(Жеміс)
2. Ашулы қонақ бұл анық,
Тонып шешсе жыладық. (Пияз)
3. Өсірер тың дала,
Көшірер қамбаға.
Айналар ұңға да
Айналар нанға да.(Бидай)
4. Сырты қатты,
Іші тәтті. (Қарбыз)
Күз ханшайымы: Мен ата – аналармен ойын ойнағым келіп тұр « Кім көп мақал
мәтел біледі»
1.Екпей егін шықпас, 2. Жердің сәні егін
Үйренбей білім жұқпас. Ердің сәні білім
3. Егіндікті күз суар. 4. Арпа, бидай ас екен
Күз суарсаң, жүз суар Алтын күміс тас екен
5. Не ексен соны орасың 6. Жері байдың – елі бай.
Би « Джентельмены »
Жүргізуші: Жыл мезгілімізге арнаған өлең шумақтарын тыңдайық.
Сұлтан: Соңғы шуақ төгіліп, салқынданып тұр аймақ,
Ақ сәулеге шомылып, жапырақтар жүр ойнап.
Көктен көзін бір алмай, қызғылт тартты сары күз
Жер қызығын қиялмай, маужырап тұр сары күз.
Әлішер : Шоғы толған гүлдей жайнап, шақырады жарқын жүз,
Сайрандаған күліп ойнап, келді міне алтын күз,
Жел тынымсыз гуілдеп, болып кетті тым бұзық.
Шуылдайды тал терек, жапырағын жұлғызып.
Мадина: Тоңазып атырап,
Көп жеміс піседі.
Сарғайып жапырақ,
Саудырап түседі.
Аспанды сұрғылт бұлт,
Жан-жақтан жабады.
Күнбірте суытып,
Жауын көп жауады.
Нұрасыл: Кездескен сон күзімен
Бұтағынан үзілген
Ай жапырақ- сары алтын,
Айналаның бәрі алтын
Айсана: Аспанды сұрғылт бұлт,
Жан- жақтан басады.
Күнбірте суытып,
Жауын көп жауады.
Мариям : Алтын нұрдай тамшылап, жапырақтар төгілді
Біздің өмір таң шуақ, біздің өмір көңілді
Біреу астық түсіріп, біреу бидай ұшырып,
Жатқан мезгіл күз екен, алдым соны түсініп.
Ардақ: Ой, балалар,балалар,
Қоңырқай күз болыпты,
Құлап жапырақтар солыпты.
Ел егінін орыпты,
Ой,балалар,балалар.
Ойнайық та күлейік,
Мәз боп бірге жүрейік
Кирил: Сарғайды тоғай, сап-сары манай
Соңғы әнің айтып, құс кетті қайтып
Жапырақ ұшты, суық та түсті
Сонда да бізге,қызық көп күзде.
Нұрәділ: Күн суытып келеді, жапырақтар түседі.
Астық-жеміс жиылды,қамбамызға құйылды.
Ардақты күз –мың алғыс, алдық өнім сыйыңды.
Рамазан: Жаздай күткен бәріміз,
Сары алтын,сары күз,
Көк аспаның мөлдіреп,
Алтын күнім елжіреп.
Балауса: Аспанды сұрғылт бұлт,
Жан-жақтан жабады.
Күнбірте суытып,
Жауын көп жауады.
Би «Джексон»
Жүргізуші: Балалар күзде, аңдарда қысқа дайындалады. Қорек жинап күздің,
сыйлықтарына рахметін айтады. Ендеше эфирде – «Күзгі орман» телеарнасының
кориспонденті –Қоянға сөз берейік!
- Сәлеметсізбе қоян! Күзгі орманда не болып жатыр, аңдар қысқа қалай
дайындалады?
Қоян –кориспондент: Сәлеметсіңдер ме балалар! Орманда көптеген өзгерістер
болып жатыр. Барлық аңдар қыс мезгіліне азықтарын дайындап жатыр.Балалар мен
сендерге жұмбақ жасырайын ал сендер шешуін табыңдаршы.
Үсті толы ине,
өзін қорғай алады,
домаланып қалады. Қандай аң?
Балалар: Кірпі!
Қоян–кориспондент: Дұрыс балалар!
Бұтақтан бұтаққа секірген,
Кішкентай ғана шапшаң аң.
Балалар: Тиін!
Қоян–кориспондент: Дұрыс тиін! Балалар сендер білесіңдер ме, тиін мен кірпі қорек
жинамапты. Мүмкін сендер көмектесіп жібересіңдер?
Жүргізуші: Әрине көмектесеміз! Кірпіге алмаларды, ал тиінге жаңғақтарды жинап
береміз!
ОЙЫН «Жаңғақтар мен алмаларды себетке жинап ал!»
Ортада шеңбер ішінде жаңғақтар мен алмалар аралас жатады. Қарама қарсы балалар
екі командаға 5 баладан бөлініп тұрады. Себеттерге. 1,2,3 дегенде бір-бірден барып
өз заттарын жинайды. Музыка тоқтағанда ойын аяқталады. Кім көп жинаса сол
команда жеңеді.
Жүргізуші: Досы көпті жау алмас, деп бекер айтпаған! Міне біздің, балалар кірпі мен
тиінге көмектесіп жіберді.
Теңіздей тербетіле көл бетіне,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілеріміз өнерлерін көрсетуде.
қыздарымыздың биін тамашалаңыздар.
Би: «Жапырақтар»
Абай: Листья золотом расшиты
Тропки дождичком умыты
В ярких шапочках грибы,
Все нам , осень дараишь ты
Вот и осень наступила,
Вселед за летом точно в срок
И в садах позолотила
Каждый маленькии листок
Аңсар: Қуандырып біздерді, кел жемісті алтын күз
Өлкемізге күз келді, кемелденсін халқымыз.
Жеміс мол теретін, күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін, жомарт екен күз деген.
Арсен: Қарашы күз келді, күз келді,
Сары алтын жауыпты іздерді,
Құс біткен керуен түзеді,
Көңілсіз неліктен күз енді?
Қара бұлт қабағын түиеді,
Бұталар боз қырау киеді
Осыма, осы ма күз деген
Бақшаға баратын бізбенен
Ерхан: Гүл жайнаған даланың,
Жапырағы солыпты.
Таңырқадым, қарадым,
Танымастай болыпты.
Нұрдаулет: Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан- алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Арай: Жайдары күз, жарқын күз,
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы ем далам,
Дариядай шалқып жүр.
Дала сары киінді
Самал соқты салқындау
Қырмандарға үйілді
Алтын астық алтын тау.
Раяна: Көбейді құт береке
Астық толы қамбамыз
Құтты болсын мереке
Алтын күзді тойлаймыз
Магамед: Как осенние грибы
Зонтики мы носим
Потому что на дворе
Наступила осень
Нұрханат: Күзім-ау, күзім- ау,
Міңезің бұзық- ау
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық- ау.
Ән: «Бақытты балалық шақ»
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Алтын күз» - атты
ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз. Сау
болыңыздар қонақтар, келгенше жыл айналып.
Музыка - еще материалы к урокам:
- Музыкально-ритмические движения на уроках хора
- Сценарий классного часа "Великое таинство"
- Сценарий отчетного концерта отделения народных инструментов "Музыкальный калейдоскоп"
- Тест по музыке "О России петь, что стремиться в храм" 3 класс
- Конспект урока "Введение в проблему «Формы бытования музыки»" 1 класс
- Сценарий отчетного концерта фортепианного отделения "Что такое Новый год"