Конспект "Тепе - теңдікті дамыту" 2 класс

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:
3-бөлім: Гимнастика арқылы денені дамыту
Мектеп:№5 мектеп-лицей
Күні:
Мұғалім аты-жөні: Кушкимбаев А
Сынып: 2 «А»
қатысқандар саны:
қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы
Тепе-теңдікті дамыту
Оқу мақсаттары
2.2.2.1 Әрекет мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған жұмыс барысында
өзіндік және командалық жұмыстың мағынасын түсінеді. Көшбасшылық
рөлдерімен алмасып, жұмыс істей бастайды
Сабақтың мақсаттары
Барлық оқушылар: дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтармен
тәуекелдерді түсінеді және көрсетеді.
Басым бөлігі: дене белсенділігінің маңыздылығын түсінеді.
Кейбірі: мұғалімнің көмегінсіз өз бетінше дене жаттығуларын жасай алады.
Бағалау критерийлері
Білім алушы
Мақсатқа жету үшін жеке дара, командалық іс-әрекеттерді
ұтымды пайдаланады
Тапсырмалар барысында рөлдерін анықтайды, көшбасшылық
дағдыларын қолданады
Тілдік мақсаттар
Оқушылар:
Гимнастикалық қозғалыс дағдыларын көрсетеді
Пәндік лексика және терминология
Мыналарды қамитды:
Кеңістік/ бағыт: алға, артқа, жанына
динамика: тез, баяу
байланыс, идеялар, іс-әрекет, жүйелі
ептілік, тепе-теңдік
координация, күш
шыдамдылық, иілгіштік
Талқылауға арналған сұрақтар
Гимнастикалық жаттығулар ептілікті қалай дамытады?
Не үшін бізге иілгіштік қасиет қажет болады?
Акробатикалық жаттығуларда иілгіштік не үшін керек?
Құндылықтарды
дарыту
Құрмет, шығармашылық, әріптесін тыңдай білу. Қарым-қатынас дағдыларын
дамыту, жаттығу жасау барысында сыни тұрғыдан ойлану.
Сана сезім, адалдық, басқа адамдардың ойын құрметтеу, адал болу,
бір-бірін құрметтеу, мәдени, этикалық қасиеттерді дамытады
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын, білімге деген қызығушылығын
қалыптастыру, Отанымыздың игілігі үшін өмір бойы оқытуға, сыни ойлауды
дамытуға және білім берудегі үш тілдік саясатты іске асыруға бағыттау.
Мәдениетаралық түсінікті дамыту
Пәнаралық
байланыстар
Математика,физика,биология пәндерімен байланыстыру.
АКТ пайдалану
дағдысы
Тақырып бойынша қозғалмалы ойындардың тапсырмаларын көрсету немесе
басқа елдердің ұлттық ойындарымен таныстыру
.
Алдыңғы меңгерілген
білім
Оқушылар алдыңғы сыныптарда, күнделікті өмірде сандар ретімен санауды,
жаттығулар жасауды, ойындар ойнаған тәжірибелеріне сүйенеді
Сабақтың барысы
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сапқа тұрғызу.Сәлемдесу.Қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.
Оқушыларды түгелдеу.Спорт киімдерін тексеру.
Жаңа сабақтың тақырыбын хабарлау, мақсаты мен мазмұнын
түсіндіру.
Сапта орындалатын жаттығулар. Жалпы дамыту жаттығуларын
орындау.
Қауіпсіздік
ережелері.
Тепе-теңдікті дамытуға арналған ойындар
(Т, Ж, К, Тәж) Оқушылар түрлі тапсырмаларды эстафетада
орындайды. Екі команда гимнастикалық орындықтардан 10
адымда орналасқан сөрелік сызықтың алдында сапқа тұрады.
Олардың артында бағана (олардан арақашықтық 8-10 адым).
Әр ойыншының міндеті орындықтарды берілген тапсырма
бойынша өту (жұріп өту, жүгіру, бір және екі аяқта секіру
арқылы; алға немесе арқамен алға, жанымен); одан кейін бағанаға
дейін жүгіріп барып, оны айналып өту, артқа қайтып сөре
сызығын кесіп
өту.
(Т, ЖЖ, К) Оқущылар «Тепе-теңдіктен шығару» ойынын
ойнайды. Екі команда қатысады. Бір-біріне қарама-қарсы
бағытта аударылған үш гимнастикалық орындықта орналасады.
Қарсыластар бір-бірін итеріп тепе-теңдіктен шығаруға тырысады.
Қатысушылардың біреуі құласа командаға бір ұпай жазылады.
Ойынның нұсқасы: жеңімпаз келесі ойыншымен кездеседі.
Қарсыластар қалмағанша жалғаса береді. Көп ұпай жинаған
команда жеңіске жетеді.
Қ.б-ға арналған тапсырма
«Бөренедегі жарыс» ойынының рөлі мен көшбасшылық
дағдысын көрсет. Берілген ойында тепе-теңдікті дамыт.
Дескриптор. Білім алушы
- ойынның рөлін анықтайды;
- көшбасшылық дағдысын көрсетеді;
- тепе-теңдік жаттығуларын орындайды;
- тактикаларды пайдаланады.
Гимнастикалық
орындықтар және
бөрене.
Гимнастикалық
орындықтар немесе
бөрене.
Қозғалмалы
ойындар сайтына
сілтеме:
http://www.gomelsc
outs.com/vyvedenie-
iz-ravnovesiya-
gimnastika.html
Бой жазу, тыныс алу жаттығулары.
Бас бармақ, бағдаршам әдісі арқылы бағалау
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
Ойын соңында өздерінің көңі-күйлерін, эмоциясын білдіре алады.
Дифференциалды оқыту Көбірек
қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті
жоғары оқушыларды дамытуды қалай
жоспарлайсыз?
Бағалау Сіз оқушылардың
материалды меңгеру деңгейін
қалайша жоспарлап отырсыз?
Денсаулық және
қауіпсіздік
техникасын
қадағалау
Уақытты үнемді пайдалана отырып
оқушылардың деңгейлеріне қарап
тапсырмаларды түсіндіріп беремін
Қабілетті оқушыларға тапсырманы
күрделілеу,әлсіз оқушыларға көмектесу
үшін жеңілдетілген тапсырмалар беремін.
Оқушыларға өзін-өзі бағалау
дағдыларын қалыптастырамын.
Жүйелі түрде кері байланыс
ұсынамын.
Оқушыларды мақсатты түрде оқуға
уәждеймін
Сабақ барысында
қауіпсіздік
ережелерін үнемі
айтып түсіндіріп
оқушы бойына
дарыту және
сақтауды
қадағалау.
Рефлексия
Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері
орындалды ма?
Бүгін оқушылар не үйренді?
Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?
Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?
(тапсырмалар сәйкес болды ма?)
Уақытты қалай пайдаландым?
Өз сабағыңызды талдау.
Сабақтың мақсаты мен міндеттері орындалды.
Жаттығуларды жасай білді. Ойын ережелерін
түсінді, ойнай білді.Сабақ түсіну, білу қолдану
мақсаты бойынша берілген деңгейлі тапсырмаларды
орындады
Сабақ қызықты, жоғары деңгейде өтті.
Қосымша деңгейлік тапсырмалар орындалды.
Уақыт дұрыс пайдаланылды.
Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)
1. Оқушылар өте белсенді қатысты
2. Оқушылардың гимнастикалық жаттығуларға деген қызығушылығы артты
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады?
1. Психологиялық дайындық.
2. Оқушыларды сабаққа ынталандыру.