Презентация "Ұсақ моторикаларды дамыту әдіс - тәсілдері"
Подписи к слайдам:
Ұсақ моторикаларды дамыту
әдіс–тәсілдері
- Мария Монтессори (1870-1952) 31 тамыз айында Италияда дүниеге келген, сол елдегі медицина докторы дәрежесін алған алғашқы әйел адам болды. Бұл жүйені 100 жыл бұрын М.Монтессори ойлап тапқандықтан, соның атымен аталып кеткен. Мария Монтессори – дәрігер, педагог, психолог.
- М.Монтессори: «Бала дүниеге келгеннен бастап өзін - өзі дамытуға және жеке адам ретінде қалыптасуға қабілетті. Оның ішкі жан дүниесінде ерекше күш бар, ал үлкендердің міндеті сол энергияның жұмсалуына жағдай жасау» - деген екен.
- Бұл Монтессори - педагогиканың негізгі ұстанымдарының бірі. Баланың еркіндігі мен өзіндік ойлау дағдысының дамуына қысым көрсетпеу керек, яғни балаға бостандық беру.
- Яғни, екі алақан мен саусақтардың ұсақ моторикасын дамыту арқылы баланың есте сақтау, ойлау, пайымдау, зейін салу, сөйлеу сияқты т.б қабілеттерін жақсарта аламыз.