Конспект урока "Тіл дамыту" 6 класс

Күні: 24.11.2016
Сыныбы: 6 «В»
Пәні: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Тіл дамыту
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Модуль бойынша оқушылардың білімдерін тиянақтау.
2. Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, сөздік қорларын байыту, ойын
жүйелі түрде айтуға, сауатты оқуға, жазуға дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: Отбасындағы тәлім-тәрбиенің ерекшеліктерімен таныстырып, туыстық
қатынастарды білуге, үлкендерді құрметтеуге,кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: нәтиже сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, талдау, мәтінмен жұмыс, түсіндіру, тест
Көрнекілігі:слайд, тест парақшалары, түрлі-түсті қағаздар.
Пән аралық байланыс: орыс тілі,
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу. Оқушылардың қатысымын тексеру. Назарларын сабаққа аудару.
Психологиялық ахуал қалыптастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Сыйлық суреттері арқылы тақырыпты ашу.
1-тапсырма. Мәтінмен жұмыс. «Мағжанның добы»
Мәтінді оқып шығып, қарамен жазылған сын есімдердің жасалу жолын түсіндіру.
Үлкендеу- үлкен –түбір, -деу – салыстырмалы шырай жұрнағы
Қызылдау- үлкен –түбір, -дау – салыстырмалы шырай жұрнағы
2-тапсырма. Туған күннің анықтамасын оқып, ішінен сын есімдерді тауып,
салыстырмалы, күшейтпелі шырай түрлеріне айналдыру.
Сын есім
Салыстырмалы
Күшейтпелі
Қымбат
Жақын
Жылы
Ақ
Сергіту сәті
1.Нұрын төккен маған,
Шуағымсың - сен!
Айналайын, мама,
Қуанышыңмен!
Шаттандырған мені,
Жұбанышым – сен!
Құттықтаймын сені
Туған күніңмен!
2. Аялаған мені
Ән қанатымен
Құттықтаймын сені
Салтанатыңмен!
Бақытты ғой заман,
Қандай көңілді!
Мен тілеймін саған
Ұзақ өмірді!
3-тапсырма.
І Тест сұрақтарына жауап беріңдер.
1. Салыстырмалы шырайдың жұрнақтарын атаңдар:
А. –рақ,- ырақ, -лау, -леу
Б. –ып, -іп, -п
В.-ыншы, -інші
Г. –ау, -еу
2. Елнұр сыйлығын ұсынуға ұялып, тұрып қалды. Сөйлемдегі қарамен жазылған сөзде
қандай ықпал бар?
А. Ілгерінді Б. Тоғыспалы В. Сингармоизм Г. Кейінді
3. Нұрын төккен маған
Шуағымсың – сен!
Айналайын, ана,
Туған күніңмен!
Кімнің өлеңі?
А. М.Шаханов Б. Ә.Тәжібаев В.М.Мақатаев
Г.Қ.Мырза Әли
4. Мағжан, добың менің добымнан үлкен... екен. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауды
қойыңдар.
А. –лау Б. –дау В. –деу Г. –тау
5. «Менің өмірім» кімнің шығармасы?
А. Ж.Жабаев Б. С.Сейфуллин В. Ғ.Мүсірепов Г. Қ.аманжолов
6. Бата дегеніміз не?
А. Игі тілек, алғыс Б. Жаман сөз В. Ақыл, кеңес Г. Пікір, ұсыныс
7. Тышқан жылы - ... . Көп нұктенің орнына тиісті сөзді қойыңдар.
А. Тыныштық Б. Байлық В. Жайлы Г. Сыйлық
8. Бірінші мүшел жасты көрсетіңдер.
А. 13 Б. 25 В. 37 Г. 49
9. Бар ізгілік білімменен алынар. Жалғау жалғанғанда соңғы әрпі өзгеріске ұшырайтын
сөзді көрсетіңдер.
А. Бар Б. Ізгілік В. Алынар Г. Ондай сөз жоқ
10. Сәбидің дүниеге келу құрметіне жасалатын той қалай аталады?
А. Тұсаукесер Б. Сүндет той В. Бесік той Г. Шілдехана
1
2
3
4
6
7
9
10
Дұрыс
жауабы
А
Г
В
В
А
А
Б
Г
4-тапсырма. Жұмбақ жасыру. (сыныптағы бір оқушыны сипаттау арқылы жасыру және
сол оқушыға арнап тілек айту)
Шашы сары,
Көзі көк,
Бойы ұзын,
Мінезі жұмсақ,
Сабағын жақсы оқиды.
Өзі алғыр, еңбекқор қыз.(Тақтаға жасырған оқушының суреті шығады)
5-тапсырма. Берілген суреттерді ата, сын есім қатыстырып сөйлем құраңдар
(Қосымша тапсырма « Ашық хат» жасау)
Үйге тапсырма: Отбасы мүшелеріне мерекелік тілек айту
Бағалау