Конспект занятия "Баскетбол ойынының негізгі тәсілдері" 6 класс

Шығыс Қазақстан облысы,Семей қаласы, Шақаман ауылы
«Шақаман жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
АШЫҚ САБАҚ
Сабақтың тақырыбы: Баскетбол ойынының негізгі тәсілдері.
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі:Оразбаев Д.М.
Баскетбол ойыны
Сабақтың тақырыбы: Баскетбол ойынының негізгі тәсілдері.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ойынның тәсілдері туралы теориялық білімдерін
практика жүзінде жетілдіру, пысықтау.
Білімділік: Баскетбол ойынының негізгі тәсілдері мен техникасын меңгерту.
Дамытушылық: Теория жүзінде алған білімдерін оқушылардың өздеріне жасату арқылы,
ойынның негізгі тәсілдерін пысықтау, орындау техникаларын есте сақтауға жағдай
туғызу.
Тәрбиелік: Оқушыларды спортты сүюге тәрбиелеу.
Қолданылатын құрал-жабдықтар: секундомер, ысқыруық, жалауша, кубиктар.
Сабақтың түрі: Дамыту және қорытындылау сабағы.
Сабақтың әдісі: Топтық және жұптық.
Сабақтың барысы:
Дайындық кезеңі:
a) Сапқа тұрғызу. Сәлемдесу;
b) Журнал бойынша тексеру;
c) Сабақтың мақсатымен таныстыру;
d) Жүгіру жаттығулары:
Жүгіру;
Оң және сол жақ жанымен жүгіру;
Қолды алдыға созып тізе қолда;
Қолды артқа жайып, өкшені тигізіп жүгіру;
Дем шығара жүгіру.
e) Саптық жаттығулар:
Басты оңға 4 рет, солға 4 рет айналдыру;
Қолды алдыға 4 рет, артқа 4 рет айналдыру;
Белді оңға 4 рет, солға 4 рет айналдыру;
Тізені ішке 4 рет, сыртқа 4 рет айналдыру;
Оң аяқпен 10 рет, сол аяқпен 10 рет секіру;
Қос аяқпен 20 рет секіру.
Негізгі кезең:
Сынып оқушыларына баскетбол ойынының негізгі тәсілдерін, ойын тәртібі мен мәнін
толық түсіндіру. Допты ойыншы өз әріптесіне мынадай тәсілдермен береді:
1. Допты екі қолмен кеуде тұсынан лақтыру және жерге ұру арқылы береді;
2. Екі қолмен бастан асыра лақтырып береді;
3. Екі қолмен жоғары лақтырып береді;
4. Допты ыршытып алып жүру;
5. Орын ауыстыра білу;
6. Допты беру мен қағып алу;
7. Допты торға лақтыру.
Осы ойын тәсілдерін қолдана отырып, баскетбол ойының ойнау.
Қорытынды:
Сапқа тұрғызу;
Тыныс алу мүшелерін қалпына келтіру жаттығулары;
Сабақты қорытындылау, кемшіліктерін айтып түсіндіру, ойынды жақсы ойнаған
оқушыларды мадақтау, бағалау.
Үйге тапсырма: Баскетбол ойынының тәсілдерін қайталау.