Конспект урока "Діннің негізгі формалары мен географиясы" 9 класс
3 тақырып. Діннің негізгі формалары мен географиясы.
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
1. Оқушыларға діннің негізгі формаларының құрылымы, функциялары мен
рөлі, таралу аймақтары туралы тың мәліметтер беру, жалпы рухани-
адамгершілік қасиеттердің маңызын түсіндіру және олардың білімі мен
біліктілігін арттыру.
2. Оқушылардың аналитикалық ойлау, есте сақтау, теологиялық тұрғыдан
ойлау және сыни көзқарастарын дамытуға ықпал ету .
3. Оқушыларға патриоттық, эстетикалық тәрбие беру, саяси-мәдениетке баулу.
Мақсаты: діни сауаттылықтарын қалыптастырып, тұжырымдау дағдыларын
дамыту, жүйелі ойлау қабілеттерін жетілдіру.Сын тұрғысынан ойлауды
қалыптастыру. Модульдік сабақ.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: қима-қағаздар, жетондар, трек-сызба,
кубик, тақта т.б.
Сабақтың типі: жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы. Топтық жұмыс.
Әдісі: интерактивті оқыту әдісі.
Сабақ барысы: Топқа бөлу (түрлі түсті қағаздарды алу әдісімен). (Алға.
Дарын. Ұшқыр.)(Үш топ)( 2минут)
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Жаңа материалды түсіндіру.
Топтық жұмыс 15 минут)
І топқа Ислам туралы постер құрастыру.
Ислам әлемдік 3 діннің соңғысы болып есептеледі. Милади жыл санауы
бойынша 610 жылы Аллаһтың елшісі және пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.а.с.)
Аллаһ тағала қасиетті Құран кітабын түсірген Араб жарты аралында (Джазирату-л-
араб), Хиджаз аймағындағы жақын шығыс жерінің бозғылт тартқан құмды жерінен
бастау алған. Қазіргі кезде жер шарындағы барлық тұрғындардың 1 млрд. 300 млн.
астамы Ислам дінін ұстанады. Қасиетті кітабы–Құран. Бүгінгі күні Европа, Азия,
Африка, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Австралия құрлықтарында кеңінен
тараған ақиқат діні–Ислам.
ІІ топқа презентация жасау. (Интернет арқылы.)Христиан діні.Римдік
католиктік шіркеуі.
Католицизм (грек сөзі katholikos–жалпыға бірдей, әлемдік) көбінесе, Батыс
және Шығыс Европада таралған (Италия, Португалия, Польша, Франция, Чехия).
Оңтүстік және Солтүстік Америка елдерінің көпшілігі ұстанады.
1 млрд. астам дінге сенушілер католицизмді ұстанады. Католицизмнің Ватикан–
біртұтас халықаралық орталығы бар. Ватиканның Конституциясына сәйкес жоғары
заң шығарушы, атқарушы және сот билігі Рим Папасына берілген. Католицизмде
монахтық немесе «рыцарлық» деп аталатын орденінің әсері зор (900 мыңға жуық
монахтар мен монах әйелдер бар). Орыс православие шіркеуі.
Христиан діні–өзінің 2 мыңжылдық тарихында үш негізгі: православие,
католик және протестанцизм тармақтарына бөлінген әлемдік үш діннің бірі. Бүгінгі
православие–9 патриархтың (Александрлык, Антиохскилік, Болгарлық, Грузиндік,
Иерусалимдік, Константинопольдік, Мәскеулік, Румыниялық, Сербтік), 3
автокефальді архиепископтың (Албандық, Кипрлік, Элладтық) және 3
митрополийдің (Американдық, Поляктік, Чехославакиялық) 150 млн. астам дінге
сенушілерін біріктіретін негізгі конфессиялардың бірі. Орыс православие шіркеуі–
ірі Автокефальді православтік шіркеу. Рустегі христиандықтың басталуының
ресми датасы 988 жыл. ОПШ құдайға славян тілінде құлшылық етеді, уағыздарын
орыс тілінде және басқа да халықтардың тілінде оқиды. ОПШ басшысы Мәскеулік
Патриарх және Русь Всеясы болып табылады, резиденциясы Мәскеуде.
.
ІІІ топқа Буддизм туралы,оның тармақтары туралы постер жасау,немесе
презентеация.
Буддизм–әлемдік үш діннің ішіндегі ең ежелгісі. Ол б.з.б. VI-V ғ.үнді
мәдениетінің көпғасырлық діни-философиялық дәстүрінің негізінде құрылды.
Буддизмнің негізін қалаушы Солтүстік Үндістанда Гималай тауының етегінде
дүниеге келген Сиддхартха Гаутама болды. Негізінен буддизм Непалда, Шри-
Ланкада, Мьянмеде, Таиландта, Лаоста, Вьетнамда, Тайванда, Моңғолияда,
Оңтүстік Кореяда, Сингапурде, Брунееде, Малайзияда, Индонезияда таралған. 1990
ж. басында буддистердің 99,5 % Азияда, қалғандары Америка мен Европада өмір
сүрді. Әлемде 700 млн. жуық буддистер бар. Қасиетті кітабы–Трипитака.
Тапсырма
1. Осы үш діндегі ұқсастық пен айырмашылық барма.Болса қандай.?
2. «Шіркеу», «конфессия» ұғымдарын қалай түсінесіңдер? Олардың арасында
қандай байланыс бар, айырмасы неде?
3. «Атеизм» деген не?
III. Сабақты қорытындылауСұрақтар арқылы.Әр топ басқа топтарға
сұрақтар қояды.
IV. Жеке оқушыларға озық тапсырма беру.Терроризм,секта деген не?
V. Үйге тапсырма.Тағы қандай діндерді білесің?
История - еще материалы к урокам:
- Конспект урока "Дін экстремизмның алдын алу" 9 класс
- Конспект урока "Гражданская война: красные" 9 класс
- Конспект урока "Гражданская война в США" 9 класс
- Технологическая карат урока "Германия Федеративтік Республикасы" 9 класс
- Открытый урок "Вторая мировая война - самая крупная трагедия в истории человечества" 9 класс
- Конспект урока "Восстановление Западной Европы после II мировой войны" 9 класс