Конспект урока "Мәтінді пішімдеу және редакциялаудың негізгі әдіс- тәсілдері" 6 класс
Сынып: 6 Күні:
Пән: информатика
Сабақтың тақырыбы: Мәтінді пішімдеу және редакциялаудың негізгі әдіс-
тәсілдері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Құжаттың құрылымы, мәтінмен жұмысқа дағдыландыру,
құжатты құруға, сақтауға үйрету;
Тәрбиелік: Оқушыларды тиянақтылыққа, тәрбиелікке,ұқыптылыққа үйрету;
Дамытушылық: Теориялық алған білімдерін практика жүзінде орындау
дағдыларын ойын элементтерін қолдану арқылы дамыту.Оқушылардың
ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту;
Оқушылардың үйренуі тиіс: мәтінді реттеуді, сызғышты пайдалануды, мәтінді
тізім түрінде рәсімдеуді,
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: интер белсенді тақта, слайд, оқулық, жұмыс дәптерлері,
компьютер.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі (оқушылармен амандасу, түгендеу, назарларын сабаққа
аудару)
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Үлкенге де «сіз»,
Кішіге де «сіз»,
Барша адамды құрметтеп
Сәлеметсіз бе дейміз біз.
ІІ. Психологиялық дайындық
Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру және сабаққа жұмылдыру
мақсатында психологиялық дайындық өткізу
ІІ. Үй тапсырмасы
Оқушылар әр бір сұраққа жауап береді.
1.Алгоритм дегеніміз не?
2.Алгоритмнің қандай түрлерін білесіздер?
3.Сызықтық алгоритм дегеніміз не?
4.Тармақталу алгоритмі дегеніміз не?
5.Тармақталу алгоритмінде қандай түйінді сөздер қолданылады?
6.Мәтіндік процессорына қандай программалар жатады?
7.Жаңа құжатты қалай құрамыз?
8.Құжатты қалай сақтаймыз?
ІІІ.Жаңа сабақ
Мұғалім сөзі : Сіздер мәтіннің пернетақтадан енгізілетінін білесіздер және мәтінді
енгізгенде жолдар автоматты түрде төмен жылжып отырады.
Мысалы терілген мәтінді өзгерту үшін:
1. оны ерекшелеп аламыз
2. Басты (Главная)----Қаріп (Шрифт) немесе тінтуірдің оң жақ батырмасы арқылы
Жанама мәзірді шақырып өзгертеміз. Мысалы Мектеп сөзін көрсетем, х
2
+5.
Қаріп үшін көлеңке, контур қосу үшін жанама мәзірді шақырамыз. Қаріптің
тізімде жоқ мөлшерін өзгерту үшін мөлшердің ішіне барып қажетті мөлшерді
жазып ENTER пернесін басамыз
Құжатқа пернетақтада жоқ түрлі символдарды енгізуге болады. Ол үшін
Кірістіру (Вставка )------ Символ бұйрығын орындаймыз. Ашылған терезеден
керекті символды таңдасақ болды, ол меңзер тұрған жерде пайда болады. МЕКТЕП
сөзін ерекшелеп әртүрлі өзгерістерді көрсетемін. Оқушыларға Құттықтаймын
сөзін мөлшері 26,жуан курсивті, әрпі әртүрлі түспен жазуды сұраймын
Бақылау сұрақтары:
1. Пернетақтада жоқ символды кірістіретін бұйрық қандай? ВСТАВКА
СИМВОЛ
2. Қаріптің қандай баптауларын өзгертуге болады? ТҮРІН, МӨЛШЕРІН
(КЕГЛІН), ЖАРТЫЛАЙ ҚОЮ, КУРСИВТІК,АСТЫ СЫЗЫЛҒАН,
ЖОЛАСТЫ, ЖОЛҮСТІ, ТҮСІН.
3. Кегль деген не?
4. Қаріптің тізімде жоқ мөлшерін қалай өзгертеміз?
5. Кіші әріпті бас әріпке қалай өзгертеміз
IV. Компьютерде тәжірибелік жұмыс
VI.Бекіту
1.Мәтінді пішімдеудің қандай жолдары бар?
2.Мәтін қайдан теріледі?
3.Enter пернесінің қызметі?
4.Мәтіннің бүтін бөлігін қандай перне арқылы өшіреміз?
VII. Бағалау
(Сабаққа жақсы қатысып, тапсырмаларды тез орындаған оқушыларды
бағалау)
VIIІ. Үйге тапсырма
1-тапсырма.
1. Өлеңді теріңдер.
2. Өленнің әрбір жолын әртүрлі түске бояңдар, әріптің мөлшерін 13-ке өзгертіңдер.
3. Алғашқы үш жолды әртүрлі тәсілдермен өлеңнің соңына көшіріңдер.
Өлең керек
Сая болып жаныңа емен, терек,
Жетер енді жатқаның көлеңкелеп.
Өгейсінбей өзі боп қалу үшін,
Өнер керек ұрпаққа, өлең керек!
Арғы атасы ақынның жырдан туған,
Жыр жолында жанын да қылған құрбан.
Жырлар тұнған хандардың сарайында,
Жыр айтылған бесікте құлдар тұрған.
(М.Мақатаев)
2-тапсырма.
1. Мәтінді теріңдер.
2. Екінші жолды күлгін түспен безендіріңдер.
3. Мәтін атауын 16 мөлшермен теріңдер.
4. Мәтінді «Автобуста» деген атаумен сақтаңдар.
Автобуста
Арман мен Аян қаланың ортасындағы үлкен бес қабатты үйде тұрады. Екеуі де екінші сыныпта
оқиды және мектепке бірге барады. Бір күні олар әдеттегідей, автобуспен мектепке келе жатқанда,
аялдамалардың бірінен сөмкелері бар әжей отырады.
Аян бірден орнынан тұрып, әжейге жақындады да, сыпайы ұсыныс жасады:
— Мархабат, отырыңыз.
Арман терезеге қарап қалған түр танытты. Екі аялдамадан кейін әжей шығуға дайындалды және
сөмкелерінің біріне қол жүгіртіп, одан хош иісті екі алма алып шықты.
Аянға ұсынып:
— Ала ғой, алтыным! – деді.
— Оныңыз қалай, рахмет, керек емес, — деп қымсынды Аян.
3-тапсырма.
1. Мәтінді теріңдер және безендіріңдер.
2. Мәтінге атау ойлап табыңдар және оны мәтіннің алдына қосыңдар.
3. Бірінші сөйлемді мәтіннің соңына көшіріңдер.
Адамдар заман талабына сай ақпаратты сақтаудың жаңа тәсілдерін ойлап тапты: магниттік
таспалар, лазерлік дискілер. Олар тек мәтіндерді ғана емес, жанды дауысты, музыка мен
жылжитын кескіндерді де сақтауға мүмкіндік берді.
Ақпарат сақталатын құрылғылар ақпарат тасығыштар деп аталады.
Ақпарат тасығыштар:
· Қатты диск;
· Дискета;
· Лазерлік диск;
· Флэш-карта.
4-тапсырма.
1. Екі өлең мәтінін теріңдер.
2. Мәндері бұзылған сөздер мен жолдардың ретін анықтаңдар.
3. Тасымалдау амалдарының көмегімен сөздер мен жолдарды дұрыс ретімен орналастырыңдар.
Шегіртке мен құмырсқа
Шырылдауық шегіртке
Күз болған соң кетті күй.
Көгалды қуып гөлайттап
Жапырақ кетті, жаз кетті
Жаздыгүні жапырақтың
Ыршып жүріп ән салған.
Қызықпен жүріп жазды алған.
Бірінде тамақ, бірінде үй,
(И.А.Крыловтан)
5-тапсырма
Мына сөздерді септеңдер: монитор, пернетақта, информатика. Тапсырманы орындағанда мәтіннің
фрагментін көшіру немесе кірістіру амалдарын қолданыңдар.
Мысалы:
Атау септік компьютер
Ілік септік компьютердің
Барыс септік компьютерге
Табыс септік компьютерді
Жатыс септік компьютерде
Шығыс септік компьютерден
Көмектес септік компьютермен
6-тапсырма
«Ком» буынынан басталатын сөздерді ойлап табыңдар және мәтіндік редакторда жазыңдар.
Сөздерді маркерленген тізім ретінде бағанға жазыңдар. Мысалы:
• компас;
• компьютер
7-тапсырма
1. Кез келген 5 жұмбақ теріңдер.
2. Жолдастарыңмен орын алмастырыңдар. Ол сенің, ал сен оның жұмбақтарын шешіңдер, жауаптарын
әрбір жұмбақтан кейін кірістіріп жазып шығыңдар.
8-тапсырма
1. Мына сөздерді теріңдер: шам, Алладин, сиқырлы.
2. Тышқанның сол жақ батырмасын басып, сөздерді араб ертегісінің аты шығатындай етіп
жылжытыңдар.
3. Атауды жуан әріппен ерекшелендер.
4. Ертегінің фрагментін төмендегі тапсырмада көрсетілгендей етіп теріңдер. Мәтінді жұмыс істеген
кезде «Алладин» сөзін кездескен сайын қайтадан термеу үшін көшіріп алыңдар.
5. Мәтінді сақтаңдар.
Араб ертегісі
Бір кездері парсы қалаларының бірінде кедей тігінші өмір сүріпті.
Оның әйелі мен Алладин деген ұлы болыпты. Алладин он жасқа толғанда, әкесі оны бір қолөнер кәсібіне
үйреткісі келіпті. Бірақ оның оқыту үшін төлейтін ақшасы болмапты, сондықтан, ол өзі Алладинге көйлек
тігуді үйрете бастапты.
Алладин өте жалқау болыпты. Оның ештеңе үйренуге құлқы болмапты және әкесі тапсырыс берушіге
кеткен сайын, Алладин өзі сияқты тентек балалармен ойнау үшін көшеге қашып шығады екен. Олар
ертеден кешке дейін қала аралап жүгіріп жүреді және торғайларды атады немесе бөгде адамдардың
бақшасы мен жүзім бақтарына түсуді әдет қылыпты.
Ұлының тентектігіне әкесінің ренжігені сондай, мұңайғаннан ауырып, қайтыс болады. Сонда тігіншінің
әйелі өзі мен іссіз баласы аштан өлмес үшін одан қалған дүние-мүлкінің бәрін сатып, мақта иіріп, жібін
сата бастайды.
Ал Алладин анасына көмектесуді ойламайды және үйіне тек ас ішіп, ұйықтау үшін келетін болыпты…
9-тапсырма
1. Көп нүктенің орнына жауаптарын қойып, жұмбақтарды теріңдер.
2. Пішімдеу сызғышының көмегін пайдаланып, жұмбақтарды тапсырмада көрсетілгендей етіп
орналастырыңдар.
3. Барлық жауаптарды курсив етіңдер, әріптің мөлшері 13 болсын.
Тұмсығынан торайдың,
Тұмсығы бар аумаған
Үстін түгел орайтын,
Тоны ине қаулаған. …
Тікірейіп құлағы
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті-қолын жуады. …
Еркін самғап ұшсын деп,
Мәпелейміз, баптаймыз.
Бейбітшілік құсы, — деп,
Қайсы құсты атаймыз? ….
Жердің жүзін шарлайсың
Онсыз еш жерге бармайсың
Көлікпен де, жаяу да
Саралайсың, таңдайсың.
Көп болса алыстайсың
мезетпен қашықтайсың
Асықсаң аз болады
Табасың мұны қайсысың?
Информатика - еще материалы к урокам:
- Конспект урока "Модельдерді сипаттау әдістері, модельдер қасиеті, түрлері" 7 класс
- Конспект урока "Анимация мен тұсаукесердің көрсетілуі" 6 класс
- Открытый урок "Средства защиты кожи"
- Технологическая карта урока "Алгоритмы и исполнители. Цикл N раз" 8 класс
- Презентация "Этика и права человека в интернете" 10 класс
- Конспект урока "Сандық есептер шығару" 8 класс