Конспект занятия "Поездар қозғалысы қауіпсіздігі, еңбек қорғау және экология"

4. Поездар қозғалысы қауіпсіздігі, еңбек
қорғау және экология
4.1 Аралықта жұмыс жүргізілетін орындарды қоршау тәртібі.
Аралық жолда және стансада қозғалысқа кедергі келтіретін
кез келген кедергі тоқтау талап ететін орын, сондай-ақ
қозғалысқа қауіпті және тоқтауды талап ететін не жылдамдықты
азайтуды қажет ететін жұмыс жүргізілетін орын поезд (маневр-
лік құрам) келетіндігіне не келмейтіндігігне қарамастан екі
жағынан белгілермен қоршалуыуы тиіс.
Петарда төселетін Б көрсетілген және поезд қозғалысының рұқ-
сат етілетін ең көп жылдамдығы мен басшылыққа алынатын еңе-
сіне қарай жылдамдықты азайту белгілері орнатылатын А қа-
шықтығы көрсетілетін аралық жолдардың тізбесін кестеге сәйкес
белгілейді.
Қума жолдағы поезд
қозғалысының басшылыққа
алынатын еңесі мен жоғары
шекті жылдамдығы
“Қауіпті орынның басы”
және “Қауіпті орынның
аяғы” белгілерінен А
жылдамдық азайту
белгілеріне дейінгі
арақашықтық
Жұмыс орнындағы көшпелі
қызыл белгілерден және кенет
пайда болған кедергі орнынан
Б бірінші петардаға дейінгі
арақашықтық
1
2
3
Кемі 0,006 басшылыққа
алынатын еңестері бар қума
жолдарда , қозғалыс
жылдамдығы мынадай
болғанда:
Жүк поездардікі 80 км/сағ-тан
аспайды. Жолаушы және
рефрижератор поездардікі 100
км/сағ аспайды...........
800
1000
Рефрижатор поездардікі 100
км/сағ-тан көп, бірақ 120
км/сағ-тан аспайды, жолаушы
поездардікі 100 км/сағ-тан көп
бірақ 140 км/сағ-тан
аспайды...............
жүк поездардікі 80км/сағ-тан
көп,бірақ 90 км/сағ-тан
аспайды........
Жүк поездардікі 90 км/сағ-тан
Көп,бірақ 100 км/сағ-тан
аспайды, жолаушы
поездардікі 140 км/сағ-қа
дейін.................
1000
1100
1400
1200
1300
1600
0,006 басшылыққа алынатын
еңіс және одан да қулама еңіс
бар қума жолдарда, бірақ 0,010-
нан көп емес, қозғалыс
жылдамдығы мынадай
болғанда.
Жүк поездардікі 80 км/сағ-тан
аспайды, жолаушы және
рефрижератор поездардікі 100
км/сағ аспайды............
Рефрижератор поездардікі 100
км/сағ-тан көп, бірақ 120
км/сағ-тан аспайды, жолаушы
поездардікі 100 км/сағ-тан көп,
бірақ 140 км/сағ-тан
аспайды......................
Жүк поездардікі 80 км/сағ-тан
көп, бірақ 90 км/сағ-тан
аспайды.........
Жолаушы поездардікі 140
км/сағ-қа дейін...................
0,010-нан қулама басшылыққа
алынатын еңестері бар қума
жолдарда
1000
1100
1300
1500
ҚТЖ ҰҚ АҚ Вице президенті
белгілейді
1200
1300
1500
1700
ҚТЖ ҰҚ АҚ Вице –президенті
белгілейді
Қоршалатын учаске шекарасынан 50 м қашықтықта екі
жағынан жұмыс жетекшісінің бақылауында болатын көшпелі
қызыл түсті белгілер К қойылады. Осы белгілерден бастап санағында
Б қашықтық-та үш петардадан жұмыс орны бағытына қарай 200 м
қашықтық-та көшпелі жылдамдық азайту белгілері Ж қойылады.
Жылдамдық азайудың көшпелі белгілері мен петардалаы белгі бе-
руші тарапынан күзетілуі тиіс, ол белгі берушілер бірінші пе-
тардадан бастап жұмыс орындарына қарай 20 м жерде қолдарына
қызыл белгі ұстап тұруға міндетті (күндіз жайылған қызыл жа-
лауша, ал түнде жарығы поезд келетін жаққа қарай бағытталған қол
шам ұстап тұрады).
Қоршауды арнайы сынақтан өткен белгі берушілер немесе разряды 3-
тен төмен емес жол монтерлері қояды.
Белгі берушілер өзге теміржол көлігі қызметкерлерінің айырықша
көріну үшін төбесі сары түсті бас киім киюі керек.
Жұмысты қанат жайып жүргізген кезде 200 м-ден көп жұмыс орны 2-
суретте көрсетілген тәртіпте қоршалады.
Бұл жағдайда қоршаулы тиіс учаске шекарасынан 50 м қашықтықта
орнатылған көшпелі қызыл түсті белгілер олардың маңында қолдарына
қызыл белгі ұстап тұрған белгі берушілер тарапынан күзетілуі тиіс.
4.2 Ескерту беру тәртібі
Поездар сапары кезінде локоматив бригадаларының айрықша
қырағылық танытуы және оларды жолда жұмыс жүргізіліп жатқандығы не
кедергі туғандығы жөніндегі хабардар ету қажеттілігі туғанда поездарға
жазбаша ескерту жолданады.
Ескертулер мына кезде беріледі:
жол, контактілік желі,өтпе жолдағы белгі беру жүйесі құрылғылары,
ақаулы болғанда ,сондай-ақ поездардың жылдамдығын азайтуды не тоқтауды
талап ететін жөндеу және құрылыс жұмыстары жүргізілген кезде;
жаңа белгі беру және байланыс құралдары турлері іске қосылғанда, сондай-
ақ жаңадан бағдаршам қойылғанда, бұрыннан бары басқа жерге
апарылғанда не алынып тасталғанда және олар ақауға
ұшырағанда,бағдаршамды жабу мүмкін болмағанда;
автоматты локомативтік белгі беру жүйесіндегі жол құрылғылары
бұзылып қалғанда;
Поездар тиеу көлемі шегінен шығып тұрған жүкпен жолға шыққанда,
жол үстінде оның жылдамдығын азайту не айрықша шарттарды орындау
қажет болғанда;
Екі жолды қума жолда қар тазартқыш,балластер,жол төсегіш, көтергіш
кран, үшкіртас тазартқыш және басқа да машиналар жұмыс істеген жағдайда;
Қандай да бір учаскеге арнап белгіленген жылдамдықпен жүре
алмайын жылжымалы құрам поезға тіркелгенде;
Алмалы жылжымалы бірліктердің жол нашар көрінетін жағдайда
жұмыс істеуі кезінде, сондай-ақ жолдағы шағын вагондармен ауыр жүк
тасыған кезде;
Поездың жылдамдығын азайтып не тоқтауын талап ететін басқа да
бүкіл жағдайда,сондай-ақ локоматив бригадаларын поездің айрықша
жағдайда уріп келе жатқандығы жөнінде хабардар ету қажеттілігі
туғанда.Поезға ескерту беру ісі Поездар қозғалысы мен маневрлік жұмыс
жөніндегі нұсқауларда белгіленген тәртіпке сәйкес жүргізіледі.
Барлық ескертулер үш түрге бөлінеді:
тиісті жетекші жұмыс жағдайына байланысты оның дәл біту мерзімін
анықтай алмайтын жағдайда қойылғанан алынып тасталғанға дейін әрекет
ететін ескертулер;
жекелеген поездарды өткізу шартарын орындау қажет болғанда (поезда
белгіленген жылдамдықпен жүре алмайтын жылжымалы құрам не жүк
болғанда, кестеде көрсетілмеген төқтау орындары берілгенде және т.б)
жекелеген поездарға белгіленетін ,ескерту беру тапсырысында көрсетілетін
белгілі бір мерзім ішінде әрекет ететін ескертулер.
Алдағы күтілген жол жұмыстарын орындауға байланысты ескерту
беру тапсырыстарын мыналар жасайды:жол шеберлері жұмыс жүргізу
уақытына арнап ,бірақ бір күнен аспайтын уақытқа ;дистанциясы
директорлары 5 тәулікке дейінгі мерзімге; бас темір жол желісі
бөлімшесінің директорының мақұлдауымен тасымал бөлімшесі директоры
10 тәулікке дейінгі мерзімге.
Одан ұзақ мерзімге арналған ескертулер ҚТЖ ҰҚ АҚ Вице-президент
бұйрығымен белгіленеді.Бұл орайда ескерту беру жөніндегі бұйрықтар ҚТЖ
ҰҚ АҚ Вице-пезиденті тиісті қызметкерлерге қажетті жұмыс атқарылғанан
және поездарды қалыпты жылдамдықпен өткізу жағдайы жасалғанан кейін
ескертулерді алып тастау құқығын бере алады
Жол шеберлері ескерту беру тапсырыстарын мына жағдайларда бере
алады; алмалы жылжымалы бірліктер мен бригадалар жол нашар көрінетін
жағдайда жұмыс істеген кезде;естуді ауырлататын сайманмен
(элетрлік,иневматикалық және т.б) жұмыс істеген кезде ;жол бойындағы
шағын вагондармен ауыр жүк тасыған кезде,қашан екі және коп тармақты
қума жолдарда жол арасына материал түсірілгенде немесе қашан жүк поезд
жүретін жол арқылы тиеп не түсірілген кезде;қараңғы кезде,тұман
түсіп,боран соқанда жүргізетін жұыс алдында.Одан басқа жол шеберлері ол
өзі басшылық етуге құқы бар алдағы күтілген жұмыс атқаруға байланысты
ескерту беруге тапсырыс толтырады.
АПС,СА КТС ақаулы болған жағдайда ескерту беру тапсырысын белгі беру
және байланыс дистанциясы ескерту жасау үшін жол дистанциясына береді.
Жол өлшейтін не дефектоскоп вагоны поездқозғалысы қауіпсіздігіне
қауіп төндіретін орындарды анықтаған жағдайда поезд қозғалысы
жылдамдығын азайту не қозғалысты жабу жөніндегі ескертулерді бер
тапсырысын әлгі вагон бастықтары не олардың орынбасарлары береді.
Егер сол орынан әлгіндей тапсырысты беру мүмкін болмаса, онда поезд
қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қолдану үшін (қауіпті
орынды қоршау ,кеткен жерлерді жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру )жол
өлшейтін не дефектоскоп вагондарынан жол дистанция қызметкерлері
түсіреді ,ал ескерту беру не жолды жабу тапсырысы қума жолды тұйықтап
тұрған станцияға келгеннен кейін беріледі.
Жол қауіпсіздігіне қауіп төндіретін және тоқтау белгілерімен қоршап
қоюды талап ететін (ақаулы рельсті жекелей ауыстыру, бастырмаларды,
жолбағыттаушының сүйір ұштарын, теңгерме приборлардың, шанбақтардың
бөліктерін ауыстыру, су шайған жердегі жолды түзету және т.б) не
жылдамдықты азайту белгілерімен қоршауды талап ететін жол мен
құрылыстарда табылған ақауларды жөндеу бойынша күтпеген жұмыстарды
атқару үшін ескерту беру тапсырысын жол шебері ( ол болмаса жол
бригадирі ), кейін бұл жөнінде жол дистанция директорына хабарлай отырып
береді).
Жұмысты жолдың бүтіндігін не құрылыстардың бүтіндігін бұза
отырып не көлемін бұза отырып атқаратын жөндеу және құрылыс-монтаж
ұйымдарының жұмыс жетекшілері жұмыс жүргізуге рұқсатты жол
дистанциясы директорынан алады, директор не өзі уәкілдік берген жол
шебері арқылы әлгіндей жұмыс жүргізумен байланысты ескертулерді беруге
не жоюға тапсырысты береді.
Күтілген ескертулерді беру тапсырыстары бар жеделхаттар
(телефонограммалар) оларды ескерту беру стансасындағы кезекшілер
ескерту әрекеті басталғанға дейін кемі 3 сағат бұрын, ал поездар 3 сағат бойы
тоқтамай жүретін бағыттарда «ҚТЖ» ҰК» АҚ Вице президенті белгілеген
уақыттан кешіктірілмейтін есеппен берілуі тиіс.
Қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін төтенше жағдайлар туған кезде
ескерту беру тапсырысы тікелей қума жолды тұйықтап тұрған станса
бойынша кезекшілерге (немесе әлгіндей стансалардың біреуіндегі), ал
диспетчерлік орталығы бар учаскелерде поезд диспетчеріне беріледі.
Станса кезекшісінің (поезд диспетчерінің) әлгіндей тапсырысты
алғаннан кейінгі әрекет ету тәртібі Поезд қозғалыс және маневрлік жұмыс
жөніндегі нұсқаулардың 12.7-тармағында белгіленген.
Ескерту белгілеу және оларды алып тастау жөніндегі тапсырыстарды,
жеделхаттарды не телефонограммаларды оларды белгіленген адрестерге
уақытылы жеткізуді қамтамасыз ететін табыстау тәртібін «ҚТЖ»ҰК» АҚ
Вице-президенті белгілейді..
Жұмыс жетекшісіне ол өзі ескерту беру жөніндегі тапсырыс орындауға
алынғандығы жөнінде растама алғанша жұмысқа кірісуге тыйым салынады.
Тапсырылыстың атқаруға алынғандығының растамалары мынадай:
телеграф қызметкерінің (телеграф жоқ жерде станса кезекшісінің)
белгіленген адреске беру үшін жеделхатты алғандығы жөніндегі қолы
қойылған және телефонограмма арқылы оның белгіленген адреске
берілгендігі әлгі телефонограмманы алған қызметкердің лауазымы мен аты-
жөнін көрсете отырып тіркелген жеделхат (телефонограмма) көшірмесі;
ескерту беру стансасы кезекшісінің жазбаша тапсырыс алғандығы туралы
қойған қолы немесе оның тапсырыс берген қызметкер берген жазуының
астына немесе ескертулер кітабына қойған қолы.
Жол қозғалысы үшін қауіпті жолдағы, құрылыстардағы және
құрылғылардағы төтен ақауларды түзету жұмысы, сондай-ақ осыған
байланысты дрезиналардың, жол вагоншалардың, электрстансалардың және
басқа да жылжымалы бірліктердің қозғалысы ақаулар табылған бойда дереу
және жұмыс орны тиісті түрде қоршалғаннан кейін іске асырылуы керек.
Ескерту беру тапсрысында мыналар көрсетілуі керек: ескертудің
әрекет ету орнының (кума жолдың, жол нөмірі, шақырым және бекет) дәл
белгілемесі; поезд қозғалысы кезіндегі сақтық шаралары; ескертудің әрекет
ету мерзімі мен басы.
Алынып тасталғанға дейін орнатылатын ескертулер поезға алып тастау
жөнінде хабар келгенге дейін беріледі. Белгілі бір мерзімге арнап қойылатын
ескертулер поезға әлгі мерзім бойында ғана беріледі. Әлгіндей ескертулерді
алып тастауға тапсырыс беріледі және жұмыс жетекшісінен ескерту
әрекетінің белгіленген мерзімін ұзарту қажет екендігі жөнінде хабар
алынбаса оларды поезға беру доғарылады,
Егер жұмыс жетекшісі қандай да бір себеппен ескерту беруге әкеп
соқтырған жұмыстарды тапсырыста көрсетілген мерзімде аяқтай алмайтын
болса, онда ол ескертудің әрекет мерзімі біткенге қойылған жылдамдықты
азайту ауыспралы белгілеріне белгі берушілерді жіберіп, кума жолды
тұйықтап тұрған стансалардың кезекшілерін жұмысты аяқтаудың жаңа
мерзімін көрсете отырып ескетудің әрекет ету мерзімін ұзартылғандығын
хабардар етуі тиіс. Әлгіндей тапсырысты алған станса жетекшісі. Поезд
қозғалысы және маневрлік жұмыс жөніндегі Нұсқаулардың 12.7-тармағына
сәйкес әрекет етуі міндетті.
Алып тастағанға дейін орнатылған ескертуді алып тастауға оны
орнатқан қызметкер немесе оның тікелей бастығы ғана құқылы. Ескертуледі
белгілеуші лауазым иелері өздеріне бағынышты желі бойындағы
бөлімшелердің басшыларына тиісті жұмыстарды атқарып болғаннан кейін
белгіленген ескертулерді алып тастауды немесе ескертуде көзделген поезд
қозғалысы жылдамдығын көбейтуді тапсыра алады.Мұндай тапсырма
жөнінде ескерту беру тапсырмасында көрсетілуі керек.
Алып тастағанға дейін белгіленген ескертулер оларды туындатқан
себептер жойылғаннан кейін ескерту берілген кездегі адрестерге дереу
жеделхат (телефонограмма) соғу арқылы күшін жояды. Ескертудің күшін
сондай-ақ жазбаша не ескетрулер кітабына олар берілген станса күшін
жоюды мәлімдеуші адам тарапынан күшін жою айы, күні және уақытын
көрсете отырып жазба түсіру арқылы және бұл жазбаны белгіленген
адрестерге жеделхат (телефонограмма) салу жолмен кейін растайтындай етіп
жоюға болады. Жол өлшегіш және дефектоскоп вагонның бастығы берген
тапсырыс бойынша берілген ескертулердің күшін жоюды жол
дистанциясының басшысы не оның орынбасары жұргізеді.
Поездағы радиобайланыспен жабдықталған учаскелерде жұмыстың
ескертуде көрсетілген мерзімінен бұрын біткендігі не ескертуде белгіленген
жылдамдықты арттыру туралы құлақтандыру локомотив машинисіне поезд
диспетчерінің тіркелген бұйрығымен радиобайланыс арқылы беріле алады.
Радиобайланыс болмаған жағдайда диспетчерлік есептеулердің күшін
жою жөніндегі бұйрығы машинистке поезд тоқтаған таяу стансадағы кезекші
арқылы да беріле алады.
ҚТЖ ҰҚ АҚ Вице-президентінің ескертулер жөніндегі бұйрықтары
тиісті бөлімшелер директорларына жолданады және олар қол қойыла отырып
це-президентінің бұйрығымен таныстырылғандығын хабарлауға міндетті,
мұнан кейін поездарға жазбаша дереу ескерту қойылатын учаскелерде жұмыс
істеуші поезд диспетчеріне,машинист-нұсқаушыларға, поезд машинистеріне,
стансалар кезекшілеріне, жол шеберіне және жол бригадирлеріне
жариялануы керек.
Бұл бұйрықтар станса кезекшілеріне, локомотив депосы кезекшілері
отыратын орындарға ілінеді, сондай-ақ ескертулер кітабына жапсырылады,
ал көшірмесі локомотив машинистеріне беріледі.
Пайдаланудағы локомотив депосының директорлары бұйрықты
алғаннан кейін үш күн ішінде ескертулер беру стансаларының бастықтарына
локомотив бригадаларының ҚТЖ ҰҚ АҚ Вице-президентінің бұйрығымен
таныстырылғандығын хабарлауға міндетті, мұана кейін поездарға жазбаша
ескерту беру доғарылады. Осы аталған мерзім ішінде жол дистанциясы
директорлары ауыспалы белгілерді жылдамдық азайтудың тұрақты
табақшаларымен және Қауіпті орынның аяқталатын жері және Қауіпті
орынның басталатын жері тұрақты белгілермен ауыстыруға міндетті.
Локомотив моторвагондарды поездар машинистері мен дрезина
жүргізушілері учаске үстімен өткенде өздеріне берілген ескертулерді
басшылыққа алуы және жолда орнатылған ауыспалы белгілерді мұқият
қадағалап отыруы тиіс.
Поезд ескертуде көрсетілген кезеңде жұмыс орнына шыққан кезде
ескертуде белгіленген жылдамдық қоршау белгілерінің болу-болмауына
қарамастан сақталуы керек.
Жұмыс орнынан ескертуде көрсетілген мерзімнен бұрын не кейін
өткен кезде және жолда тоқтау не жылдамдықты азайту белгілері болмаған
жағдайда поезд жылдамдығы азайтылмайды.
ҚТЖ ҰҚ АҚ Вице-президентінің арнаулы бұйрығында көрсетілген
қауіпті орындармен нөсер жаңбыр кезінде өткен кезде жолда ескерту және
белгі қойылған қойылмағандығына қарамастан локомотив бригадаларына
айрықша қырағылық танып, қажет кезде жылдадықты азайтуы керек.
Кез келген адамнан кума жолдағы жолдың ақауы бар екендігі жайлы
ескерту алғаннан кейін станса кезекшісі оны қарап шығу журналына жазып
қойып, дереу поезд диспетчерінің, көрші станса кезекшісін және құрылғыда
жұмыс істейтін қызметкерді жол шеберін, БОТ электрмеханигін, контактілік
желі электрмеханизмін, контактілік желі электрмонтерін, қуаттық
диспетчерді және т.б хабардар етуге міндетті.
Егер ақаулы кума жолмен келе жатқан локомотивтің моторвагонды
поездың машинист тапқан болса, онда ол қызметтік тежегішті азайта отырып,
жылдамдықты азайтуға, ал қажет жағдайда поезды тоқтатуға, бұл жөнінде
поездағы радио байланыс арқылы ақау табылған жерді км-ді және ақау
сипатын көрсете отырып өзінен кейін келе жатқан поездардың
машинистеріне таяу станса кезекшісіне не поезд диспетчеріне хабарлауға
міндетті.
Егер станса кезекшісі алған мәлімет машинистен не басқа адамнан
поездардың қалыпты қозғалуына кедергі бар екендігін дәлелдейтін болса
онда ол аталған мәліметту кума жолда келе жатқае поездардың машинистерні
жеткізу шараларын алуға , ал мәлімет сипаты поездардың одан әрі қозғалуы
мүмкін еместігін дәлелдейтін болса, кедергі түзетілгендігі жайлы хабар
келгенше поездардың одан әрі жүруіне тиым салуға міндетті.
Кума жолда келе жатқан поездардың локомотивтеріндегі машинистер
алынған хабарға қаорай қауіпті жерден айрықша қырағылық сақтап, қажет
жағдайда жылдамдықты азайтып, тоқтауңға дайын болуға немесе поезды
тоқтатып,қозғалысты кедергінің жойылғандығы жайлы хабар алғаннан кейін
қайта бастауға дайын болып өтуге міндетті.
Жолда қалыпты қозғалысқа кедергі бар екендігі жөнінде мәлімет
берген бірінші поезд кума жолға жол шеберінің қосылуымен ғана, ал
контактілік желі зақымдаоған жағдайда контактілік желі электр мантерінің
қосылуымен ған жөнелтіле алады.
Кума жолда жол шебері не жол бригадирі болған және олардың жүрген
орны мәлім болған жағдайда поезд машинисіне поезды тоқтатып, әлі
қызметкерлерді поезды қауіпті жерге дейін апару үшін мінгізіп алуға ескерту
беріледі. Бұл поезд машинисіне поезда ақау табылған шақырымның
алдындағы шақырым шегінде тоқтату жөнінде және одан әрі поезда келе
жатқан не қауіпті орны аймағында жүрген қызметкердің нұсқауымен
сапарды жалғастыру жөнінде жазбаша ескерту берілуі тиіс. Поезда келе
жатқан қызметкер кейінгі поездардың өту тәртібін белгілейді, ал қажет
жағдайда поездарға ескерту бері тапсырысын береді.
Темір жолдар мен колтума құрылыстарды тексерушілер, қарап шығуға
тағайындалған жол монтерлері және өтпе жол бойынша кезекшілер жұмыс
кезінде поезды қарсы алуы тиіс. Жол бригадирлері, жол шеберлері және
басқа жұмыс жетекшілері өздері жол үстіндегі жұмыстарға басшылық
жасаған барлық кезде поездарды қарсы алады.
Кума жолда темір жол мен колтума құрылысытарды
тексерушілер,тексеруге тағайындалған жол мантерлері поездарды қарсы алу
үшін барлық жағдайда да поезд олардан кемі 400м қашықтыққа келгенде, ал
қозғалу жылдамдығы 120 км/сағ-тан аса учаскелерде поезд өткенге дейін 5
мин қалғанда алдын ала шетіне шығып тұруы тиіс (ұзындығы 50 м-ден аса
көпірлерді арнайы алаңдарға, ұзындығы 50 м-ден аса тоннельдерге-
ойықтарға).
Поезды оның жүрісінен оң жағынан қарсы алу керек(бір жолды
желілердің қисық учаскелерінде-бұрын жолдың ішкі жағынана 2 м-ден бері
емес қашықтықта, ал қозғалу жылдамдығы 120 км/сағ-тан асатын
учаскелерде-ең шеткі рельстен 4 м бері емес жерде қозғалысқа қарама қарсы
бағытта басты жартылай бұрып жолға қарама қарсы тұрып қарсы алу керек).
Бір жолмен өткен поездың соңынан келесі жолмен қарсы бағытта бір
поезд өтетін жағдайда, сондай-ақ тексеруші, тексеруге тағайындалған жол
монтерінің жолдан алдын ала өту мүмкіндігі болмаған басқа да жағдайларда
поезд оның жүріп өту бағытының сол жағынан қарама қарсы бағыт алуға
рұқсат етіледі.
Өтпе жолдағы кезекші әдетте поезды өтпе жол бекеті қасында, бетін
қозғалыс бағытына қарай беріп, басын әнтек бұрып қарсы алуы тиіс.
Жолда не өтпе жолда жұмыс істеп жатқан өтпе жолдағы кезекшінің
жолдан алдын ала өтуге және поезды қарсылайтын орынға жетуге мүмкіндігі
болмаған жағдайда 2 м-ден бері емес қашықтыққа тұрып, ал қозғалыс
жылдамдығы 120 км-сағ-тан 140 км/сағ-қа дейінгі учаскеледре шеткі
рельстен санағанда 4 м бері емес қашықтыққа поезды жолдың кез келген
жағынан басы қозғалыс бағытына қарай әнтек бұрып қарсы тұрып қарсы
алуына рұқсат етіледі.
Тексеруші, тексеріп шығуға тағайындаоған жол монтері немесе өтпе
жолдағы кезекші өтіп бара жатқан поездың жалғыз келе жатқан
локомотиві,дрезинанаы,не жол вагоншасын қарсы алатын кезде кернеймен
белгі беруге және талап етілетін белгіні көрсетуге міндетті (жол бос болғанда
күндіз сары түсті бүктелген жалауша, түнде- аппақ қолшам
жарығы:жылдамдықты азайту қажет болғанда: күндіз-сары түсті желбіреген
жалауша, түнде –аппақ жарығы қолшамды жоғары-төмен ақырындап
қозғалту ).