Конспект урока "Өмір қауіпсіздігі"
ШҚО Семей қаласының білім бөлімі» ММ
«Семей қаласының №37 гимназиясы» КММ
Тәрбие сағаты
Тақырыбы:
«Өмір қауіпсіздігі»
Өткізген: Чегебаева Ү.Қ.
2015 - 2016 оқу жылы
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Өмір қауіпсіздігі
Мақсаты: Төтенше жағдайларда өмір қауіпсіздігі ережелерін сақтау, өзін
және қасындағы адамдарды қорғау, оларға қалай көмек көрсету керектігі
жайлы түсініктерінің қалыптасуына мүмкіндік жасау.
Міндеттері:
1. Өрт қауіпсіздігі, жер сілкінісі кезінде, көшеде және судағы қауіпсіздікті
сақтау шараларын үйрету.
2. Өз ойларын ашық айтуға, сыни тұрғыдан ойлауға, топта ынтымақтаса
жұмыс жасауға дағдыландыру.
3. Ұқыптылыққа, жинақылыққа, қайырымдылыққа тәрбиелену ортасын құру.
Көрнекілігі: слайд-презентация, бейнежазба, таратпа материалдар, А3 қағаз,
түрлі-түсті маркерлер, стикерлер
Түрі: топтық жұмыс
Барысы
І. Топқа бөлу
Суреттерді таңдау арқылы топқа бөліну
ІІ. Негізгі бөлім
1. Ой шақыру
Балалар, бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Өмір қауіпсіздігі»
-Сендер «Өмір қауіпсіздігі» дегенді қалай түсінесіңдер?
-Қалай ойлайсыңдар, қандай жағдайда адам өміріне қауіп төнеді?
Өмірден қымбат еш нәрсе жоқ, өйткені өмір ең қымбат байлық болып
табылады. Адамның ең негізгі мақсаты, ол - өмірді сақтап қалу. Көп
жағдайларда адамның өз өмірін және жақындарының өмірін сақтап қалуы
қарапайым ережелерді білуіне байланысты болады. Мысалы, төтенше
жағдайлар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету және өзін қалай
ұстау керектігін білу. Сондықтан өмір қауіпсіздігі ережелерін білу өте
маңызды. Төтенше жағдай болған кезде сабырлық сақтап, қасыңыздағы
адамға жасаған көмегіңіз оның өмірін сақтап қалуына мүмкіндік жасайды.
Сол себептен бұны білу және оны дұрыс қолдану- біздің міндетіміз. Мысалы,
от өмірімізге қуат беріп, бойымызды жылытады. Отсыз тіршілік жоқ. От
жағылмаса, тамағымыз да піспейді, үйіміз де жылымайды. Бірақ кей
жағдайда өзіміздің ұқыпсыздығымыздан өрттің қалай күш алып кеткенін де
байқамай қаламыз. Тұрмысымызда тағы бір көп қолданатынымыз – электр.
Электр - жарық көзі. Дегенмен, оны да ұқыпты пайдаланбасақ, одан да өрт
шығуы, қауіпсіздік ережесін сақтамасақ, ток соғуы мүмкін. Олай болса,
бүгінгі тәрбие сағатымызда осындай төтенше жағдайларда өзімізді қалай
ұстауымыз керек, апатты жағдай болмас үшін не істеуіміз керек екендігі
туралы сөз қозғаймыз.
2. Мультфильм «Қауіпсіздік әліппесі»
Слайд-презентация, бейнежазба көрсету
3. Таратпа материалдармен жұмыс
І топ: Өрт қауіпсіздігін сақтау.
ІІ топ: Судағы қауіпсіздікті сақтау.
ІІІ топ:Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздікті сақтау.
4. Постер құру
Әр топ берілген мәтіндерді оқып, түсінгендері бойынша постер құрып,
қорғайды.
5. Жағдаяттық сұрақтар
Қалташалардың ішіндегі сұрақтарға жауап береміз.
1.Сен үйде жалғыз қалдың. Ата –анаң қонаққа кетті. Кенет электр тоғының
пышырлап жана бастағанын байқадың. Не істер едің?
2. Үйге көп қонақ келді. Қонақтар шай ішіп болған соң үлкен кісілер шылым
шегуге сыртқа шықты. Сөйтті де бір кісінің шеккен шылымының сөнбей
қалған тұқылынан жердегі қураған шөп жана бастады. Мұндай жағдайда не
істейсің?
3.Үйге анаң от жағып, өзі далаға шығып кетті.Жанып жатқан пештің есігі
ашылып кетіп, ішінен жанған от түсіп кетті.Сен не істер едің?
4.Сен сабаққа келгенде сыныптасың оттық ұстап жүргенін көрдің. Мұндай
жағдайда не істер едің?
5. Анаң үтікті қосып қойып, ұмытып далаға шығып кетті. Ондай жағдайда
сен не істер едің?
6. Сен үйде жалғыз отырғанда жер сілкінісі болды. Мұндай жағдайда сен не
істер едің?
ІҮ. Қорытынды.
Міне, балалар, бүгінгі сабағымызда адамдар төтенше жағдайлар бола
қалған жағдайда төнген қауіптен өздерін қалай құтқару керек және қандай
шаралар қолдану керек екендігі жөнінде көп мағлұматтар алдыңдар. Осы
ережелер мен ескертулерді сақтап, алдын ала ондай жағдайларды болдырмау
қамын ойлап жүрсеңдер, бұндай жағдайлар өмірімізде аз кездеседі.