Конспект урока "Өз құқығыңды білесің бе?"

Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданы
Қандық бастауыш мектебі
Тақырыбы:
(жоғарғы сыныптарға арналған)
Дайындаған: Кстаубаева Айгул Абилтаевна
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Өз құқығыңды білесің бе
Мақсаты:
Бала құқықтары, оларды сақтау, өз құқықтары мен міндеттері
туралы түсінік, оларды жүзеге асыруға дайындық қабілеттілігін
қалыптастыру
Оқушыларды өз құқықтарын қорғай білуге үйрету;
Құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету,
адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа
тәрбиелеу;
Оқушылардың ойлау, тыңдау, өз ойларын еркін жеткізе алу
мәдениетін дамыту, шығармашылық қабілеттерін шындау.
Міндеттер:
Оқушыларға адам құқығы, бала құқығы мен міндеті ұғымдарын меңгерту.
Проблемалық жағдаяттарды құқықтық тәсілмен шешуге үйрету.
Көрнекілігі: ҚР Конституциясы кітапшасы, Бала құқықтары туралы
Конвенция, Бала құқығын қорғау туралы тұжырымдама, халыққа құқықтық
көмек «Бала құқығы» жадынамасы «Жеке бастың құқықтары туралы Билл»
Құқықтық білім мен тәрбие сызбасы.
Дайындық кезеңі. Топтарға бөлу,оқушылар кабинетке кірерде түрлі-түсті
қағаздарды таңдап алады, қағаз түсі оқушы қай столға отыратынын көрсетеді
Түрі: Тренинг сабақ, инклюзивті оқу
Өту барысы:
№5 слайдта сабақ тақырыбы көрсетіледі.
Кіріспе.
Мұғалім:
Адам құқығына үлкен үлестерін қосқан Ш.Монтескье, И.Кант,
Т.Джефферсон сияқты ойшылдар адам құқықтарының негізгі ережелерін
алғаш рет анықтап, белгілеген. Өзіміздің ойшылдарымыз Төле би, Әйтеке би,
Қазыбек би және Абай Құнанбаевта адам құқықтарымен бостандықтарын
қорғаған. Адам дүниеге келгеннен кейін, оның өмірін, денсаулығын,
тыныштығын, біздің мемлекетіміздің Ата Заңы Конституция қорғайды. Ал
Ата Заңымыздан басқа тікелей балалардың құқығын қорғайтын Заң бар ма?
1989 жылдың 20 қарашасында Бала құқықтары туралы Конвенция
1990 БҰ ұйымында қабылданып, 1995 жылдың желтоқсан айында Елбасымыз
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Бала құқығы туралы Конвенцияға» қол
қойды. Адамның құқықтық санасы қалыптаспай,оның құқықтық мәдениті
жетілмейді.Құқықтық мәдениет дегеніміз-қоғамның қазіргі даму кезеңінде
құқықтық жетістіктерін айқындайтын азаматтардың құқықтық білімінің
мазмұны,сипаты,деңгейі,дағдысы. Құқықтық білім мен тәрбие сызбасымен
таныстыру.Адамның жасы өскен сайын,оның құқықтары өзгереді,бірге
міндеттері мен жауапкершілігі өзгереді. Осындай жағдайлар жасалып
отырған кезде өз құқығымыз бен міндеттерімізді қалай
орындаймыз,ойымызды ортаға салайық. Жұмысқа кіріспес бұрын бір -
бірімізге жақсы көңіл – күй сыйлайық.
Тренингтің бірінші кезеңі «Есімдер аллитерациясы
Шарты: Әр топтан бір оқушы осы жерде отырған оқушылардың есімдерін
айтып және де есімдерінің бірінші әрпінен басталатын жағымды қасиетін айту
керек.Әр оқушының сөзінен кейін қалғандары үш рет қол соғып қошеметтеп
қояды.
Сұрақ -Сіздің есіміңізді, жақсы қасиетіңізді айтып жатқанда қандай
сезімде болдыңыз?
-Өзіңіз қазіргі кезде қандай көңіл-күйде отырсыз?
Сөздікпен жұмыс.
1. Кәне, анықтап алайық, құқық дегеніміз не?
Құқық- қоғамдағы адамдардың өзара қарым- қатынасын реттеп
отыратын мемлекет белгілеп, қорғайтын нормалар мен ережелер
жиынтығы, осы нормаларды зерттейтін ғылым
Міндет адамдар бұлжытпай орындауға тиісті тәртіп пен
қарым-қатынасқа қойылатын талап
Мораль- адамның іс-әрекетін қайырымдылық пен зұлымдық, әділдік пен
әділетсіздік және т.б. тұрғысынан реттеп отыратын нормалар мен
принциптер жүйесі.
Конституция - конституциялық құрылысты бекітетін, адам мен азаматтың
құқығы мен еркіндігін бекітетін, мемлектеттік биліктің федеральдық
органдарын тағайындайтын негізгі құрылтайшы саяси- құқықтық акт
Декларация - тараптар мақұлдаған жалпы принцитер мен мақсаттарды
қалыптастыратын салтанатты акт
Жарғы бұл мектеп құжаты және мектептің негізгі заңы мектеп
жарғысы оқушылар мен олардың ата-аналарының құқықтары мен
міндеттерін анықтайды
Балалар, құқық бар жерде міндет те бар. Енді соған тоқталайық. Бірінші
кезекте баланың өмір сүру құқығы бар.Құқықбұзушылыққа әкеліп соқтыратын
әрекеттер: -алкоголизм
-нашақорлық
-жауапсыздық
-тәртіпке бағынбаушылық
Сіздердің құқықтарыңыздың шектелетін кездері де болады. Құқықтарыңызды
кім шектей алады?
Сенің ар-ұятың
Жалпыға ортақ нормалар мен әдеп ережелері
Заңдар
ҚР балалардың міндеттері:
білім алуға
тәртіп сақтауға
мектеп мүлкін сақтауға;
үлкендерді сыйлауға;
ана тілдің тазалығын сақтауға;
әрдайым таза, ұқыпты жүруге;
темекі шекпеуге, спирттік ішімдіктер ішпеуге, т.б.
Тренингтің екінші кезеңі: “Бақытжан мен Нұрланның партаға таласуы”
Әңгіме (үнтаспадан тыңдап,сұрақтарға жауап беру)
Сұрақ: Бақытжан мен Нұрланның арасындағы дауды сендер қалай
шешкен болар едіңдер?
Жауабы: 1. Егер екеуінің біреуі нашар көріп, алдыңғы партаға отырғысы
келсе, онда ол оның құқығы деп ұғынған болар едім.
2. Бізге орнымызды сынып жетекшіміз әлі бекітіп үлгермеген еді.
Сондықтан олар өз құқықтарын дәлелдей алмады.
3. Бақытжан Нұрланның партасына таласып өктемдік көрсетті. Ол жай ғана
сыпайы түрде орнын отыруға сұраса, Нүрлан да берер еді.
4. Бұл жерде Бақытжанның Нұрланға өктемдік көрсетуге құқығы жоқ.
Балалар топта отырып, 1,2,3 санап,қайта жаңа топқа ауысады.
Тренингтің үшінші кезеңі:
Шығармашылық жұмыс: Балалардың салған суретін топтарға беру
(тапсырма: тақырып қою,суреттің мазмұнын ашып,өз ойларын айту)
Бұл бөлімде үш топқа 3 түрлі ситуация жазылған парақтар таратылады.
Жағдаяттан шығуға (1мин.уақыт беріледі) өзіндік пікір білдіріп талдау жасайды.
№1.Ситуациялық жағдай
Азаматша Бейсенкүл өзінің терезесінен бірнеше күн бойына екі жасөспірімді
қадағалады. Екі жасөспірім көрші қабаттағы үйде тұрады. Қанат пен Жомарт
бірнеше күн қатарынан азамат Есеновтың машинасын түртіп айналып қарап
жүрді. Бір күні таңертең Есенов есігінің алдына шықса машинасының екі
доңғалағы жоқ екен . Бұны естіген Бейсенкүл есіктің алдына шығып, сенің
машинаңның доңғалағын ұрлаған Қанат пен Жомарт - деді. Өйткені олар сенің
машинаңды бірнеше күн бойы айналшақтап жүрген.
Сұрақ:
1. Азаматша Бейсенкүл дұрыс жасады ма?
2. Мұндай жағдайда Бейсенкүл не істеуі керек еді?
3. Бейсенкүл біреуге жала жапқаны сөзі үшін жауап бере ме?
Дұрыс жауабы:
1. Бейсенкүл дұрыс жасаған жоқ. Әділділікті тек сот шешеді.
2. Бейсенкүл ол балаларды көзбен қадағалағанын бөлімше инспектор полициясына
айту керек еді, сөз расталған жағдайда ғана сотқа өтуі керек, яғни Қ.Р. кұкық
бұзушылық кодекісінің №129 статьясы бойынша біреудің сыртынан жала әңгіме
айтуға болмайды.
№2. Ситуациялық жағдай
Марат пен Салтанат қала сыртына демалуға шықты. Демалыс жақсы өтіп жатқан
еді, оларға қолтықтарында арақтары бар үш арақ ішкен жігіт жас отбасына тиісе
бастады. Әр түрлі балағат сөздер, артық әзілдер айтты. Дайындап қойған түскі
астарын жеп қойды. Жолдасы үндемей тұрды. Өйткені ол түсінді, бұл жігіттер
ешкімнің алдында тоқтамайтындығын, сөйтіп оларға бізді үйімізге апарып таста
деп бұйрық берді. Осы кезде Марат алыстан бір машинаны көрді. Жақындағанда
«Көмектесіңдер» деп айқайлады. Шофер естіген жоқ. Кенет
машинадан біреуі
шығып, Маратты ұруға келе жатады. Сонда, Марат багажниктен балтаны алып,
келе жатқан жігіттің басынан ұрып құлатады.
Сұрақ: Марат құқықтық жауапкершілікке тартыла ма?
Жауабы:
Жоқ. Қ-ның құқық бұзушылық кодекісінің32 статиясы бойынша Марат
құқықтық жауапкершілікке тартылмайды. Себебі, ол өз басын арашалау
мақсатында істеді.
№3 Ситуациялық жағдай
а.Құқың бар ма әлде жоқ па? Сабақ уақытында сен сынып бөлмесі ішінде ары-
бері жүріп жүрсің, өйткені сен еркіндік құқығым бар деп есептейсің
б.Сіз мектептен үйге қайтарда жолдан құнды зат тауып алдыңыз. Оны ешкім
көрген жоқ, ол зат сенде қалды.Сен өзіңді қылмыс жасадым деп ойладың ба?
Бұл шынында да қылмыс па?
Тренингтің төртінші кезеңі:
“Жеке бастың құқықтары туралы Билл” плакатымен жұмыс
(Оқушылар өз ойларын жазады)
Сіз мыналарға құқылысыз: Сіз ешқашан мыналарға міндетті емессіз:
-кейбір кездері өзіңізді бірінші орынға қоюға -100% кемшіліксіз болуға:
-қажет болғанда көмек сұрауға т.б -барлығына үлгеруге
- «Жоқ,рахмет», «Жоқ,кешіріңіз» дегенді айту -сіз өз өзіңізбен болғаныңыз
үшін кешірім сұрауға т.б
Қортынды бөлім:
Рефлексия (алған білімді және дағдыны қортындылау.)
Оқушыларға сауалнама оқылады.
1.Қазақстан Республикасының азаматтары қандай білім алуға міндетті?
(Орта білім)
2. Қазақстанның әрбір азаматының ең басты құқығын ата.
(Әркімнің өмір сүруге құқығы бар)
3. Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы заң қашан
қабылданды? (2002 жылы 8 - тамызда)
4. Заң бойынша бала деп кімді атайды? (18 жасқа толмаған адам)
5. Заң шығарушы орган қалай аталады? (Парламент)
6.Бала құқығы туралы Конвенция қашан қабылданды?
(1989 жылы 20 - қарашада)
7. Адамның ешкім қол сұғуға болмайтын құқығы не? (Бостандық)
8. Қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жас шамасы
(16 жас, ерекше ауыр қылмысқа 14 жастан тартылады)
9. Қай жастан бастап жасөспірімдердің еңбекке араласуға құқығы бар?
(14 жастан)
10.Қазақстандағы ең қымбат қазына (адам)
11. Отанға деген сүйіспеншілік (патриотизм)
12. Баланың құқықтары туралы заң неше тарау, неше баптан тұрады?
(10 тарау, 53 бап)
13.Қазақстан азаматының қасиетті борышы және парызы не?
(Қазақстанды қорғау)
14.Балдан тәтті не?(бала)
Ендеше,өзімізге жауапкершілікпен қарап,тәуелсіз,құқықтық мемлекетіміздің
мәртебесін жоғары ұстау біздің міндетіміз.
Балаларға «Балалар құқығы »туралы жаднама үлестіру.
Бала құқықтары туралы халықаралық Конвенциядан
Мемлекет әрбір баланың аман сау өсіп, жан жақты дамуын
қамтамасыз етеді;
Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен
азаматтық алуға құқылы;
Әрбір бала өз отбасында, ата – анасымен бірге өмір сүруге құқылы;
Отбасында әкесі мен анасы өз алдына дербес өмір сүрумен, баланы
ата – анасымен ажыратуға ешкім құқықты емес;
Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкімнің ұрып жазалауға,
кемсітіп қорлауға құқығы жоқ;
Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы;
Әрбір баланың ой пікір, ар - ождан және дін еркіндігіне құқығы
бар;
Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы;
Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы;
Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.
ЖАС ДОС, өз құқыңды жақсы біл. Қазақстан Республикасы өз
болашағыңа бағдар етіп алған құқықтарды түсініп оқы,елімізді
өркендетуге үлесіңді қос.