Конспект урока "Ұстаздар ұлы тұлға"

Тақырыбы: Ұстаздар - ұлы тұлға
Мақсаты: Оқушыларға ұстаз еңбегін , ұстаздық тәлім тәрбие бағыттарын құрметтеуге,
сыйлауға, бағалауға тәрбиелеу. Оқушының өзіндік қызығушылықтары мен
сүйіспеншіліктерін дамыту .
Сабақ түрі : құттықтау, сахналау, түрлі сұрақтар мен жауаптар , қызықты сәттер
Көрнекілігі: шар, гүлдер, Ұстаз туралы ұлағатты сөздер, «Біздің Ұстазға шәкірттерінен
алғыс хат » құттықтау газеті
Сабақ барысы
І .Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен амандасу
Оқушыларды сабаққа дайындау,
Шағын көрініс. Сахнаға 6 оқушы шығып «Ұстаз ұлы тұлға» тәрбие сағатының тақырыбын
хабарлап, өтілу барысынан көрініс көрсетіп, мұғалім сөзінің мағынасын ашады.
М мейірімді
Ұ ұлағатты
Ғ ғазиз
А - ақылды
Л лайықты
І іскер
М маман
1.Ұстаздарға мың алғыс,. 3.Ұстаздар-ұлттың тірегі,
Алғыстарым көп менің Ұстаздар- мектеп жүрегі.
Асыл анам, мектебім, Ұрпақа жетер ұстазбен
Үйреткенің адалдық. Халықтың ұлы тілегі.
2.Ұсынғаның адамдық, 4.Ұстаз болған баршаға,
Текті мінез даналық, Ардақты жандар қаншама.
Біз ұстаздарға тілейміз, Шәкіртің күнде қуансын
Бақыт, табыс амандық. Шаршама,ұстаз,шаршама.
5.Тілеймін саған мол бақыт, 6.Ұстаз болам өзіңдей,
Еңбегің болсын жемісті! Үйретер ақыл,парасыт.
Тіліңді алып әр уақыт, Аянбай еңбек етемін,
Тындырамын көп істі. Болсыншы деп бала шат.
7.Ұлы өмірге жетелеп,
Ашқан білім есігін.
Құрметтейік ,мәпелеп,
Ұстаздардың есімін.
Хор. Жасай берсін жарқылдап, ұстаз атты ұлы есім!
1 - бастаушы Қайырлы күн! Армысыздар, есен сау бармысыздар, аса құрметті да, аяулы
біздің ұстаздарымыз!
2 - бастаушы Міне жадырап жаз өтіп, алтын күз де келіп жетті. Табиғаттың осы бір жыл
мезгілін жез қоңырау үнімен, мектептегі мұғалімдер мен оқушылардың қарбалас, сағыныса
табысқан қуанышты сәттерімен елестеді. Жаңа оқу жылымен қатарлас келетін мұғалімдер
күні де, күздің үлесіне тиіпті. Төл мерекелеріңіз құтты болсын, ізгіліктің пайғамбары
ұстаздар қауымы.
1 бастаушы.Мұғалім бақыты - шәкірт құрметі. Ұрпақ тәрбиесі - ұстазға байланысты. Ұяда
не көрсең, ұшқанда соны ілерсің, дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.
Ұстаз - ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындап, тәлім - тәрбие беру, жақсы
қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта, бағыт - бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.
Ұстаз болу - жүректің батырлығы,
Ұстаз болу - сезімнің ақындығы.
Ұстаз болу - мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы.
деп ақын Ғ. Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын
мақтаныш етеміз. Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Б. Момышұлы
«Ұстаздық ұлы құрмет, себебі ұрпақтарды ұстаздар тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да,
данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ
берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай
ардақтауға міндеттіміз» деген болатын.
Хор: « Ұстазым» әні
2 - бастаушы Аяулы ұстаздарым! Сіздердің бала көңілдеріңіз әр оқушының жан дүниесін
нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге - білім алып, өмір теңізіне
құлаш ұрған, кез келген шәкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының
бағбаны», «Бала жанашыры». Иә, бұл мектеп мұғалімі - ұстазға арналған теңеулер, бұл
тізбектің шегі барма екен десеңізші. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, өздеріңізге
арналған даналық сөздері тұтас бір кітапқа айналары сөзсіз. Мерейлі мерекеде дендеріңізге
саулық, отбасыларыңызға амандық, кәсіптеріңізге сәттілік тілейміз.
1 - бастаушы. Еңдеше, қымбатты ұстаздар мына өлең шумақтары сіздерге арналады
1.Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы
2.Сәлем бердік ұстаздар баршаңызға,
Сіздермен тола берсін ортамызда.
Бүгінгі ел басқарған азаматтар,
Білім алған сіздердің арқаңызда.
3.Бүгінгі күн құшақтарың гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімменен суарған шәкірттерін,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!
4.Ұстаздарым биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды.
Қуанышты жарқын тілек білдіріп
Құттықтаймыз, ұстаздарым баршаңды.
5.Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,
Перне басқан оркестрдің үніндей
Әр баланың жүрегіне жол тауып,
Тұрасың сен, дирижер боп, күлімдей.
6.Жыр оқисың нөсер болып жайылып,
Қас қабағын қалт жібермей шәкірттің
Қарайсың - ау нұр жүзіне сүйсініп,
Жалын атып, от боп, бірге жанасың
1 - бастаушы
Ұстаз ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім - тәрбие беру, жақсы
қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт - бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор,
ол тек оқу, жазу үйретіп беретін мұғалім ғана емес, қиналған сәтте қол үшін беретін
қамқоршы, көмекші. Іздеген сұраққа, бастаған іске ақыл кеңес беретін ақылшы, бірге еңбек
ететін дос.
2 - бастаушы
Ұстаз шәкірт алдында сыйлы адам. Ол жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін
ақтау - адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін, жауаптылық,
қажырлылық, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен.
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір
балқытқан жұмысшы да, егін салған дихан да, мал бағып терін төккен шопан да, ғарышкер де
бәрі - бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам
баласы құрметпен бас иеді.
Оқушы
Ақырын жүріп оның бас,
Еңбегін кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, - деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын қалаған
ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз тағы да құтты болсын!
Оқушы
Ұстаз, ұстаз
Осы сөзде жатыр қанша ұлылық,
Осы сөзде таусылмайтын жылылық,
Әл - Фараби мен Ыбырай мен Ахаңды,
Осы сөз ғой қойған бізді ұлы ғып,
Ұстаз небір қисықтарды жөндейтін,
Тентектерді ақылменен емдейтін.
Болса дағы малға кедей өмірде,
Бар байлығым шәкірттерім сен дейтін.
1 - бастаушы Ардақты ұстаздар! Денсаулықтарыңыз мықты болсын, шаңырақтарыңыз
шаттыққа толсын, сіздерді пайғамбардай сыйлайтын, жүрегі жылы, бойы ізгілікке толы
шәкірттеріңіз көп болсын!
Бірге: Мерекелеріңіз құтты болсын!
Келесі орындалатын ән сіздерге арналады, аяулы ұстаздар, қабыл алыңыздар!
2 - бастаушы . Көрініс.Сахнаға адасып жүрген Дымбілмес Жалқаубеков келеді.
О - о - ой шаршадым, қазақ тілі сабағынан әзер құтылдым ғой, атам қазақ дұрыс айтады, оқу
күрекпен құдық қазғандай деп, рас екен ғой, сабақта қиналғаным аздай, Қилыбай ағай үйге
мақал - мәтелдер жазып келуді тапсырып еді, бәле болды ғой. Ал шынымды айтайын менің
жазған сөйлемдердің әріптері ауысып, тарыдай шашылады, Роза апай берген есептердің
сандары бір орында тұра алмай үнемі секіреді, мен байғұс күнде күнде жинай алмай әуреге
түсемін, бәрібір мұғалімдер екі қоя береді, қоя береді қоя береді.
Мәссаған, бүгін мына залға апайлар мен ағайлар көп келген екен, көмектесіңіздерші маған
өтінемін, әйтпесе тағыда екі аламын ғой, жарай ма. Ал бастайын, мен мақалдарды оқимын,
сіздер түзеп бересіздер, тек ағай біліп қалмасын, ура!
Қына басқа бітеді(тасқа). Білім шашқа бітеді(басқа). Біліп тұрсаң да сұрама(сұрап ал ). Аз біл,
көп сөйле.(көп біл, аз сөйле). Көрмес сиырды да көрмес(түйені). Өнер алды ұзын тіл(қызыл
тіл). Жығылып жатып жығылғанға күлме (сүрінгенге). Өнерлі сайға қарай сырғиды(өрге
жүзеді).
Оқушы.Күллі өмірің жеткіншекке арналған,
Мұғалімді ардақтайды барша жан.
Ол мектептен шықпаса да қыс – жазы,
Жемісі оның жердің жүзін шарлаған,
Бала десе ойламайды өз қамын.
Көрсем дейді күнге де қол созғаның,
Шәкірттерін өзінен де озғанын.
Оқушы.Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.
1 бастаушы Ұстаздар туралы нақыл сөздер айтып жарысып көрсек қайтеді?
Оқушыларды екі топқа бөлу
Ұстаз болу өз уақытын аямау, өзгенің бақытың аялау.
Ұстазға қарап, шәкірт өседі.
Аспаз көрген ас таныр, ұстаз көрген хат таныр.
Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла.
Ұстазы жақсының ұстамы жақсы. Тамаша емес пе, мына сөздерден кейін жаның
жадырайды!
Оқушылар.
1. Қара сөздің дауылы,
Құрмет еткен ауылы.
Сыйымызға риза бол,
Мұғалімдер қауымы!
2.Білімнің кәусар бұлағын,
Жүресің құйып санама,
Біз үшін сенсің мұғалім,
Ұстаз да, ғылым дана да
3.Сағыныш сазы толқытқан,
Арнамақ сөздің мәйегін.
Шәкірттерін оқытқан,
Келіп тұр жолдап сәлемін
1 бастаушы Құрметті ұстаздар, біз сіздер оқытып жүрген барлық пәндері ардақтаймыз,
сөздеріңді, сөздеріңді ықыласпен тыңдап, пән атауларына зер салып оқып үйреніп жүреміз.
Жан – жақты білім бергені үшін ұстаздарымызға айтар алғысымыздың шегі жоқ.
2 бастаушы Ұлағатты ұстаздар, бүкіл адам баласы сіздерге бас иеді.Мереке күні
баршаңызға шаттық, қуаныш әкелсін!
Қорытынды сөз.
1.Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы мұғалім.
Ғабит Мүсірепов
2.Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт
пішіні,киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді. Мәлік
Ғабдуллин
3.Ұстаз болу өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау. Жан Жак Руссо
4.Мұғалім деген ат-қасиетті ат.Мұғалім деген аттан таза еңбекті сүйетін мамандық иесі деген
сөзді ұғынады. Елдің надандығымен алысатын адам мұғалім.
Сәбит Мұқанов.
5.Мұғалімнің бүкіл мақтанышы-шәкірттерінде,өзі шашқан ұрықтарының өсіп-өнуінде.
Д.И.Менделеев
6.Мұғалімнің ең жауапты міндет орындайды-ол адамды қалыптастырады.
М.И.Калинин
Қ.Аманжолов «Мектеп –кеме, білім- теңіз» деп тектен –текке айтпаған –ау ,сірә?
Егер адамның жүрегінде ізгілік,мейірімділік сәулесі болс,,ол- мұғалімнің еңбегі.Сол нұрды
әрбір жеткіншектерге жеткізіп,жүрегіне сіңіру үшін қаншама тер төгеді десеңізші! Адамды
тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш емес пе?! Сондықтан да ұстаздардың
еңбегі –ұлы еңбек.
Бірге: Көңілдің ақ тілегін көл етеміз,
Тілектермен нығайсың мерекеңіз.
Баршаңызға жолдамыз аппақ алғыс,
Осымен аяқталды мерекеміз.
Тақырыбы:
Ұстаздар -ұлы тұлға
(1-4-сыныптар аралығында
өткізілген ертеңгілік)
Дайындаған: Жоланова Гүлнар