Конспект урока "Туған жерімнің табиғаты. Зат есім" 8 класс
Солтүстік Қазақстан облысы
Ақжар ауданы
Қазан орта мектебі
Сабақтың тақырыбы:
«Туған жерімнің табиғаты.Зат есім»
8«Б» сынып
(Кіріктірілген сабақ: қазақ тілі мен ағылшын тілі )
Ағылшын пәнінің мұғалімі: Мейрамова Г.Т.
Сабақтың эпиграфы:
«Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,
мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ» (слайд 1)
Сабақтың тақырыбы: Туған жерімнің табиғаты. Зат есім.
My Motherland’s nature. The Noun.
Сабақтың мақсаты: Көплингвистикалық тұлғаны қалыптастыру
Міндеттері:
1.Оқушылардың табиғат және туған жер табиғаты бойынша білімдерін
толықтыру,мәтінмен жұмыс жүргізу,грамматикалық тапсырмаларды сауатты орындау.
2.Оқушылардың ой-өрісін дамыту, сөздік қорларын молайту,шығармашылық
қабілеттерін арттыру.
3.Туған жерінің табиғатына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, көрнекілік әдісі, СКТТ
(сатылай кешенді талдау технологиясы)
Негізгі әдіс: Ізденіс
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, суреттер,интербелсенді тақта, «Көңілді ағаш»
Сабақтың итеграциялық мүмкіндігі: Орыс тілі,ағылшын тілі
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ: қазақ тілі+ағылшын тілі
Сабақтың барысы
І дидактикалық кезең: Оқушылардың танымдық қызметінің мотивациясы
Міндеті: сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру
Мұғалім сөзі: (1слайд )
Сәлемдесу.(қазақша, ағылшынша)
-Балалар,бүгін біздің сабағымыз ерекше , өйткені сабағымыз екі тілде қазақша-
ағылшын тілдерінде өтеді .Ең бірінші тақтадағы «Көңілді ағашқа» өздеріңнің
смайликтеріңді іліп қойып сабаққа деген көңіл-күйлерімізді білдірейік .
Good morning, dear children! Today our lesson will be very interesting. There are many
guests in our classroom.
ІІ дидактикалық кезең
«Қайталау – оқу анасы»
Міндеті: өткен сабақты еске түсіру, үйге берілген тапсырманы тексеру.
Атқарылатын жұмыс түрі:
Оқушылардың үйде жасап келген суретерін, өлеңдерін тексеру. (Оқушылар 5 жолды
өлеңдерін оқиды).
ІІІ дидактикалық кезең
«Көп ойлан, жақсы сөйле – пайдалы болсын»
1.(Өлеңді өзім мәнерлеп оқимын (аудиожазба арқылы)
Балалар, бұл өлең не туралы?(оқушылардың жауабы)
Ал,қазір өлеңнің ағылшын тілінде аудармасына көңіл бөлеміз.(өлеңді ағылшынша
оқиды) (2 слайд)
2.Жаңа мәтінмен жұмыс. (3 слайд)
1. Мәтінді 2 тілде мәнерлеп оқу.
2. Жаңа сөздермен танысу.
Туған жерімнің табиғаты
Табиғат –халық қазынасы. Сондықтан да біз оның байлығын пайдалана отырып,
қорғай білуіміз қажет. Соған байланысты 1966 жылы біздің елмізде «Халықаралық
табиғат қорғау қоғамы» құрылды. Оның басты мақсаты – саны сиреп, құрып бара
жатқан аң, құстарды, өсімдіктерді қамқорлыққа алып, арнайы кітапқа тіркеу. Мұндай
кітапты «Қызыл кітап» деп атайды. Оның қызыл және сары парақтары бар. Қызыл
парағына құрып бара жатқан, сары парағына саны аз аң-құстар, өсімдіктер жазылады.
1974 жылы ашылған Қызыл кітапта сүтқоректі жануарлардың 62 түрі тіркелген.
Соның ішінде Қазақстанда тіршілік ететін 7 сүтқоректі жануар және 23 құстың түрі
бар. Біз сабақта экология, табиғат қорғау туралы әңгімеледік. «Адамның табиғатсыз
күні жоқ, табиғаттың оны айтар тілі жоқ» деп ақын жырлағандай, адам да-табиғаттың
баласы.
New words:
protect- защищать
environment- окружающая среда
in danger- в опасности
mammals- млекопитающие
The nature of Kazakhstan
Nature is the wealth of the people. That is why we must protect the environment. In 1966
was formed “International association protecting the nature”. The main aims of this
association are to protect animals and birds which are in danger and to write them in “Red
book”. This book has red and yellow papers. There are birds and animals which are in danger
in red paper and birds and animals which has a little number in yellow paper. There are 62
kinds of mammals in this book which was opened in 1974. 7 kind of mammals and 23 kind
of birds are habitat in Kazakhstan.
2. Зат есім (ережені қайталау) ( 4слайд )
Зат есім дегеніміз не?
Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді?
Зат есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?
Зат есім тұлғасына қарай нешеге бөлінеді?
Зат есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
ІV дидактикалық кезең
«Сауатты болу мақсатым»
Міндеті: грамматика бойынша сауаттылықтарын тексеру.
Атқарылатын жұмыс түрі: СКТТ бойынша сөзге морфологиялық талдау,мақал-
мәтелдерді толықтыру, әңгіме құрастыру (суреттердің орнына қажетті сөздерді жазу).
1.Мәтіннен зат есімдерді көшіріп алып СКТТ талдау жаса.
( бірінші қатар қазақ тілінде, екінші қатар ағылшын тілінде) ( 5слайд )
2. Әңгіме құрастыру (суреттердің орнына қажетті сөздерді қойып жаз. Write the
words instead of pictures, translate them) (6 слайд)
Туған жерімнің табиғаты
Менің туған жерімнің табиғаты қандай тамаша!
Айнала биік , жасыл , әдемі
сарқырап аққан суы. Табиғаттың әсемдігіне қарап
таңқаласың. , - табиғат көркі.
Ондай жерде жайқалған өседі, қаптаған тіршілік етеді.
2. «Өзіңнің жұбыңды тап» ойыны
(оқушылар жапырақтар арқылы өздерінің жұптарын табады)
Мақал-мәтелдерді толықтыр (көп нүктенің орнына қойған сөздерді ағылшын
тіліне аудару). (7 слайд)
Complete the proverbs (translate the words into English)
1.Туған жердің жері де көрікті, ... ... .
2.... көлеңкесінен қорқады .
3….-елдің көркі,
… …- жердің көркі
4. Атаңнан ... қалғанша, ... қалсын.
5. ... жеткен жеріне қонады.
6.Жері байдың ... ... .
7. ... шөптен шығады, ... көптен шығады. (слайд 7)
3.Топпен жұмыс.
(сары, көк кәртішкелер арқылы топтарға бөлінеді)
Жақшаны ашып, сөздерді аудару.
1.Солтүстік Қазақстанның (woods) ғажап. 2. Табиғатты қорғау- әр адамның ( duty). 3.
Ормандарды аяусыз балталап, (animals and birds ) шамадан тыс аулауға болмайды.
1. (Жер) is a special place for everyone
2. In the East the (жел) is blowing
3. I come with cold and (қар), but you like me and know.
V дидактикалық кезең
«Бекіту- нәтижеге бағытталған білім беру»
Міндеті: Әр оқушы деңгейі бойынша тапсырмаларды орындайды.(8 слайд)
Атқарылатын жұмыс түрі:Деңгейлік тапсырмаларды орындау
I деңгей: 1. Мәтінге қазақша-ағылшынша диалог құрастыр.
II деңгей: 1. Мәтіннің мазмұнын қазақша- ағылшынша айтып бер.
III деңгей: 1. Сурет бойынша әңгіме құрастыр.
VІ дидактикалық кезең
Міндеті: Сабақта алған білімдерін жан-жақты дамыту
Атқарылатын жұмыс түрі: үй тапсырмасын беру
Тақырып бойынша
I деңгей-газет-журналдардан мақала табу
II деңгей: өлең жаттау
III деңгей: эссе жазу
( 9слайд )
VІІ дидактикалық кезең
«Бағалау – мақсатқа жету жолы»
Міндеті: сабақ нәтижесі бойынша оқушылар білімін бағалау.
Атқарылатын жұмыс түрі: алған бағаларына сәл сараптама жасай отыра,
күнделіктеріне қойып беру. ( 10 слайд)
Good- bye! (song)
Английский язык - еще материалы к урокам:
- Конспект урок "Средства массовой информации. Роль телевидения, книг и компьютеров в нашей жизни" 8 класс
- Конспект урока "Спорт в Великобритании и в Казахстане" 8 класс
- Урок-викторина "Travelling to Altay" 8 класс
- Конструкт урока "Прекрасно было летом!" 8 класс
- Конспект урока "Природные катаклизмы и явления" 8 класс
- Технологическая карта урока "Введение лексики по теме: «Природные катаклизмы»" 8 класс