Конспект занятия "Мәлімдеме"


ЖШС «Салтанат-Эль» балабақшасы.
Мәлімдеме
Таным саласы бойынша балабақшадағы ҰОІӘ-ін бүгінгі күн талабына
сай ұйымдастыру.
2016оқу жылы
Тұлғаның жалпы қалыптасуы мен дамуы ерте балалық шақтағы қарым-қатынастың қалай
қалыптасатынына байланысты.Мектепке дейінгі балаларды дамытушылық және тұлға ретіне
қарап,оның қызығушылығын,құқықтарын түсінуде және құрметтеуге қажет гуманитарлық жаңа
жолына бағыттайтын жүйесін қалыптастыру.Ұйымдастырылған оқу іс әрекеттің әр түрінде баланың
рухани адамгершілік, танымдық ақыл-ойының дамуы мен өздігінен дамуын
бағдарлайды,ынталандырады және дербестік,шығармашылық қабілеттіліктерінің көрінуіне жағдай
жасайды.Жеке тұлғаның құндылығы-әр баланың жеке құндылығы мен қайталанбастығынан көрінеді
«Барлық бала сүйікті-барлық бала бірдей»Қазіргі заман талабына сай оқу тәрбие ұйымдастыру,яғни
әр баланы жеке қайталанбас тұлға ретінде қабылдап,жан-жақты дамуын зерттей
отырып,тәрбиелеу,оқыту сол баланың ата-анасының және тәрбиешінің қатысуынсыз іске
аспайтыны белгілі.Тәрбие адам тағдырын шешетін ұлы іс.Заман талабы,қоғам жан-жақты
тәрбиелі,тұлғаны тәрбиелеуді талап етіп отыр.Халқымыз «Балаңа бес жасқа дейін патшаңдай қара»
деген тәрбиенің терең мәні дәл осы кезеңде іске асатынын мегзесе керек.Өйткені адам баласы
қажетті қасиеттердің бәрін мектеп жасына дейін бойына сіңіруге тырысады.Бала әр нәрсеге
құмар;айналадағы барлық өзгерісті,табиғат тамшыларын сезініп-тырысып,талпынып,өз
құрбыларымен және ересектермен тығыз байланысқа түседі.Ал осы мектеп жасына дейінгі
баланы жан-жақты дамытып,өзін танытатын жеке тұлға ретінде тәрбиелеу ата-ана мен
тәрбиешінің міндеті.
«Адам ата-анадан туғанда есті болмайды,естіп,көріп,ұстап,татып ескерсе,дүниедегі жақсы-жаманды
танып,содан білгені,көргені көп болған адам білімді болады» деген екен Абай атамыз. Баланың
өзіне сенімін арттыру,танымдық қабілетін,тілін,денсаулығын, шығармашылығын дамыту
мақсатында тәрбиешінің балаға берер тәлім-тәрбиесі тартымды,жан-жақты болуы маңызды.ҰОІӘ-
нің мазмұны теориялық-практикалық тәсілі жоғары болған сайын,оқыту мен тәрбиелеу тиімді
жүргізіледі.Бала сезіміне,қызығушылығына,ынталылығына әсер ету арқылы,ҰОІӘ-інің кіріспесін таң
қалдыру сәтімен, ойын түрінде іске асырудамыз.Мектепалды даярлық тобындағы тәрбие ойын