Технологическая карта урока "Күн, ай және әтеш ертегісінің қойылымы"

Білім беру саласы: Вариативтік сағат
Оқу іс-әрекеті: Балаларға арналған театр.
Тақырыбы: Күн, ай және әтеш ертегісінің қойылымы.
Мақсаты: Көктем мезгілі туралы білімдерін тиянақтау. Балалардың тілдік қатынас жасау дағдыларын,
халық ауыз әдебиеті шығармаларына дамыту. Балаларды татулыққа, достыққа тәрбиелеу.
Қолданалатын көрнекілік құралдар: сахна, қалам, қағаз, күннің суреті.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап көрініс.
Қос тілдік компонент: Шықбермес-Скупой человек, көбелек-бабочка
Әрекет кезендері
Тәрбиешінің іс әрекеті
Балалардың іс әрекеті
Мотивациялық
қозғаушылық
Шаттық шеңбері
Балалар бір-бірінің қолдарын ұстап жылы тілектерін білдіреді.
-Еліміз тыныш болсын!
Күніміз жарық болсын!
Деніміз сау болсын!
Бәріміз дос болайық!
Ғажайып сәт:
Үнтаспадан әтештің даусы естіледі. Балалар қандай дыбыстар
естідіңдер?
Дұрыс. Бізге әтеш қонаққа келіпті. Сендердің бүгін «Күн, ай және
Әтеш» ертегісін сахналайтындарыңды естіп көруге келіпті.
Балалар көктемде ауа райы қалай болады?
Шаттық шеңберге тұрады.
Әтештің шақырған
дыбысын
Балалар қуанып қалды
Көктемде күн жылынады.
Қар ериді. Жылғалардан су
ағады. Ағаштар бүршік
жарады.
Ұйымдастырушылық
ізденістік
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Көктем мезгілі.
Көктемде ауа райы қандай болады?
Күн жылынды, құстар ұшып келеді, гүлдер өседі. Күн жарқырап
тұрады. Балалар, бәріміз қуыршақ театрына барып, ертегі
көрейік.
Күн, Ай және Әтеш
Ерте, ерте, ертеде аспанда үш бала өмір сүріпті. Үлкен -Күн–
ортаншысы – Ай,
Көктем мезгілі
Ызғарлы
Күн жылына бастайды
кішісі – Әтеш екен. Күн жердегі тіршілік ететін адамдарға,
өсімдіктерге, жануарларға жарық пен жылу таратуға кеткенде
үйде кіші інілері Ай мен Әтеш үнемі ұрысып қала береді екен.
Бір күні Ай Әтешті айдарынан ұстап жерге лақтырып жібереді.
Кешке үйге Күн келеді. Ай Күнге «мен әтешті жерге құлатып
жібердім»-дейді. Күн Айға қатты ашуланады. «Сен өзіңнің ініңді
қалай жерге лақтырып жібердің?» Бұдан былай аспанға мен
күндіз, сен түнде шығатын боласың.
Әтеш менің інім, ол мені ұмытпайды дейді. Сол уақыттан
бастап Әтеш таң атысымен «ку-ка-ре-ку!» деп ағасы Күнмен
амандасады. Ал кеш түссе қонақтауға кетеді. Өйткені аспандағы
ағасы айды көргісі келмейді.
Сергіту сәті
Балалар ертегіні тыңдады
Ай да біреу аспанда,
Күн де біреу аспанда.
Тұратұғын елжіреп,
Бәрімізде бір жүрек.
Балалар сергіту сәтін
қимылмен орындайды
Рефлексиялық
түзетушілік
Балалар сендерге ертегі ұнады ма? Балалардың назарын
тақтадағы суретке аудару. Сұрақтар қойып жауап алу. Балалар
бәріміз осы күннің суретін бояймыз. Балалар, бүгін сендер Күнді
әдемі етіп бояп шықтыңдар. Сендерге көп рахмет. Балалар
мадақтанып, бағаланады.
Балалар жұмыс жасайды.
Күнді бояйды.
Күтілетін нәтиже:
Балалардын білуі: Күн, Ай және Әтеш ертегісінің мазмұнын түсініп білуі.
Балалардың менгеруіос болу, мейірімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу..
Балалардын жасай алуы: Күнді әдемі етіп бояп шықты.