Сценарий "Күз ханшайымы"
Алматы облысы Қарасай ауданы
«Сандуғаш» балабақшасының тәрбиешісі
Эльмира Байкенжеева
Тақырыбы: Күз ханшайымы
Мақсаты: Алтын күз мерекесін өткізу арқылы күз туралы түсініктерін дамыту.
табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Музыка ырғағымен балалар залға кіріп айналып жарты шеңбер жасап тұрады.
Жүргізуші:
Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Ал, балалар тұрмайық,
Өлең айтып, би билеп,
Мерекені бастайық.
1-бала:
Жайдарлы күз жарқын күз,
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толып ен далам
Дариядай шалқып жүр.
Мерейлі күз, мырза күз,
Сыйлығыңа ырзамыз.
Аппақ арай таңында
Шомыламыз нұрға біз.
Жүргізуші:
-Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын, шешуін табыңдар.
Қызыл, сары кемелер,
Су бетінде қалқиды.
Соқса егер салқын жел,
Ырғалады толқиды.
- Жапырақ
- Дұрыс айтасыңдар!
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілі.
-Олай болса, кім күз мезгілі туралы тақпақтар айтады?
2-бала:
Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел, жемісті алтын күз,
Кемелденсін халқымыз.
3-бала:
Астық жеміс жиылды,
Қамбамызға құйылды.
Ардақты күз мың алғыс,
Алдық өнім сыйыңды.
4-бала:
Көбейді құт береке,
Астық толы қоймамыз.
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз.
5-бала:
Көк майсалы көрікті,
Алқаптағы көп егін.
Бұл күндері келіпті,
Сары жібек көйлегін.
Ән: "Жапырақтар"
Музыка әуенімен Күз ханшайымы кіреді.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен бау-бақшаны аралап жүрсем, құлағыма
балалардың күлкісі мен әсем әні естіледі. Содан кімдер екен деп жүре бердім,
жүре бердім. Ақыры сіздерге жолықтым. Бекерге асығып келген екенмін
мерекелерің бітіп кеткен көрінеді.
Жүргізуші:
- Жоқ, Күз ханшайымы сіз уақытында келдіңіз. Төрлетіңіз мерекеміз енді
басталып, жатыр.
Күз ханшайымы:
- Балалар, менің сендерге жасырар жұмбақтарым бар. Шешуін тауып көріңдер.
Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызыл дәу жатыр.
(қызылша)
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет маужырап.
(жапырақ)
Күз ханшайымы:
- Бәрекелді, керемет жарайсыңдар! Балалар ойын ойнағыларың келе ме?
- Ия.
- Ендеше, мына жердегі жапырақтарды жинап алайық. Кім жылдам шапшаң
жинайды екен?
- Жарайсыңдар, балалар.
Жүргізуші:
- Балалар, Күз ханшайымына кім тақпақ айтып береді?
6-бала:
Сап-сары ғып даланы,
Бояныпты ғой күз деген.
Құстар қанат қағады,
Қоштасқандай бізбенен.
7-бала:
Алтын, алтын, сары алтын,
Алтын күзде нұр жатыр.
Ән: "Күз келгенде"
Жүргізуші:
- Құрметті қонақтар, енді ортамызға "Көкөністер мен жемістерді" шақырайық.
8-бала:
Алма бақта алмамын,
Өте тәтті бал дәмім.
Алтын күздің сыйымын,
Дәруменнің бірімін.
9-бала:
Мен кәдімгі шиемін,
Бәрінен ерте пісемін.
Бау-бақшаның сәнімін,
Өз орнымды білемін.
10-бала:
Алмұрт деген жеміспін,
Күз айында мен пістім.
Дастарханның сәнімін,
Мені сүйер бүлдіршін.
Ойын: "Жемістер мен көкөністер".
Ойынның шарты: жемістер мен көкөністерді бөлек-бөлек ебеттерге жинау.
11-бала:
Жүзім, жүзім, жүзіммін.
Жемісіңмін күзіңнің.
Мөлдіреген моншақтай,
Сабағыма тізілдім.
12- бала:
Пісетін кезі дәл күзде,
Мезгілсіз оны үзбе.
Аузыңнан кетпес бал дәмі
Оның аты - Шабдалы.
13-бала:
Дөп-дөңгелек сары,
Ішінде бар дәні.
Қызығасың көріп,
Оның аты - Өрік.
14-бала:
Дәнін егіп қиярдың
Тыныш таппай суғардым.
Түйнектердін көргенде,
Бес алғандай қуанам.
15-бала:
Жинап досты бауырды,
Ортаға алдық қауынды.
Жарып ішін қауынның,
Қарық қылдық ауылды.
16-бала:
Қауыннан да басқарақ,
Қарбыздан да басқарақ.
Семіріпті бақшада,
Қандай болып асқабақ.
17-бала:
Қос батырдай түңілген,
Тоғыз сауыт киінген.
Аршимын деп пиязды,
Жылап шықтым үйімнен.
18-бала:
Аршығанда бұрышты,
Абай болған дұрысты.
Ашытады көзіңді,
Жылатады өзіңді.
Ата-аналармен бірге ойналатын ойын: "Жемісті тап".
Ойынның шарты: ата-аналардың көзін байлау арқылы қолымен жемісті ұстап,
қандай жеміс екенін табады.
Би: "Күзгі вальс".
Жүргізуші:
- Осымен ертеңгілігіміз аяқталды. Сау болыңдар.
Педагогика - еще материалы к урокам:
- Сценарий "Күз береке, молшылық!"
- Технологическая карта урока "Күз"
- Конспект "Куян кунакка килгән"
- Конспект НОД "Курочка Ряба"
- Психолого-педагогическая характеристика школьника, направляемого на обследование ПМПК
- Консультация для воспитателей "Создание условий в группах для развития речи детейc учетом ФГОС ДО"