Қызмет жолындағы алғашқы күндерім
Қызмет жолындағы алғашқы күндерім
«Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін
білмеген, қадірлемеген адам толық
мәнді, интеллигент емес деуге де
болады. Себебі, ол қандайлық
мамандық білімі болса да, рухани
ой тәрбиесінде сыңаржақ азамат
болады».
Мұхтар Әуезов
Мен толықтай Мұхтар Әуезов ағамыздың ой-пікірімен қосыламын. Себебі,
өзім осы жылы ғана Қостанай педагогикалық колледжіннің мектепке дейінгі
тәрбие мен оқыту мамандығын бітіріп, өз мамандығым бойынша №16 бөбекжай
балабақшасында қызмет атқарып жатырмын. Жалпы бұл мақаламды жаңа
жұмысқа тұрған қызметкерлерге, педагогтарға арнамақпын.
Тәрбиеші мамандығы аса жауапты қызмет деп айтсам артық емес.Тәрбиешінің
жұмысың жеңіл деп айтуға болмайды. Бұл тынымсыз күнделікті жұмыс, менің
мойынымда кішкентай баланы тәрбиелеу үшін үлкен жауапкершілік жатады. Мен
дұрыс мамандық таңдағанымды білемін.
Балалардың жарқың жүздері, күлкісі, ата аналардың ризашылығы соның белгісі.
Біздің мамандық басқа мамандық сияқты емес, махаббатпен қоршалған,шынайы
махаббатқа толы. Мен балалардың анасындай ,оларды жақсы көремін. Әр
істеріне, сөздеріне түсінушілікпен қараймын.
Әрине, басында жұмысқа тұрған кезде, сол жұмыс бабына бірден кірісіп кету
оңай емес. Алайда, өзін тәрбиелей білмеген педагог,өзгеге өнеге көрсете алмайды
деп ойлаймын. Сол себептен де тәрбиеші ең алдымен өзін тәрбиелеп, білімін
шыңдап, ізденіп, жан-жақты болған абзал. Қазіргі таңда барлығы ғаламтор
көздеріне сеніп алған. Менің ойымша бұл қате. Әрине, ғаламтор көздері саған
қолғабыс бола алады. Алайда, педагог тәрбиеші өзін шыңдай білген дұрыс.
Қызметке тұрған күннен бастап, түрлі қиындықтарға тап болдым. Мысалы, қазақ
тілінде мәліметтердің жоқтығы, балалардың қазақ тілінде өз ойларын жеткізе
алмауы. Алайда, бұл аздаған қиындықтармен мен күресу керек деп ойладым.
Қазақ тілінде өзіме керекті тақпақтарды, жұмбақтарды өзім шығара бастадым.
Балаларды қазақ тіліне баулу үшін күнделікті қазақ тілінде сөйлеп, балалардан
қазақ тілінде жауап қайтаруларын сұрадым. Әрине, басында қиындау болды. Бір
ай өткеннен кейін менің жасаған жұмыстарым өзіме біліне бастады. Балалар қазақ
тілінде жауап қайтарып, қазақ тілінде өз ой-пікірлерімен бөлісуді үйрене бастады.
Ата-аналар тарапынан жағымды, жақсы, лебізді сөздер айтыла бастады.
Шынымды айтсам, ата-аналар тарапынан жақсы сөздер естіген кезде бір
масаттанып қалады екесін. Жалпы мен жаңа жұмысқа тұрған қызметкерлерге
айтарым, еш уақытта кері шегінбей, керсінше алдыға ұмтылып, іздене білу керек.
Мақаламның соңында Зейнолла Қабдолов ағамыздың сөзімен аяқтағым келеді.
«Ұстаздық ету – уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзіңнің уақытыңды
аямау. Бірақ бұған өкінбеу керек. Жер үстінде адам тәрбиелеуден асқан абыройлы
іс, ардақты жұмыс жоқ. Ұстаздық – ұлы нәрсе».
Тулепова Айнагуль Магзумовна
Педагогика - еще материалы к урокам:
- Презентация "Что такое проект, и с чем его едят"
- Новогодняя игровая программа для школьников
- Сценарий новогоднего праздника для детей 5-6 лет "Чудеса у ёлочки"
- Картотека игр на развитие сенсорики для детей младшего дошкольного возраста
- Осенний праздник для младшей группы
- Открытый просмотр НОД в средней группе "Сравнение по высоте"