Конспект урока "Қазақстан аумағындағы алғашқы қауымдық құрылыс. Тас дәуірі және оның кезеңдері" 10 класс

3 4 САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ
Топ___________
Күні__________
Пән
Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы
Қазақстан аумағындағы алғашқы қауымдық құрылыс.
Тас дәуірі және оның кезеңдері.
Сабақтың мақсаты
Білімділік: жер бетіндегі алғашқы адамдардың пайда болуы мен дамуына
тоқтала отырып, Қазақстан жеріндегі ежелгі тас дәуірі кезеңдерінің және
полеолит пен мезолиттегі шаруашылық, баспана, мәдени өмірінің
ерекшелігін көрсету.
Тәрбиелік: Отанын сүюге, тарихи-мәдени ескерткіштерді қадірлеп,
мақтанышпен қарау сезімін ояту.
Дамытушылық: оқушылардың өздігінен жұмыс істету арқылы олардың
ой- өрісін дамытып, өзіне деген сенімін, пәнге қызығушылығын арттыру.
Аралас сабақ
Сабақтың әдісі:
баяндау әңгіме, проблемалық сұрақ-тапсырма
Пәнаралық
байланыс
Математика «Тас дәуірінің хронологиясы»
Биология «Адамзат баласының даму тарихы»
Қоғамтану «Әлеуметтік ұйым формаларының қалыптасуы»
География «Қазақстанның көнетас дәуірі»
Сабақтың жабдықтары
«Тас дәуіріндегі Қазақстан» картасы., «ҚР саяси картасы»,
Тірек- сызбалар, «Тас дәуіріндегі шаруашылықтағы өзгерістер» суреттер.
Үлестірме материалдар
Үлестірме қағаздар, Ежелгі тас дәуірі
Негізгі әдебиет
Қазақстан тарихы. 10 сынып / Ә. Төлеубаев, Ж. Қасымбаев т.б. - А: «Мектеп», 2010
Қосымша әдебиет
1. Көркемсуретті Қазақстан тарихы. І том. «Қазақ энциклопедиясы» Алматы, 2006
2.Қазақстан тарихының хрестоматиясы А «Мектеп» 2006
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
Сабақ кезеңдері
Жұмыс
түрлері
Уақыты
І
Ұйымдастыру сәті
Сәлемдесу. Оқу -құралдарын түгендеу. Сабақтың
тақырыбын, жоспарын тақтаға жаздыру, оқушыларды жаңа
тақырыпты түсіндіруге бейімдеу.
Мұғалім
5 мин
ІІ.
Үй тапсырмасын сұрау
а) жалпы сұрау
б) жеке сұрау
Мұғалім
оқушы
20 мин
ІІІ.
Жаңа сабақты түсіндіру
Жоспар:
1. Тас дәуірінің хронологиясы.
2. Палеолит, мезолит, неолит дәуірлеріндегі
Қазақстан.
1. Жаңа материалды түсіндірер алдында оқушыларға «Тас
дәуірі», «Ежелгі адамдардың өмірі деген сөздерді естігенде
естігендеріңде не түседі? Көз алдарыңа елестетіп
көріңдерші?» деген сұрақтар қойып, оқушы назарын,
ынтасын сабаққа аударып, олардың бұрынғы алған
білімдерін қайта жаңғырту.
Сабақ жоспарларындағы бірінші тақырыпшаны түсіндіру
барысында дидактикалық материалдарда берілген «Адамзат
тарихының дәуірлеу кезеңдері» кестені, «Адам баласының
эволюсиялық даму кезеңдері», «Ежелгі тас дәуірі» тірек –
сызбаларын пайдаландым.
1)
Адамзат баласының даму тарихы
Жабайылық Тас дәуірі
Тағылық Қола дәуірі
Өркениеттік Темір дәуірі
2)
Тас дәуірінің кезеңдері
Ерте (төменгі) олдувай-ашель
палеолит мәдениеті
орта палеолит мустье мәдениеті
соңғы (жоғарғы)
палеолит ориньяк,солютре
мадлен
Одан кейін жоспар бойынша екінші, үшінші
тақырыпшаларды оқушыларға бөліп бердім (мысалы: үш
топқа). Мынадай сұрақтар қойылды.
Мұғалім
50 мин
Я.Г.Морган-
ның кезеңдеуі
Археология-
лық
кезеңдеу
Палеолит (көнетас)
(б.з.д. 2,6 млн.-12/10мың.ж)
Мезолит (ортатас) дәуірі
(б.з.д. 12/10 – 5 мың.ж)
Неолит (жаңатас) дәуірі
(б.з.д. 5 – 3 мың.ж)
1-топ
Адамзат баласының жер бетінде пайда болуы жөнінде
қандай көзқарастар бар? Бұл пікірге сенің өз көзқарастарың
қандай?
2-топ
1.Археологиялық адамзат тарихы қандай археологиялық
кезеңге жатады, әр кезеңнің ерекшелігін көрсетіңдер?
2.Адамның адам болып қалыптасуы кезеңінде ол ашқан
қандай жаңалықтар ерекше рөл атқарады?
3-топ
1.Ежелгі адамдардың әлеуметтік ұйымының алғашқы
формасы қай дәуірде қалыптасты, ерекшелігі неде?
2. Аналық рулық қауым – «экзогамыия», «ру» деген
маңызды ғылыми жаңалықтармен тығыз байланысты, бұл
жаңалық-тардың өзара байланысын түсіндіріңдер.
2.Жоспар бойынша екінщі тақырыпшаны түсіндіру кезінде
мен көбінесе картаны пайдалана отырып, Қазақстанның
жеріндегі көнетас дәуірінің үш аймағын анықтадым.
Оңтүстік Қазақстан
(Қаратау, Жетісу)
Батыс Қазақстан
(Маңғыстау,
Мұғалжар)
Орталық Қазақстан
(Солтүстік Балқаш,
Сарыарқа)
Палеолит дәуірінің үш аймағы
Палеолит дәуірінің кезеңдері мен тұрақтары
Ерте палеолит (б.з.д.
800-140 мың ж.)
Арыстанды,
Шақпақата
Орта палеолит (б.з.д.
140-40 мың ж)
Қосқорған,
Шыңғыстау,
Шульбинка
Соңғы палеолит (б.з.д.
40-12 мың ж)
Ш.Уәлиханов, Батпақ
Мезолит дәуірі
(б.з.д. 12/10 – 5 мың ж.)
Неолит дәуірі
(б.з.д. 5 – 3 мың ж.)
Тұрақ-қоныстары
Усть-Нарым, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан
3.Жоспар бойынша үшінші тақырыпша кезеңінде
оқушы-ларға: «Адам баласы қандай металды алғаш
пайдаландаы?», деген сұрақ қоя отырып, мыстан
жасалған құралдардың тас құралдарды толық
ығыстырып шығара алмағандығын, оның себебін,
энеолит дәуірі құралдарының өзіне тән
ерекшеліктері бар екендігіне тоқтала кеттім. Ботай
мәдениеті деп отырған Қазақстан аумағындағы
толық зерттелген мыстытас дәуірі ескерткіштерінің
бірі. Оларға ескерткіштің орналасқан жерін, онда
табылған заттарды, үйлердің салыну құрылысын
түсіндіріп кеттім.
ІV.
Жаңа тақырыпты бекіту
1. Геологиялық кезеңге бөлу бойынша жердің
тарихы неше дәуірге бөлінеді?
2. Археологиялық кезеңге бөлуге сүйене отырып,
адамзат тарихының ең көне дәуірін нешеге бөлеміз?
3. Адамның эволюциялық дау үдерісінде еңбектің
алатын орны қандай?
4. Алғашқы адамдардың өз тобырында экзогамия
ғұрпын енгізуінің маңызы неде?
5. Қазақстанның палеолит дәуірі ескерткіштері
қандай белгілеріне қарап екі түрге бөлінеді?
6. Ашель дәуірі ескерткіштері қай жерде табылған?
Оларды атап-атап айтыңдар?
7. Тасты өңдеу технодогиясы палеолиттен неолитке
өту кезеңінде қалай өзгертіп отырды?
8.Энеолит дәуірінде қандай жаңа материалдар
пайдаланылды?
9. Аналық рулық қауымды сақтап қалу мүмкін бе
еді?
Мұғалім
10 мин
V.
Үйге тапсырма беру
Қазақстан тарихы. 10 сынып / Ә. Төлеубаев, Ж.
Қасымбаев т.б. - А: «Мектеп», 2010 1-тарау § 1-3
5-15 бет. Мәтінді оқып, әңгімелеп өз сөзімен
айтып беру және мәтін соңындағы сұрақтарға
ауызша дайындалу.
Қосымша материалдарды пайдаланып, «Тас
дәуіріндегі Қазақстан» деген тақырыпқа баяндама
әзірлеу.
Мұғалім
3 мин
VІ.
Бағалау
2 мин