Конспект урока "Батырлар жыры туралы. «Қобыланды батыр» жыры"
Қандыағаш қалалық №4 орта мектебі
Есалина Айнаш
Сабақтың тақырыбы: Батырлар жыры туралы.
«Қобыланды батыр» жыры.
Мақсаты: 1. Батырлар жыры туралы түсініктерін одан әрі дамыту.
2. Тарихи кезеңдермен байланыстыра отырып, батырлар ерлігіне деген
қызығушылықтарын арттыру.
3. Өз елін, туған жерін сүюге тәрбиелеу.
Әдіс: сұрақ-жауап, көрсету, түсінік беру
Көрнекілік: «Батырлар жыры» туралы кесте.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу. Оқушыларды түгендеу, оқу-құралдарын тексеру.
II.Үй тапсырмасын тексеру.
«Менің сүйікті кітабым» тақырыбында эссе жазу. Оны тыңдау, бағалау, сұрақтар
қою.
III. Жаңа сабақ.
1. Қызығушылығын ояту.
✓ Көркем туындыларды көрсету, ол қандай кітаптар, не туралы екенін
сұрау.
✓ «Батырлар жыры » не туралы ? Қандай батырларды білесіңдер ?
2. Мағынаны ажырату.
- Іштей 6- беттегі мәтінді оқиды.
- Сұрақтарға жауап іздейді.
- Батырлар жыры не туралы ?
- Басты кейіпкерлер кім ?
- Қалай аяқталады ?
- Сөздерінің ерекшеліктері неде ?
- 7- беттегі сұрақтарды қарастыру.
«Қобыланды батыр» жыры.
Жоспар.
- Жырды мәнерлеп оқи отыра мазмұнын айту
- Жоспар құрып отыру
- Қиын, көнерген сөздердің мағыналарын ашу
- Кейіпкерлерге мінездеме беріп отыру
- Нақтылау үшін сұрақ қою.
Үйге тапсырма 5-7 беттерді оқу, мазмұнын айту. Жоспар құру
Бекіту
Қазақ батырларының қару-жарақтарын, сауыт- саймандарын атаңдар.