Презентация "Оқытудағы жаңа әдістерді пайдалана отырып сын тұрғысынан ойлау дағдысын жетілдіру"
Подписи к слайдам:
- Дәстүрлі сабақ
- 1.Мұғалім уақыттың көп бөлігінде сөйлейді,белсенді
- 2.Оқушылар тыныш отырып, мұғалімді тыңдайды.
- 3.Оқытудың басым түрі-түсіндіру
- 4.Сабақтың негізгі бөлігі- жеке-жеке бағалау
- 5.Сабақ кезеңдері ұзақ мерзімде өтеді
- Интербелсенді әдіс
- 1.Оқушылар көп уақыт бойы белсенді, тапсырманы талқылайды
- 2.Мұғалім-бағыттаушы. Пікірталас кезінде көмектеседі, сұрақтар қояды
- 3.Оқушының өзі сұраққа жауап іздейді
- 4.Бағалаудың жаңа түрлерінен пайдаланылады
- 5.Жұппен және топпен жұмыс
Интерактивті әдіс дегеніміз – оқытудың өзара белсенді жұмыс істеу әдісі.
Интерактивті әдістің мақсаты: жай ақпарат беріп қоймай, оқушыларды өздіктерінен жауап іздеуге бейімдеу
Интербелсенді әдістеменің негізгі қағидасы «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтаймын, өзіме жасатсаң – үйренемін!» (Конфуций). Интербелсенді оқуда білім алушылар мынандай білім, білік, дағды, машықтарға үйренеді:- Терең ойлану, жеке рефлексиялық қабілеттерді дамыту;
- Өз идеялары мен әрекеттерін талдау және баға беру;
- Ақпаратты өздігімен түсініп, оны таразылап, екшеп, оның ішінен керектісін таңдап алу;
- Өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыру;
- Оқу барысында жеке басының құндылықтары мен сенімдерін қалыптастырып, белсенді өмірлік позиция ұстану;
- Пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеу;
- Басқа да балама пікірлерді ескеру;
- Шешім қабылдау және қиын мәселелерді шешу;
- Ортақ жұмысқа жұмыла білу;
- Басқалармен тиімді қарым-қатынас құру, өзара әрекеттесу;
- Үйренушілер ұжымына ортақ бірлесе жұмыс жасаудың рухани және моральдік ережелерді қабылдау;
- топты ұжым ретінде қабылдау.
- Мазмұн (Не нәрсеге үйрену/ үйрету керек?).
- Әдістеме (Қалай үйрену/үйрету керек?).
- Нәтиже (Не үшін үйрену/үйрету керек? Үйренудің/үйретудің нәтижесі қалай болу керек?)
- Өмір сүруге, адам және жеке тұлға болуға үйрену/үйрету.
- «Өзің үшін!» қағидасының «Өзге үшін!» ұстанымынан бәсең болуы.
- Ұстаздың мақсаты – шәкірттерін адам болуға баулу. Әрбір пән, сабақ, тақырып осы мақсаттың құралы болуы тиіс.
- Сыни ойлау;
- Проблема шешуде қолданылатын ойлау;
- Шығармашылық ойлау.
- Бірінші ереже. Аудиторияны жұмысқа дайындау.
- Екінші ереже. Топқа бөлу.
- Үшінші ереже. Мақсаттарды және күтілетін нәтижелерді айқындау.
- Төртінші ереже. Жұмыс ережелерін қабылдау.
- Бесінші ереже. Сенім және жұмыс атмосферасын қалыптастыру.
- Алтыншы ереже. Барлық үйренушілер жұмысқа қатысуы керек.
- Жетінші ереже. Тыңдай білу: барлық пікірлер тыңдалуы керек.
- Сегізінші ереже. Жазбаша жұмыстар.
- Тоғызыншы ереже. Кері байланыс.
- оқушылардың қызығушылығын туғызады;
- әрқайсысының оқу процесіне қатысу белсенділігін кеңейтеді;
- әрбір оқушының сезіміне назар аударады;
- оқу материалдарын тиімді меңгеруге бейімдейді;
- оқушыларға көпжоспарлы әрекет етуге әсер етеді;
- кері байланысты (аудиторияның жауап беру реакциясын) жүзеге асырады;
- оқушылардың пікірлері мен қарым-қатынастарын қалыптастырады;
- өмірлік машықтарды қалыптастырады;
- мінез-құлықтың өзгеруіне көмектеседі.
Проблеманы айқындау кезеңі Қызығушылықты ояту кезеңі. |
Ой қозғау, Т-кестесі, Болжау, Кластерлер, Оңай және қиын сұрақтар кестесі, Қос шеңбер, Атаулар туралы үш сұрақ, Еркін жазу, Білемін, білгім келеді, білдім, Дөңгелек үстел |
Проблеманы шешу кезеңі. Тақырыптың мағынасын ашу. |
Кең ауқымды лекция, Ойлан, жұптас, пікірлес, Сұрақ қою, қайтадан сұрақ қою, Бірін-бірі оқыту, Белгі қойып оқу (INSERT), Жигсо, Үш қадамды сұхбат, Топтық зерттеу |
Проблеманың шешімін қолдану кезеңі. Ой толғаныс кезеңі. Сабақты бекіту. |
Эссе, Үлкен шеңбер, Қос шеңбер, Аквариум, Жеңілдетілген анықтама/түсіндірме. |
- кешікпейміз;
- білуге және көбірек есте сақтауға тырысамыз;
- «қол көтеру» ережесін қадағалаймыз;
- ашық айтамыз;
- бір-бірлеп сөйлейміз;
- мәселенің мәні бойынша сөйлейміз;
- бір-бірімізді тыңдаймыз;
- бір-бірімізді ұғынуға тырысамыз;
- өзгелердің сезімін сыйлаймыз;
- құпиялылықты қадағалаймыз;
- уақытша шекараны қадағалаймыз;
- бір-бірімізге сый көрсетеміз (сөзбен, шапалақпен) және т.б.
- Кері байланыс қатысушылардың талқылап отырған тақырыптарының реакциясын ұғынуға, оқуды ұйымдастыру мен өткізудің кемшіліктері мен артықшылықтарын көруге, нәтижелерін бағалауға мүмкіндік береді.
- Қатысушылар (ерікті түрде) өткізілген жаттығулар, ақпараттық блок, нақты күн немесе барлық тренинг бойынша өз ойларын айтуды ұсынады.
- Әрқайсысының сезімдері мен қобалжуларына назар аударып отыру маңызды.
- Барлық айтылған пікірлер тренерлер тарапынан да, басқа қатысушылар тарапынан да үнсіз, даусыз, түсініктемесіз және сұрақсыз тыңдалуы тиіс. Әрбір сөйлеушіге айтқандары үшін алғыс айтқан дұрыс. Басқалармен тең дәрежеде тренерге де кері байланыс ұсынған дұрыс.