Презентация "Заттардың агрегаттық күйі"

Подписи к слайдам:
№ 39 МЛ КММ Химия пәні мұғалімі: Дәулетияр Ш.Б. Сабақтың тақырыбы: Заттардың агрегаттық күйі. Оқу мақсаты. 7.1.1.4.
  • Бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан қатты, сұйық, газ тәріздес заттардың құрылымын түсіндіру.
Сабақ мақсаты. Сабақ мақсаты.
  • Заттардың әртүрлі агрегаттық күйде кездесетінін білу және қатты, сұйық , газтәрізді заттардың құрылымын бөлшектер теориясы тұрғысынан түсіндіру
  • Ойлау дағдылары.Білу, түсіну Бағалау критерийі
  • Барлық оқушы; заттардың әртүрлі агрегаттық күйде кездесетінін біледі. заттардың агрегаттық күйлерін ажырата алады.
  • Оқушылардың көпшілігі; Температураға байланысты заттардың агрегаттық күйлері өзгеретінін біледі, ажыратады.
  • Кейбір оқушылар; қатты, сұйық және газтәрізді заттардың құрылымын кинетикалық теориясы тұрғысынан түсіндіре алады.

Тілдік мақсаттар.

Аморфтық,кристалдық, конденсация, сублимация, сублимация, десублимация.

Құндылықтарға баулу.

Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу.

Пәнаралық байланыс. Физика

Алдыңғы білім Қоспа, қосылыс,физикалық құбылыс, химиялық құбылыс, химиялық реакциялар

Ұйымдастыру кезеңі: (3 мин )

Амандасу.Сыныпты түгелдеу.

Психологиялық ахуал тудыру

 

Әрбір адам-туысым, досым жұрағат

Әрбір сабақ -үйрену,ұғу,ұлағат

Әрбір ісің –тірлік, тірек, адамдық

Әрбір сөзің-шындық, бірлік, адалдық

«Тілек орындаушы қалпақ» әдісі арқылы топқа бөлу.

Оқушылар бөлінген топтары бойынша орналасады

.І- топ « Қатты заттар» ІІ-топ «Сұйық заттар» ІІІ-топ «Газдар»

«Миға шабуыл» әдісі арқылы алдыңғы сабақта өтілген тақырыпты пысықтау .7 мин

І-топ. «Қатты заттар»

 Химиялық құбылыс мәні, оның халық шаруашылығындағы маңызы.

ІІ-топ. «Сұйық заттар»

Физикалық құбылыстар мәні және маңызы.

ІІІ-топ. Газдар

Химиядық реакциялардың белгілері, мәні, ерекшеліктері.

Мысал келтір.

 

Әр топ постер арқылы өздеріне берілген тапсырмаларды қорғайды, бірін-бірі өзара «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.

Жұптық жұмыс. «Ойлан.Жұптас.Бөліс ». әдісі.

Оқулықтағы берілген мәтінмен танысу.

1,4,8-жұптар Заттардың қатты күйі.

2,5,9-жұптар Заттардың сұйық күйі

3,6,7-жұптар Заттардың газ тәрізді күйі.

Тақырыпшаларын оқып мәнін түсінеді.Тақырыпшалары бірдей жұптар бірігіп ортақтасып 3-топ құрып постер арқылы қорғайды.

Қалыптастырушы бағалау. Түрлі –түсті карточкалар. жасыл-өте жақсы, қызыл-толықтырулар керек, сары-әлі де оқу керек.

 

Жеке тапсырма «Мен не білдім?»

Берілген заттар: қант, ауа, су буы, сынап, ас тұзы бөлме температурасында қандай агрегаттық күйде болады? Қатты, сұйық, газ тәрізді заттарға анықтама беріңіз.

Бағалау критерийлері

заттардың агрегаттық күйін анықтай алады;

− қатты заттардың анықтамасын жаза алады;

− сұйық заттардың анықтамасын жаза алады;

− газ тәрізді заттардың анықтамасын жаза алады.

Дескриптор

заттардың агрегаттық күйін анықтайды;

− қатты заттардың анықтамасын жазады;

− сұйық заттардың анықтамасын жазады;

− газ тәрізді заттардың анықтамасын жазады

Төмендегі сұрақтарға жауап бере отырып алған білімдерін қорытындылау.

«Біліміңді тексер» 3-топқа тапсырмалар беріледі, (7-мин).

І-топ. «Қатты заттар»

1.Заттардың қандай агрегаттық күйлері болады?

2.Үш бағанадан тұратын қатты, сұйық, газтәрізді кесте сызып тұрмыста кездесетін 5 заттың агрегаттық күйлеріне мысал келтір

ІІ-топ. «Сұйық заттар»

1. Су 120 градуста сұйық бола ала ма?

2.Үш бағанадан тұратын қатты, сұйық, газтәрізді кесте сызып тұрмыста кездесетін 5 заттың агрегаттық күйлеріне мысал келтір

ІІІ-топ. Газдар

Сұйықтар көлемін, пішінін сақтай ала ма?

2.Үш бағанадан тұратын қатты, сұйық, газтәрізді кесте сызып тұрмыста кездесетін 5 заттың агрегаттық күйлеріне мысал келтір.

ҚБ. Басбармақ, Жұлдызша, төртбұрыш, үшбұрыш

«Басбармақ» әдісі арқылы оқушылар бүгінгі тақырып бойынша түсініктерін көрсетеді.

1.Тақырыпты жақсы түсіндім.

2.Түсінбеген жерлерім кездеседі.

Топтық жұмыс

«Миға шабуыл» кезінде өткен тақырыптағы білімдерін қорытындылайды,

Жұптық жұмыс «Ойлан.Жұптас,Бөліс» арқылы ой бөлісіп тақырыпты талқылайды ,жеке жұмыс жасау арқылы алған білімдерін қорытады.

Тапсырмалардың күрделігі біртіндеп артады.

Қалыптастырушы бағалау:

Оқушының сабақты қалай меңгергеннін

«Мен-саған,сен-маған», және әр тапсырма соңында берілген бағалау критерилері арқылы бағаланады.