Технологическая карта урока "Заттардың орналасуы"

Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің
технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру
Тақырыбы: «Заттардың орналасуы» (жоғарыда, төменде, үстінде, астында)
Мақсаты: заттардың кеңістікте орналасуы туралы ұғымдарын қалыптастыру.
Білімділік: заттарды орналасу орнын ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық: танымдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: алғырлыққа, белсенділікке тәрбиелеу.
Үш тілдік компонент: жоғарыда-выше-above, төменде-ниже-below, үсінде-выше- above,
астында-под-under the .
Демострациялық материал: ойыншық қоян, кірпі, тиін және аламан бейнеленген суреттер.
Үлестірмелі материал: екі қуыршақ: үлкен, кіші. Екі кірпі: үлкен, кіші. Екі алма, екі доп:
үлкен, кіші.
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің әрекеті
Балалардың әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушылық
Шаттық шеңбері:
Шақырамын сендерді,
Жолдастарым, кел бері.
Толтырайық шаттыққа,
Дөңгеленген шеңберді.
Қонаққа Қоян келеді.
Ол өзінің достары кірпі, тиін және аламан
бейнеленген суреттерді ала келіпті.
Жарты шеңберде
отырады.
Бір-біріне жылы
лебіздерін білдіреді.
Қоянмен амандасады,
қуанады.
Қарайды.
Ұйымдастыру–
іздестіру
Әңгімелесу:
Қоянның әкелген суреттерін көрсете
отырып сұрақтар қояды:
- Ағашта жоғарыда не отыр?
- Ағашта төменде не тұр?
- Тиіннің қолында не бар?
- Кірпі немен бірге келді?
- Тиін сатыны неге қойды?
- Ағаш астында не өсіп тұр?
Үштілдік компонент: жоғарыда-выше-
above, төменде-ниже-below, үсінде-выше-
above, астында-под-under the .
Дидактикалық ойын: «Алмалар мен
доптарды үлестіріп бер»
Мақсаты: жұмыр пішінді заттарды көре
білуді, оларды шамасы бойынша
Сұрақтарға жауап
береді:
- Ағашта жоғарыда тиін
отыр.
- Кірпі тұр.
- Тиіннің қолында
жаңғақтар бар.
- Кірпі аламанмен бірге
келді.
- Аламан мен кірпі
ағашқа өздері шыға
алмайды. Сол үшін
саты қажет.
- Астында шөптер өсіп
тұр.
Сөздерді қайталайды.
Қ
Алдарында шамасы
жағынан қарама-қайшы
салыстыра алуды, заттың шамасын
белгілейтін сөздерді қолдануды дамыту.
Қуыршақтарға доптарды, ал кірпілерге
алманы үлестіріп беру ұсынылады.
- Қуыршақтар қанша? Доптар ше?
Кірпілер мен алмалар да осыған ұқсас
қарастырылады.
Пальчиковая гимнастика: «Наш дом»
Цель: развитие мелкой моторики,
координации движений пальцев рук.
Этот дом – одноэтажный.
(Разгибают пальцы из кулака, начиная с
мизинца.)
Этот дом он двухэтажный.
А вот этот – трёхэтажный.
Этот дом – он самый важный:
Он у нас пятиэтажный.
Сергіту сәті:
Батыл, епті баламыз,
Мұхиттарға барамыз.
Су түбінен маржанды,
Теріп – теріп аламыз.
Дидактикалық ойын: «Сол жақта - оң
жақта»
Мақсаты: сол қол мен оң қолды ажырата
білуді, сол жақта және оң жақта
орналасқан заттарды атауды үйрету.
Қимылдарды айнада бейнеленгендей
көрсетіп, оң қолды, содан кейін сол қолды
көтеруді өтінеді.
Дидактикалық ойын: «Жоғарыда -
төменде»
Мақсаты: жоғары, төмен ұғымдарын
қалыптастыру.
Тақтада көгілдір аспан, жасыл алқап, өзен
бейнеленген декоративтік таблица.
Ойынның ережесі: бала қораптан қолын
салып, фигураның біреуін алуды. Алған
фигурасын айтуды, оның орнын анықтап,
декоративтік таблицаға бекітуді ұсынады.
кірпі, сондай-ақ үлкен
және кішкентай доптар
мен үлкен және
кішкентай алмалар.
Өздерінің таңдауын
түсіндіреді: үлкен алма
үлкен кірпіге, ал
кішкентай алма –
кішкентай кірпіге,
қуыршақтар мен доптар
да солай таратылады.
- Екі доп және
қуыршақ: олардың
саны бірдей.
- Қуыршақтар қанша
болса, доптар да сонша.
Саусақ жаттығуын
қайталап жасайды.
Қимылдарын көрсете
отырып, сергіп алады.
Ойынды
қызығушылықпен
ойнайды. Балалар
өздерінен оң жақта
және сол жақта тұрған
заттардың атын атайды.
Ойынды
қызығушылықпен
ойнайды, тапсырманы
орындайды.
Рефлексивті
түзетушілік
Қорытынды
Сұрақтар қояды:
- Қонаққа не келді?
- Қоянмен қандай қызықты ойындар
ойнадық?
Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіміз
қызықы болса, қоянға үлкен сәбізді,
қызықсыз болса, кіші сәбізді сыйлайық.
Қоян рахметін айтып қоштасады.
Сұрақтарға жауап
береді:
- Қонаққа қоян келді.
- «Алмалар мен
доптарды үлестіріп
бер», «Сол жақта - оң
жақта», «Жоғарыда -
төменде» деген
ойындар ойнадық.
Қоянға өз қалаулары
бойынша сәбізді
сыйлайды.
Қоянмен қоштасады.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: заттардың орналасу орнын ажырата алуды.
Болу керек: заттардың кеңістікте орналасу туралы мағлұмат.
Істей білу керек: тапсырманы орындауды, ойынды қызығушылыпен ойнауды, сұрақтарға жауап
беруді.