Конспект урока "Оқушылардың ойөрісін кеңейту, шығармашылықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдылары мен ойлау қабілеттерін"

Білімді мыңды жығар
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, шығармашылықпен өз
бетінше жұмыс істеу дағдылары мен ойлау қабілеттерін
дамыту,ұйымшылдыққа,бірлікке тәрбиелеу,ізденімпаздыққа баулып,ұтқыр
ойға,ұтымды жауап беруге дағдыландыру.
Көрнекілігі:Сиқырлы шыршалар,тіл,білім туралы қанатты сөздер,мақал-
мәтелдер,ойынға керекті кеспе қағаздар.
Өту барысы:
1-жүргізуші:
Армысыздар,құрметті ұстаздар!
Бүгінгі жастар-халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі.
Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдайтын, білімді
жастарды анықтайтын, білімге қызығушылықтарын арттыратын «Білімді
мыңды жығар атты сайысымызды бастаймыз.
2-жүргізуші:
Ақыл-тон аңдағанда тозбайтұғын,
Білім-кең қанша болса азбайтұғын,
Қатарын оза шауып бара жатса,
Арқаның аруы не қозбайтұғын,-деп Тұрмағанбет Ізтілеуов
айтқандай,білім сайысына құлшынып тұрған білімді оқушыларымызды
шақырамыз.
1-жүргізуші:
Шын жүйріктер сыналады жарыста,
иЖарыстың ба орта жолда қалыспа.
Әділқазы бағалайды сіздерді.
Жеңіс мәре жақынба әлде алыс па?
Ойнымызды бастамас бұрын әділ-қазылар алқасымен
Таныстыруға рұқсат етіңіздер.
1-жүргізуші:
Ойынның барысына тоқталсақ,сайыс 6-бөлімнен тұрады
1-бөлім.Таныстыру.
2-бөлім.Кім көп біледі?
3-бөлім.Тіл-өнер
4-бөлім. Қасиетті жетілік
5-бөлім. Тапқырлық
6-бөлім
Іздеген жетер мұратқа.
.2-жүргізуші:
Өнер менен білімде
Әркімнің өз жолы бар,
Сайысарлық бүгінде
Өзіңдік менің үнім бар,-дегендей,білімпаз жастар өзін таныстырады.
1-бөлім.Таныстыру.
1-жүргізуші:
Сонымен балалар,іске сәт! Жұлдыздарын жансын! Әр топ өздерін
таныстырып, ұранын айтады. Талант тобы: Біз білімді баламыз
Оқып білім аламыз
Талант атты топпенен
Биік шыңға барамыз.
Ұлан тобы:Білікті бірді жығады,Білімді мыңды жығады.
2-бөлім.Кім көп біледі?
Үш кемеңгер би.(Төле би,Қазыбек би,Әйтеке би)
2.Көне заттарды сақтайтын орын.(Мұражай)
3.Сүйінбайдың ізін жалғастырушы,шәкірті болған ақын.(Ж.Жабаев)
4.Қазақ әліппесін жасаған,алғашқы оқу құралын жасаған
кім?(А.Байтұрсынов)
5.Сауат ашатын кітап.(Әліппе)
6.Қандай балалар жазушыларын,ақындарын
білесің?(Б.Соқпақпаев,Ө.Тұрманжанов,М.Әлімбаев,
Ш.Смаханұлы т.б)
7.М.Мақатаевтың бір өленің оқып бер.
8.Пайда ойлама,ар ойла, Талап қыл артық білуге деген өлең шумағын кім
жазған?(Абай)
9.Қазақ даласында алғаш мектеп ашқан кім?(Ы.Алтынсарин)
10.Қазақта тұңғыш дүние жүзінің чемпионы атағын алған
балуан(Қ.Мұнайтпасов).
11.Қазақта бір топ аттылар жарысын не деп атайды? Бәйге
12.Бір топ аттылар тартыспағын не деп атайды?
13.Абай Құнанбаев атамыздың шын аты кім? Ибраһим
14.Шығыс халқының тойлайтын көктемгі мерекесі. Наурыз
15.Қариялардың жастарға беретін тілегі. Бата
3-бөлім.Тіл-өнер
2-жүргізуші:
Бабамыздың тілі деп,
Даламыздың үні деп,
Туған елдің тілі деп,
Туған жердің үні деп
Қазақ тілін,қазақ тілін сүйеміз.
Сыңарын тап ойыны.Берілген мақалдағы жасырын сөздерді тауып,мақалды
жалғастыру.
1.Тіл тас жарады,тас жармаса....(бас жарады.)
2.Бал тамған тілден....у да тамады.
3.Тауды,тасты жел бұзар,...(адамзатты сөз бұзар)
4.Жақсы сөз....(жарым ырыс)
5.Ине көзінен сынады,....(шешен сөзінен сынады.)
6.Қаһарлы сөз....(қамал бұзар)
7.Жақсы байқап сөйлер,...(жаман шайқап сөйлер)
8.Бас кеспек болса да,...(тіл кеспек жоқ)
9.Піл көтермегенді.....(тіл көтереді)
4-бөлім. Қасиетті жетілік
1-жүргізуші:
Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген ақыл шың
Қиындықтан өткізер. Қазақ халқында жеті саны киелі деп
Есептеледі. Аптада 7 күн бар.Көкті 7 қабат, жерді 7қат десе, көшпенділер
ұғымында күннің өзі 7 бөлікке бөлінеді.
Білімдар кісіні жеті жұрттың тілін біледі дейді.Ендеше осы 7 ұяшықтағы
сұрақтарға жауап береміз.
1.Үстелде 5 стақан сүт тұрған еді.Әсел 1 стақандағы сүтті
Ішіп,стақанды үстелге қойды.Үстел үстінде неше стақан
қалды.?(5)
2.Бір тоннада неше кг бар?(1000кг)
3.Үш түйе құс ұшып келе жатқанда,біреуін аңшы атып алды.Неше түйеқұс
қалды?(Түйеқұс ұшпайды)
4)Пар ат 5 км жүгіріп өтті.Аттың әрбіреуі неше километр жол жүгіріп
өтеді?(5км)
5.Баспалдақ 15 басқыштан тұрады.Баспалдақтың тура ортасында тұру үшін
нешінші басқышты басу керек?(8)
6.Жаңа туған пілдің баласы 1 тоннаның 1-8 бөлігін тартады.Жаңа туылған
пілдің баласы неше кг тартады?(125)
7.Спутник жер шарын 103 минутта айналып өтті,ол неше сағат,неше минутта
айналып өтті?(1 сағ 43 мин)
5-бөлім. Тапқырлық
2-жүргізуші:
Жаратылыс-жан ана,
Қарық қып суға, ауаға.
Топырағымен асырап,
Сәнің құйған санаға,-дегендей, енді дүниетану пәнінен білімдеріңді
сынаймыз.
1.Арал теңізіне құятын өзен (Сырдария)
2.Республикада ең ірі көмір кен орны (Қарағанды)
3.Отын энергетика байлықтары (Отын, газ, мұнай)
4.Жер бетінің жоғарғы құнарлы қабаты (топырақ)
5.Жарықты жақсы көретін, тез өсетін, қабығы аппақ, көрікті ағаш (қайың)
6.Алашқы адам неден пайда болған?
7.Ең мұзды метерик .Антарктида
8.ең ыстық материк . Африка
6-бөлім
Іздеген жетер мұратқа.
1.Жеті қазына
2.Үш арсыз (Ұйқы, күлкі, қомағайлық)
3.Бес дұшпан
1
жүргізуші:
Міне, біз «Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік» шыққан озық ойлы тобымызды
анықтайтын кезге де жеттік. Ендігі сөз кезегі әділқазылар алқасында.
. Талант тобы
Ұлан тобы
Түрксіб жалпы орта білім беретін мектебі
Сыныптан тыс жұмыс
«Біз білімді баламыз»
сайысы
Мұғалімі: Ж.К.Апбасова
2012 2013 оқу жылы