Зертханалық жұмыс 6 сынып
Зертханалық жұмыс №1
Тақырыбы: Споралы және тұқымды (ашықтұқымды және жабықтұқымды) өсімдіктер: көкек
зығыры, қырықжапырақ, кәдімгі қарағай, жұмыршақ, қызанақ. Қылқан жапырақты өсімдіктердің
(мысалы, қарағай) қылқаны және бүрінің құрылысымен танысу.
Мақсаты:
Құрал-жабдықтар: қарағай немесе шыршаның көктемде жиналып алынған аналық және аталық
бүрлері мен қарағай бұтағы.
Жұмыс барысы:
1.Жас бүрдің сыртқы көрінісін анықтап қарап, суретін дәптерге салыңдар. Оның реңіне,
мөлшеріне, бірінен-бірінің ерекшелігіне назар аударыңдар. Бүрдің аналық немесе аталық бүр
екенін анықтау мүмкіндігін қарастырыңдар.
2. Әбден қалыптасқан бүр қабыршақтарының біреуін жеке бөліп алып, тұқымның орналасуына
және сыртқы құрылысына назар аударыңдар.
3. Қарағай бұтағына абайлап қарап, онда қылқандарының нешеден және қалай орналасқанымен
танысыңдар.
4. Қылқанның бұтақта орналасуын, реңін келтіріп, дәптере суретін салыңдар. Оқулықтағы
суретпен салыстырыңдар.
5. Қылқанның ұзындығын өлшеңдер, пішініне зер салыңдар.
Қорытынды:
Зертханалық жұмыс №2
Тақырыбы: Ұлғайтқыш құралдармен және зертханалық құрал-саймандармен танысу.
Мақсаты:
Құрал-жабдықтар: микроскоп, қол және тұтқалы әйнектер (лупа), аршылған пияз, тамызғы
(пипетка), сапты ине, қысқыш (пинцет) зат және жабын шынылар, өткір ұстара, су.
Қауіпсіздік ережесі:
1.Микроскоппен отырып қана жұмыс істеу керек. Оны үстелдің шетіне (5-8 см қашықтықта)
орнықты етіп қояды. Жұмыс істеп болғанша микроскопты орнынан қозғамайды.
2. Қарайтын заттың дайын препаратын микроскоптың зат үстелшесі ортасындағы тесікке дәл
келтіріп орналастырады.
3. Қозғалмалы айна арқылы заттық үстелшедегі препаратқа жарық түсірілуі тиіс (жарықтың
түскен-түспегенін окулярға қарап бақылайды).
4. Бұрандамен зат анық көрінгенше көру түтігін ептеп қана жоғары немесе төмен қозғайды.
Объективпен көретін заттың арақашықтығы мөлшермен 1 см-дей болғанда, зат анық көріне
бастайды.
5. Жұмыс істеп болған соң микроскопты қабына салу қажет.
6. Микроскопты түрлі химиялық реактивтермен қатар қоюға болмайды, бөлек таза шкафта
сақталады.
Жұмыс барысы:
1.Штативті (тұтқалы) ұлғайтқыш қол әйнек пен микроскоптың құрылысын салыстырып қарау.
2. Микроскоптың бөліктеріің орналасуымен танысып қалай аталатынын білу.
3. Микроскопқа керекті құрал-жабдықтармен танысып, қалай пайдалану керектігіне зер салу.
4. Препарат дайындауды және оны микроскоппен қарауды үйрену (жаттығу).
Қорытынды:
Зертханалық жұмыс №3
Тақырыбы: Пияз өңінің, жапырақ эпидермисінің микропрепараттарын даярлау.
Мақсаты:
Құрал-жабдықтар: микроскоп, аршылған пияз, тамызғы (пипетка), сапты ине, қысқыш (пинцет)
зат және жабын шынылар, өткір ұстара, су.
Жұмыс барысы:
1.Пияз қабығының өңінен жасалған препараттың микроскоптағы көрінісінің суретін дәптерге салу,
жасуша пішініне көңіл аудару.
2. Жеке жасушаның бөліктерінің атын жазып, оқулықтағы суретпен салыстырып талдау.
3. Бөлме өсімдігі жапырағының жұқа көлденең кесіндісінен препарат жасап, жасыл пластидтердің
пішіні мен түсіне көңіл аудару (жапырақтары түксіз өсімдіктер алынады). Тіпті жапырақ өңін
азғана жұмсағымен сылып қараса пластидтер көрінеді.
Ескерту: Көрнекілікке қосымша кез келген бөлме өсімдіктері алынады (хлорофилді көру).
Қорытынды:
Зертханалық жұмыс №4
Тақырыбы: Элодея жапырағын, жапырақ өңін мысалға алып өсімдік жасушасының құрылысын
зерттеп білу.
Мақсаты:
Құрал-жабдықтар: микроскоп, элодея жапырағы, тамызғы (пипетка), сапты ине, қысқыш
(пинцет) зат және жабын шынылар, өткір ұстара, су.
Жұмыс барысы:
1.Элодея жапырағы өңінен жасалған препараттың микроскоптағы көрінісінің суретін дәптерге
салу, жасуша пішініне көңіл аудару.
2.Өсімдік жасушасының құрылысын жазу.
Қорытынды:
Зертханалық жұмыс №5
Тақырыбы: Даражарнақты және қосжарнақты өсімдік тұқымдарының құрылысы. Көкөніс
дақылдарының алуантүрлі тұқымдарымен танысу. Бірүйлі өсімдік асқабақ тұқымдастарының
талдауы.
Мақсаты:
Құрал-жабдықтар: тұқымдастың кеппеөсімдіктері, асқабақтың кептірілген аталық және аналық
гүлдері, ол болмаса – жеке бейнеленген гүлдерінің кестесі, суреттері, ұлғайтқыш құрал.
Жұмыс барысы.
1.Асқабақ неге бірүйлі, дара жынысты өсімдік екенін түсіндіріңдер.
2. Асқабақтың аталық гүлін және аналық гүлін анықтап қарап, құрылысын жазыңдар.
3. Асқабақ гүлінің суретін салып, гүлдерінің ерекшеліктерін айтыңдар. Оқулықпен
салыстырыңдар.
Қорытынды.
Зертханалық жұмыс №6
Тақырыбы: Өскіндерден тамырдың сыртқы құрылысын зерттеп білу (ас бұршақтың, асқабақтың,
үрме бұршақтың және бидайдың).
Мақсаты:
Құрал-жабдықтар: кіндік тамыр жүйесі бар қауын, қарбыз, сәбіз, бақбақ, жоңышқа және т.б.
өсімдіктерінің кеппешөптері (егер кеппешөптер болмаса алдын ала тұқымнан өсіруге болады
(күнбағыс, үрмебұршақ, асбұршақ). Сабақтан 10-15 күн бұрын тамыр жүйесі шыққанға дейін
ыдыстағы суға пиязды орналастырады. 10 күн бұрын сәбіздің де жемтамырын топыраққа көмсе,
жіңішкерген жерінен дамыған жанама тамырлары шығады.
Жұмыс барысы.
1.Алдарыңа берілген асбұршақ немесе қауын, қарбық, т.б. өсімдіктің кеппешөбінен тамырын
мұқият қарап тамыр типтерін ажыратып (негізгі тамыр, жанама тамыр, қосалқы тамыр), суретін
салып аттарын жазыңдар.
2. Қосалқы тамырды әрі шашақ тамыр жүйесін (сабақ өтерден 10-15 күн бұрын) үшін суға
салынған пиязшықтың жаңа өсіп шыққан тамырларын талдаңдар.
3. Шашақ тамыр жүйесін – бидай, жүгері кеппешөптерінен қарап анықтаңдар.
4. Алдын ала (10 күн) бұрын топыраққа көмілген сәбізден кіндік тамыр жүесін қарап, жанама
тамырларын ажыратыңдар.
5. Кіндік тамырлар мен шашақ тамырлар жүйесінің ерекшеліктеріне көңіл аударып, оқулықтың
суретімен салыстырыңдар.
Қорытынды.
Зертханалық жұмыс №7
Тақырыбы: Тамырдың өсу (созылу) аймағын тауып анықтау. Тамыр бөлімдерін жай көзбен және
ұлғайтқыш әйнекпен қарау.
Мақсаты:
Құрал-жабдықтар: сабақтан 10-15 күн бұрын өсірілген асбұршақ пен бидай өскіндері,
микроскоп, оған керекті жабдықтары, ұлғайтқыш қол әйнегі және т.б.
Жұмыс барысы.
1.Сабақ өтерден 10-15 күн бұрын тұқымынан өндірілген асбұршақ пен бидайдың өскіндерінің жас
тамырларын салыстырып, қандай тамыр жүйесіне жататынын ажырату.
Асбұршақ Бидай
2. Бидайдың жас өскінінің тамырын ұлғайтқыш әйнекпен қарап, тамыр бөлімдерін (аймақтарын)
анықтау.
3. Тамыр түкшелері бар аймақты тауып, алып жатқан аумағын қарау.
4. Тамыр ұшынан препарат жасап, микроскоппен қарау, тамыр оймақшасы жасушаларының
ерекшеліктеріне көңіл аудару, суретін салу, оқулықтың суретімен салыстыру.
Ескеру: Препарат жасау үшін жас тамырдың ең ұшынан 5 мм-дей кесіп, сол күйінде су тамызып,
жабын шынымен жауып қарауға болады.
Қорытынды.
Зертханалық жұмыс №8
Тақырыбы: Тамырдың түрөзгерістері
Мақсаты:
Құрал-жабдықтар: тамырлардың түрөзгерістері
Жұмыс барысы.
1.Түрөзгеріс деген не және оның қандай маңызы бар? Түрін өзгерткен тамырлардың түрлерін
атаңдар және суретін салыңдар? өсімдік тіршілігінде қандай маңызы бар?
2. Түйнектамырдың жемтамырдан айырмашылығы қандай?
3. Емізік тамырлардың нағыз тамырлардан айырмашылығы неде?
4. Жемтамырлар қандай өсімдіктерде болады?
5. Тіреу тамырлар мен ауа тамырлары өсімдікке не үшін қажет?
Қорытынды.
Зертханалық жұмыс №9
Тақырыбы: Вегетативтік және гүл бүршіктерінің құрылысы.
Мақсаты:
Құрал-жабдықтар: өсу бүршігі мен гүл бүршігі.
Жұмыс барысы.
1.Бүршік неліктен бастапқы өркен деп аталады, ішкі құрылысы бойынша дәлелдеп беріңдер. Буын,
буынаралық дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Ұзарған өркен мен қысқарған өркеннің айырмашылығы неде, олар қандай қызмет атқарады?
3. Өсу бүршігі мен гүл бүршігінің айырмашылықтарын талдаңдар және суретін салыңдар.
4. Қосалқы бүршіктер қайдан дамиды, қызметі қандай? Бүршіктер нешеге бөлінеді?
Қорытынды.
Зертханалық жұмыс №10
Тақырыбы: Жапырақтың сыртқы құрылысы. Жапырақтағы лептесіктерді табу.
Мақсаты:
Құрал-жабдықтар: жапырақтар
Жұмыс барысы.
1.Жапырақ қандай қызмет атқарады? Жапырақтың сыртқы құрылысы қандай бөлімдерден тұрады?
Әр бөлімі қандай қызмет атқарады?
2. Жүйкеленудің түрлері және атқаратын қызметі қандай, суретін салу. Жапырақтардың сабаққа
орналасуының түрлерін талдаңдар.
3. Жай жапырақ пен күрделі жапырақтарды ажыратып, мысал келтіріп және суретін салу.
Қорытынды.
Зертханалық жұмыс №11
Тақырыбы: Жапырақтың ішкі құрылысы. Жапырақтың түрөзгерістері.
Мақсаты:
Құрал-жабдықтар: кез келген бөлме өсімдігі, өткір ұстара, микроскоп, жабын әйнек пен зат
әйнегі, сапты ине, қысқыш (пинцет), су.
Жұмыс барысы.
1.Кез келген бөлме өсімдігінің (традесканция, қазтамақ (герань), т.б. ) жапырағының астыңғы
өңінен сылып препарат жасап микроскоппен қарау, жабын ұлпа – өң жасушаларымен (мөлдір)
ондағы жанаспалы жасушалардың құрылысы, ерекшелігімен танысу, оқулықтың суретімен
салыстыру.
2. Жапырақ тақтасынан өте жұқа көлденең кесіндіден (дайын микропрепараты болса тіпті жақсы)
препарат жасап микроскоппен қарау. Өңнің астындағы жұмсақ бөліміндегі бағаналы, борпылдақ
жасушаларды көру, хлорофилл дәндерін қарау.
Жапырақтың микроскоптық құрылысы
Үстіңгі өң Жасыл бағаналы Борпылдақ жасушалар
жасушалар
Сүзгілі түтіктер
Астыңғы өң
Талшық шоқтар (жүйкелер)
Жасанаспалы жасушалар
3. Осы препараттан жасушааралық кеңістік пен жүйкелерін (шоқтар) көру.
Тыныс саңылауы
жасушааралық қуыс
4. Тікенге айналған жапырақты сояудан қалай ажыратуға болады, өсімдік үшін қандай маңызы
бар?
5. Мұртшаға айналған жапырақтар қандай өсімдіктерде кездеседі, маңызын түсіндіріңдер.
6. Өсімдіктер неліктен бунақденелілермен қоректенеді, жапырақтары қалай өзгерген?
7. Қабыршаққа айналған жапырақтар қандай рөл атқарады?
8. Шырынды жапырақты өсімдіктерді атаңдар.
Қорытынды.
Зертханалық жұмыс №12
Тақырыбы: Ағаштың көлденең кесіндісіндегі жылдық сақиналарды қарау.
Мақсаты:
Құрал-жабдықтар: әр түрлі ағаштардың (жуандығы да әр түрлі болуы керек) қалыңдығы 10 см
көлденең кесінділері, ұлғайтқыш әйнектер (лупа), сабақтың ұзарып өсуін көрсететін тәжірибе.
Жұмыс барысы.
1.Алдарыңда берілген әр түрлі жуандықтағы ағаш діңінің кесінділерін ұлғайтқыш әйнекпен қарап,
жылдық шеңберлерін табыңдар. Сабақтың қай қабатында түзілетінін анықтаңдар.
Әрқайсысындағы шеңберлерін санап, жасын айырыңдар.
2. Әр шеңбердің еніне (қалың, жұқалығына) қарап, климат жағдайының қандай болғандығын
түсіндіріңдер.
3. Көрген кесінділеріңді оқулықтың суретімен салыстырып талдаңдар.
Қорытынды.
Зертханалық жұмыс №13
Тақырыбы: Тамырсабақтың, түйнектің және пиязшықтың құрылысын қарау.
Мақсаты:
Құрал-жабдықтар: бидайық, інжугүл, құртқашаш (ирис) кеппешөптері (тамырсабағымен
алынған), картом түйнегі, қырыққабаттың қауданы, пиязшық (басты пияз), ұстара, ұлғайтқыш қол
әйнек (ұлпа).
Жұмыс барысы.
1. Бидайық, інжугүл, құртқашаш өсімдіктерінің кеппешөптерінен тамырсабақтың жапырақ
қабыршағын, бүршіктерін қосалқы тамырларын табу, тамырмен салыстырып суретін салу.
Інжугүл
Бидайық
Құртқашаш
2. Картоп түйнегінің түбі мен жоғары жағының айырмашылықтарын қарап ажырату. Түйнектің
көзшелері қай жағында көбірек орналасқандығына көңіл аудару.
3. Түйнекті көлденеңінен 2-ге бөліп, өркенге тән негізгі бөліктерін алдыңғы өткен сабақтың
құрылысымен салыстыру.
Өскін
көзшелері
4. Пияздың сыртқы түріне көңіл аударып, сыртқы, ішкі қабыршақтарының ерекшеліктерін, тамыр
жүйесін қарау.
5. Пиязшықты ортасынан (тігінен) қақ жарып, түбіртегін (қысқарған сабағы) бүршіктерін қол
әйнегімен қарап ажыратып оқулықтың суретімен салыстыру, суретін салу, аттарын жазу.
түбіртек
Төбе,қолтық бүршіктері
Ішкі шырынды жапырақтары шашақ тамыр
Сыртқы кебу қабыршақтары
Қорытынды.
Зертханалық жұмыс №14
Тақырыбы: Гүлдің құрылысын қарау.
Мақсаты:
Құрал-жабдықтар: нағыз гүлдер (қызғалдық гүлдеп тұрған бөлме өсімдіктері және т.б.), қатты
қағаздан ойылған жеке бөліктері, ұлғайтқыш қол әйнек, сапты ине.
Жұмыс барысы.
1.Нағыз гүлден (ол болмаса) немесе гүл бөліктерінің қатты қағаздан жеке-жеке қиылған жапсырма
(аппликация) көрнекі құралдардан гүл бөлімдерін табу, пішініне, санына, реңдеріне көңіл аудару.
2. Табиғи (нағыз) гүлден гүл бөліктерінің орналасу тәртібімен танысу.
3. Гүл бөліктеріне қарап жай немесе қос гүлсерікті екендігін анықтап ажырату.
4. Аталық пен аналықты жеке бөліп алып құрылыстарымен танысу, суретін салып атын жазу.
Оқулықтың суретімен салыстыру.
аналық аналықтың құрылысы
Аталықтың құрылысы
Қорытынды.
Зертханалық жұмыс №15
Тақырыбы: Бунақденелілермен және желмен тозаңданатын өсімдіктердің гүлдерін салыстыру.
Мақсаты:
Құрал-жабдықтар: Бунақденелілермен және желмен тозаңданатын өсімдіктердің гүлдерінің
түрлері.
Жұмыс барысы.
1.Жынысты көбеюге гүлдің қандай бөлімдері қатысады? Тозаңдану деген не, оның қандай
түрлерін білесіңдер?
2. Бунақденелілермен тозаңданатын өсімдіктердің негізгі ерекшеліктері қандай?
3. Өсімдіктер жел арқылы айқас тозаңдануға қалай бейімделген?
4. Ұрықтану қай кезде жүреді? Ұрықтану жолын түсіндіріңдер. Суретін салу.
Қорытынды.
Зертханалық жұмыс №16
Тақырыбы: Бөлме өсімдіктерін қалемшелеу.
Мақсаты:
Құрал-жабдықтар: биология кабинетінде өскен өсімдіктер, топырақ, құм немесе ұсақ тастар,
құмыралар (горшок), өткір ұстара.
Жұмыс барысы.
1.Алдымен қынагүл (колеус), пеларгония (герань), бальзамин, т.б. өсімдігінен қалемше (бойында
3-4 жапырақтары бар жас өркен) дайындау.
2. Гүл құмырасын дайындау, ол үшін түбіне 3-5 см құм, бетіне қаратопырақ салу.
3. Гүл құмырасындағы топырақты ылғалдап жас өркенді (қалемшені) отырғызу. Топырақтың
ылғалы құрғап кетпес үшін өркеннің үстіне шыны банка төңкеріп қоюға да болады, бірақ оны 2-3
күнде алып ауа жіберу керек. Шыны ыдыс төңкермей-ақ мұқият күтімге алса тез өседі.
Қорытынды.
Зертханалық жұмыс №17
Тақырыбы: Бір жасушалы және көпжасушалы балдырлардың микроскоптық және сыртқы
құрылысы.
Мақсаты:
Құрал-жабдықтар: суда өсіп тұрған немесе күні бұрын формалинге салынған хламидомонада,
хлорококк , хлорелла, улотрикс, спирогира немесе кладофора балдырлары. Осы балдырдың
нақнұсқасы. Тұрақты микропрепараттары. Микроскоп, ұлғайтқыш әйнек, сапты ине, зат әйнегі,
жабын әйнегі.
Жұмыс барысы.
1.Біржасушалы және көпжасушалы балдырлардың судағы, топырақтағы көрінісін қарау.
2. Біржасушалы балдырлардан микропрепарат дайындап, микроскоппен қарау.
3. Жасуша пішініне назар аудару. Хроматофораның пішінін және түсін анықтау.
4. Көпжасушалы балдырлардан микропрепараттар дайындау.
5. Микропрепаратты микроскоппен қарау. Талломдарының бір қатар жасушалардан
тұратындығына және жасуша құрылысына көңіл аудару.
6. Балдырлардың суретін салу. Оқулықтағы суретпен салыстыру.
Қорытынды.
Зертханалық жұмыс №18
Тақырыбы: Мүктердің сыртқы құрылысы. Көкек мүгінің (жасыл мүк) құрылысы.
Мақсаты:
Құрал-жабдықтар: микроскоп, ұлғайтқыш әйнек, мүктердің кеппеөсімдіктері, инелер.
Жұмыс барысы.
1.Берілген кеппеөсімдіктен көкек мүгін табыңдар.
2. Көкек мүгінің сабағын және жапырағын қараңдар. Онда тамыр болатын – болмайтынын
зерттеңдер.
3. Мүк жапырағының пішінін, мөлшерін, сабаққа қалай орналасқанын байқаңдар. Жапырақ түсінің
қандай екенін анықтап, жапырақты микроскоппен қараңдар. Суретін салып, түсін бояңдар.
4. Сабақтың төменгі ұшынан қоңырқай өскінді анықтап, оның қалай аталатынын еске түсіріңдер.
Ризоидтың тамырдан қандай ерекшелігі болатынын дәптерге жазып алыңдар.
5. Мүктің жоғарғы ұшынан қауашақты тауып, оны сапты инемен сабақтан бөліп алыңдар.
Қауашақтың қалпақшасын ашып, қауашақта не бар екенін анықтаңдар.
6. Даяр препарат бар болса, ұлғайтқыш әйнекпен көкек мүгінің спорангийін қараңдар.
Препараттан мүк қауашағы мен қақпағының бойлай кескен кесіндісін айқын көре аласыңдар.
Спораның қандай қызмет атқаратынын еске түсіріңдер.
7. Жергілікті жерде көкек мүгінің өсетін-өспейтінін сұрастырып біліңдер. Мүмкін мүктердің өзге
түрі өсетін шығар. Онда олардың атауын жазып, суретін дәптерге салып алыңдар.
Қорытынды.
Зертханалық жұмыс №19
Тақырыбы: Қырықжапырақтәрізділердің сыртқы құрылысы. Усасыр қырықжапырағының
құрылысы.
Мақсаты:
Құрал-жабдықтар: микроскоп, ұлғайтқыш әйнек, микропрепарат, кеппеөсімдіктер.
Жұмыс барысы.
1.Кеппеөсімдіктен усасыр қырықжапырағын табыңдар. Усасыр қырықжапырағының жерүсті және
жерасты бөліктерін анықтаңдар. Усасыр қырықжапырағы неліктен өсімдіктерге жататынын
түсіндіріңдер.
2. Усасыр қырықжапырағының жапырағын төңкеріп, астындағы споралы қоңыр төмпешіктерді
табыңдар. Оны ұлғайтқыш әйнекпен қараңдар. Спораның маңызын еске түсіріңдер.
3. Микропрепаратты микроскоппен 120 есе ұлғайтып қараңдар.
4. Бақылағандарының суретін салып, астына атауларын жазыңдар.
5. Өздерің тұратын жерде қырықжапырақтың бар-жоғын анықтап, қысқаша хабарлама әзірлеңдер.
Қорытынды.
Зертханалық жұмыс №20
Тақырыбы: Ашықтұқымдылардың сыртқы құрылысы. Қылқан жапырақты өсімдіктердің
(мысалы, қарағай) қылқаны және бүрінің құрылысымен танысу.
Мақсаты:
Құрал-жабдықтар: қарағай немесе шыршаның көктемде жиналып алынған аналық және аталық
бүрлері мен қарағай бұтағы.
Жұмыс барысы:
1.Жас бүрдің сыртқы көрінісін анықтап қарап, суретін дәптерге салыңдар. Оның реңіне,
мөлшеріне, бірінен-бірінің ерекшелігіне назар аударыңдар. Бүрдің аналық немесе аталық бүр
екенін анықтау мүмкіндігін қарастырыңдар.
2. Әбден қалыптасқан бүр қабыршақтарының біреуін жеке бөліп алып, тұқымның орналасуына
және сыртқы құрылысына назар аударыңдар.
3. Қарағай бұтағына абайлап қарап, онда қылқандарының нешеден және қалай орналасқанымен
танысыңдар.
4. Қылқанның бұтақта орналасуын, реңін келтіріп, дәптере суретін салыңдар. Оқулықтағы
суретпен салыстырыңдар.
5. Қылқанның ұзындығын өлшеңдер, пішініне зер салыңдар.
Қорытынды:
Зертханалық жұмыс №21
Тақырыбы: Қылқанжапырақты өсімдіктердің бүрлері мен тұқымдарының құрылысын зерттеп
білу.
Мақсаты:
Құрал-жабдықтар: қарағай немесе шыршаның көктемде жиналып алынған аналық және аталық
бүрлері мен қарағай бұтағы.
Жұмыс барысы:
1. Қарағайдың аналық бүрі қалай құрылған? Қарағайдың аталық бүрінің құрылысы қандай?
Тозаңдану қалай жүзеге асады?
2.Жас бүрдің сыртқы көрінісін анықтап қарап, суретін дәптерге салыңдар. Оның реңіне,
мөлшеріне, бірінен-бірінің ерекшелігіне назар аударыңдар. Бүрдің аналық немесе аталық бүр
екенін анықтау мүмкіндігін қарастырыңдар.
3. Әбден қалыптасқан бүр қабыршақтарының біреуін жеке бөліп алып, тұқымның орналасуына
және сыртқы құрылысына назар аударыңдар.
4. Қарағай бұтағына абайлап қарап, онда қылқандарының нешеден және қалай орналасқанымен
танысыңдар.
5. Қылқанның бұтақта орналасуын, реңін келтіріп, дәптере суретін салыңдар. Оқулықтағы
суретпен салыстырыңдар.
6. Қылқанның ұзындығын өлшеңдер, пішініне зер салыңдар.
Қорытынды:
Зертханалық жұмыс №22
Тақырыбы: Крестгүлділер тұқымдасы өсімдіктерінің гүлі мен жемісінің құрылысы.
Мақсаты:
Құрал-жабдықтар:
Жұмыс барысы.
Қорытынды.
Зертханалық жұмыс №23
Тақырыбы: Раушангүлділер тұқымдасы өсімдіктерінің гүлі мен жемісінің құрылысы
Мақсаты:
Құрал-жабдықтар: кеппеөсімдіктер, кестелер, ұлғайтқыш әйнектер.
Жұмыс барысы.
1.Мұғалім алдын ала әзірлеген кеппеөсімдіктер орамжапырақгүлділер, раушангүлділер және
бұршақ тұқымдас өсімдіктерді жеке бөліп алыңдар.
2. берілген өсімдіктердің сабағын, жапырағын, тамырын анықтап қарап, олардың ерекшеліктерін
анықтаңдар.
3. Гүлдері сақталған болса, гүл құрылысын анықтап, бұршақ тұқымдастар гүлінің гүл бөліктерін
атаңдар.
4. Әрбір тұқымдастан бір өкілінің суретін дәптерге салыңдар. Қалай аталатынын астына жазыңдар.
5. Берілген өсімдік жапырағын анықтап, өсімдіктердің қай тұқымдасына тиесі екенін зерделеңдер.
Қорытынды.
Зертханалық жұмыс №24
Тақырыбы: Алқа тұқымдасы өсімдіктерінің гүлі мен жемісінің құрылысы.
Мақсаты:
Құрал-жабдықтар: кеппеөсімдіктер, кестелер, ұлғайтқыш әйнектер.
Жұмыс барысы.
1.Алқа тұқымдастарға ортақ белгілерді атаңдар. Бұл топқа қай өсімдіктер жатады? Баклажан
қандай өсімдік?
2. Баклажанның гүл құрылысы қандай? Баклажанның жемісі қалай аталады?
3. Бақшадан алқа тұқымдастарға жататын өсімдіктерді бақылаңдар. Көшеттеріне назар
аударыңдар. Гүлін, жапырақ, сабақтарын қарап, ерекшеліктеріне көңіл бөліңдер.
Қорытынды.
Зертханалық жұмыс №25
Тақырыбы: Бұршақ тұқымдасы өсімдіктерінің гүлі мен жемісінің құрылысы.
Мақсаты:
Құрал-жабдықтар: кеппеөсімдіктер, кестелер, ұлғайтқыш әйнектер.
Жұмыс барысы.
1.Мұғалім алдын ала әзірлеген кеппеөсімдіктер орамжапырақгүлділер, раушангүлділер және
бұршақ тұқымдас өсімдіктерді жеке бөліп алыңдар.
2. берілген өсімдіктердің сабағын, жапырағын, тамырын анықтап қарап, олардың ерекшеліктерін
анықтаңдар.
3. Гүлдері сақталған болса, гүл құрылысын анықтап, бұршақ тұқымдастар гүлінің гүл бөліктерін
атаңдар.
4. Әрбір тұқымдастан бір өкілінің суретін дәптерге салыңдар. Қалай аталатынын астына жазыңдар.
5. Берілген өсімдік жапырағын анықтап, өсімдіктердің қай тұқымдасына тиесі екенін зерделеңдер.
Қорытынды.
Зертханалық жұмыс №26
Тақырыбы: Күрделігүлділер тұқымдасы өсімдіктерінің гүлі мен жемісінің құрылысы.
Мақсаты:
Құрал-жабдықтар: кеппеөсімдіктер.
Жұмыс барысы.
1.Тұқымдас неліктен күрделігүлділер деп аталған? Олардың сан алуандығына қандай мысалдар
келтіруге болады?
2. Күрделігүлді тұқымдастарға жататын қандай ортақ белгілерді білесіңдер?
3. Мақсыр қандай өсімдік? Оның маңызы туралы не білесіңдер?
Қорытынды.
Зертханалық жұмыс №27
Тақырыбы: Лалагүл тұқымдасы өсімдіктерінің гүлі мен жемісінің құрылысы.
Мақсаты:
Құрал-жабдықтар: кеппеөсімдіктер.
Жұмыс барысы.
1.Лалагүл тұқымдас өсімдіктердің қандай ерекшеліктері бар? Олардың гүл құрылысы қандай?
2. Лалагүл тұқымдастарының сан алуандығын немен дәлелдеуге болады? Мысал келтіріңдер.
3. Лалагүл тұқымдас өсімдіктердің құрылысы қандай?
4. Лапыздың (безвременник) ауыл шаруашылығындағы маңызын баяндаңдар.
Қорытынды.
Зертханалық жұмыс №28
Тақырыбы: Жуа тұқымдасы өсімдіктерінің гүлі мен жемісінің құрылысы.
Мақсаты:
Құрал-жабдықтар: кеппешөптер
Жұмыс барысы.
1.Пияз тұқымдас өсімдіктерге тән қандай ортақ белгілерді атауға болады?
2. Бұлардың тұқымдары қалай таралады?
3. Пияз тұқымдастардың маңызын қандай? Басты пияздың пияз тұқымдастарға жатқызудың
қандай себебі бар?
4. Пияз бен сарымсақ пиязшықтарын салыстырып, оларды көбейту жолдарын баяндаңдар.
Қорытынды.
Зертханалық жұмыс №29
Тақырыбы: Астық тұқымдасы өсімдіктерінің гүлі мен жемісінің құрылысы. Жайылымда және
шабындықтарда өсетін өсімдіктердің түрлерін анықтау.
Мақсаты.
Құрал-жабдықтар: мектепте бар кеппеөсімдіктер, астық тұқымдас өсімдіктердің суретті кестесі,
ұлғайтқыш әйнек, сурет дәптерлері.
Жұмыс барысы.
1.Жайылымда өсетін өсімдіктердің өздері білетін түрлерінің атауларын тақтаға жазу.
2. Жергілікті жерде аталған өсімдіктердің қайсысы өсетінін анықтау.
3. Жайылымнан жинақталған өсімдіктерді ретке келтіріп, топтастыру.
4. Шабындықта өсетін өсімдіктердің атауларын тақтаға жазу.
5. Жергілікті жердегі шалғындықтан жинақталған өсімдіктерді анықтау. Олардың атауы белгілі
бір өкілінің толық суретін салу. Жеке мүшелерін анықтап, атауларын белгілеп жазу.
Қорытынды.
Зертханалық жұмыс №30
Тақырыбы: Пішен таяқшасы бактериясының сыртқы көрінісін қарау.
Мақсаты:
Құрал-жабдықтары: 1) құты, пішен, мақтадан жасалған тығын; 2) микроскоп, ұлғайтқыш әйнек,
сапты ине, заттық шыны, жабын әйнегі, тамшуыр.
Жұмыс барысы.
1.Пішен таяқшасын көру үшін, заттық шыныға бір тамшы су тамызыңдар да, оған тұнбаның
бетіндегі бактериядан түзілген кілегей қабықтан иненің ұшымен алып салыңдар. Бактериясы бар
тамшыны иненің ұшымен араластырып, бетін жабын әйнегімен жабыңдар. Микроскоппен
қарағанда түссіз таяқшаларды көруге болады. Олар пішен таяқшасының бактериялары. Суретін
салып, сипаттама жазыңдар.
Қорытынды.
Зертханалық жұмыс №31
Тақырыбы: Бұршақ өсімдіктерінің тамырындағы түйнек бактерияларын қарау.
Мақсаты:
Құрал-жабдықтар: бір апта бұрын беті жабылып қалдырылған айран және тұздалған қияр,
микроскоп, ұлғайтқыш әйнек, сапты ине, заттық шыны, жабын әйнегі, тамшуыр.
Жұмыс барысы.
1.Айранның бетіндегі сілемейден иненің ұшымен алып, заттық шынының бетіндегі бір тамшы
тушьқа араластырыңдар. Содан кейін жабын әйнегімен жауып, микроскоппен қарағанда, тізілген
моншақ тәрізді және таяқша тәрізді боялмаған бактериялар көрінеді. Суретін салып, сипаттама
жазыңдар.
2. Тұздалған қияр суының бетіндегі сілемейден иненің ұшымен алып, заттық шынының бетіндегі
бір тамшы суға араластырыңдар. Содан кейін жабын әйнегімен жауып, микроскоппен қарағанда,
тармақталуға бейім таяқшалар көрінеді. Бұлар кейінірек шар тәрізді жасушаларға ажырап кетеді.
Суретін салып, сипаттама жазыңдар.
Қорытынды.
Зертханалық жұмыс №32
Тақырыбы: Түтікшелі және қатпарлы қалпақшалы саңырауқұлақтардың жемісті денесінің
құрылысы.
Мақсаты:
Құрал-жабдықтар: түтікшелі және қалпақшалы саңырауқұлақтар.
Жұмыс барысы.
1. Көпжасушалы саңырауқұлақтар құрылысының ерекшеліктері неде?
2. Қалпақшалы саңырауқұлақтар қалай көбейеді?
3. Қалпақшалы саңырауқұлақтардың қандай топтары бар? Ол неге негізделген?
4. Қалпақшалы саңырауқұлақтардың құрылысының суретін салу.
Қорытынды.
Зертханалық жұмыс №33
Тақырыбы: Микроскоптық мукор саңырауқұлағының сыртқы құрылысын зерттеп білу.
Мақсаты:
Құрал-жабдықтар: қант, нан, ашытқы, алма, сәбіз, картоп (пісірліген), стакан т.б. ыдыстар, сурет
дәптері.
Жұмыс барысы.
1. Қантты ортаға ашытқы саңырауқұлағының әсерін байқап көріңдер. Ол үшін екі ыдыс алып
(банка, құты), екеуіне бірдей жылы су, оған бірдей етіп нан ашытқысын салып, араластырыңдар.
Біреуіне аздап қант салыңдар. Екіншісін сол күйінде қалдырыңдар.Сөйтіп екеуінің де бетін жауып,
жылы жерге қойыңдар. Екі сағат өткен соң, ішінде қанты бар ыдыс көпіреді. Оның себебі, ашудың
нәтижесінде көмірқышқыл газзы бөлінеді. Бетін ашып, оған жанған шырпыны жақындатсақ, ол
сөніп қалады. Екінші ыдыста қант болмағандықтан, ашу жүрмейді. Бетін ашып, жанған шырпыны
жақындатсақ, ол жана береді.
2. Ақ және жасыл зең саңырауқұлақтарын өсіріп көріңдер. Ол үшін сабақ басталардан бір жеті
бұрын бір үзім нан, алма, сәбіз немесе пісірілген картопты алып, дымқылдап, бетіне басқа бір
шыны ыдысты (стакан, банка, Петри табақшасы) төңкеріп жауып, жылы жерге қояды. Бір жетіден
соң ластанған мақта тәрізді жіптер басса – мукор, көк-жасыл шоғыры өссе – пеницилл, қара-қоңыр
болса, аспергилдердің шоғыры екенін көресіңдер. Мукордың жіпшумағы ұзын, пеницилл мен
аспергилдің жіпшумақтары тықырлау (қысқа) болады. Мукор саңырауқұлағының суретін салу.
Қорытынды.
Зертханалық жұмыс №34
Тақырыбы: Ағаш қабығының саңырауқұлағы жемісті денесінің сыртқы құрылысын зерттеп білу.
Мақсаты:
Құрал-жабдықтар: кептірілген және ылғал препараттар.
Жұмыс барысы.
1.Саңырауқұлақтарды неге «паразит» деп атайды?
2. Тат саңырауқұлағы деп неге атайды?
3. Қаракүйе саңырауқұлағы туралы не айтуға болады? Қаракүйе астық дақылдарының қай
түрлерін зақымдайды?
4. Діңқұлақ саңырауқұлағы деп неге аталған? Оның қандай зияны бар?
5. Паразит саңырауқұлақтармен күресу шараларын қалай жүзеге асырады?
Қорытынды.
Зертханалық жұмыс №35
Тақырыбы: Қыналардың екі-үш өкілдерінің талломының құрылысын зерттеу.
Мақсаты:
Құрал-жабдықтар: қыналар, микроскоп
Жұмыс барысы.
1.Қыналар қайда өседі? Қыналардың құрылысы қандай? Суретін салу.
2. Қыналардың сыртқы пішіндері қандай болады?
3. Табиғаттан қыналарды жинап, сыртқы пішіндеріне қарап, топтарға бөліңдер.
4. Қынаның бір бөлшегін алып, ылғал мақтаның үстіне қойыңдар да, шыны ыдыспен жабыңдар.
Оның қалай өсетінін бақылаңдар Қынаны шыны ыдыстағы суға салып, бірнеше күн өткен соң
қараңдар. Сонда саңырауқұлақ жіпшелері шіріп, балдырларының шыны ыдыс қабырғасында өсе
бастағанын көресіңдер. Қынаның микропрепаратын дайындау. Оларды микроскоппен қарау. Қына
жасушасына назар аудару. Қынаның суретін салу.
Қорытынды.