Зертханалық жұмыс 7 сынып
Зертханалық жұмыс №1
Тақырыбы: Ашық су қоймасынан немесе аквариумнан алынған су тамшысындағы қарапайым
организмдерді қарау.
Мақсаты:
Құрал-жабдықтар: 1 литрлік немесе жарты литрлік шыны банка (аузы кең болса, құмыраны да
алуға болады), кішіректеу 2-3 пияз (пияздың қабығы тым жылтыр, таза болмаса, кебісше көп
пайда болады), кран суы (аса суық болмау керек, қайнаған суды алуға болмайды), арық, құдық
суын да құюға болады, дәке.
Жұмыс барысы.
Кірпікшелі кебісшені өсіру тәсілі. 2-3 пиязшықты (кәдімгі пияз) жумай бітеудей ішіне су
құйылған шыны ыдысқа (банкаға суға батып тұратындай етіп) салады. Су пияздан 2-3 елі асып
тұруы тиіс. Ыдыстың аузын дәкемен байлап, жылы, жарық жерге қояды. 15 күн өткенде ыдыстағы
су лайланып, бетінде ақ жарғақ перде (пленка) пайда болады. Кірпікшелі кебісше бактериялармен
қоректенеді. Сонымен ақ перденің пайда болуы, судың лайлануы, өте жағымсыз иістің шығуы
кебісшенің пайда болғанын білдіреді. Лайланған судан 1-2 тамшысын заттық шыныға тамызып,
жабын шынымен жауып, микроскоптан қарауға
болады.
1.Иістенген тоқтау судан алынған тамшыда
кебісшенің бар-жоғын микроскоппен анықтап,
микропрепарат дайындаңдар. Ол үшін заттық
шыныға кебісшесі бар судан бір тамшы тамызып,
су тамшысын мақта талшығын салыңдар да,
жабын шынымен жабыңдар.
2. Микропрепаратты микроскоптың заттық үстелшесіне орналастырып, кірпікшелі кебісшені
табыңдар. Оның дене пішінін, денесінің алдыңғы доғал жағын және артқы сүйір жағын анықтап
қараңдар.
3. Кірпікшенің мүше бөлігін, яғни қосындыларын- органеллаларын көру үшін арнаулы препарат
дайындаңдар. Ол үшін қаламға арналған сияны 5-8 есе сұйылтып, кебісшелі тамшыға тамызыңдар.
Сияның түйірлері жиырылғыш вакуольге толады да, оны көгілдір түске бояйды. Сөйтіп вакуоль
анық көрінетін болады. Кебісше тіршілігін жойған кезде үлкен ядро да сияға боялады. Мұндай
препараттан кебісше кірпікшелілерінің қимылы да анық байқалады.
4. Кірпікшелі кебісшенің тітіркенуіне де тәжірибе жасауға болады. Ол үшін заттық шыныға бір
тамшы кебісшелі және бір тамшы таза су тамызып (тамшылрадың арасы біраз алшақтау болғаны
жөн), кірпікшелілері бар тамшыға бір түйір тұз салу керек. Бұдан соң екі тамшының арасын
жіңішке етіп қосып, жабын шынымен жабыңдар. Осы препаратты микроскоп арқылы қарасаңдар,
кірпікшелілердің таза су тамшысына қарай өткенін байқайсыңдар. Бұл кірпікшелілердің химиялық
заттың әсеріне қалай жауап беретініне мысал болады.
Егер мектепте микроскоп өте аз болса, сабақтан тыс уақытты пайдалануға болады.
Мұндайда зертханалық жұмысты әрі оқушы жеке істей алады.
5. Кірпікшелі кебісшенің тітіркенгіштігіне қорытынды жасап, дене бөліктерінің тұсына атауларын
жазыңдар. Ол үшін дәптерге кебісшенің суретін салыңдар.
Қорытынды.
№2 Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Шұбалшаңның мінез – құлығын: оның қозғалуын, тітіркендіргіштерге жауап
қайтару реакциясын бақылау.
Мақсаты:шұбалшаңның тіршілік әрекетін анықтау
Құрал-жабдықтар: 1) екі (болмағанда үш) оқушыға бірден келетіндей етіп шұбалшаң әзірлеу; 2)
осынша мөлшерде стакан немесе шыны ыдыстар; 3) қолға ұстап қарайтын ұлғайтқыш әйнек; 4)
шыны таяқшалар; 5) пияздың пиязшығы; 6) қалта электр шамы. Құрттарды шыны ыдысқа салып,
оқушылардың үстелдеріне тарату.
Жұмыс барысы.
1.Ылғалды және құнарлы топырақты үлескіден шұбалшаңның ірі дарақтарын тауып алу.
2. Шыны ыдыстағы шұбалшаңды қолмен сипап, анықтап қараңдар. Шұбалшаңның ұзындығын
сызғышпен өлшеңдер. Денесінде неше буылтық бар екенін санаңдар. Шұбалшаңның денесі
саусақпен сипағанда қалай әсер ететінін бпйқаңдар. Терісінің саусаққа қалай сезілгенін айтыңдар.
3. Шұбалшаңның аузы қалай орналасқанын, денесінің алдыңғы және соңғы бөлігін анықтап,
ажыратыдар.
4. Шұбалшаңның арқасы мен құрсақ жағында қандай айырмашылық болатынын байқаңдар. Құрт
денесіндегі қылтандарының қалай орналасқанын ұлғайтқыш әйнекпен анықтап қараңдар.
Шұбалшаңның әр түрлі тақтайшаға (әйнек, ағаш, топырақ себілген) жіберіп, қалай қозғалатынын
бақылаңдар.
5. Шұбалшаңның денесін шыны таяқшамен түртіңдер. Байқағандарыңды дәптерге жазыңдар. Пияз
пиязшығын алдына тастағанда шұбалшаң қандай айла жасайтынын бақылаңдар. Шұбалшаңға
қалта электр шамымен жарық түсіріп көріңдер. Оның шұбалшаңға қалай әсер еткенін дәптерге
жазыңдар.
Шұбалшаңның тіршілік ортасына байланысты құрылысымен, қозғалысының ерекшеліктері
жөнінде қорытынды жаса: _______________________________
_____________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________
Біліміңді тексер: Суретке қанайналым жүйесін – қызыл, асқорыту – жасыл, жүйке – сары, зәр
шығару жүйесін – қоңыр түстерімен бояп көрсет.
№3 Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Шұбалшаңның сыртқы құрылысын зерттеу.
Мақсаты: шұбалшаның сыртқы құрылысын бақылау
Құрал-жабдықтар: 1) екі (болмағанда үш) оқушыға бірден келетіндей етіп шұбалшаң әзірлеу; 2)
осынша мөлшерде стакан немесе шыны ыдыстар; 3) қолға ұстап қарайтын ұлғайтқыш әйнек; 4)
шыны таяқшалар; 5) пияздың пиязшығы; 6) қалта электр шамы. Құрттарды шыны ыдысқа салып,
оқушылардың үстелдеріне тарату.
Қауіпсіздік ережесі:
1. Зертханалық құрал-жабдықтарды тек қана мұғалімнің рұқсатымен пайдалан.
2. Тірі табиғи объектілермен жұмыс істегенде ұқыптылықты сақта, оларды қолмен ұстамай шыны
таяқшаларды қолдан.
3. Ылғалды препараттарды сындырып алмай абайлап жұмыс істе.
4. Жұмыс аяқталғаннан кейін жұмыс орныңды ретке келтіріп, құралдарды мұғалімге тапсыр.
Жұмыс барысы:
1. Шұбалшаңның сыртқы құрылысын қара. Денесінің пішінін __________ ____________түсін
анықта. Құрттың денесіндегі буылтықтарды, бас, құйрық бөлімдерін, ауыз қуысын, аналь тесігін
және денесінің алдыңғы бөлігінде орналасқан 7 сақинадан тұратын белбеушені табыңдар. Оларды
суретке жаз.
1.__________________________________________________________
2.__________________________________________________________
3.__________________________________________________________
4.__________________________________________________________
5.__________________________________________________________
6.__________________________________________________________
Сурет_____________________________________________________________.
2. Шыны ыдыстағы шұбалшаңды қолмен сипап, анықтап қараңдар. Шұбалшаңның ұзындығын
сызғышпен өлшеңдер. Денесінде неше буылтық бар екенін санаңдар. Шұбалшаңның денесі
саусақпен сипағанда қалай әсер ететінін бпйқаңдар. Терісінің саусаққа қалай сезілгенін айтыңдар.
3. Шұбалшаңның аузы қалай орналасқанын, денесінің алдыңғы және соңғы бөлігін анықтап,
ажыратыдар.
4 Шұбалшаңның тіршілік ортасына байланысты құрылысымен, қозғалысының ерекшеліктері
жөнінде қорытынды жаса: _______________________________
_____________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________
Біліміңді тексер: Суретке қанайналым жүйесін – қызыл, асқорыту – жасыл, жүйке – сары, зәр
шығару жүйесін – қоңыр түстерімен бояп көрсет.
№4 Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Даяр ылғал препараттағы құрттың ішкі құрылысын қарап зерттеу.
Мақсаты: шұбалшаның ішкі құрылысын бақылау
Құрал-жабдықтар: 1) екі (болмағанда үш) оқушыға бірден келетіндей етіп шұбалшаң
әзірлеу; 2) осынша мөлшерде стакан немесе шыны ыдыстар; 3) қолға ұстап қарайтын
ұлғайтқыш әйнек; 4) шыны таяқшалар; 5) пияздың пиязшығы; 6) қалта электр шамы.
Құрттарды шыны ыдысқа салып, оқушылардың үстелдеріне тарату.
Қауіпсіздік ережесі:
1. Зертханалық құрал-жабдықтарды тек қана мұғалімнің рұқсатымен пайдалан.
2. Тірі табиғи объектілермен жұмыс істегенде ұқыптылықты сақта, оларды қолмен
ұстамай шыны таяқшаларды қолдан.
3. Ылғалды препараттарды сындырып алмай абайлап жұмыс істе.
4. Жұмыс аяқталғаннан кейін жұмыс орныңды ретке келтіріп, құралдарды мұғалімге
тапсыр.
Жұмыс барысы:
1.. Шұбалшаңның ішкі құрылысы қандай? Құрт денесінде қандай мүшелер бар екенін
және олардың қандай жүйеге біріккенін сурет арқылы анықта.
2. Шұбалшаңның тіршілік ортасына байланысты құрылысымен, қозғалысының
ерекшеліктері жөнінде қорытынды жаса: _______________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
________________________________
Біліміңді тексер: Суретке қанайналым жүйесін – қызыл, асқорыту – жасыл, жүйке –
сары, зәр шығару жүйесін – қоңыр түстерімен бояп көрсет.
Зертханалық жұмыс №3
Тақырыбы: Ұлулардың сыртқы құрылысын зерттеу және салыстыру. Тоспаұлудың (немесе
жүзім ұлуының) мінез-құлығын: оның қозғалуын, сыртқы тітіркендіргіштерге жауап қайтару
реакциясын бақылау. Бақалшағының пішінін, бақалшағының сыртқы және ішкі қабаттарының
құрылысын зерттеу. Әртүрлі тұщы су және теңіз ұлуларының бақалшақтарын зерттеу.
Мақсаты:
Құрал-жабдықтар: бақалшақ жинақтайтын ыдыс, сурет дәптері, әйнек.
Жұмыс барысы.
Ұлулардың сыртқы құрылысын салыстырып зерттеу үшін олардың қайда мекендейтінінен
хабардар болу керек.
Айқұлақ. Баяу ағатын өзендерде және түбі құмайтты, тұнбалы көлдер мен бөгендерде мекендейді.
Оны қолмен немесе шолпуықпен аулауға болады.
Жұмырлақ (шаровка). Көлдерде, тоғандарда мекендейді.
Түйіртек (горошинка). Жұмырлақ мекендейтін суларда кездеседі. Алайда ағынды суда тіршілік
етеді.
Шалшықшыл ұлу (лужанка). Бұлар ұсақ суқоймаларда мекендейді. Жұмырлақ, түйіртек және
шалшықшыл ұлуын аквариумда да ұстайды.
Тоспаұлу (прудовик) және қошқармүйіз (катушка). Өсімдіктер қаулап өскен, баяу ағатын
суқоймаларда мекендейді.
Жүзімдік ұлу. Жүзімдіктерде кездеседі.
Жалаңаш шырышты. Бау-бақшаларда, тас және өзге заттар астынан кездеседі.
1.Ұлулардың сыртқы қуысын салыстырып, зерттеу. Бақ, орман, өзен жағасынан өлген ұлулардың
бақалшағынан жинақтама жасау керек.
2. Олардың сыртқы көрінісін сызбанұсқа түрінде сызу. Ұлулар бақалшағы иірлерінің қалай
бұратылғанын анықтап, суретін салу. Бақалшақтар иірлерінің оңға немесе солға бұралғанын
анықтау. Жинақтамадағы ұлу бақалшақтарының астына ұлудың аталуын жазу.
3. Тірі ұлумен тәжірибе жасап, оның аяғын көру. Қалай жүретінін шыны үстінен ұлуды жүргізіп
бақылау.
Есте сақтаңдар!
Тірі ұлуларды тәжірибеге пайдалану соңынан табиғатқа еркіндікке босатуды ұмытпаңдар!
Қорытынды.
№6 Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Бөлме шыбынының сыртқы құрылысы. Жеміс шыбыны дрозофиланың дернәсілін
және ересек дарағын қарау.
Мақсаты:бунақденелілердің ішіндегі шыбының құрылысын анықтау
Құрал-жабдықтар: бөлме шыбыны, ұлғайтқыш әйнек.
Жұмыс барысы.
1.Бунақденелілер неліктен буынаяқтылар типіне жатқызылған?
2. Бунақденелілерді зерттейтін ғылым қалай аталады?
3. Бунақденелілер қалай көбейеді?
4. Бунақденелілердің табиғатта рөлі қандай?
Қорытынды.
№7 Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Бау және бақша зиянкестерінің жинақтамасын зерттеп қарау. Зиянды
бунақденелілерді зерттеп білу.
Мақсаты. Бақшамызға келтіретін баунақденелілердің зерттеу.
Құрал-жабдықтар: Бау және бақша зиянкестерінің жинақтамасы, шегіртке.
Жұмыс барысы.
1. Бунақденелілер қалай көбейеді?
2. Көкқасқа шегіртке неге өте қауіпті зиянкес жәндік болып саналады?
3.Бунақденелілердің сыртқы құрылысын қарап, дене бөлімдерін тап. Оларды суретке жаз.
4. Қарастырылған буынаяқты жәндіктердің 3 класының өкілдерін салыстыра отырып, кестені толтыр.
Класс
Дене бөлімдері
Аяқтары-
ның саны
Мұртшала-
рының саны
Қанаттары
Көзі
Дене жабыны
Шаянтәріз-
ділер
Өрмекшітәріз-
ділер
Бунақденелі-
лер
Қорытынды жаса: қандай белгілеріне байланысты бұл жәндіктер бір типке біріктірілген:
__________________________________________________
_____________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________
_________________
Біліміңді тексер:
1.Шаршылы өрмекші қалай қоректенеді ___________________________________________
_____________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________
2. Бунақденелілердің басқа буынаяқтылардан айырмашылығы неде ____________________
_____________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________
3. Фасетті көздер дегеніміз не _____________________________________________________
_____________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
Зертханалық жұмыс №8
Тақырыбы: Тірі балықтарды бақылау. Олардың сыртқы құрылысын зерттеу. Қабыршақтары
бойынша балықтың жасын анықтау. Балықтың қаңқасын зерттеу. Балықтардың ішкі құрылысын
зерттеу.
Мақсаты:балықтардың құрылысын зерттеп,танып білу
Құрал-жабдықтар: аквариумдағы балықтар (егер бар болса), балықтардың ылғалды
препараттары, сыртқы құрылысы бейнеленген бедерлі заттар, суреттер, ұлғайтқыш әйнектер.
Жұмыс барысы.
1.Аквариумда жүзіп жүрген балықтардың дене пішініне, бөлімдеріне көңіл бөліп, балықтың бас,
тұлға, құйрық бөлімдерін ажырата білу. Балықтың сыртқы құрылысының суретін дәптерлеріне
салып, дене бөлімдерін белгілеу.
2. Балықтың денесінің түсіне (арқа жағы мен құрсағына) назар аудару.
3. Ұлғайтқыш әйнекпен балықтың жеке қабыршағын қарап шығып, оның балық тіршіліндегі
маңызын білу.
4. Бас бөлімінен қос танау тесігін табу. Салған суретке көзін, танау тесігін белгілеу.
5. Басының екі жағында орналасқан сүйекті желбезек қақпағын табу. Желбезек қақпағы балықтың
тынысалу мүшесі – желбезектерді сыртынан жауып тұрады. Балықтың аузы мен желбезек
қақпағының қозғалу ерекшеліктеріне бақылау жасап, олардың бірімен-бірінің байланысын
анықтау.
6. Балықтың тұлға бөлімінен бір жұп көкірек, бір жұп құрсақ, сыңар арқа құйрық, аналь
жүзбеқанаттарын тауып, салған суретке белгілеу. Әрбір жүзбеқанаттардың атқаратын қызметін
ажырата білу.
7. Балықтың екі қапталындағы бүйір сызығын тауып, салған суретке белгілеу.
8. Жұмыс соңында балықтың суда тіршілік етуіне байланысты сыртқы құрылысындағы
бейімделушілік белгілерді атап көрсету және дәптерге жазып алу.
Сабақты қорыту кезінде оқушылардың зертханалық жұмыстарды орындау барысын өз
беттерінше талдау жасауларын және қорытынды пікірлерін тексеру.
Негізгі көңіл бөлінетін ұғымдар: балықтың дене пішіні, дене бөліктері, қабыршақтары,
бүйір сызығы, танау тесігі, қабағы жоқ көздері, желбезек қақпағы, шырышты жабыны, жұп және
сыңар жүзбеқанаттары, денесінің түсі, суда қозғалу ерекшеліктері.
Балықтың сыртқы құрылысының суретін салып, әрбір мүшелерін белгілеп келу. Балықтың
суда тіршілік етуге бейімділік белгілерін талдап жазып келу.
Қорытынды.
Зертханалық жұмыс №9
Тақырыбы: Тірі бақаларды бақылау. Бақаның сыртқы құрылысын зерттеу. Бақаның қаңқасын
зерттеу. Даяр ылғал препараттан бақаның ішкі құрылысын зерттеу.
Мақсаты: бақалардың құрылысын анықтау
Құрал-жабдықтар: бақаның суреті, ылғалды препараты, табиғи қаңқасы, бақаның сыртқы
құрылысы мен қаңқасының сызбанұсқасы, балықтың сыртқы құрылыс мен қаңқасының
сызбанұсқасы, ылғалды препараты.
Жұмыс барысы.
1.Бақаның суретінен, ылғалды препаратынан дене пішінін, бөлімдерін, балықпен салыстыра
отырып талдау, айырмашылығын анықтау.
2. Бақаның дене бөлімдеріне, аяқтарының ерекшеліктеріне көңіл аудару. Сызбанұсқадағы
суретімен салыстыру.
3. Бас бөліміндегі екі көзіне, жұп танау тесігіне, орналасу ерекшелігіне, ортаңғы құлақ қуысын
жауып тұрған дабыл жарғағына, көздің айналасындағы қозғалмалы қабақтарына көңіл бөлу.
4. Алдыңғы және артқы аяқтарының құрылыс ерекшеліктеріне (бөлімдеріне, буын арқылы
байланысына, артқы аяғының саусақтарының арасындағы терілі жүзу жарғағына) ерекше назар
аудару.
5. Бақаның қаңқа бөлімдерін (бассүйегін, омыртқа жотасын, белдеулері мен аяқтарын) балықтың
қаңқасымен салыстыру.
6. Бақаның омыртқа жотасынан – мойын , тұлға, сегізкөз және құйрық бөлімдерінің
ерекшеліктерін балықтың қаңқасымен салыстыру, айырмашылығын анықтау.
7. Бақаның сыртқы құрылысы мен қаңқасының құрлықта тіршілк етуіне сәйкес ерекшеліктерін
табу және есте сақтау.
Біліміңді тексер: Қосмекенділердің сыртқы құрылысына тән белгілерді оқы. Олардың қандай
ортаға сәйкес бейімделушіліктері екенін анықтап кестеге толтыр.
А. Терісі жұқа, тегіс, ылғалды, үнемі сұйықтық бөліп тұратын бездері бар.
Б. Артқы аяқтарының саусақтарының арасында терілі жүзбежарғақтары бар.
В. Денесі тегіс
Г. Көз бұршағы дөңес, жан жаққа қозғалады, жұқа терілі қабақтары болады.
Д. Үстіңгі жақ сүйектерінің алдында танау тесіктері бар.
Е. Екі алдыңғы және екі артқы аяқтары қозғалмалы буын арқылы байланысқан 3 бөліктен тұрады.
Артқы аяқтары алдыңғысына қарағанда қысқа және саусақтары бар.
Ж. Көздерінде қасаң қабықшасы бар.
З. Басы тұлғамен қозғалмалы байланысқан (жоғары, төмен)
И. Басында ортаңғы құлақты жауып тұратын дабыл жарғағы бар.
Сулы ортаға бейімделу белгілері
Құрлыққа бейімделушілік белгілері
Қорытынды.
Зертханалық жұмыс №10
Тақырыбы: Тірі кесірткені (улы емес жыланды және тасбақаны) бақылау. Олардың сыртқы
құрылысын зерттеу. Кесіртке мен бақаның қаңқаларын салыстыру.
Мақсаты: жорғалаушылардың құрылысын бақылау
Құрал-жабдықтар: кесіртке, бақаның, кесірткенің қаңқалары, суреттер.
Жұмыс барысы.
1.Жорғалаушыларға қандай жануарлар жатады?
2. Жорғалаушылардың жүрегінің құрылысы қандай?
3. Қазақстанда тасбақалардың қандай түрлері кездеседі?
4. Жорғалаушылардың тері жабының ерекшеліктерін атаңдар? Жорғалаушылар қандай отрядтарға
бөлінеді?
5. Қазақстанда улы жыландардың қандай түрлері кездеседі?
6. Жорғалаушылардың қаңқа құрылысндағы ерекшеліктерді атаңдар.
7. Гаттерияның өзіне тән қандай белгілері бар? Жорғалаушылардың қосмекенділермен ұқсас және
айырмашылық белгілерін сипаттаңдар.
Қорытынды.
Зертханалық жұмыс №11
Тақырыбы: Құстардың сыртқы құрылысы. Қауырсынды жамылғысы және қауырсындарының
әртүрлі типтері. Құстардың қаңқасының құрылысы, құстардың ішкі құрылысы (даяр ылғалды
препараттан).
Мақсаты: құстардың құрылысын мен жүйесін анықтау
Құрал-жабдықтар: құстардың суреттері, тұлыптары жеке қауырсындары, табиғи қаңқасы.
Оқулықтағы суреттер, қаңқа сызбанұсқасы. Қауырсын құрылысының сызбанұсқасы. Балықтың,
бақаның, кесірткенің қаңқалары, сызбанұсқалары.
Жұмыс барысы.
1.Құстардың дене бөлімдеріне, қауырсындарына қарап, өздеріне тән ерекшеліктерін табу. Үстіңгі,
астыңғы тұмсықтарына, алдыңғы аяқтарының қанатқа айналғандығына, сирақ, жіліншіктеріндегі
мүйізді қабыршақтарға көңіл бөлу.
2. Жеке қауырсынды қарап, оның қаламын, сояуын, пәрін анықтау.
3. Жабын, бағыт беруші, мамық қауырсындарының орналасуына ерекше көңіл бөлу.
4. Құстар қаңқасының ерекшеліктеріне назар аударып, қаңқасынан ұшуға бейімділік белгілерін
табу.
5. Ұшатын құстардың төс сүйегінен, оның қыртөсін (киль), күрделі сегізкөзді, жіліншікті табу.
6. Омыртқа жотасының бөлімдеріне, кеуде қуысындағы қабырғалардың құрылысына көңіл бөліп,
ерекшеліктерін анықтау.
7. Құстардың бассүйегіндегі ми сауыты мен көз ұясының үлкендігіне назар аудару.
Құс қаңқасы бойынша кесте толтырудың үлгісі:
Қаңқаның бөлімдері
Құрылыс ерекшеліктері
Қорытынды.
Зертханалық жұмыс №12
Тақырыбы: Тауық жұмыртқасының құрылысын зерттеу.
Мақсаты: үйдің тауықтың жұмыртқасын қарап,зерттеу
Құрал-жабдықтар: құстың шикі және піскен жұмыртқасы, құс жұмыртқасының ірілеу салынған
сызбанұсқасы, сапты ине, жайпақ табақша, ұлғайтқыш қол әйнегі.
Жұмыс барысы.
1.Алдымен жұмыртқаны жармай, бітеу күйінде пішініне, сыртқы қатты әкқабығына, қабықтағы
өте ұсақ ойыс шұрықтарға көңіл аудару. Ойыс шұрықтардың жұмыртқаның қай ұшында (үшкір
немесе доғал) жиірек болатынын ұлғайтқыш қол әйнегімен қарап анықтау, себебін түсіндіру.
2. Піскен жұмыртқадан неше қабаттан тұратынын суретке анықтап, олардың атқаратын қызметін
түсіндіру.
3. Ауа қуысы жұмыртқаның қай ұшында (үшкір немесе доғал) екенін белгілеу.
4. Жұмыртқаны ептеп жайпақ ыдысқа жарып, қанша бөлімнен тұратынын суретпен салыстыра
отырып анықтау.
5. Әр бөлімнің орналасуын, түсін, пішінін мұқият қарау, олардың атқаратын қызметін түсіндіріп
беру.
6. Жұмыртқадан ұрық табақшасы сарыуыздың қай жағында орналасқандығын табу, оның себебін
түсіндіру.
Қорытынды.
Зертханалық жұмыс №13
Тақырыбы: Тірі аңдарды бақылау. Сыртқы құрылысы. Сұтқоректілердің қаңқасының
құрылысын зерттеу білу. Даяр ылғал препараттардан ішкі құрылысын зерттеп білу.
Ескерту: зертханалық жұмыстарды орындауға қажетті құрал-жабдықтар болмаған жағдайда
оларды көрсетілімдермен немесе электрондық нұсқалармен алмастыруға болады.
Мақсаты: сүтқоректілердің сыртқы құрылысын мен ішкі құрылысын анықтап,зерттеу
Құрал-жабдықтар: сүтқоректілердің суреттері, ылғалды препараттары, сызбанұсқалары, қаңқасы.
Жұмыс барысы.
1. Сүтқоректілердің сыртқы құрылысындағы өздеріне тән белгілерді тауып, ерекшеліктерін
талдау.
2. Сүтқоректілердің қаңқасын талдау. Оқулықтағы суретпен салыстыру.
3. Ылғал препараттан ішкі құрылысындағы мүшелердің орналасу тәртібімен танысу. Ылғал
препарат болмаса, кестеден талдау.
Қорытынды.
Біліміңді тексер:
1. Сүтқоректілерде мойын омыртқаларының саны қанша;
2. Сүтқоректілерде құстармен салыстырғанда қандай мүшелер түзілген;
3. Сүтқоректілердің артқы аяғын құрайтын сүйектерін ата;
4. Иық белдеуіне қандай сүйектер жатады;
5. Сүтқоректілердің бассүйегі қандай бөлімдерден тұрады;
6. Алдыңғы аяғының сүйектерін ата;
7. Сүтқоректілердің тістері қайда орналасқан;
8. Қабырғаларының саны қанша;
9. Сүтқоректілердің қарны неше бөлімнен тұрады, оларды ата.
10. Сүтқоректілерде тістің топтарын ата.