Презентация "Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" 9 класс
Подписи к слайдам:
- Жаңа гуманитарлық білім.
- Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық
- Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты мақаласында бізге инженерлер мен дәрігерлер ғана емес, қазіргі заманды және болашақты терең түсінетін білікті гуманитарлық сала мамандары да ауадай қажет екенін айтты. Тарих пен саясаттану, әлеуметтану мен философия, психология, педагогика, экономика, мәдениеттану және филология ғылымдары бойынша студенттерге заманға лайық білім беруге қажетті жағдай жасауды тапсырды.
- Осы міндетті іске асыруға мүмкіндік беретін негізгі тетік ретінде “Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық” жобасы қолға алынды.
- Аударылатын кітаптарды таңдау үшін еліміздегі барлық оқу орындарынан ұсыныс жиналып, барлығы 800-ден аса оқулық атауы келіп түсті. Жинақталған тізімдердің негізінде бірнеше рет басылған, соңғы басылымы кейінгі 3 жылда шыққан, мазмұндық тұрғыдан бейтарап болуы қажет деген талаптарға сүйене отырып биылға 18 оқулық таңдалды.
- Іріктелген оқулықтарды аудару жұмысына Қазақстанның алдыңғы қатарлы оқу орындары мен 100-ден аса маман қатысуда.
- Париж университетінің профессоры Реми Хесстің «Философияның таңдаулы 25 кітабы» атты талдауы студенттерді көрнекті ойшылдар және олардың шығармаларымен француз философиялық мектебі тұрғысынан таныстырады.
- Белгілі француз ғалымы Реми Хесстің бұл кітабы жас оқырманды Батыстың аса көрнекті ойшылдары және олардың шығармаларымен таныстырады. Осы күрделі міндетті жеңілдету мақсатында, ол Батыс философиясы дамуының елеулі кезеңдерін көрсетеді деген 25 шығарманы іріктеп ұсынған. Бұл шығармалар әлемдік ақыл-ой дамуының белесті кезеңдері мен бай қазынасын танытады. Ежелгі заманнан бүгінге дейінгі философия тарихын қамтыған жинақ адамзат ақыл-ойының құнарлы нәрі мен көркем табиғатына енді ден қоя бастаған жас қауымға даналық мәйегін түсінікті де тартымды тілмен баяндайды.
- «Батыс философиясының жаңа тарихы» оқулығының авторы – Оксфорд университетінің вице
- канцлері, Британ академиясының президенті болған Сэр Энтони Джон Патрик Кенни. Төрт
- бөлімнен тұратын оқулық философия ілімінің ежелгі заманнан бүгінге дейінгі дамуын толық
- қамтиды.
- Сэр Энтони Кенни Батыс философиясының жаңа тарихы жөніндегі еңбегін 400 жылдан, яғни
- христиандық және исламдық ой-сананың негізін салушылардан бастап, қайта өрлеу дәуіріне
- дейінгі аралықты қамтитын кезеңді баяндау арқылы жалғастырады.
- Орта ғасыр – философияның гүлдену кезеңі. Энтони Кенни Британ академиясының
- президенті және Оксфорд университетінің вице-канцлері болған. Ол ақыл-ой философиясы, дін
- философиясы және философия тарихы жөніндегі көптеген танымал кітаптардың авторы, сондай
- ақ Аристотель, Акуинолық Томас, Декарт және Витгенштейннің өмірбаяндарына арналған ғылыми-көпшілік еңбектер жазған.
- Дерек Джонстонның «Философияның қысқаша тарихы» әр дәуірдегі ғылыми жаңалықтар
- мен тарихи оқиғаларды, әдеби және көркем туындыларды философиятұрғысынан
- талдайды.
- Дерек Джонстонның «Философияның қысқаша тарихы» атты бұл еңбегіне философиялық
- ойдың даму тарихына айрықша үлес қосқан танымал 15 ойшылдың шығармашылығы
- топтастырылған. Автор Батыс дәстүріндегі көрнекті философтардың негізгі еңбектері
- мен теорияларын оқырмандарға кезең-кезеңмен таныстыруды көздейді.
- Кітап тарауларында философтардың өмір сүрген дәуіріне шолу жасалып, сөз болатын
- шығармалардың негізгіидеяларын талдауға басымдық берілген.
- Ежелгі Жер орта теңізі маңындағы философияның тууы және өркендеуі, ойлау мен пайымдаудың өрісі жөніндегі бұл тамаша тарихи баян Батыстағы ой мен қоғам дамуының бағыт-бағдарына арналған. Сэр Энтони Кеннидің бұл кітабындағы әңгіме өзегі Пифагор мен Фалестен басталып, философия алауын христиан ғасырына табыстаған қасиетті Аугустинмен аяқталады. Тарихи баянның тақырыптық арқауы философияда туындаған сауалдарды келесі екі мың жылдыққа мұра етіп кеткен және әр кезеңдегідей дәл бүгін де ықпалы бәсеңсімеген екі үлкен тұлға – Платон мен Аристотельге негізделген. Бұл – Батыс өркениетінің түп-тамырын түсінгісі келетін орта үшін философия тарихына арналған төрт бөліктен тұратын топтаманың бірінші томы.
- Дуэйн және Сидней Шульцтің «Қазіргі психология тарихы» пәнінің қалыптасу кезеңінен бүгінгі күнге дейінгі дамуын қамти отырып, роботтар мен
- жасанды интеллект секілді жаңа құбылыстарды психология тұрғысынан талдайды.
- «Қазіргі психология тарихы» кітабының 11-басылымы – психология пәні бойынша
- қазақ тіліне аударылған санаулы еңбектердің бірі. Психологияның пән ретінде
- қалыптасуынан бастап, ондағы түрлі ағымдар мен көзқарастарды ойшылдардың жеке
- өмірі мен оған айтылған сын пікірлер арқылы баяндайтын оқулық аталмыш саладағы соңғы
- жаңалықтарды да қамтиды. Бұл оқулық психология саласын зерттеп,
- зерделеп жүрген мамандар мен оқытушыларға және психология пәнін арнайы оқитын
- жоғары оқу орнының студенттері мен аталған ғылымға
- қызығушылық танытатын оқырман қауымға арналған.
- Дэвид Майерс пен Жан Туенждің «Әлеуметтік психология» оқулығының 12-басылымы
- аталған пәннің негізгі бағыттарын толық қамтиды. Кітапта күнделікті өмірде кездесетін
- әлеуметтік құбылыстардың психологиялық астары жан-жақты қарастырылған. Жеке тұлға,
- топ ішіндегі қарым-қатынас, тұлғаның түрлі әлеуметтік процестердегі рөлі, негізгі қызметі,
- даму өрісі сияқты әлеуметтік құбылыстардың психологиялық заңдылықтары заманауи
- зерттеулермен толықтырылып, тәжірибелік мысалдармен дәйектелген.
- Америка тілшілері қоғамының президенті Виктория Фромкин бастаған ғалымдар тобының
- «Тіл біліміне кіріспесі» тілдік өзгеріс, тілді меңгеру, жазба тілдің негіздері, тіл және адам
- миы сияқты мәселелерді жаңаша талдайды.
- 12 тараудан тұратын кітапта тіл ғылымы, фонетика, грамматика, морфология мен синтаксис
- мәселелері баяндалады. Тілдік өзгеріс, тілді меңгеру, жазба тілдің негіздері, тіл және адам
- миы сияқты жекелеген мәселелер де қамтылған.
- Гарвард университетінің профессоры Эллиот Аронсонның бұл еңбегі әлеуметтік психологияға адам
- табиғаты мен болмысы арқылы жол салған ерекше туынды. Оқулық атауының қазақша баламасы
- – «Көпке ұмтылған жалғыз. Әлеуметтік психологияға кіріспе». Атты кітабы әлеуметтік психологияның
- жаңа қырларын ашады. Мамандар бұл ілімді, cалыстырмалы түрде, ғылымның жас саласы деп
- есептегенмен, оның алғышарттары Аристотель заманында-ақ көрініс тапқан.
- Аронсон әлеуметтік психологияның ғылыми сала ретінде қалыптасып, өзіндік орнын иеленгендігін
- негіздеген. Бұл еңбек әлеуметтік психологияға жаңаша қарауға, ең бастысы, адам психологиясындағы
- ерекшеліктерге мұқият болуға баулиды.
- Қазіргі әлеуметтану ғылымының ең беделді өкілі, Корнелл университетінің профессоры Джордж
- Ритцердің “Әлеуметтану теориясы” ғылымының өзекті мәселелерін классикалық және қазіргі
- көзқарастарды ұштастыра отырып талдайды.
- Бұл кітапта авторлар әлеуметтану ғылымының өзекті мәселелерін классикалық және қазіргі
- Көзқарастармен ұштастырған. Кітаптың бірінші бөлімінде ежелгі дәуірдегі әлеуметтік
- ой мен сол кезең өкілдерінің көзқарастары, әлеуметтану ғылымының негізін салған ойшылдардың
- өмірбаяны мен басты идеялары, екінші бөлімінде қазіргі әлеуметтану теориясының негізгі мектептері
- туралы сөз болады.
- Дэвид Бринкерхоф бастаған америкалық әлеуметтанушылардың «Әлеуметтану негіздері» оқулығы қоғам және оның құрылымы жөнінде кең мәлімет беріп, пәннің негізгі ұғымдары мен зерттеу әдістерін жан-жақты саралайды.
- «Әлеуметтану негіздері» оқулығы қоғам және оның құрылымы, қоғамдағы түрлі әрекеттер мен мінез
- құлықтар туралы, адамның рухани және материалдық мәдениеті мен құндылықтары жөнінде кең
- мағлұмат береді. Оқу құралы әлеуметтанудың негізгі ұғымдарын, зерттеу әдістері мен теорияларын
- саралап, әлеуметтанушы мамандардың оқу орнындағы, үкіметтегі, бизнестегі, коммерциялық емес
- ұйымдардағы және қоғамдағы рөлін көрсетеді
- Халықаралық кәсіпкерлік білім беру ұйымының жетекшісі Дональд Куратконың “Кәсіпкерлік: теория, процесс,
- практика” атты оқулығы кәсіпкерлік құбылысын жан-жақты зерттей отырып, студенттерді кәсіпкер болудың қыр
- сырына үйретеді.
- Кітаптың мақсаты – оқырманды кəсіпкерліктің үздік тəжірибелерімен таныстырып, тəжірибелік жəне
- эксперименттік оқыту əдістері арқылы кəсіпкерлікке қажет дағдыларды сіңіру. Кітап бизнесі бар кəсіпкерлер мен
- болашақта кəсіпкер болғысы келетін жастарға, жоғары жəне кəсіби оқу орындарының студенттері мен
- оқытушыларына, кəсіпкерлікті зерттеп жүрген қауымдастыққа, осы салаға қызығушылығы бар қалың оқырманға арналған. Сондай-ақ, қазақ тіліндегі МВА курсының оқулығы ретінде ұсынылады.
- Дүниежүзілік Давос экономикалық форумының президенті Клаус Швабтың «Төртінші индустриялық революция»
- атты туындысы қазіргі технологиялардың адамзат өміріне алып келетін түбегейлі өзгерістері туралы
- баяндайтын осы күнгі әлемдік меселелердің бірі.
- Бұл төртінші революция ауқымы, қарымы мен күрделілігі революция жағынан да осы уақытқа дейінгі адамзат
- тарихындағы құбылыстардың барлығынан асып түседі. Жасанды интеллектінің, роботтандырудың, робот
- автомобильдердің, 3D басып шығарудың, нанотехнологияның, биотехнологияның дамуымен және тағы да
- толып жатқан ғажайыптардың пайда болуымен барлық салада қарыштап көкке өрлейтін, таңғаларлық
- технологиялық дүмпуге куә болмақпыз.
- Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры Светлана Тер-Минасованың «Тіл және
- мәдениетаралық коммуникация» атты оқулығы түрлі ұлт және мәдениет өкілдерінің өзара
- ұғынысып, тіл табысуы үшін не маңызды екенін егжей-тегжейлі түсіндіреді.
- Бүгінгі техника мен байланыс құралдарының дамуымен жеке адамдар арасындағы,
- ұлтаралық,мәдениетаралық байланыс еш кедергісіз, саяси немесе экономикалық
- шектеудіелемей, табиғи жолмен еркін өріс алуда. Сондықтан өзге жұрттың тілі мен
- мәдениетін игеру, онымен етене араласа білудің маңызы бұрын-соңды болмаған дәрежеге көтеріліп отыр.
- Британдық философ, публицист, дінтанушы Карен Армстронгтың бұл кітабы әлемнің 30-дан астам тіліне аударылып, миллиондаған таралыммен шыққан, дінтанудағы аса көрнекті еңбектің бірі. Кітаптың қазақша
- басылымы «Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану баяны» деп аталды.
- Кітаптың шеңберінде монотеизмнің тұтас тарихын қамтыған – Ыбырайымнан біздің заманымызға, антикалық
- философиядан ортағасырдағы мистицизмге, Қайта өрлеу мен реформашылық дәуірдегі рухани ізденістерден
- қазіргі заманғы скептицизмге дейінгі Жаратушының тану тарихын баян еткен. Яхудилік, христиандық пен
- исламның өрісі аясында адамзат ақыл-ойының Жаратушы туралы ұғым-түсінігінің даму кезеңдерін көрсеткен.
- Карен Амстронг – ағылшын ғалымы.
- Рикки Гриффиннің «Менеджмент» оқулығы алғаш рет 1984 жылы жарық көрген. Содан бері ондаған тілге аударылып, дүние жүзіне екі миллион данамен таралды.
- «Менеджмент» оқулықтың қазақ тіліндегі алғашқы басылымы ағылшын тіліндегі он екінші басылым негізінде дайындалды. Кітап менеджмент саласында қалыптасқан дәстүрлі түсініктермен қатар, жаңа ұғымдар мен тұжырымдарды да қамтиды
- Гарвард университетінің профессоры, танымал макроэкономист Грегори Мэнкьюдің «Экономикс» атты еңбегі экономикалық теория, идеялар мен құбылыстарды мейлінше қарапайым әрі ұғынықты жеткізетін оқулық ретінде танылып, әлемнің 25 тіліне аударылған.
- Оқулықтың басты артықшылығы – автордың экономиканы оқырман көзқарасымен көрсететінінде. Зерттеулерде анықталғанындай, бұл оқулық қолдануға өте ыңғайлы және бизнеске бағдар бола алады. Нақтылықпен жазылған мәтін саясат пен экономика теориясын еркін түсіндіреді.
- Әлемнің үздік университеттерінде кеңінен қолданылатын профессор Алан Барнардтың бұл еңбегі антропологияның
- ғылым ретінде қалыптасуына шолу жасап, антропология туралы заманға сай, пәнаралық түсінік қалыптастырады.
- Алан Барнард антропология пәнінің қалыптасуындағы көзқарастардың даму тарихын зерттеп, теориялар мен мектептердің
- шығу тегін талдап, түрлі идеялар төңірегіндегі пікірталасты сараптап, жүйелеген. Кітап мазмұны антропология
- ғылымының қалыптасу тарихын, ондағы эволюция теориясы туралы тұжырымдарды, диффузионистік және тарихи
- мәдени аймақтар теорияларын, функционализм және құрылымды функционализм, әрекетке негізделген теорияларды,
- процессуалдық және маркстік көзқарастағы зерттеулерді, релятивизм, структурализм мен
- постструктурализмнің түрлі салаларын және енді ғана қалыптасып жатқан интерпретациялық және постмодернистік
- көзқарастарға қатысты тақырыптарды кеңінен қамтыған.
- Ли Энн Пек, Ph.D., – Грили қаласындағы Солтүстік Колорадо университеті Коммуникация мектебінің журналистика және медиа зерттеулер профессоры.
- Бұл кітап студенттер мен жас мамандарға бұқаралық ақпарат құралдары саласында кездесетін этикалық мәселелерді шешу жолдарын көрсетуге арналған. Еңбекке жарнама, жаңалықтар, қоғамдық қатынастар саласында жұмыс істейтін жас мамандар тап болған күрделі мәселелер мен шынайы оқиғалар арқау болған. Әрбір жағдаят кеңінен баяндалып, қатысушылар әрекеті арқылы жан-жақты ашылып көрсетіледі.
Педагогика - еще материалы к урокам:
- Мероприятие "Осенняя гостиная" 5 класс
- Открытое внеклассное мероприятие "Русь моя, люблю твои берёзы"
- Презентация "Русские богатыри - былинщики"
- Презентация "Современные аспекты духовно - нравственного воспитания детей"
- Презентация "Выставка стен - газеты: «Гуляет лето по планете!»"
- Воспитательное занятие "В гостях у лесовичка"