Конспект урока "Білім беру саласында жаңа технологиялардың пайдалану мүмкіндігі" 11 класс
Білім беру саласында жаңа технологиялардың пайдалану мүмкіндігі .
И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалы колледжінің
оқытушылары. Басхожаева Н. Ә, Асқарова Ұ.М.
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,
ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында».
Н.Ә Назарбаев.
ХХІ ғасырда әлемдегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа
стратегиялық бағдарламалар, қоғамның ашықтығы, оның жедел
ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды
түбегейлі өзгертті.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде
оқытушылардың инновациялық іс-әрекетінің ғылыми- педогогикалық
негіздерін меңгеру маңызды мәселелердің бірі. Жаңа кезеңдегі озық
педагогикалық және әдістемелік идеяларды ой елегінен өткізіп , бүгінгі заман
талабына сай біршама өзгерген және жаңа жағдайларды қолдану ерекше
маңызға ие болып тұр. Сол себепті білім беру саласында болып жатқан
өзгерістерге сәйкес қоғам сұранысына байланысты жоғары мәдениетті ,
білімді де білікті жеке тұлға қалыптастыру – бүгінгі күнде өзекті мәселеге
айналуда. Білім берудегі басты мәселе : білім алушы айналаны танып білу,
одан өзіне қажеттісін таңдай алу, өз бетінше ізденіп білімін, тәжірибесін
молайту болып отыр. Осылайша ұйымдастырылған оқу ғана тұлғаның
жекелік, ақпараттық, кәсіби деңгейін арттырып, дамуына жол ашады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы »Заңында: « Білім беру
жүйесінің басты міндеті- ұлттық және азаматтық құндылықтар мен практика
жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға
бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа
технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық
ғаламдық коммуникациялық желіге шығу» -деп атап көрсеткен.
Жаңа технологиялар мен жұмыс істеу үшін мынадай алғышарттар
қажет: оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу, оқушылардың
сабақтастығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру, оның
ғылыми-әдістемелік, оқыту- әдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне
үнемі талдау жасап, назарда ұстау, пәндік білім стандартымен жете танысу,
білімді деңгейлеп беру технологиясын игеру арқылы оқушыларға білімді
мемлекеттік стандарт деңгейінде игеруге қол жеткізу, оқыту үрдісін
ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу.
Бүгінгі күні инновациялық әдістер мен ақпараттық технологияларды
қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін
дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат
болып айқындалады.
Оқу-тәрбие үрдісінде қолданып, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген жаңа
технологияларға ақпараттық технологиялар, сыни ойлауды дамыту
технологиясы, саралап оқыту технологиясы, оқушылардың белсенділігін
арттыруда ойын технологияларын жатқызуға болады.
Жаңа технологияларды қолдану оқу процесін сапалы түрлендіруге,
жаңашыл жобаларды енгізуге, оны тиімді басқаруға негіз болып, әрбір білім
мекемесінде өзіндік даму жолын табуға, әрбір оқытушыға өзінің өзінің
әдістемелік жүйесін құруға септігін тигізеді. Сондықтан қазіргі кезеңде
оқытудың инновациялық технологияларын оқу орындарының практикасына
белсенді түрде ендіру- қоғам талабы.
Ақпараттық – комуникациялық технология жағдайындағы жалпы оқыту
үдерісінің функциялары ретінде оқыту, тәрбиелеу, дамыту, сезімді ояту,
бақылау-түзету анықталады. Ол оқушының ой өрісін, жігерін, күш-қайратын
қажет етеді және олардың дамуына жағдай жасайды. Сонымен қатар
компьютерлік оқыту оқушылармен шығармашылық пікір талас жүргізуге
жол ашады және оқушының ойлау қабілетін арттырады.
Жаңа ақпараттық технология дегеніміз- білім беру ісінде ақпаратты
даярлап , оны білім алушыға беру үрдісі. Бұл үрдісті іске асырудың негізгі
құралы компьютер болып табылады. Қазіргі заманда білім беру сферасы
жаңа сапалы деңгейге еніп, оқу үдерісінде компьютерлік технологияны
желілік технологияларды, мультимедиялық технологияларды жаппай
қолдану міндетін атқаруда. Компьютердің мүмкіндіктерін психологиялық
жәнке дидактикалық тұрғыда талдап, керек кезінде педагогикалық талаптарға
сай қолдану, ішкі тиімділігіне көңіл бөлу оқытушының шеберлігі болып
табылады.
Сыни ойлауды дамыту технологиясының ерекшелігі оқушылар оқу үрдісін
басқарып қана қоймай, көбіне дербес басқаратын болады, жеке жұмыстың
көлемі азайып, ұжымдық іс-әрекет білім игеруде орта қарым –қатынас
құралына айналады.Сабақ барысында жеке , топтық жұмыстар әзірлеу,эссе,
бақылау жұмыстары, әртүрлі кесте, пікір алмасулар сияқты танымдық-
рефлекциялық әрекеттер арқылы оқушылардың өздері үшін маңызды болған
мәселелер қарастырылады. Сыни тұрғыдан ойлау технологиясында
ақпараттар негізінде сапалы шешім қабылдауға, ақпараттарды өз бетімен
табуға, талдауға, іріктеу жасауға ақпаратты өңдеуге , жүзеге асыруға
мүмкіндік береді. Бұл технологияның тиімділігі сол, оқушының құзіреттілігін
арттырып қана қоймай, өздігінен жан-жақты білім алуына, ойын ашық айта
алуға, бірін –бірі сыйлауға үйренеді.
Оқушының қызметін және белсенділігін арттыру негізінде ойын
технологияларын пайдаланудың маңызы зор. Сабақ- оқытушының ізденісінің
нәтижесі. Сабақ барысында ойын элементтерін пайдалану оқушылардың ой-
өрісін танымдық белсенділігін арттырады. Оқушыларды тапқырлыққа
баулып, зейінін, ойлау қабілетін дамытып, білім-танымын кеңейтеді. Ең
бастысы оқушының ой ниеті мен сапасын ынталандырып, әр тарауды оқып
аяқтаған соң , ойын сабақтар ұйымдастырудың да маңызы бар.әсіресе
пысықтау сабақтарында қолдану тиімді. Оқушылардың танымдық ой
белсенділігін қалыптастыруда ойын технологияларын пайдалану
оқушыларды өз бетінше ізденуге, тапқырлыққа баули отырып, сабаққа деген
ынтасын арттырып, логикалық ойлауын, әртүрлі терминдер мен заңдылық,
құбылыстарды есте сақтауға көмектеседі.
Қазіргі білім беру саласында оқытудың педагогикалық технологияларын
меңгермейінше сауатты, жан-жақты білгір маман болу мүмкін емес. Жаңа
педагогикалық технологияны меңгеру оқытушының зейінін, кәсіптік,
адамгершілік, рухани азаматтық және басқада көптеген ұстаздық келбетін
қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып , оқу-тәрбие үдерісінің
жүйелі ұйымдастырылуына көмектеседі. Қандай да сабақтың болмасын
қызықты өтуі –оқытушының үнемі іздену , ұтымды әдіс-тәсілдерді қолдану ,
оқыту әдістемесін жаңартып отыруына байланысты. Қазіргі күні инновация
деп жаңа технологияларды айтса , сонымен бірге жаңа идеялар мен
үдерістерді бірлікте жетілдірудің де жүйесі.Сондықтан оқыту мен тәрбиедегі
жаңартудың нысаны болып табылады.Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты
білім алып, білік пен дағды, іскерлікке қол жеткізу , соның негізінде дербес ,
әлеуметтік және кәсіби біліктілікке ақпаратты өзі іздеп табу , талдау және
ұтымды пайдалану, жылдам қарқынмен дамып келе жатқан бүгінгі дүниеде
лайықты өмір сүруді қажет етеді.
Ғылым мен техниканың жедел дамыған,ақпараттық технология күшейген
заманда , ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып,адамның қабілеті мен
талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті. Ол бүгінгі білім
беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару-оқытушының ізденімпаздылығы
және шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқытушының
қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке шығармашылыққа тәрбиелеуді
жүзеге асыратын жаңашыл технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалу
қажет. Өйткені, мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үдерісін
ұйымдастыру жаңа технологияны ендіруді міндеттейді.
«ХХІ ғасырда білімі дамымаған елдің тығырыққа тірелері сөзсіз»-
делінген президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың 18 ақпан 2005жылғы Қазақстан
халқына Жолдауында. Бұл мәселе жалпы білім беретін оқу орындарына
айтылғаны белгілі. Сол оқу орындарында толыққанды сапалы білім алған,
оның бағдарламасын толық меңгерген ұрпағымыздан болашақта жақсы
маман, білімді азамат шығары анық. Біз қадам басқан ХХІ ғасыр жан-жақты
дамыған ,білімді өз ісіне және өзгенің ісіне әділ баға бере алатын, өзіне
сенімді, Отанының әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлесн қоса
алатын азамат тәрбиелеуді талап етіп отыр. Оқу –тәрбие үдерісінде жаңа
технологияларды ендірудің алғышарты- оқытушылардың инновациялық іс-
әрекетін қалыптастыру. Жаңа технологияларды меңгерген әрбір оқытушы өз
сабағын нәтижелі даму жағынан көре алады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің
қатарына кіру стратегиясы. Алматы: Егемен Қазақстан, 2006.№ 16
2. Қазақстан Оеспубликасының «Білім туралы» Заңы Астана 2007ж
27 шілде
3. А.Иманбаев «Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі» Қазақстан
мектебі, №2,2000ж
4. «Қазақ тілі мектепте» журналы , Ақатаева Г, «Ойын элементтері
сабақта», №4,2008ж
История - еще материалы к урокам:
- Разработка урока "Апогей культа личности Сталина" 11 класс
- Конспект урока "Азамат соғысы" 11 класс
- Конспект урока "Истоки «перестройки». Экономические реформы в годы «перестройки»" 11 класс
- Конспект урока "Коммунистический союз молодёжи Казахстана" 11 класс
- Конспект урока "Англия мемлекети" 6 класс
- Конспект урока "Менің коммуникативті қарым - қатынастарым" 10 класс