Конспект урока "Азамат соғысы" 11 класс

Сынып: 11 Пән: Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Азамат соғысы
Сабақтың мақсаты мен міндеттері:
Білімділік: Білім негіздерін кеңейту, тиянақтау, тақырып бойынша білім-білік
дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: Логикалық ойлау, тілін, пәнге деген қызығушылығын, қиялын,
берілген материалға өз бетінше талдау жасай білуін, өзара бақылау жасай білуін,
приборлар және құралдармен жұмыс жасай білуін, сын тұрғысынан ойлауды
дамыту.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, ойлау, есте сақтау, уақытты үнемдеуге,
шығармашылыққа, қоршаған ортада өз орнын таба білуге, жауапкершілікке,
табиғаты аялауға, сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:
- білімді бекіту сабағы
- білімін тексеру, түзету және бағалау сабағы
Көрнекілік құралдар: Интербелсенді тақта, карта
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
- оқушыларды тексеру
- психологиялық дайындық
- сабақтың мақсатын хабарлау
- топқа бөліну
ІІ.Қайталау, білімді бақылау: Сұрақ-жауап әдісі арқылы интербелсенді тақтамен
жұмыс.
Азамат соғысы мемлекет ішінде билік үшін сол ел азаматтарының өзара соғысы.
Қызыл армия большевиктер (Кеңес одағын құрушылар).
Ақгвардияшылар меньшевиктер (Уақытша және патша үкіметін
қолдаушылар).
Азамат соғысының алғышарттары:
Кеңестердің өкіметті басып алуы құлатылған таптардың күшті қарсылығын
туғызды.
Большевиктердің экономикалық саясаты және оны іске асыру әдістері
экономикалық дағдарысты жоя алмады.
1-топ: Шетелдік интервенцияның басталу себептері: Постер жасау және қорғау.
Антанта және АҚШ І дүниежүзілік соғысты соза түсіп, Ресейді әлсіретуді
ойластырды.
Халықаралық империализм Ресей үлгісі өз елдеріне таралады деп қауіптенді.
Кеңес үкіметі монополистердің патша үкіметіне және уақытша үкіметке
берген қарыздарын қайтарудан бас тартты.
2-топ: Шетелдіктердің Кеңес өкіметіне енуі:
1918 жылы наурызда ағылшын, француз, американ әскерлері Мурманскіге,
Архангельскіге енгізілді.
1918 жылы сәуірде Қиыр шығыста Жапон интервенциясы басталды.
3-топ: Интервенттер Ресейге басып кіргеннен бастап ішкі контрреволюция
күштерімен одақтасты:
Ақ гвардияшыларды қару-жарақпен, қаржымен жабдықтады.
Біріккен соғыс операцияларын жоспарлады.
Антанта Ресеей аумағындағы Чехословак корпусын соғыс күші ретінде пайдалануды
ұйғарды.
ІІІ. «Не? Қайда? Қашан?» ойын арқылы сабақты өрбітеміз.
Азамат соғысының басталуы.
1. 1918 жылдың жазындағы Кеңес елі үшін ең басты қай майдан болды? (Шығыс
майданы).
2. 1920 жылы қай қалада халықты әскерге тұңғыш рет күштеп жинау
жарияланды? (Түркістан).
3. 1918 жылғы күзде қай жерде кеңестік тұңғыш қазақ атты әсер полкі құрылды?
(Бөкей Ордасы).
4. Дала өлкесінің төтенше комиссары: (Ә.Жангельдин).
5. Қазақ атты әскер бригадасы саяси бөлімінің меңгерушісі: (Б.Қаратаев).
Партизан соғысы.
1. Қазақ жеріне кімдердің басқаруында казактар тобы ерекше қатігездік
көрсетті? (Атаман Дутов пен Анненков).
2. 1918 жылдардың аяғында Анненков тобы Лепсі уезінің қандай қоныстарын
өрттеп жіберді? (Петровский, Пятигорское, Подгорное).
3. 1918 жылы маусым мен 1919 жылы қазанда қандай қорғаныс болы? (Черкасск
қорғанысы).
4. Партизан қозғалысының ірі орталығы: (Атбасар уезінің Мариновка қонысы).
5. Семей облысын ақ гвардияшылардан азат етуге құрамында 200 қазақ бар
қандай атты партизан полкі көмектесті? (Алтайдың қызыл ту қырандары).
Қазақ өлкесіндегі майдандардың жойылуы. Пікір алмасу, картамен жұмыс.
ІV. Қорытынды:
Азамат соғысының салдары: Ой толғау
8 млн адам қаза тапты;
Мал саны күрт азайды;
Қазақ ауылдары мен қыстақтар материалдық жоқшылыққа ұшырады;
Қатігездік пен зорлық-зомбылықтың күшейтілуі үрей және ертеңгі күнге
сенімсіздік туғызды.
V. Бағалау: «Бес саусақ»
VІ. Рефлексия: «Білім ағашы»
VІІ. Үй тапсырмасы: Азамат соғысы тақырыбына 10 тест сұрағын құру.