Конспект урока "Ойлай отырып, ойнайық!"

онспект урока) «Ойлай отырып, ойнайық!»
Өткізілген күні:11.11.2015 жыл
Тақырыбы: «Ойлай отырып, ойнайық!»
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.мектеп алды дайындық тобы
тәрбиеленушілерінің шығармашылық қабілеттерін ойын арқылы дамыту.
Сабақ түрі: ойын түринде өткізу, тренинг сабағы
Сабақ әдісі: ойын түрінде өтеді
Қажетті құралдар пайдаланатын: суреттер, слайд көрсету.
Ұйымдастыру:
Тренинг барысы және ережесі
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Көңіл - күйлерің қалай, жақсы ма? Ендеше, бүгінгі
ойын сабағымызды бастамас бұрын, әрбір ойынды ойнағанда мына ережелерді
есімізге сақтап алайық, сонда ойынымыз сәтті өтеді.
*Күлімсіреу;
*Бір - біріне кедергі жасамау;
*Өзгенің пікірін сыйлау;
*Сөзді бөлмеу, тыңда;
Барысы:
«Достық тренингі». Топ мүшелерін біріктіру, топта жағымды ахуал құру,
жұмыс белсенділіктерін арттыру.
Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Өз есімін теңеу сөздермен(өзін қалай
атаған ұнайды?) таныстырады да, бір - бірінің қолдарынан ұстайды. Жаттығу
осылай жалғасады, барлық қатысушылар қамтылу керек. Соңында «достық
шеңбері» пайда болады.
ІІІ. «Шеңберді бұзып кір!». Қатысушылар шеңбер болып тұрады. Олардың
біреуі шеңбердің сыртына шығып, қалғандары қол ұстасады және бір - біріне
тығыз тұрады. Басты ойыншы кез келген әдіспен, күшпен, айла - амалмен
шеңбердің ішіне кіру керек.
ІV. «Белсенді әріптер».
Әр топқа әр түрлі әріптер көрсетіледі және 1 минуттан уақыт беріледі. Сол
берілген уақыт ішінде тек тиесілі бір топ ғана көрсетілген әріптен сөз ойлап
айтып, жарысады. Бұл ойында балалардың ойлау қабілетін арттыруға
бағытталады.
Талдау жүргізу
Балалар, ойын ұнады ма? Жауап беру қиынға соқты ма?
V Түрлену
Шарты: берілген әр түрлі аңдарды, жеміс - жидектерді, мамандықтарды, т. б.
ым - мимика, яғни пантомима әдісімен қимылдап бейнелеу, көрсету. Қалған
балалар жасырылған бейнені табады.
VІ. «Ертегі ойлап табу!». Суретке қарап қызықты ертегі, әңгімені ойдан
құрастыру. Әңгіме, ертегілер кейіпкерлерінің суретін көрсете отырып, балалар
сол сурет бойынша ретімен өз ойларынша ертегіні өзгертіп, қияли түрде
құрастыру қажет. Бір оқушы басын бастаса, келесі оқушы жалғастырады.
Талдау: 1. Ертегі ойлап шығару қиын болды ма?
2. Жан - жануарлардың бір - бірімен тату болғанын қалайсыңдар ма?
VІІ. «Ойлан тап ойыны
1. Айгүлдің алдында 3 зат тұр: кітап, доп, қарындаш (немесе т. б. нәрселер)
қойылады.. Допты қозғамай қалай шетіне қоюға болады?
2. Үстел үстінде 4 алма тұр (немесе т. б. нәрселер). 1 алманы алып, ортасынан
бөліп қайтадан қояды. Үстел үстінде неше алма болды?
VІІІ. «Ойлан, не болуы мүмкін?!»
Егерде,
«... ертегі кейіпкеріндегі бауырсақ болсаң,...»
«... адамдар құстарша ұшуды үйренсе,...»
«... иттер адамша сөйлесе бастаса,...»
«... су құбыры кранынан шырын аға бастаса,...»
ІХ. «Күлегештер»(смайликтер) салу. Балалар бүгінгі ойын - тренингтерден
алған әсерлерін, көңіл - күйлерін ақ қағаз бетіне күлегештерді сала отырып, ол
арқылы өзінің көңіл - күйін көрсетеді, салады, өз еркісімен әсемдеуге болады.
Қорытындылау
-Жақсы, балалар, бүгінгі ойын сабағымыз сендерге жақсы көңіл - күй сыйлаған
екен, оны қолдарыңдағы күлегештердің көңіл - күйі арқылы байқап тұрмын.
- Осылайша, сабақтарда ойындарды ойнағанда үнемі дұрыстап ойланып,
белсенді ойнасаңдар, өздеріңнің ақылды бала екендеріңді дәлеледеп,
көрсетесіңдер. Бақытты балалық шақтарыңда әрдайым өмірде күлімдеп,
ақылды болып жүріңдер!
- Сау болыңдар, балалар!