Конспект урока "Сан есімнің емлесі" 6 класс

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
К.МАКПАЛЕЕВ АТ. №4 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ
Сан есімнің
емлесі
ҚҰРАСТЫРҒАН: ЗАИРОВ СЛЯМ РУСЛАНОВИЧ
2014 2015 оқу жылы
Күні: 06.12.14 Пәні:қазақ тілі Сыныбы: 6 «А»
Сабақтың тақырыбы: Сан есімнің емлесі
Сабақтың мақсаты: жинақтық және болжалдық сан есім туралы алған
білімдерін бекіту;сөйлем ішінен сан есімдерді ажырата білу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдіс-тәсілдері: талдау,практикалық,көрнекілік.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Сыныпқа кіремін, оқушылармен амандасу:Сәлеметсіңдерме балалар!
түгелдеу,оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген жаттығуды тексеремін.
174-жаттығу. Сөйлемдерді оқып,сан есімдерді мағыналық түрлеріне,жасалу
жолына қарай ажыратыңдар.
177-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, құрамындағы сан есімдерді мағыналық
түріне қарай ажыратыңдар.
б) Жаңа сабақты түсіндіру :
1. Күрделі сан есімнің әр сыңары бөлек жаазылады. Мысалы: жүз бір,жиырма
бесінші,бір мың тоғыз жүз сексен бес, т.б.
2. Цифрмен таңбаланатын дара және күрделі сан есім
Кітаппен жұмыс :
172-жаттығу. Берілген есептік сан есімдерден топтау сан есімдерін жасап,
оларды дәптерлеріңе сөзбен жазыңдар.
Үлгі: үш-үштен, бес-бестен, . . .
3,5,10,8,6,2,40,70,80,100,1000.
173-жаттығу.Сөзбен берілген есептік сан есімдерден реттік,болжалдық және
топтау сан есімдерін жасап жазыңдар.
Үлгі: реттік сан есім: жүзінші, . . .
болжалдық сан есім: жүздеген,жүз шамалы,жүзге тарта,жүздей, . . .
топтау сан есім: жүз-жүзден, . . .
Жүз,елу,алпыс,тоқсан,мың.
175-жаттығу. Бөлшектік сан есімдерді қатыстырып сөйлем құраңдар.
Бүкіл оқушылармен жұмыс : Цифрмен берілген бөлшектік сан есімдерді сөзбен
жазыңдар.
; ; 2 ; 12,5; 28 ; ; ; 1 ; 76,02.
Білімді бекіту :
Топтау сан есім дегеніміз не?
Сұрақтары қандай?
Бөлшектік сан есім дегеніміз не?
Рефлексия:
«___» сынып оқушысы _____________________________________
Бүгін мен білдім
_____________________________________________________________________
__
Қызықты болды
...___________________________________________________________________
____
Қиын болды
_____________________________________________________________________
__
Пайдалы болды
_____________________________________________________________________
__
Мен жаттығуларды орындадым
_____________________________________________________________________
Сабақта түсінгенім ________________________________________________
Бағалау : Сабаққа қатысып отырған оқушылардың білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма :
Сабақ аяқталды! Сау болыңдар!