Конспект урока "Зат есімнің жіктелуі. Білімді тиянақтау" 4 класс
Сабақтың тақырыбы:Зат есімнің жіктелуі . Білімді тиянақтау.
Сабақтың мақсаты:
Зат есімнің септелуін, жіктелуін оқушылардың қалай түсінгенін тексеру.
Сабақта ойын түрлері арқылы тапқырлық ізденімпаздылық қасиеттерін
дамыту, ой белсенділігін артыру. Оқушылардың ойлау қабілетін,шапшаңдық
жылдамдық және көрегендік қасиеттерін дамыту. Сауаттылыққа,
ұйымшылдыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу.
Қолданатын модульдер: «Сыни тұрғыдан ойлау» , «АҚТ- ны пайдалану»,
«оқу үшін бағалау және оқытуды бағалау»
Сабақтың стратегиялары:
«Топтасу», «миға шабуыл» топпен жұмыс, талдау, жаттығу орындау, ойлау,
дәлелдеу, бағалау, рефлексия 2 жұлдыз, 1 тілек.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу.
Топқа бөліну. Бірінші , екіншіге саналу. Топтар орындарына отырып, топ басшысын сайлайды,
топ ережесін еске түсіреді.
2. Психологиялық икем. Берілген амалдарды орындап, қорытынды шығару (1 слайд)
810:90+2
5+120:60
3+100:25
200*4-793
- Қандай сан шықты?
- 7 қандай сан?
- Қазақ тілінде 7 тең не бар?
- Олай болса үй тапсырмасын тексерейік?
II. Үй тапсырмасын қорытындылау үшін сәйкестендіру тестін орындайық (2 слайд)
А. С гүлдің, әженің, заттың
І. С. демалысты , сөйлемді, шалғыны
Б.С. жастан, өзеннен, үйден
Т.с ата- аналар, дәптер, Айғаным
Ж.с сабақта, кітапханаға, ініге
Ш.с оқушымен, отпен, пойызбен
К.с ауылда, мектепте, халықта.
- тексеру, әр топты бағалау.
III. Білімді тиянақтау.
Жақсы балалар үй тапсырмасын дұрыс орындаппыз, үй тапсырмасы түсінікті
болса келесі мына сұрақтарға жауап берсеңдер
1) «Миға шабуыл» стратегиясы бойынша: (6 слайд)
1. Балалар сендер қандай сөз таптарын білесіңдер?
2. Зат есім дегеніміз не?
3. Зат есім қалай түрленеді?
4. Көптік жалғауларды атаңдаршы.
5. Зат есімде қанша септік бар?
6. Зат есім неше жақта тәуелденеді? І -менің, ІІ-сенің, сіздің, ІІІ-оның
7. Зат есім қалай жіктеледі? жекеше, көпше түрінде
8. Сөйлемде қандай қызмет атқарады? (баяндауыш)
Әр топты бағалау.
2).Олай болса балалар біз бүгінгі сабағымызда зат есімнің жіктелуі туралы
білімдеріңді тиянақтаймыз, пысықтаймыз. Ол үшін біз арнайы
тапсырмаларды орындауымыз керек.
- Дәптерімізді ашып бүгінгі күнді жазайық.(7 слайд)
- Көркем жазу: Қ қ
- Сұрақ – жауап:
- Қ- қандай дыбыс?
- Қ дыбысы кездесетін ай аттарын атаңдар.
- Сөйлемді жазу: Желтоқсан, қаңтар, ақпан- қыс айлары.
3). Топтастыру «Мен кіммін?» әр топ өз ойларын жазады. (8 слайд)
- Бір сөйлем құрастырып жазып, сөйлем мүшесіне талдаңдар.
Әр топты бағалау.
4). Келесі кезекте балалар біз сендермен терме диктантын жазайық. (9 слайд)
Мен сендерге сөздерді оқимын, ал сендер тек жіктік жалғауы бар сөздерді
жазып алыңдар.
Суретшінің, мұғаліммін, еңбекпен, даланы, кірпіштен, жылқыға, қалада,
қағазбен,адаммын, Арайсың, қонақтан, ағаш, әншіні, әншімін ,өсімдіктің,
гүлдер,отқа, доспын, адамның, темірден, үстелде.
Диктанты тексеріп, әр топты бағалау.
5). Сергіту сәті. (10 слайд)
Ұлттық биі «Қара жорғаны» билеп бір серігіп алайық.
6). Өздік жұмыс: Берілген сөздерді жекше , көпше түрде жіктеп жазайық.(11
слайд)
I топ : Жұмысшы
II топ : суретші
7). «Адасқан жалғаулар» ауызша сөздердің жалғауларын жалғап, сөйлемдер
құрастыру.Әр топтарды бағалау. (12 слайд)
8).Енді оқулықтағы 2-жаттығуға қарайық. Сөйлемді көшіріп жаз. Зат есімнен
болған баяндауыштарды тауып, астын сыз. Қай жақта тұрғанын айт.
Сендер бақытты ұлансыңдар. Әлбек-талантты әнші. Диас кітапханаға
барды. Біз тату баламыз. Жақсы оқып жүрмісің? Үлкендерді сыйлаңдар.
Әр топты бағалау.
IV. Сабақты қорытындылау: Ойын «Кім жылдам» Берілген сөздерден
жіктеп, септеп, тәуелдеуге болатындарын таңдап ал , дәлелде. (14 слайд)
Азамат, қалам, оқулық, шәкірті, орындық, ақын
Әр топты бағалау. Рефлексия: 2 жұлдыз, 1 тілек
Әр оқушы өзінің бүгінгі сабақтан алған әсерімен, сабақтан ұнаған жерлерін
жазып, оқып, апарып тақтаға іліп шығады.
V. Үйге тапсырма беру: 5 – жаттығу. (15 слайд)
Сабақ аяқталды сау болыңыздар! (16 слайд)
Бағалау парағы.
Оқушы
аты
Үй
тапсырма
сы
Сәйкестен
діру тесті
Миға
шабуыл
Мен
кіммін
Терме
диктанты
Сөздерд
і жіктеу
Сөйлемдер
ді жазу
«кім
жылдам
»
Қорытын
ды
Сабақтың тақырыбы: Етістік
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Етістік заттың қимылын, іс - әрекетін білдіретіні туралы
түсініктерін қалыптастыру үшін сөйлемдерге сұрақ қоя отырып, етістіктерді таба білуді
үйрету.
Дамытушылық: Оқушылар сөздік қорын молайтып, ойын, тілін, шығармашылығын дамыту. Өз
ойларын тез әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, интерактивті тақтамен жұмыс, өзіндік
жұмыс
Көрнекілігі: интерактивті тақта, оқулық.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
- Сәлемдесу.
- Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу.
Психологиялық дайындық
Қайырлы таң досым,
Қайырлы күн болсын.
Сәрсенбінің сәті
Сәттілікке толсын.
Біздің алар бағамыз,
Кіл бестіктер болсын!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Әр қатар тәуелденген сөздерді оқиды.
«Тез ойла, сөз ойла» ойыны арқылы өткен сабақты пысықтап, жаңа сабаққа дайындық жасау.
Не? ------------------Кім?
... қоздайды ... емдейді
... құлындайды ... оқытады
... лақтайды ... ұшады
... боталайды ... тігеді
... бұзаулайды ... жазады
- Балалар, біз қандай сұраққа жауап беретін сөз таптық?
- Кім? Не? сұрағы кімдерге байланысты қойылады?
- Ол қай сөз табы?
- Зат есімнің ережесін сұрап, мысал келтіру.
- Балалар бүгінгі сабағымыздың қонағы кімдер?
- Мұғалімдер.
- Мұғалімдер не істеді? Мен не істедім? Сендер не істедіңдер?
- Нені аңғардық?
- Заттың қимыл іс - әрекетін аңғардық.
Ережені еске түсіріп, айту.
ІІІ. Жаңа тақырыпты, мақсатын хабарлау.
1. Оқушылардың етістік жайлы алған білімдерін еске түсіріп,
сөйлемдерге сұрақ қоя отырып етістікті таба білуге үйрету.
2. Заттың қимылын, іс - әрекетін білдіретіні туралы түсінік қалыптастыру.
3. Өз ойларын жүйелі жеткізуге дағдыландыру.
Бүгінгі сабағымыздың ұраны:
Сөйлейміз, оқимыз, жазамыз,
Бәрін білуге ұмтыламыз.
- Ендеше осы ұранымызды ұстана отырып сабағымызды бастаймыз.
IҮ. Жаңа сабақ
Дәптерге күн реті, тақырып, көркем жазу жазылады.
Оқулық материалдарымен жұмыс.
1 - жаттығудағы өлең жатқа жазылады. Оқушылар орындайтын тапсырмалары:
• өлеңнен етістіктерді тауып, астын сызу;
• етістіктерге сұрақ қою;
• дәрігер мамандығы туралы қысқаша әңгімелесу:
2 - жаттығудың мақсаты да оқушылардың назарын қимыл,
іс - әрекетті білдіретін етістік сөздерге не істеді? қайтеді? деген сұрақ қойылатынын аңғарту.
(Ауызша)
3 - жаттығу бойынша көп нүктенің орнына тиісті етістіктерді қойып, сөйлемдерді көшіріп
жазады. Етістіктердің астын сызып, оның қай сөз табымен байланысып тұрғанын сызба
арқылы көрсетеді.
1. Бағбан көктемде қураған бұтақтарды кеседі. 2. Ат жегілген арба келеді. 3. Асқардың туған
күніне достары доп сыйлады. 4. Аспанды қою бұлт қаптады. 5. Ақын өлең жазды. 6.
Әуежайдан әлемнің әр қаласына ұшақтар ұшады. 7. Құстар ағашты зиянкестерден қорғайды.
Сергіту кезеңі.
Қызықты грамматика.
«Бір сөзбен атаңдар» ойыны. Жалпы сынып ұжым бірігіп орындайды.
Төбе шашы тік тұрды (қорықты)
Жүрек жұтқан адам (батыл)
Бетінен оты шықты (ұялу)
Ит өлген жер (алыста)
Тас бауыр (мейірімсіз)
Тасы өрге домалады. (бағы жанды)
Жер соғып қалу (өкіну)
Тілінен бал тамды (шешен)
4 - жаттығу бойынша берілген тақырыптың суреттер арқылы әңгіме құрастырады. Құрастырған
мәтіннен етістіктерді тауып, астын сызады және етістіктердің қай сөз табымен байланысып
тұрғанын сызба түрінде көрсетеді.
Ү. Рефлексиялық – бағалау кезең.
♦ Үлкен ойын
«Табиғат тал бесік»
♦ Суреттегі заттарды олардың қимылын білдіретін сөздермен қосып жаз.
ҮІ. Сабақты қорытындылау
Сұрақтар:
1. 1. Қандай сөздер етістікке жатады?
1. 2. Етістікке қандай сұрақтар қойылады?
1. 3. Етістіктің қандай түрлерін білесіңдер?
ҮІІ. Үйге тапсырма.
ҮІІІ. Бағалау.
Тақырыбы:
Зат есімнің жекеше, көпше түрлері. Етістіктің шақтары.
Мақсаттары:
Жеке заттың атын білдіретін сөздер Етістікті қайталау арқылы, іс-
әрекетті мен әрекеттің, орындалатын, орын
көп заттың атын білдіретін сөз- далуға тиістілігі, орындал-
- ғанына қарай үш шаққа бөлі-
дер туралы түсінікті граматикалық нетіндігін ұғындыру.
тұрғыдан түсіндіру;
Өз ойларын дұрыс жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың ойлау қабілетін
дамыту;
Оқушылардың байланыстырып сөйлеу және сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру.
Түрі: жаңа сабақ
Әдісі: салыстыру, жинақтау, тест
Көрнекілігі: кесте, топшама, Венн көрсету.
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық дайындық.
Сабаққа біз келеміз, 4 пен 5 оқып біз
Сабақтан қалмаймыз біз. Өзгені біз жеңеміз.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру. Венн көрсету мен жұмыс.
1) Зат есім дегеніміз не? Етістік дегеніміз не?
ІІІ Жаңа сабақ
1) Көркем жазу
2) Сөздік диктант. Көру диктанты.
Бейбітшілік, әуе сыйлық, жүзім, Жақсы көрсең жазыласың,
Көрік, мейіз,жиен,жұлдыз, құндыз. Жаман алдында тарыласың.
(Асты сызылған сөздерді (Етістікті тауып, үш шақта жіктеп жаз. )
көпше түрде айт.)
3) Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу -ауызша
Суреттегі заттардың санын анықта , салыстырып оқы. Олардың бір- бірінен қандай
айырмашылық бар?
3) кестемен жұмыс-4 сынып.
Сөйлемдерді оқып етістікті
Мен болашақта мұғалім боламын.
Ақерке кітап оқып отыр.
Астанаға шетелден қонақтар келді.
-Іс- әрекеттің қай мезгілде болғанын анықтау (1 сөйлемде іс- ірекет әлі жүзеге
асқан жоқ. Болашақта болатынын айтылады. 2 сөйлемде іс- әрекеттің нақты
қазірболып жатқаны айтылады. Ал 3 сөйлемде іс- әрекеттің болып кеткендігі
айтылып тұр.)
- Ережені оқу.
Кім?не?
Кімдер? Нелер?
Не істеді?
Не қылды?
Қайтті?
4)Кестемен жұмыс - 2 сынып
Зат есім
жекеше
Кім?
Не? көпше
Кімдер? Нелер?
Ережені оқу.
Мысал келтіру.
4)Оқулықпен жұмыс- 4 сынып
1-жаттығу-осы шақ, келер шақ, өткен шақ етістіктері бар сөйлемдерді бөлек жазу,
етістіктерді тауып, астын сызу.
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар, алдымнан жел еседі.
Кіп- кішкентай ағаштар, биік болып өседі.
( осы шумақта зат есімнің көпше түрі мен етістктер барма?)
5) 2- сынып-3 жаттығу. Сөздерге көптік жалғаулар жалғап жаз-тақтаға орындау.
5) Өзіндік жұмыс-4 сынып- 2 жаттығу.
6) Өзіндік жұмыс 2- сынып 4 жаттығу- мәтінді оқы, көптік жалғанған сөздерді теріп
жаз.
-Нұрдаулеттің қылығына қандай баға бересің?
6) сурет бойынша жұппен жұмыс 4- сынып.
Сурет бойынша сөйлемдер құрастыру, етістіктер қай шақта тұрғанын анықта
IV.Бекіту
2- сынып: -зат есімнің неше түрі бар?
Жекеше түрі қандай сұрақтарға жауап береді?
Көптік жалғауларды ата.
Мысал келтір.
4- сынып: тест сұрақтары
1) Етістіктің шағы дегеніміз не?
А) іс- әрекеттің өту мезгілін білдіру етістігін шағы деп аталады.
В) іс- әрекеттің байланысы.
2) етістіктің неше шағы бар?
А) 2 В) 3 С) 1
3) Осы шақ іс- әрекетті қай мезгілде өтіп жатқанын білдіреді?
А) өткен В) осы С) келер
4) Өткен шақ іс- әрекетті қай мезгілде өтіп жатқанын білдіреді?
А) келер В) өткен С) осы
5) Келер шақ іс- әрекетті қай мезгілде өтіп жатқанын білдіреді?
А) келер В) өткен С) осы
V. Үйге тапсырма: 2- сынып -5 жаттығу, ережені жаттау.
4- сынып- 5 жаттығу, ережені жаттау.
VI. Бағалау.
Рефлексиялық отчет.
Мен, 22 ақпан күні, қазақ тілі пәнінен 2-4 сыныптарда ашық сабақ
өткіздім. 2 сыныптың тақырыбы: «Зат есімнің көпше және жекеше
түрі» , 4 сыныптың тақырыбы: «Етістіктің шақтары». Өткізген сабағым
бағдарламаға сай, жүйелі ұйымдастыру арқылы оқушылардың
сабаққа деген белсенділігі артты. Тапсырма орындау процесінде
салыстыру, жинақтау әдістерін қолдандым. Балалар сұраққа
жауаптарын толық емес немесе бір сөзбен берді.Сондықтан,
олардан толық жауап талап ету керек. Сурет бойынша жұппен
жұмыс жасанғанда , байқалмады. Ұжымдыққа баулу керек. Сабақты
бекіту кезеңінде, оқушылардың белсенділігі артты.
Начальная школа - еще материалы к урокам:
- Технологическая карта урока "Сыни тұрғыдан ойлауда. Блум таксономиясын қолданудың тиімділігі" 1 класс
- Конспект урока "Қайталауға берілген есептер" 4 класс
- Конспект занятия "Клубочки для котят"
- Интегрированное занятие "Апрель - середина весны"
- Конспект занятия "Котик, собачка и птички"
- Сценарий урока "Почему нужно мыть руки и чистить зубы?" 1-2 класс