Конспект урока "Зат есімнің жекеше және көпше түрлері" 2 класс

Сынып: 2 «А» Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы:Зат есімнің жекеше және көпше түрлері.
Мақсаты
Сабақтың мақсаты: Зат есімнің жекеше және көпше түрлері туралы түсінік беру, сөйлем ішінен таба
білуге үйрету.
Сабақтың міндеттері:
А) білімділік: оқушыларды зат есімнің жекеше және көпше түрлері туралы түсініктерін кеңейте
отырып сөйлем ішінен тауып сұрақ қоя білуге, сауатты жазуға дағдыландыру.
Ә) дамытушылық: ойын түрлері арқылы ізденімпаздық қабілеттерін, ой-өрісін дамыту, түрлі
тапсырмалар орындау барысында танымдық, іскерлік, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Б) тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, ауызбіршілікке бірін-бірі сыйлай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: кестелер, суреттер
Пәнаралық байланыс:әдебиеттік оқу
Күтілетін нәтиже
Психологиялық ахуал
Айналаға алақанмен,
Жылулықты шашайық.
Сәттілік тілеп, күлімсіреп,
Біз сабақты бастайық.
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Топқа бөлу
1-топ-« Талапты»
2-топ- «Білімді»
3-топ- «Алғыр»
Үй тапсырмасы
4-жаттығу.
Қызығушылықты ояту
Мына тапсырманы «Қолжетімді баспана- 2020» бағдарламасы бойынша өткіземіз.
адам
-лер
көйлек
бала
-дар
келін
әже
-тер
малдар
аға
-лар
көршілер
апа
-дер
туыстар
ыдыс
-тар
әке
-Көптік жалғауы жалғанып тұрған сөздерге сұрақ қой.
-Кімдер? Нелер?
Әр топтан бір оқушы шығып жауап береді.
Ойын: «Хат» (Ашықхатта сұрақтар жазылған).
1-топ-« Талапты»
- Зат есім дегеніміз не?
- Кім? Не? деген сұрақтар қай уақытта қойылады?
2-топ- «Білімді»
- Жалқы есім дегеніміз не? Мысал келтір.
- Жалпы есім дегеніміз не? Мысал келтір
3-топ- «Алғыр»
- Зат есімнің жекеше түрі мен көпше түрі деген не?
- Көптік жалғауларды ата.
Ашықхатта суреттер салынған, оларды көпше түрге айналдыр.
Мағынаны тану
1) Дәптерге күнді жазу
2) Оқулықпен жұмыс 1-жаттығу. (Тақтада орындайды )
Мәтінді оқы. Жекеше, көпше тұлғадағы зат есімдерді теріп жаз.
Қайың,ағаш,гүлдері,сырға дәрі, сыпырғыш, шеберлер,жеміс-жидек, себет, ыдыс.
-Мәтінді қалай атауға болады?
2-жаттығу. (Ауызша)
Өлеңді оқы.Зат есімдерді тауып, қай түріне жататынын анықта. Ж.Бақаев.
-«Әдебиеттік оқу» кітабынан төрт түлік туралы не оқыдың?
Есіңе түсір. (Төрт түліктің кеңесі)
Құлын, түйе, бота, төлі, ел, жал-құйрығы, жылқыны, қасиеті.
Сергіту сәті
Ал, балалар, тұрайық
Алақанды ұрайық.
Оңға қарап иіліп,
Солға қарай иіліп
Бір отырып, бір тұрып,
Бір тынығып алайық.
Орнымыздан тұрайық,
Белімізді жазайық.
Жоғары төмен қарайық,
Солға, солға түзу тұр.
Алға қарай бір адым
Бойымызға күш жинап
Бір дем алайық.
3-жаттығу. (Тақтада орындайды )
Көп нүктенің орнына көптік жалғауын қойып, өлеңді көшіріп жаз.
Ай бетінен із кескен,
Жұлдыздармен тілдескен.
Кең әлемнің қойнынан
Құпиялар іздескен
Астроном ағалар! М.Әлімбай.
4-жаттығу. (Топпен жұмыс)
3,4,5 сөйлемді тақтада,алғашқы 2 сөйлемді өз беттерінше орындайды.
Заттарын,машиналары,діңгектерді,автокрандар,балапандар,қамыстар, жеңімпаздар, жүлдегерлер.
Шығармашылық тапсырма
1- топ. Жұмбақ құра. Торкөзге оның жауабын жаз.
Жұмбақ ішінен зат есімдерді тап.
()
2-топ
Сөзжұмбақты шеш
1. Ас ішетін құрал. (Қасық)
2. Суда жүзетін үлкен қайық. (Кеме)
3. Жеті күн. (Апта)
4. Ең үлкен жануар. (Піл)
Сөзжұмбақтың шешуі болған сөздерге көптік жалғауын жалға. Зат есімнің жекеше түріндегі
бір сөзді, көпше түріндегі бір сөзді қатыстырып , екі сөйлем құрастырып жаз.
3-топ
Жаңылтпаштарды оқып, жалқы есімдерді тап.
1.Асхат қасқа ат мінді,
Мақсат басқа ат мінді.
2.Қайрат қайрақ қайрап отыр,
Қайрақпен балта қайрап отыр.
Ой толғаныс
Топшама№1
Сөздің түбірі мен қосымшаларын ажыратып жаз.
Қайратты,көмекші,жайлауда, еменнің, ағаштардың, терезелерден.
Үлгі: терезе-лер-ден.
Топшама№2
Жалқы есімдерді қатыстырып, сөйлем құрап жаз.
Құрманғазы, Орал, Жайық, Бибигүл, Астана.
Топшама№3
Көптік жалғауы бар сөздерді жекешеге айналдырып жаз.
Үлгі: Бақалар – бақа .
Бозторғайлар - ... .Саятшылар - ... .Аңдар - ... .Қасқырлар - ... .
Қорытындылау
Тест тапсырмалары. 4-нұсқа
Тапсырмалар
1
Зат есім нені білдіреді?.
2
Кім? сұрағына жауап беретін
сөзді тап.
3
Бөлме деген сөзге қойылатын
сұрақты тап.
4
-шы жұрнағы қай сөзге
лайық?
5
Мәтінді көрсет.
6
Жалқы есімдерді тап.
7
Жалқы есім қандай әріптен
басталып жазылады?
8
Кімдер? нелер? сұрағына
жауап беретін сөздерді тап.
9
Көптік жалғауларын көрсет.
10
Төмендегі мәтіннің
тақырыбын тап. Кәмилә әдепті
оқушы.Үлкендерді
тыңдайды.Кішілерге қамқор
болып жүреді.Үйде анасына
көмектеседі.
(Өзін - өзі бағалау)
10 9 балл – «5»
8 6 балл – «
5 3 балл – «
2 0 балл – «
Үйге тапсырм
5-жаттығу.Жаңылтпашты жатта.Күнделіктеріне жазып алады
Бағалау.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Кері байланыс
Қолдарындаға алманы алма ағашына жапсыру арқылы бүгінгі өткен сабаққа өз ойларын білдіреді.
Алманы өзі қалаған жерге жапсырады.