Технологическая карта урока "Азотты органикалық қосылыстар. Аминдер"
Тақырыбы
§27. Азотты органикалық қосылыстар. Аминдер.
Лабораториялық жұмыс № 15,16 «Анилиннің хлорсутекпен,
бром суымен әрекеттесуі», «Матаны қара анилинмен бояу»
уақыты
Білімділік
мақсаты:
дамытушылық:
тәрбиелік:
Оқушыларға аминдер,олардың құрылысы, изомериясы, номенклатурасы
алынуы,қолданылуы туралы білімді қалыптастыру;
аминдердің молекулалық ,құрылымдық формуласын құрастыру,атомдардың
өзара әсерін түсіндіре білу, аммиактың қасиеттерімен салыстыру білу
дағдысы мен біліктілігін жетілдіру,талдау,жүйелеу дағдыларын
қалыптастыра отырып дамыту,есте сақтау қабілеттерін дамыту,сөздік қорын
молайту
сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын
арттыру.
Сабақ типі:
Аралас сабақ
Сабақ өткізілу
түрі:
Мұғалімнің ауызша түсіндіруі, кітаппен өз бетінше жұмыс істеу,жаттығулар
орындау,тәжірибе көрсету.
Құралдар мен
реактивтер:
интерактивті тақта,анилин, концен.тұзжәне күкірт қышқылдары бром суы ,
сынауықтар, лакмус қағазы, фенолфталеин, спирт шамы, химиялық стакан,
1%-тік сілті ерітіндісі, калий дихроматы.
Ұйымдастыру
кезеңі:
(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)
-сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;
-оқушыларды психологиялық дайындау.
Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың
көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу
жоспарын көрсету.
1-2
Үй тапсырмасын
Сабақтың білімділік мақсаты:
5-7
тексеру кезеңі:
-үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ;
-білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында
қиындықтарды анықтау ;
-кеткен кемшіліктерді жою.
Айналым бойынша берілген тапсырманы тексеру.
Оқушыларды
білімді ,саналы
және белсенді
түрде меңгеруге
дайындау кезеңі:
1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын
айқындау.
Жаңа материалды оқып үйренудің практикалық қажеттілігін көрсету.
Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.Білімді жаңғырту.
(Актуализация )
Білімділік міндеттері: .
-оқушылардың білім алуға деген ынта-ықыласын жұмылдыру.
-оқушыларды білім алудың мақсаттарын анықтауға;
- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын
жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.
2.Оқыту проблемалары:
Аминдер.
1.Білімді жаңғырту:
• Қандай қосылыстар азотты органикалық қосылыстар деп аталады?
• Қандай қосылыстар нитроқосылыстар деп аталады?
• Қандай топ нитротоп деп аталады?
Қосымша 11-ЕТЖ-1, №10-9 жұмыс істеу (202бет)
3-4
Жаңа сабақты
түсіндіру
кезеңдері:
Білімділік міндеттері:
-Берілген материалды оқушылардың қабылдауын есте сақтауын қамтамасыз
ету;
- оқушылардың білімді қабылдауына,алған білімнен қорытынды
шығаруға,жүйелеуге қажетті түрлі әдіс –тәсілдерді үйрету;
-оқушылардың білімді қайта жаңғырту әдістерін қабылдауы;берілген оқу
материалын өз бетінше ұғынуға ,түсініктерді ,заңдарды, анықтамаларды
философиялық тұрғыдан түсінуге көмек жасау.
1.Мұғалімнің ауызша түсіндіруі :
1. Физикалық қасиеттері және құрылысы: кітаппен өз бетінше жұмыс
2. Химиялық қасиеттері:
1. Сутектің 5атомының электрон бұлты азот атомына қарай ығысады
да ,онда теріс заряд шамасы артады.:
*C2H5—NH2 +H2O ===== C2H5—NH3 + OН
Этиламин ион этиламмония
*C2H5—NH2 +HС1 ===== C2H5—NH3 С1
* 4CH3—NH2 +9О2 ===== 4CО2 + 10H2O+ 2N2
:Кітаппен өздік жұмыс: 255- 256 бет
****Метиламин:
CH3—NH2
****гексаметилендиамин:
NH2 (CH2)6NH2
15-20
****анилин:
C6H5—NH2
Анилин қышқылмен әрекеттеседі, анилиндегі амин тобындағы
азоттың жұп электронын бензол сақинасы өзіне тартатындықтан алифатты
аминдерге қарағанда аминдердің негіздік қасиеттері әлсіз болады.Азоттағы
электрон бұлтының тығыздығының азаюынан оның протонды тарту қабілеті
төмендейді де, негіздік қасиеті де әлсірейді. Анилинге мейлінше тән
реакциялар амин тобы менбензол ядросы арқылы жүретін реакциялар.
Амин тобы арқылы жүретін реакциялар:
C6H5—NH2 + H2SО4------------ C6H5—NH3 HSО4
C6H5—NH2 + НС1 ------------ C6H5—NH3С1
C6H5—NH3С1 + NаОH-------------C6H5—NH2 + NаС1 + H2О
Бензол ядросы арқылы жүретін реакциялар:
анилин алмасу реакциясына оңай түседі,мысалы бром суымен
әрекеттесіп 2,4,6- триброманилин түзеді.:
3. Алыну әдістері:
* Нитробензолды катализатор қатысында сутегімен тотықсыздандыру(
платина, палладий, никель):
C6H5-NO2 +3H2 ------C6H5—NH2 +2H2O
*Нитроқосылысты катализатор қатысында сутегімен тотықсыздандыру:
R-NO2 +3H2 ---R—NH2 +2H2O
*1842 жылы Н.Н.Зинин анилинді күкірсутегімен тотықсыздандырды:
3H2S------------ +3S + 2H2O
* Нитробензолды шойын үгінділері мен тұз қышқылы қатысында
тотықсыздандыру:
Fe + 2HCl---------FeCl2 +2H
C6H5-NO2 +6H ------C6H5—NH2 +2H2O
4. 11-Б-5 көрсету
Жаңа сабақты
қалай
қабылдағанын
алғашқы тексеру
кезеңі:
Білімділік мақсаты:
1. - оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;
-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;
- кеткен кемшілікті жою жұмыстары;
Лабораториялық тәжірибе №15
1. Сынауыққа бір тамшы1 анилинді тамызып, 8 тамшы сумен араластырып,
бір тамшысын лакмус қағазына тамызғанда түсі өзгермейді.Бұл қоспаға
бірнеше тамшы конц тұз қышқылын тамызғанда тұз фениламмоний хлориді
түзіледі, ол негіздік қасиет көрсетеді,бірнеше тамшы ф/ф, тамызса
таңқурай түске өзгереді. Егерде анилинге 3 тамшы бром суын қосса , ақ
түсті тұнба түзіледі.Бұл ароматтық сақина бойынша жүретін алмасу
реакциясы.
2-3
Білімді
қорытындылау
және жүйелеу:
-тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу;
-оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың
күрделілігін анықтау;
1.Фронталды сұрақтар қою:
Нитроқосылыстарға анықтама беріңдер.
2-3
Аминдер мен нитроқосылыстардың айырмашылығы неде.
Аминдердің номенклатурасы мен изомериясын түсіндіріңдер.
Аммиак пен метиламиннің құрылымдық және электорндық формулаларын
салыстырыңдар.
Білімді тексеру
және өз бетінше
тексеру кезеңі:
-оқушылардың өтілген материалды қаншалықты дұрыс меңгергенін
анықтау;
Оқушылардыңіс-әрекеті мен біліміндегі олқылықтарды анықтау.Кеткен
олқылықтардың себебін анықтау.
-оқушылардың өзін –өзі бағалау қабілеттерін дамытуға жағдай жасау.
Өзара тексеру(сұрақтар дайындау: жұппен жұмыс)
3-4
Үй тапсырмасын
беру кезеңі:
Білімділік міндеттері:
-оқушыларға үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы
түсінікті болуын қамтамасыз ету
1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар.
Параграф 27 -оқу, № 8-10 есеп шығару.(131- бет)
1-2
Сабақ
қорытындысын
шығару кезеңі.
- жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі
мен қорытындысын шығару. Баға қою.
1-2
Жаңа ұғымдар:
Аминдер
1-2
Педагогика - еще материалы к урокам:
- Технологическая карта урока "ЖМҚ туралы жалпы түсінік"
- Конспект урока "Амин қышқылдары"
- Конспект урока "Ауылшаруашылық дақылдарын егу және күтіп баптау"
- Классный час "16 декабря – день Независимости Республики Казахстан"
- Классный час "Эмоции и чувства"
- Конспект урока "Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында"