Технологическая карта урока "ЖМҚ туралы жалпы түсінік"

Тақырыбы
§30. ЖМҚ туралы жалпы түсінік.
уақыты
Білімділік
мақсаты:
дамытушылық:
тәрбиелік:
оқушыларға ЖМҚ туралы негізгі ұғымдар және терминдермен - мономер,
полимер, сополимер, полимерлерлену дәрежесі, құрылымдық буын,орташа
молекулалық масса, полимерлерлердің кеңістіктік түрлері(сызықты, тармақты,
торлы) туралы білімдерін жүйелеу ; полимерлерлердің формуласын құрастыру,
құрылымдық буынды мономерден ажырата білу,заттарды жіктей білу,
полимерлерлердің физикалық қасиеттерін түсіндіре білу, полимерлерлердің
практикалық маңызын туралы білім-білік дағдыларын
жетілдіру,талдау,қорытындылау біліктіліктерін дамыту;
сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын
арттыру.
Сабақ типі:
жаңа сабақ
Сабақ өткізілу
түрі:
мұғалімнің оқушының толықтыруымен ауызша түсіндіруі, кітап, 11-ЕТЖ-
1жаттығулар орындау, дәптермен жұмыс: кесте құру,негізгі ұғымдарды
жазу.
Құралдар мен
реактивтер:
Кітап, дәптер, интерактивті тақта, ,11-ЕТЖ-1,
Ұйымдастыру
кезеңі:
(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)
-сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;
-оқушыларды психологиялық дайындау.
Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін
сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.
1-2
Үй
тапсырмасын
Сабақтың білімділік мақсаты:
-үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ;
-білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды
5-7
тексеру кезеңі:
анықтау ;
-кеткен кемшіліктерді жою.
Айналым бойынша жаттығу тексеру.
Оқушыларды
білімді ,саналы
және белсенді
түрде
меңгеруге
дайындау
кезеңі:
1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын
айқындау.
Жаңа материалды оқып үйренудің практикалық қажеттілігін көрсету.
Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.Білімді жаңғырту. (Актуализация )
Білімділік міндеттері: .
-оқушылардың білім алуға деген ынта-ықыласын жұмылдыру.
-оқушыларды білім алудың мақсаттарын анықтауға;
- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын
жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.
2.Оқыту проблемалары:
1.Білімді жаңғырту:
ЖМҚ.
Фронталды әңгімелесу:
ЖМҚ деп нені түсінесіңдер?
Полимер, мономер, олигомер,полимерлену дәрежесі деген не?
3-4
Жаңа сабақты
түсіндіру
кезеңдері:
Білімділік міндеттері:
Берілген материалды оқушылардың қабылдауын есте сақтауын қамтамасыз
ету;
- оқушылардың білімді қабылдауына,алған білімнен қорытынды
шығаруға,жүйелеуге қажетті түрлі әдіс –тәсілдерді үйрету;
- оқушылардың білімді қайта жаңғырту әдістерін қабылдауы;берілген оқу
материалын өз бетінше ұғынуға ,түсініктерді ,заңдарды, анықтамаларды
философиялық тұрғыдан түсінуге көмек жасау.
1.Мұғалімнің түсіндіруі:
Жаңа сабақ жоспары:
Жоғары молекулалы қосылыстар туралы түсінік.
Макромолекула түрлері.
ЖМҚ синтездеу әдістері.
Полимерлердің қасиеті.
Біздің өмірімізді осы күнгі полимерлер заттарсыз елестету мүмкін емес.
Олар тіршілігінің барлық салаларында тұрмыста, техникада, ауыл
шаруашылығында, медецинада, т.б. көптеген жерлерде табиғи
материялдарды алмастырып, өмірге қажетті заттарға айналуда.
Соңғы жылдары ғалымдар алдын ала белгіленген қасиеттеріне мәйкес,
полимерлер алудың көптеген әдістерін тауып, жетілдіру жолында табысты
еңбек етуде. Қысқаша жоғары молекулалы қосылыстарды ЖМҚ немесе
полимерлер деп атайды.. Полимерлер –бұлар ірі молекулалар ,ондаған,
жүздеген мың молекулалардан тіпті кейде миллиондаған атомдардан
тұрады:
(--СН2СН2--)п (--С6Н10О5--)п
Полиэтилен крахмал
ЖМҚ алу үшін жұмсалатын шикізат,яғни мономерлер,мұнай химиясынан
алынады.Полимерлер алуға жұмсалатын қаныққан көмірсутектерді мұнай
және табиғи газдан бөліп алады(қанықпаған көмірсутектер мұнай және
табиғи газдар құрамында болмайды) .
Бутан----бутилен ----синтетикалық каучук
МЕТАН---------ацетилен----этилен----полиэтилен
Пропан----пропен------полипропилен
Полимер алынатын заттар-мономерлер деп аталады,ал полимер
молекулалары макромолекулар деп аталады. «n» әрпі полимерлену
реакциясында мономерлердің қанша молекуласының өзара әрекеттескенін
көрсететін шаманы полимерлену дәрежесі деп атаймыз.Полимердің
макромолекуласындағы қайталанатын атомдар тобын-құрылымдық буындар
деп атайды. Полимерлену дәрежесі тұрақты шама емес.Полимерлердің екі
өкілі – полиэтилен мен полипропиленді қарастырамыз.1.Олар сызықты
полимерге жатады.
Н СН3 Н Н Н СН3 Н Н
-----С----С-----С-----С-----С-----С-----С----С----
Н Н Н СН3 Н Н Н Н
Полиэтилен (-СН
2
-СН
2
-)
п
- қатты, ақ түсті, термоплпстикалық қолға майдай
сезілетін парафин тәріздес материал. Химиялық тұрақты, нашар жарық
беретін көгілдір түсті жалынмен жанады. Оған қышқылдар, сілтілер,
тотықтырғыштар әсер етеді. Суды, газды онша өткізбейді. Сондықтан азық-
түлікті орайтын материялды өндіруге, жұқа қабат жылыжайларды қаптауға
және үсіктен сақтау үшін жеміс-жейдектерді, көшеттерді жабуға
қолданылады. Сондай-ақ полиэтилан химиялық қондырғылар үшін тетіктер,
түтіктер құбырлар жасалады және ұй тұрмысына қажетті ыдыстар жасауға
қолданылады. Полиэтиленнің жоғары және төменгі қысымда алынатын
түрлері болады. Алғашқысынан жасалған материялдар 60-70
0
С-қа шыдаса,
соңғысынан 100
0
С-қа дейін шыдайтын бұйымдар жасайды.
Бұл құрылыс стереорегулярлы деп аталды,себебі радикалдар хаосты түрде –
тізбектің екі жағында орналасқан.Ғалымдар полимердің құрылысы
стереорегулярлы болса ,онда сапасының да жақсы болатынын дәлелдеген.
Н СН3 Н СН3 Н СН3 Н Н
-----С----С-----С-----С-----С-----С-----С----С----
Н Н Н Н Н Н Н Н
Бұл мысалдар А.М.Бутлеров қағидасы бойынша заттардың қасиеттері
олардың құрылысына тәуелді екенін тағы да дәләлдейді.
2.ЖМҚ құрылыстарының күрделілігіне байланысты полимерлердің массасы
деген ұғымның өзіндік ерекшеліктері бар,жоғары және төменгі деген сөздер
тек салыстыру үшін қолданылады. Егер салыстырмалы молекулалық
массасы 500-ден төмен болса төменгі молекулалы қосылыстар, 5000-нан
жоғары болса жоғары молекулалы қосылыстар деп аталады.Егер массасы
5000-нан төмен,бірақ 500-ден жоғары болса, онда олигомер деп аталады.
********** Полимер макромолекуласымынадай түрде болады:
Сызықты тармақты торлы(кеңістіктік)
Молекула түрі
Бойынша полимерлерді 2 топқа бөлеміз :
сызықты (жіп тәрізді) және тримерлі (үш өлшемді).
Тримерлі полимерлерде сызықты молекулалар бір-бірінмен
паралель бағытта,яғни бір-бірімен торкөз түзе жатады.Мұндай
торкөздердің үш өлшемі:биіктігі,ұзындығы,ені болады
Конструк-
циялық
пластиктер
Эластомерлер
Талшықтар
мен жіптер
Қабыршақтар,
бояулар,
лактар,
Пластмасса-
лар бұлар
қатты заттар-
бөліну
беріктігі 50-
200кг/ кв.см
Каучук, резина бұлар
жақсы иіледі,
созылады,деформацияға
төзімді.
Барлық мата
тоқылытын
талшықтар.Бір-
бірінен
айырмашылыы
өте көп.
Бұндай
материалдарға
түр беру мүмкін
емес..
*********ЖМҚ синтездеу әдістері: поликонденсация және полимерлеу.
Төменгімолекулалы қосылыстарды біріктірудің үш әдісі бар:
-қанықпаған көмірсутектерде қос байланыстың үзілуі немесе циклдің
ашылуы;
- эфирлік байланыстардың түзілу есебінен;
- амидтік байланыстардың түзілу есебінен;.
Қоршаған ортаны әртүрлі өндіріс қалдықтарынан
қорғау!!!!!!!!!!!!
*********ЖМҚ қасиеттері:
Пластикалық массалар дегеніміз- табиғи және синтетикалық үлкен
молекулалы қосылыстар негізінде жасалатын, жоғары температура мен
қысым әсерінен әр түрлі пішінге келіп, суығаннан кейін оны сақтай алатын
материалдар. Пластмассаларды температураға әсеріне қарай:
термопластикалық және термореактивті деп бөледі.
Термопластикалық пластмассалар- сызықтық полимерлер, олар
жеңіл балқиды, қайта балқыту арқылы әр түрлі пішімге келтіруге болады.
Мысалы, полиэтилен.
Термореактивті пластмассалар- торлы құрылымды полимерлер. Жеке
молекулалы тізбектері арасында берік байланыстары бар, қиын балқиды,
қайта қалпына келмейді. Мысалы, фенолформальдегид шайыры.
Пластмассалар арзан, көп кездесетін материалдардан өндіріледі,
олардан түрлі бұйымдар жасауға болады. Пластмассалар материалға әр
түрлі сапалық қасиет беретін құрамдас бөліктерден тұрады. Олар үшін
негізгі полимер заттары- баиланыстырушы болып табылады. Ал
материялдың көлемін үлкейтіп , құнын арзандатып, механикалық беріктігін
арттыратын заттар (мысалы, бор, каолин (саз), күйе, т.б.)
толықтырғыштар деп, пластикалығын айысқақтығын) арттыратын ,
морттығын жойатын заттар жұмсартқыштар (пластификатор) деп
аталады. Сондай-ақ өңдеген кезде пластмассаның қасиеттерін сақтап
қалатын тұрақтандырғыштар , материялға өң, түс беретін бояғыштар да
қосылады.
Пластмассалар материялдар мен ағаштардың орнына қажет материял
ретінде кең түрде қолданылады. Солардың кейбіреулеріне тоқталайық.
Полиэтилен (-СН
2
-СН
2
-)
п
- қатты, ақ түсті, термоплпстикалық қолға
майдай сезілетін парафин тәріздес материал. Химиялық тұрақты, нашар
жарық беретін көгілдір түсті жалынмен жанады. Оған қышқылдар,
сілтілер, тотықтырғыштар әсер етеді. Суды, газды онша өткізбейді.
Сондықтан азық-түлікті орайтын материялды өндіруге, жұқа қабат
жылыжайларды қаптауға және үсіктен сақтау үшін жеміс-жейдектерді,
көшеттерді жабуға қолданылады. Сондай-ақ полиэтилан химиялық
қондырғылар үшін тетіктер, түтіктер құбырлар жасалады және ұй
тұрмысына қажетті ыдыстар жасауға қолданылады. Полиэтиленнің жоғары
және төменгі қысымда алынатын түрлері болады. Алғашқысынан жасалған
материялдар 60-70
0
С-қа шыдаса, соңғысынан 100
0
С-қа дейін шыдайтын
бұйымдар жасайды.
Полипропилен (-СН-СН
2
-)
п
- полиэтиленген көбірек ұқсас.
|
СН
3
Ақ түсті, қолға майдай сезілетін, термопластикалы материал.
Полиэтиленнен айырмашылығы- анағұрлы жоғары температурада (160-
170
0
С) жұмсарады, әрі беріктеу. Полипропиленнен аса берік
оқшаулағыштар, түтіктер, машина тетіктері, химиялық құралғылар
жасайды. Берік болғандықтан, қажалуға төзімді арқан, тор, техникалық мата
алуға қолданады.
Поливинилхлорид (-НC-СН
2
-)
п
- термопластикалық материял.
СI
Қышқыл, сілті әсерлеріне төзімді, диэлектрлік қасиеті жақсы,
механикалық беріктігі жоғары, жоғары, жанбайды. Қыздырған кезде оңай
ыдырап, хлорсутек бөледі. Поливинихлорид негізінде екі пластмасса алады:
винипласт және пластикат. Винипластан химиялық төзімді түтіктер,
аккумулятор ыдысын, т.б. заттар, ал пластикаттан линолеум, жасанды тері,
клеенка, су өткізбейтін бұйымдар, су астында қолданылатын кабельдер
және оқшаулағыштар жасайды.
Жоғарыда таныстырылған пластмассалардан басқада түрлері көп және
халық шаруашылығында кең түрде қолданылады.
Біздің елімізде Ақтау пластмасса заводында полистирол және
полистиролды полимерлер түрлерін, ал Атыраудағы химия заводы басқа да
констукциялық полимерлер шығарса, «Ақтөбе химпласт» өндірістік
бірлестігі 100-ден астам әр түрлі өнімдер өндіреді.
Жаңа сабақты
қалай
қабылдағанын
алғашқы
тексеру кезеңі:
Білімділік мақсаты:
1. - оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;
-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;
- кеткен кемшілікті жою жұмыстары; -
1.Дәптермен жұмыс: негізгі ұғымдарды жазу.
20-22
Білімді
қорытындылау
және жүйелеу:
-тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу;
-оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың
күрделілігін анықтау;
1. 11-ЕТЖ-1 жұмыс істеу № 12-1 - 12-9 . ( 21бет)
Білімді тексеру
және өз бетінше
тексеру кезеңі:
-оқушылардың өтілген материалды қаншалықты дұрыс меңгергенін анықтау;
Оқушылардыңіс-әрекеті мен біліміндегі олқылықтарды анықтау.Кеткен
олқылықтардың себебін анықтау.
-оқушылардың өзін –өзі бағалау қабілеттерін дамытуға жағдай жасау
1. Жаттығу тексеру.
3-4
Үй
тапсырмасын
беру кезеңі:
Білімділік міндеттері:
-оқушыларға үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы
түсінікті болуын қамтамасыз ету
1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар.
параграф 30- оқу; №7-10 жатт. Жазбаша. (143-бет);
2.Дәптерге жазғандарын тексеру .
1-2
Сабақ
қорытындысын
шығару кезеңі.
- жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен
қорытындысын шығару. Баға қою.
1-2
Рефлексия
Білімділік міндеттері:
1-2
кезеңі:
-оқушы мен мұғалім арасындағы дұрыс қарым қатынасты тудыру.
-оқушылардыңөзін өзі басқару және басқа адамдармен дұрыс қарым –қатынас
принципін үйрету.