Конспект урока "Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында"
Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында
Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихындағы ұлы оқиға. Оның қасиеті
мен қасіреті жаныңды түршіктіреді. Әрі ерліктерге басыңды идіріп таң
қалдырады. Елбасына күн туған кезеңдерде рух пен намыстың мықтылығы
сыналды. Қанға боялған даласы, аңыраған анасы, жетім қалған баласы үшін
кектенді. Міне осындай соғыс бұлтын үйірген фашизмнің соғыс жоспарын
мына төмендегідей тірек схемалар арқылы баяндаймыз.
Тақырыбы: Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында
Мақсаты:
Білімділік: Ұлы Отан соғысының ерлікке толы қаһарлы жылдары бірте бірте
алыстап барады. Бірақ адамзат дүние жүзін фашистік құлдықтан аман алып
қалған халықтың ғажайып ерліктерін ешқашан ұмытқан емес. Фашизмнің
айуандық жоспарының сөзсіз күйрегендігін ашып көрсеткенін 1418 күнге
созылған сұрапыл соғыстың соңғы нүктесін қойған. Әкелеріміз бен
аталарымыздың ұлылығын тереңірек ұғындыру.
Тәрбиелік: Елін, жерін шексіз тәрбиелеу.
Дамытушылық: Соғысқа байланысты материалдарды ұғыну, батырлар
ерліктеріне баға беру, қорытынды жасай білуге дағдыландыру.
I. Сабаққа қажетті көрнекіліктер мен құралдар
1. ҰОС картасы
2. Трек схемалар
3. Видео телевизор, магнитафон, кадаскоп
4. Кітап көрмесі, жиырмалар
5. Электрондық оқулықпен жұмыс
II. Сабақтың ұйымдастыру түрі: диалогты топпен, интерактивти.
III. Сабақтың өтілу жоспары:
1. Психологиялық дайындық (Леветанның дауысы, оқушы әсері)
2. Тақырыпқа арналған кинофильмнен үзінді
3. Ой толғаныс (ҰОС-дағы батырлар)
4. Қорытынды
Сабақтың барысы:
I. Мұғалімнің сөзі: Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихындағы ұлы
оқиға. Оның қасиеті мен қасіреті жаныңды түршіктіреді. Әрі ерліктерге
басыңды идіріп таңқалдырады. Елбасына кун туған кезеңдерде рух пен
намыстың мықтылығы сыналды. Қанға боялған даласы, аңыраған анасы,
жетім қалған баласы үшін кектенді. Міне осындай соғыс бұлтын үйірген
фашизмнің соғыс жоспарын мына төмендегідей тірек схемалар арқылы
баяндаймыз.
“Барбаросса” (қауырт соғыс) 1940ж. 18/ XII
«Солтүстік» → Барлық теңіздегі порттарды басып алып, Шығыс Пруссиядан
Даугавпилс, Псков, Ленинград бағытында.
«Орталық» → Смоленск арқылы Москваға.
«Оңтүстік» → Батыс Украина мен Днепрден Киевті басып алуға.
Германия → КСРО → 1941ж. 23/VI. Баскомандование
Ставкасы төрағасы С. К: Тимошенко
1941 жылы 22/VI → 1941ж. 10/VII Жоғарғы командование Ставкасы
төрағасы И. В. Сталин
1941ж. 30/VI. Мемлекеттік қорғаныс комитеті төрағасы И. В. Сталин
Қазақстан — майдан арсеналы (1 миллион 200 мың)
«Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін»
Экономиканы соғысқа бейімдеп қайта құру
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР
Мәскеу үшін шайқасты 316-(Панфилов атындағы 8-гвард. див.) 1941ж. 30/IX
312-атқыштар дивизиясы
Б. Момышұлы, Т. Тоқтаров, М. Ғабдулин, Р. Амангелдиев
Ленинград үшін шайқаста 310 және 314 дивизиялар С. Баймағамбетов, Әлия
және Мәншүк
Сталинград үшін шайқаста 29 және 38 дивизиялар 1942ж. 17/VII 1943ж. 02/ II
Н. Әбдіров, Қ. Сыпатаев
Соғыс бағыты батыс
Берлин операциясы — 2, 5 миллион әскер, 41мың 600 зеңбірек, 6250 танк,
7500 ұшақ
1945ж. 16/IV. → Жеңіс. 1945ж. 02/V.
Р. Қошқарбаев
500-дей Кеңес одағының батыры, 98-і қазақ, 1998 жылы 11/XII Б. Момышұлы
2. Ой қозғау
Оқушылар назарын экранға аудару. Көрген фильмдер туралы қорытынды
шығару.
3. Үй тапсырмасы
II. «Кім тапқыр?» I топ.
1. Ұлы Отан соғысы қашан басталды? /1941ж. 22. 06/
2. Бауыржан Момышұлы қай жылдары өмір сүрген? /1910-1982 жж./
3. Ідіріс Үргенішбаевқа Кеңес Одағының Батыры атағы қашан берілді?
/1967ж. 4 мамырда/
4. Соғыс жылдарында майдандағы әскери бөлімдерге Қазақстан өнер
қызметкерлерінен құрылған қанша концерт бригадасы барды? /11/
5. Қай күнді жеңіс күні деп тойлаймыз? /9 мамыр/
6. 1941 жылы Совет Одағы соғыс самолеттерін шығару жөнінен нешінші
орынға шықты? /3-інші/
7. «Жалпыға бірдей әскери міндет» туралы заң қашан қабылданды? /1939. 01.
09/
8. Ұлы Отан соғысында одақ бойынша қанша адам Кеңес Одаға Батыры
атағына ие болды? /11мың 600 ден аса/
9. Екі мәрте Кеңес Одағы Батыры атанған Сергей Данилович Луганский жеке
өзі жаудың қанша ұшағын атып түсірді? /37/
10. «Қазақстан комсомолы» деген жазуы бар қанша жауынгерлік машина
Сталинград майданына табыс етілді? /45/
II топ.
1. Екінші дуниежүзілік соғыс қашан басталды? /1939 жылы/
2. Ұлы Отан соғысы қашан аяқталды? /1945 жылы/
3. Ідіріс Үргенішбаев қай жылдары өмір сүрген? /1912-1943 жж./
4. Бауыржан Момышұлына қай жылы Кеңес Одағының Батыры атағы
берілді? /1990 жылы/
5. Қанша Қазақстандықтар Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды? /500-
ден аса/
6. Ұлы Отан соғысы жылдарында мамандарды дайындау мақсатында
Қазақстан қанша жасөспірімдерді әскери училищеге жіберді? /42 мың/
7. Генерал-майор Панфилов қай дивизияны басқарды? /316-атқыштар
дивизиясы/
8. Днепр үшін шайқастағы ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағын алған
ең ең жас Жәнібек Елеусізов нешеде еді? /18 жаста/
9. Соғыс уақытында Қазақстан бүкіл одақтың қорғанысының қанша пайызын
берді?
10. 1943 жылы республикадан заводтарды қалпына келтіру жұмыстарына
қанша комсомол жіберілді? /1439/
Өткен сабақтардағы тарихи сөздерді еске түсіру
«Кім? Қашан? Неге?» Бұл сөздерді кім айтты, қашан айтты, неге байланысты
айтты.
1. «Қанқұмар Кир. Жеңіске желікпе. Сен менің ұлымды ашық айқаста қару
құрметімен жеңген жоқсын...» Бұл сөзді кім айтқан? (Томирис)
2. «Ерте күнде отты күннен ғұн туған. Отты ғұннан от боп ойнап мен туған,
жүзімді де қысық қара көзімді туа сала жалынменен мен жуған»(М.
Жұмабаев. «Пайғамбар»)
3. «Желпілдеген тудан, жер қайысқан қолдан қалғанша, жігіт адамының
өлгені жақсы...» (Абылай)
4. «Халыққа ең алдымен – экономикалық және әлеуметтік реформа керек.
Материалдық әл ауқатын жақсартуға халық тырысады. Прогресс дегеніміздің
өзі - осы» (Ш. Уәлиханов)
5. «Мен қазақ балаларын ұқыптылыққа, тазалыққа, отырықшылыққа,
тұрмыстың артықшылығына, мысалы, құрғақ жылы бөлмелерде тұруға
үйретудің өзі қазақ даласында тәрбиелік мәні бар жұмыс деп білемін» (Ы.
Алтынсарин)
6. «Бөліп ал да билей бер» (Анна Ионовно)
7. «Егер әскер берсек, балаларымыздан айырыламыз» (Ж. Мәмбетов, 1916
жыл)
8. «Бұл ғажап әскер еді: қарулары ауыл ұсталары соққан найза, семсер,
білтелі Мылтықтар, садақ жебелер» (Жазушы Соболев. Амангелді әскері
туралы)
9. «Қазақ елі отар болып келді, отар болып қалады» (С. Сәдуақасов)
10. «Отан үшін отқа түс – күймейсін, Опасызда отан жоқ» (Б. Момышұлы)
11. «Мен дегеніме жеттім, елімді аман алып қалдым. Енді қолыңнан
келгеніңді істей бер» (Ширақ)
12. «Бұларды келістіріп жазалау керек» (Милютин)
13. «Россия кең байтақ, бірақ шегінерге жол жоқ, артымызда Москва»
(Клачков)
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР
Мәскеу үшін шайқасты 316-(Панфилов атындағы 8-гвард. див.)
1941ж. 30/IX 312-атқыштар дивизиясы
Б. Момышұлы, Т. Тоқтаров, М. Ғабдулин, Р. Амангелдиев
Ленинград үшін шайқаста 310 және 314 дивизиялар С. Баймағамбетов, Әлия
және Мәншүк
Сталинград үшін шайқаста 29 және 38 дивизиялар
1942ж. 17/VII 1943ж. 02/ II Н. Әбдіров, Қ. Сыпатаев
1941ж. 10/VII Жоғарғы командование → Ставкасы төрағасы И. В. Сталин
Соғыс бағыты батыс
Берлин операциясы — 2, 5 миллион әскер, 41мың 600 зеңбірек, 6250 танк,
7500 ұшақ 1945ж. 16/IV.
→ Жеңіс. 1945ж. 02/V. Р. Қошқарбаев
500-дей Кеңес одағының батыры, 98-і қазақ, 1998 жылы 11/XII Б. Момышұлы
Германия → КСРО 1941ж. 23/VI. Баскомандование Ставкасы төрағасы С. К:
Тимошенко
1941 жылы 22/VI → 1941ж. 30/VI. Мемлекеттік қорғаныс комитеті төрағасы
И. В. Сталин
Қазақстан — майдан арсеналы (1 миллион 200 мың)
“Барбаросса” (қауырт соғыс) 1940ж. 18/ XII
«Солтүстік» → Барлық теңіздегі порттарды басып алып, Шығыс Пруссиядан
Даугапилс, Псков, Ленинград бағытында
«Орталық» → Смоленск арқылы Москваға.
«Оңтүстік» → Батыс Украина мен Днепрден Киевті басып алуға.
Сіз кімсіз ойыны
Сіз кімсіз?
Сіз — Жамбыл облысы Жуалы ауданының Көлбастау ауылында дүниеге
келдіңіз. Сіз 1930-1956 жылда әскер сапында болдыңыз. Ал соңғы кезде
Алматы маңында жасақталған 316 атқыштар дивиязиясының командирі
болдыңыз. Москва үшін шайқастыңыз, 207 рет ұрысқа кірдіңіз. Сіздің
қанатты сөздеріңіз өте көп. Сонымен қатар Мәскеудегі әскери академиясын
тұңғыш бітірген қазақсыз. (Б. Момышұлы)
Сіз кімсіз?
Сіз өртке оранған өз ұшағыңызды жау танкілерінің шоғырына құлаттыңыз.
Кеңес Одағының Батырысыз, Қарағандылықсыз. (Нүркен Әбдіров)
Сіз кімсіз?
Сіз Шымкенттегі әскери авиация әуе училищесінің түлегісіз, ұшқышсыз,
Кеңес Одағының батырысыз. (Иван Кожедуб)
Сіз кімсіз?
Сізге Алматы жастары 1943 жылы желтоқсанда өз ақшаларына жаңа ұшақ
жасатып табыс етті. Сіз соғыста әуе шайқасында жаудың 37 самолетін
жойдыңыз, атып түсірдіңіз. (Луганский)
Сіз кімсіз?
Сіздің әкеңіз 1938 жылы 15шілдеде Қазақ КСР кеңесінің 1 сесиясын ашты,
қазақ халқының аяулы ұлдарының бірі, сіз Синельников қаласының түбінде
соғыстыңыз. (Алғадай)
Сіз кімсіз?
Сіз қолыңызға гранат алып, танк астына түстіңіз, ерлік жасадыңыз, Кеңес
Одағының батырысыз. (Әбу Досмұхаметов)
Сіз кімсіз?
«Майданға жіберетін ағам да, апам да жоқ, сондықтан менің өзімді
жіберуіңізді өтінемін» (Мәншүк Мәметова)
Сіз кімсіз?
Сіз Сталинград түбінде шайқастыңыз, жау дзотын өз кеудеңізбен жауып А.
Матросовтың ерлігін қайталадыңыз. (Сұлтан Баймағанбетов)
Сіз кімсіз?
II-дүниежүзілік соғыс кезінде 1945 жылы оныншы тамызда капитан
Гастеллоның ерлігін қайталаған аты аңызға айналған ұшқышсыз. (Янко)
4. Мұғалімнің қорытынды сөзі
Ж. Жабаевтың ұлы Алғадай да майданға аттанды. Ол 7-гвардиялық атты
әскер дивизиясының 19 гвардиялық атты полкіне пулемет расчетін басқара
жүріп, Синельниково қаласы маңында ерлікпен қаза тапты.
Жеңіс те жетті. Қаһарман Ленинградтықтар өз қалаларын сақтап қалды. 1944
жылдың қатарында біздің әскерде шабуылға шықты. Қала қоршаудан
құтылды. 1945 жылы 9 мамырда Кеңес халқы салтанатпен жеңіс күнін
майрамдады. Осы ұлы мерекені біздің еліміздің халқы жыл сайын атап өтеді.
Жеңіс қымбатқа түсті. Еліміздің 1710 қаласы күл талқан болды. 70 мыңнан
астам ауыл мен деревняны өртеп жіберді. Басқыншылар 18502 завод пен
фабрикаларды жойды. 1135 мың шахтаны су астында қалдырды. 65 мың
темір жол торабын бұзып, істен шығарды. Ауыр шаруашылығындағы 368
миллионға жуық жер бүлінді, 27 миллионға жуық адамнан айырылды. Ересек
адам үлесі азайды. Ересектердің тұтас бір ұрпағын жойып жіберді. Соғыс
үмітсіз жесірлікпен балалардың жетімдігіне әкелді. Фашистердің істеген
қылмысын совет адамдары ешқашан ұмытпайды. Соғыстан кейін бірнеше
қалаларда фашизм құрбандарына ескерткіш орнатылды. Біз неміс
басқыншыларының баса көктеп кіріп жасаған қылықтарын ешқашан
ұмытпаймыз. Ұмытпайтын себебіміз-біздің халқымыз қайғы-қасіретті адам
баласы ұрпақтарымыз, енді ешқашан көрмесе екен деп тілейміз.
5. Оқушыларды бағалау
6. Үйге тапсырма беру
Педагогика - еще материалы к урокам:
- Перспективный план работы с родителями детей подготовительной группы на 2019-2020 г.
- Социализация детей с ОВЗ в условиях детского сада
- Проект в группе раннего возраста "Моя семья"
- Особенности работы учителя-дефектолога при обследовании и подготовке рекомендаций по созданию специальных условий получения образования детьми с УО
- Советы родителям будущих первоклассников по развитию графо-моторных навыков
- ФГОС ДО и проблемы его освоения