Технологическая карта урока "Отан қорғаған ерлер"
Ересектер тобына арналған
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімдері: «Қоршаған ортамен танысу»
Тақырыбы: «Отан қорғаған ерлер».
Мақсаты: Балаланың қазақ әскері, біздің Отанымыздың сенімді қорғаушылары туралы
білімдерін бекіту. Қазақстан әскери сарбаздардың сырт бейнесі, киім үлгілері мен
әскери техника туралы түсінік беру. Әскерлерге айбынды ерлігіне құрметпен қарау
қызығушылықтарын дамыту.
Сөздік жұмыс: шекарашылар, қорғаушылар, ізді бақылау жолағы.
Тәсілдер кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Ұйымдастырушы
-қозғаушы
қызмет
Ойын. «Кімдер арнайы киімдер
киеді?»
-Балалар, кімдер арнайы киім
киеді?
-Кімдер арнайы киім кимейді?
-Арнайы киімді милиционер,
дәрігер, ұшқыш, әскерилер
киеді.
-Мұғалім, тәрбиеші.
Ұйымдастыру-
ізденушілік
Әңгімелесу.
Қазақстан Республикасының
Қарулы күштері құрамына әр
түрлі әскери түрлері кіреді.
-Балалар қандай әскери түрлерін
білесіңдер?
-Әскери түрлердің қызметі не?
Балалар, әр мемлекетің өз әскері
болады. Қарулы күштерді үш
негізгі топқа бөлуге болады.
Суреттерін көрсету. Олар –
құрлықта қызмет жасайтын жаяу
әскер, Отанымызды әуеде
қорғайтын әскери әуе күштері,
теңіздер мен мұхитта бақылау
жасайтын әскери теңіз күштері.
Барлық әскери қызметкерлер
әскери киім киеді. Олар күнделікті
және мейрам күндеріне киюге
арналған болады.
Д.О «Не істеп жатыр?»
-Балалар, қалай ойлайсыңдар
әскери сарбаздар қандай болу
керек?
-Балалар, сендер батылдық, әскер,
ерлік істер туралы мақал-мәтел
білесіңдер ме?
-Жаяу әскер, танкистер,
шекарашылар.
бәрінің мақсаты-Отанымызды
қорғау.
-Әскери сарбаздар батыл,
төзімді, күшті, қырағы, мерген
болу керек.
Шекарашы –шекараны
күзетеді.
Әскери дәрігер- жауынгерді
емдейді.
Ұшқыш- ұшақты басқарады.
Ердің туы-намыс.
Батыр туса-ел ырысы.
Ерлік – елдің қасиеті,
Жүректілік –жігіттің қасиеті.
Жетекші -
жөндеуші
Сабақты қорытындылау: Адал ұл
ер боп туса-ел тірегі.
Күтілетін нәтиже:
Білуі қажет: Әскери сарбаздардың ержүрек, тапқыр, күшті, ақылды болатынын білу.
Қалыптасқан түсініктер: Ұлттық әскерінің маңызын білу. (Отан қорғау )
Орындаушылық қабілеті: мақал-мәтелді жатқа айту.
Ересектер тобына арналған
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Қатынас».
Бөлімдері: «Көркем әдебиет»
Тақырыбы: «Ер есімі – ел есінде»
Мақсаты: Балаларға Отан, туған ел, туған жер, елін қорғаған ер сөздерінің мәні мен
мағанасын терең түсіндіріп, білімдерін жетілдіру.
Сөздік жұмыс: Отан соғысы.
Күтілетін нәтиже:
Білуі қажет: Жеңіске 65 жыл болғанын білу.
Қалыптасқан түсініктер: Отан туралы түсінік болу.
Орындаушылық қабілеті: Ардагерлерді құрметтеу, жеңіс күнімен құтықтау.
Тәсілдер
кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Ұйымдастырушы
-қозғаушы
қызмет
Балаларға Қазақстан
Республикасының рәміздерін
бейнетаспадан қаратып, тыңдау.
Балалар салтанатты түрде
тұрып ҚР гимні тыңдайды.
Ұйымдастыру-
ізденушілік
-Балалар біздің туған жеріміз
қандай?
-Қазақ халқынан шыққан
батырларды білесіңдер ме?
-Оларды неге батырлар деп
атаймыз?
-Балалар, «Отан соғысы» дегенді
естігендерің бар ма?
Осыдан 65 жыл бұрын біздің
аталарымыз немістермен соғысып,
жеңіп шыққан.
-Кімнің атасы осы соғысқа
қатысқан?
Отан соғысына қатысқан
батырлардың портретін көрсету.
Бауыржан Момышұлы, Талғат
Бигелдинов, Әлия Молдағұлова,
Мәншүк Мәметова.
-Осы және басқа да батыр
аталарымыз бен апаларымыздың
арқасында Қазақстан Республикасы
сақталған. Батыр аталарымыз
қорғап, бізге қалдырып кеткен
жерді біздің сақтауымыз керек.
Батыр аталардың аттарын
ұмытпауымыз керек.
Жеріміз өте лкен.
Қазақстанда әр түрлі ұлттың
халықтары тұрады.
Қабанбай батыр, Бөгенбай
батыр, Райымбек батыр.
Батырлар қазақ жерін
жаулардан қорғаған.
Балалар есте сақтайды.
Жетекші -
жөндеуші
Сабақты қорытындылау. Жер
жүзінде бейбітшілік болсын!
Ересектер тобына арналған
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімдері: «Экология негіздері»
Тақырыбы: «Өсімдіктердің көбею түрлері.»
Мақсаты: Өсімдіктердің көбею жолдарымен таныстыру. Өсімдіктердің өсіп-жетілу
жолдарымен, өсіру тәсілдері жолдарымен және оларды күтіп-баптау түрлерімен
таныстыру.
Тәсілдер кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Ұйымдастырушы
-қозғаушы
қызмет
Өсімдік тұқымдарын топқа алып
келу.
Балалар тұқымдармен
танысады.
Ұйымдастыру-
ізденушілік
Өсімдіктердің көбею тәсілдері
туралы әңгімелесу.
-Балалар, өсімдіктер тамырсабақ,
түйнек, пиязшақ, мұртша арқылы
көбейеді. Інжугүлдер
тамырсабақтарынан көбейтеді.
Тамырсабақты 2-3 бүршіктен
қалдырып, бөліп топыраққа
отырғызады. Жыл сайын гүлдеп,
тамырсабақтары ұзарып өсіп, дами
береді.
Түйнек арқылы көбейтуге картоп
алынады.
Пиязшықтары мен пияз, сарымсақ,
лалагүл, қызғалдақ көбейеді.
Мұртшаларымен қойбүлдірген,
құлпынай көбейеді.
Тәжірибелік жұмыс.
Орындалатын тапсырмалар: герань
гүлін балабақша гүлзарына
отырғызу.
Балалар тыңдап есте
сақтайды.
Балалр өсімдіктердің өсу
мүшелерін көбейту
суреттерін қарайды.
Балалар тәжірибе жұмысты
орындайды.
Жетекші -
жөндеуші
Сабақты қорытындылау:
Өсімдіктерді суару, жапырақтарын
шаңнан тазалау.
Балалар еңбек етеді.
Күтілетін нәтиже:
Білуі тиіс: Өсімдіктердің көбею жолдарын білу тиіс.
Талапты болу: өсімдіктерді күтіп, баптау.
Қолдан келуі тиіс: өсімдіктерді гүлзарларға отырғызу, оларды суару.
Ересектер тобына арналған
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: «Денсаулық».
Бөлімдері: «Валеология».
Тақырыбы: «Дәрілік шөптер»
Мақсаты: Балаларға дәрілік шөптер жайында түсініктер беру. Дәрілік шөптердің емдік
қасиеттеріне тоқталу. Балаларды шөп тұнбасын дайындауға үйрету.
Тәсілдер
кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-
әрекеті
Ұйымдастыруш
ы-қозғаушы
қызмет
Топқа алоэ, бақ-бақ, емен, сарымсақ, мия,
өгейшөп, асқабақ өсісдіктерін алып келіп,
олардың емдік қасиеттерін әңгімелеу.
Балалар естерінде
сақтайды.
Ұйымдастыру-
ізденушілік
-Балалар өсімдіктер тек жер бетіне көрік
беріп қана қоймайды, адамға тағам, таза
ауа сыйлайды, олардың емдік пайдасы да
бар. Өсімдіктермен емделуді фитотерапия
деп атайды.
Алоэ-бұл бөлмеде өсіріледі. Алоэны
жараланған, күйген, үсіген жағдайларда
денеге тартады және суық тиген кезде
балмен араластырып, мұрынға тамызады.
Емен-жас ағаштарының қабығы мен
бұтақтары тыныс алу жолдарын тазартуға,
ауыз және тамақ шаюға, асқазан бұзылған
жағдайда ішім емделуге болады.
Мия-жабайы өсімдік. Тамырынан жасалған
дәрілер қақырық түсіреді, қабынуға қарсы
қолданады.
Сарымсақ-тыныс алу жолдары
ауруларының алдын алуға қолданады.
Птактикалық жұмыс: суық тиіп ауырған
кезде алдын алу үшін өздеріне мияның
тамырынан, лимон шырынынан
қайнатпалар даярлау ұсынылады.
Д.О «Өсімдіктердің бөліктеріне қарай
ажырат»
Балаларға күнге, жерге және суға
денсаулық үшін жасаған жомарт сыйлығы
үшін алғыс айтуды ұсыну.
Балалар қарап есте
сақтайды.
Балалар өз
стакандарына керекті
шөптерді салып,
қайнаған су құйып,
бетін сүлгімен жауып
қояды. Қоспа жылыған
кезде лимон шырыны
мен қант қосып ішеді.
Балалар өсімдіктердің
бөліктері салынған
қима қағаздарды
құрастырады.
-табиғаттың жомарт
сыйына алғысымыз
шексіз. Рахмет саған
күн шуағы.
Жетекші -
жөндеуші
Сабақты қорытындылау. Күн жерге
шуағын шашады. Емдік шөптер сыйын
тартады.
Біз қашанда, табиғат
сені қорғап аялаймыз.
Күтілетін нәтиже:
Білуге тиіс: Емдік қасиеті бар шөптердің атын атап, тани білу.
Талапты болу: Табиғатты қорғап, аялау.
Қолынан келуі тиіс: Өсімдіктерден өзіне қоспа жасай білу.
Ересектер тобына арналған
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімдері: Жапсыру.
Тақырыбы: «Мерекелік жалаушалар»
Мақсаты: Балаларға қағаздан мерекеге арналған жалаушаларды жасауға үйрету.
Балалрдың көркемдік талғамдарын дамыту.
Тәсілдер кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Ұйымдастырушы-
қозғаушы қызмет
Топқа түрлі-түсті жалаушаларды
алып келу.
Балалар жалаушаларды
қарап тамашалайды.
Ұйымдастыру-
ізденушілік
Балалармен мамыр мерекесі
жөнінде әңгімелесу.
-Балалар, 9 Мамыр Ұлы Жеңіс
күні. Жеңіске 65-жыл толады.
Сондықтан мерекеге арнап
қағаздан мерекелік жалаушалар
жасаймыз.
Балалар қалай ойлайсыңдар
мерекелік жалаушалардың
түстері қандай болады?
Балаларға түрлі-түсті қағаздан
мерекелік жалаушаларды қиып,
жапсыру үлгісін көрсету.
Балалр өз ойларымен
бөліседі.
-Мерекелік
жалаушалардың түстері
қызыл, сары, жасыл, көк,
күлгін болады.
Балалар үлгіге қарап
жұмыс жасайды.
Жетекші -
жөндеуші
Сабақты қорытындылау:
Балаларға топ ішін мерекелік
жалаушалармен безендіруді
ұсыну.
Балалар өздері жасаған
мерекелік жалауларын
топ ішіне іледі.
Күтілетін нәтиже:
Білуі қажет: қағаздан мерекелік жалаушалар жасай білу.
Қалыптасқан түсініктер: 9 мамыр Ұлы Жеңіс күні екенін білу.
Орындаушылық қабілеті: таза, әсем жұмыс жасау.
Ересектер тобына арналған
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Қатынас». «Шығармашылық»
Бөлімдері: «Тіл дамыту» «Сурет салу»
Тақырыбы: « 9 – Мамыр – Жеңіс күні»
Мақсаты: Отанды сүюге, үлкенді сыйлауға, кішіпейілділікке үйрету. Аға ұрпақтың
өсиетіне адал болуға және балаларды отаншылдақ сезімге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: батыр, ержүрек.
Тәсілдер
кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Ұйымдастырушы
-қозғаушы
қызмет
Тақтаға Талғат Бигелдинов,
Бауыржан Момышұлы, Мәншүк
Мәметова, Әлия Молдағұлова
портреттерін, суреттерді ілу.
Балалар батыр аға,
апаларымыздың
портреттерін қарап, есте
сақтайды.
Ұйымдастыру-
ізденушілік
Балалармен әңгімелесу.
-Балалар, Ұлы Отан соғысында
ерлік көрсеткен ағаларымыз,
апаларымыз бар. (портреттерін
көрсетіп балаларға атату)
Ә. Сарсенбаев ағамыздың «Сен
құрметте оны» шығармасын оқу.
Сен құрметте оны!
Түсіндің бе қарағым!
Ол ақшаға сатқан жоқ,
Тізеден кескен аяғын.
Көптеген Қазақстандықтар
өздерінің майдандас достарымен
бірге жеңіс үшін күресті. Олардың
көбі жаумен болған қанды шайқаста
қаза болды. Біз қаза болған
ерлерімізді ұмытпай, есте
сақтауымыз керек. Батыр, батыл
ерлеріміздің ерліктерінің арқасында
біз осындай бейбітшілікте өмір
Балалар батырлардың
портреттерін қарап, аттарын
атап есте сақтайды.
Балалар шығарманы
тыңдап,өз ойларымен
бөліседі.
-Ұлы Отан соғысында ерлік
көрсеткен жауынгерлердің
құрметіне жағылады.
Күтілетін нәтиже:
Білуі қажет: Батыр аға, апаларымызды ұмытпау, ерліктеріне бас ие білу.
Қалыптасқан түсініктер: 9-Мамыр жеңіс күні. Жеңіске 65 жыл толғанын білу.
Орындаушылық қабілеті: Ардагерлерді құрметтеу, мәңгілік оттқа гүл шоғын қою.
сүріп отырмыз.
-Балалар мәңгілік алау не үшін
жағылады?
-Балалар 9 – Мамырда бір минуттық
тыныштық не үшін беріледі?
Ә. Табылдиевтың «Салют» атты
өлеңін оқу.
Ал қызыл, ақ, көк жұлдыз,
Жарқырады көк жұлдыз.
Жарқырайды аспанда,
Жарқырайды астана.
-Балалар салют ненің құрметіне
беріледі?
Балалар Отан, ерлік туралы қандай
мақал-мәтелдер білесіңдер?
Балаларға Жеңістің 65жылдығына
арнап сурет салуды ұсыну.
-Ұлы Отан соғысында ерлік
көрсетіп, мерт болған
жауынгерлерді еске түсіру
үшін беріледі.
-Салют Жеңіс күнінің
құрметіне беріледі.
Отан оттан да ыстық.
Батыл болмай батыр
болмас.
Ер намысы-ел намысы.
Балалар батыр, ержүрек аға,
апаларына арнап сурет
салады.
Жетекші -
жөндеуші
Сабақты қорытындылау.
9 –Мамыр Жеңіс күні. Жеңіске 65
жыл
Ардагерлерді Жеңіс күнімен
құттықтап, құрметтейміз.
Ересектер тобына арналған
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным» «Қатынас»
Бөлімдері: «Экология негіздері» «Математика» «Сауат ашу»
Тақырыбы: «Тірі және өлі табиғат құбылыстары».
Мақсаты: Өлі табиғат заттарын адам қолымен жасалған заттардан ажырата білуге; өлі
және тірі табиғаттағы өзгерістерді бақылау барысында табиғатты сүюге, оны қорғай
білуге тәрбиелеу. Балаларды 10-ға дейін тура және кері санауға. Заттардың көлемін бір-
бірінен ажыратуға, геометриалық пішіндерді айыра білуге баулу. Балалардың сабаққа
деген ынталарын тудыру.
Тәсілдер кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Ұйымдастырушы
-қозғаушы
қызмет
Психожаттығу «Күн шуағы»
Күн өз ұясынан шыққа сәтте
«Қайырлы таң» -дейді.
Балалар, біз де күнмен сәлемдесейік.
Балалар шеңбер құрып
тұрады. Алақандарымен
күн шуағы жолдарын
сипайды.
«Қайырлы таң»
Ұйымдастыру-
ізденушілік
Ой толғау.
-Балалар айналамызда қандай заттар
бар?
-Тұрмыстық заттарды адам неден
жасайды, оларды қайдан алады?
-адам қолынан жасалған заттарды
табиғат деп атауға болады ма?
Д.О «қай зат неден жасалған?»
-балалар табиғат құбылыстарын атап
айтыңдаршы.
-Табиғат дегеніміз не?
-балалар, неліктен өлі және тірі
табиғат деп бөлеміз?
Ойын: «өлі және тірі табиғат»
Балаларға өлі және тірі табиғат
заттарын араластырып айту, табиғат
атауын естігенде балалар қолын
соғады.
ТСО табиғат бейнелерін көрсету.
Балаларға серуенге баруды ұсыну.
Д.О «Қайрымды тастар»
-балалар, мына тастарға қараңдаршы,
бұлардың түстері қандай?
-балалар мұнда қанша тас бар?
Д.О «Өз үйіңді тап»
-балалар, мына тастар қандай
геометриалық пішіндерге ұқсайды?
Аула гүлдерін бақылауды ұсыну.
балалр мына гүдердің қандай
айырмашылықтары бар?
-гүлде ұшып жүрген көбелектерді
санап есеп құрастыру.
5+1=
4-1=
Сөзжұмбақты шешуді ұсыну.
-кім сөзге дыбыстықталдау
жасайды?
- мысық сөзі неше буынан тұрады?
-бірінші буынын кім айтады?
-екінші буыны
Мысық сөзіне сөйлем құрау.
Балалр мына мысықты топқа апарып,
сүт берейік.
-Балалар, қалай ойлайсыңдар
табиғатымыз көркейіп, жайқалып,
өсу үшін не істеуіміз керек?
-стөл, орындық, шкаф,
жиһаздар бар.
-орындықты, жиһаздарды
– ағаштан жасайды.
-табиғаттан алады.
-адам қолынан жасалған
және салынған заттарды
табиғат деп атауға
болмайды?
- табиғат құбылыстары
жел, жаңбыр, боран, су,
қар, мұз, бұршақ.
Балалар суреттегі
заттардың неден
алынатынын, жасалғанын
айтады.
-табиғат дегеніміз
жануарлардың,
өсімдіктердің және
жәндіктердің тұратын үйі.
-тірі табиғат адамдар,
өсімдіктер, жануарлар
жатады.
-өлі табиғатқа ауа, су, тас,
қар, мұз, жаңбыр, бұлт
жатады.
-өйткені тірі табиғат
қоректенеді, өседі,
көбейеді, тіршілігін
жояды.
-өйткені өлі табиғат
қозғалмайды, ештеңе
сезбейді.
-тастардың түстері әр-
түрлі, ақ, қара, қоңыр,
қызыл, сары, сарғылт, көк,
сұр, күлгін жасыл.
-Балалар тастарды ретімен
1-ден 10-ға дейін тура
және кері санайды.
-дөңгелек, шаршы, доғал,
үшбұрыш, тіктөртбұрыш,
ромб.
-гүл ұзын-қысқа,
жапырақтары жалпақ-
жіңішке.
Балалар сөзжұмбақты
шешеді.
Менің мысығым әдемі.
Мысық сүт ішеді.
Менің мысығымның
марғауындары бар.
Жетекші -
жөндеуші
Сабақты қорытындылау: балалар,
бізді қоршаған табиғатты жақсы
көріп, қорғап, туған жерді мақтан
тұтыңдар.
Балалар өз пікірлерімен
бөліседі.
Күтілетін нәтиже:
Білуі тиіс: Табиғаттың адам өміріне маңыздылығын білу. Табиғат жануарлардың,
өсімдіктердің және жәндіктердің тұратын үйі екенін білу.
Талапты болу: табиғат және адам қолынан жасалған нысандарды ажырату.
Геометриялық пішіндерді айыра білу. 1-ден 10-ға дейін тура және кері санау.
Қолдан келуі тиіс: адам еңбегін бағалап, табиғатты аялап қорғау.
Ересектер тобына арналған
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: «Шығармашылық».
Бөлімдері: «Мүсіндеу».
Тақырыбы: «Құмыра».
Мақсаты: Балаларға ермексазды илеу арқылы қатты қағаз бетінде әшекейлеу
дағдыларын меңгерту. Белсенділігін, шығармашылыған дамыту; ұқыптылыққа,
тазалыққа баулу.
Тәсілдер кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Ұйымдастырушы
-қозғаушы
қызмет
Қане, қане, тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Тұрсақ енді шеңберге,
Алақанды ұрайық.
Балалар бір-біріне алақан
түйістіріп алақан жаттығуын
орындайды.
Ұйымдастыру-
ізденушілік
Балалар бүгін ермексаздан
«сиқырлы құмыра жасаймыз.
Балаларға әдемі өрнектелген
құмыраны көрсету.
Жұмыс барысы:
Балаларға траферет арқылы
қарандашпен құмыра бейнесін
қатты қағазға түсіруді ұсынып;
ермексазды қатты қағазға салынған
үлгіге түсіреді; дайын болған
құмыраны балалар өз қалаулары
бойынша түрлі-түсті ермексазбен
өрнектеп, әсемдей алады.
Балалар құмыраның
өрнектеріне мұқиат қарайды,
есте сақтайды.
Балалар үлгіге қарап жұмыс
жасайды.
Жетекші-
жөндеуші
Сабақты қорытындылау. Балалар
құмыра не үшін қажет?
-Құмыраға су құйып гүл салу
үшін қажет.
Күтілетін нәтиже:
Білу қажет: трафаретпен жұмыс жасап, құмыраны мүсіндей білу.
Қалыптасқан түсініктер: Ермексазбен дұрыс жұмыс жасау.
Орындаушылық қабілеті: ұқыпты, таза, әсем жұмыс жасау.
Ересектер тобына арналған
ұйымдасқан оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімдері: «Математика»
Тақырыбы: Салыстыру
Мақсаты: 10 көлемінде сан мен санды, сан мен өрнекті салыстыру дағдыларын
жетілдіру.
Тәсілдер
кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-
әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушы
1 ден 10 ға дейін тура және кері санату.
Балалар 1ден 10ға
дейін дауыстап
санайды.
Іздену-
ұйымдастыруш
ы
Балаларға 10 көлеміндег сандарды
салыстыруды ұсыну.
5 < 8, 7 < 9, 4 < 6, 5 < 10,
6 < 8, 5 < 7, 3 < 8, 9 < 10.
5=5. 7=7. 8=8. 9=9.
Тапсырмалар ұсыну.
Салыстыру белгілерін жаздыру.
Бос тұрған ойыншықтарға қанша нүкте
қажет екенін санап сал, салыстыр.
Бос тұрған орындарға жетіспей тұрған
цифрды жаз, салыстыр.
Суретте қанша зат болса, сонша
шеңберді боя және сәйкес цифрды
сызып белгіле.
Д. о: «Ұқсастығын тап салыстыр».
Балалар 10 көлеміндегі
сандарды салыстырып
есте сақтайды.
Балалар
тапсырмаларды
орындайды.
Балалар
қызығушылықпен
ойнайды.
Рефлексивті -
коррекциялауш
ы
Сабақты қорытындылау: Балалардың
жазу дәптерлерін тексеру, мадақтау.
Балалар
қуаныштарымен
бөліседі.
Күтілетін нәтиже:
Білуге тиіс: 10 көлеміндегі сандарды салыстыра білу.
Талапты болу: Түзу және дұрыс жазу.
Қолынан келуі тиіс: Сұрақтарға жауап бере білу.
Ересектер тобына арналған
ұйымдасқан оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта».
Бөлімдері: «Экология негіздері»
Тақырыбы: Табиғат бұрышындағы өсімдіктерді күту ережелері.
Мақсаты: Балаларға бөлме өсімдіктерінің ылғалды қажет ететіні туралы түсінік беру,
өсімдіктердің қасиеттеріне, пайдасына зейіндерін аудару, олардың байқағыштылығын
арттыру.
Сөздік жұмыс: Тыңайтқыштар, өсімдіктердің атаулары.
Тәсілдер кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-
әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушы
«Гүл» өлеңін оқу.
Арасында гүлдің.
Ойнап бүгін жүрмін.
Қызыл, көкшіл, сары,
Әп-әдемі бәрі.
Балалар тыңдайды, өз
ойларымен бөліседі.
Іздену-
ұйымдастырушы
Табиғат бұрышында тіршілік
ететіндер туралы әңгіме жүргізу.
-Балалар қандай бөлме өсімдіктерін
білесіңдер?
-Өсімдіктер қандай мүшеден тұрады?
-Өсімдіктер өсу үшін қандай жағдай
жасау керек?
-Қандай ылғалды, құрғақты сүйетін
өсімдіктерді білесіңдер?
-Жарықта, көлеңкеде өсетін
өсімдіктердің қандай
айырмашылықтары бар?
Д.о. «Өсімдіктердің атын ата». «Нені
сипаттағанымды тап».
Глобус бойынша саяхат жасау. Алоэ,
Балзами өсімдіктерінің отанын
көрсетіп, әңгімелесу.
Балалар өсімдіктерді қалай күтіп
баптаймыз.
Балалар сұрақтарға
жауап береді.
Балалар өсімдіктердің
атын атайды, оларға
сипаттама береді,
жұмбақ айтып, шешуін
табады.
Балалар тыңдайды.
Балалар өсімдіктерді
қоректендіріп,
топырақтарын
тыңайтады.
Рефлексивті -
коррекциялаушы
Сабақты қорытындылау. Балалар үйде
бөлме өсімдіктерін отырғызып, оларға
қамқорлық жасап, өсулерін
бақылаңдар.
Балалар тапсырманы
орындайды.
Күтілетін нәтиже:
Білуге тиіс: Өсімдіктердің аттарын және күтіп баптау ережелерін білу.
Талапты болу:Өсімдіктер туралы тақпақ, жұмбақтар айту.
Қолынан келуі тиіс: Өсімдіктерге қамқорлық жасау.
Ересектер тобына арналған
ұйымдасқан оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімдері: «Қоршаған ортамен танысу»
Тақырыбы: Менің елімнің басты қалалары.
Мақсаты: Балалардың өз елі туралы білімін байыту; Қазақстан – кең байтақ мемлекет
екедігін, жер байлығын айту; Балаларды достық пен сыйластыққа баулу, Отанға деген
патриоттік сезімін ояту.
Сөздік жұмыс: Қазақстан қалалары, жер байлығы.
Тәсілдер кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушы
ҚР Гимн тыңдату.
Балалар ҚР гимінді
орнынан тұрып,
салтанатты түрде
тыңдап орындайды.
Іздену-
ұйымдастырушы
«Қазақстан – менің Отаным»
тақырыбына әңгімелесу.
Географиялық картамен жұмыс,
Қазақстан қалаларын көрсету ТСО.
Отанымыздың басты қаласына
саяхатты ұсыну.
- Басты қала қалай аталады?
- қандай өзен бойында тұр?
- Кәне кім біледі, бас қала бұрын қалай
аталды?
- Мұнда призидент резиденциясы,
Үкімет үйі, Парламент үйі, Білім және
ғылым министірліктері орналасқан.
- Ел басымыздың аты – жөні кім?
Мақал-мәтелдер айту:
Отан үшін отқа түс күймейсің.
Өз елің – алтын бесік.
Қимылдық ойын «Қағып ал»
Балалар өз ойларымен
бөліседі.
Балалар көрсетілген
қалалардың мақтан
тұтатын байлықтарын
айтады.
Балалар сұрақтарға
жауап береді.
-Астана.
-Есіл өзенінің
жағасында.
Балалар мақалдарды
қайталап жатқа айту.
Балалар допты қағып
алып ҚР қалаларының
аттарын атап айтады.
Рефлексивті -
коррекциялаушы
Сабақты қорытындылау: Белсенді
қатысқан балаларды мадақтау.
Балалар
қуаныштарымен
бөліседі.
Күтілетін нәтиже:
Білуге тиіс: Отан, Ел, туған жер туралы білу, мақал-мәтелдер айту, мақтан тұтатын
жерлерді білу
Талапты болу: Қазақстан қалаларын білуге, кең және байтақ екендігін білу;
Қолынан келуі тиіс: Сұрақтарға жауап бере білу.