Сценарий "Ерлер есімі – ел тарихы"
Тақырыбы: Ерлер есімі – ел тарихы
Мақсаты: Тәуелсіздікке қалай қолымыз жеткені жөнінде, қазақ ұлтының ер ұлдары туған
жерін,
сүйікті елін жаудан ақ найзаның ұшымен, жұмыр білектің күшімен қорғап, ел
тарихын өз қандарымен жазып кеткендігі туралы түсінік беру;
Тәуелсіздік жолында еліміздің талай ұл – қыздары жойқын жорықтарда шейіт
болып ерен ерлігімен тарихта қалғандығын таныстыру;
елін, жерін мейірлене сүйе білген алып тұлғалы батырларымыздың жүрегі, адам-
гершілік, парасаттылық, кісілік, жомарттық, ақындық, шешендік т.б. қасиеттерін үлгі
ете отырып отансүйгіштікке, қажыр – қайраты, ерік – жігері мол, ынтымақшыл,
білімді болып өсуіне бағыт беру.
Көрнекілігі: ұлағатты, қанатты сөздер жазылған плакаттар, тарихтағы ер ұлдарының суреті,
тақырыпқа байланысты слайдтар.
БАРЫСЫ:
1- жүргізуші: Қазақ жері қонақжай төрдің жері,
Қазақ елі қас сақтай ердің елі.
Елі кедей болмаған, жері байтақ,
Еділ ердей, Бабырдай шерлер елі.
Азат бүгін байлыққа тұнған жерім,
Азап жүгін, ел жауын қуған ері.
Әділет пен бірлікке жанын қиып,
Әділ өткен билердің туған жері.
2 - жүргізуші: Қазақ жері көп шеккен қасіретті,
Қазақ ері - өнерлі, өсиетті,
Египетті билеген Бейбарыстың,
Елі текті, киелі, қасиетті.
Қорлаған жау - басқыншы халыққа мұң,
Қорғаған ер – ойлаушы халық қамын.
Қобыланды, Ер Тарғын, Алпамыстар,
Қорғап қалды ел бағын алыптарым.
1 – жүргізуші: Қазақ елі сонау Алтайдан Пиренейге дейін билік еткен ер Еділ батырдың елі.
Қазақ елі – асқан батырлығымен, ақыл – парасаттылығымен Египет еліне билік
жүргізген Бейбарыстың, Үндіні билеген Бабырдың елі.
2 – жүргізуші: Аспаныңда жарқ – жұрқ етіп жалындар,
Аққан судай зымырады ғасырлар,
Тұрды күтіп, түрлі – түрлі асулар.
1 – жүргізуші: Тарих! Осы сөзде қаншама мазмұн, қаншама ойлар мен ұғым жатыр. Ұлы
Жібек жолының кіндігі болған әлемге әйгілі Отырардың күйреуі, жоңғар
шапқын-
шылығы, үш жүздің Ресейдің қол астына кіруі, ұлт –азаттық шаруалар
көтерілісі,
нәубет аштық, жеке басқа табынушылық, репрессия, Ұлы Отан соғысы,
қазақ
даласындағы полигон зардаптары, орталықтың теріс саясатының
нәтижесінде
Желтоқсан оқиғасы бәрі де біздің тарих.
Енді сол тарих бетін ашайық!
1 – оқушы: Отырар қаласы өз тарихында сұрапыл соғыстан 3 рет қирап, 3 мәрте
тірілген
іргелі орын. Отырардың керуені кіріп – шығып жататын бес қақпасы
болған,
дарбаза қақпа, алтын қақпа, хан сарайы қақпа, құл қақпа, пышақты қақпа деп
аталатын. Дүниеге Әбу –Насыр Әл –Фараби, Әл – Жауһариді келтірген, 100 мыңнан
астам халық мекендеген, бірнеше мешіт, медресесі бар аты әлемге әйгілі қала.
2 – оқушы: 1219 жылы Шыңғысхан жасағы Отырар қаласын 200 мың әскерімен қоршауға
алды.
Бірақ қанша шабуылдаса да олар қаланы ала алмады. Шыңғысхан
қаһарланып,
бүкіл қолы қырылса да «Отырарды алу керек» деген бұйрық береді. Отырар
тұрғындарының жағдайы нашарлайды, тамағы таусылады. Әскер ішінен бір
жансыз
опасыздық жасап, қала қақпасын ашып береді. Жау сатқындарды да, қала халқын
да қырып салады.
Сонымен 6 ай бойы жауға тойтарыс берген Отырар қаласының орнында төбе
–
төбе топырақ қалады.
Көрініс: «Отырардың күйреуі»
3 – оқушы: 1723 жыл. Ел жайлауға көшіп жатқан кез. Алтайдан Атырауға дейін
тыныштық
орнатқан қазақ елі қаннен – қаперсіз, шат – шадыман жаз жайлау қызығын
көруге
бет алғанда, жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасап, қазақ халқын
қан
жылатты. Бұл шабуылдарды жоңғар ханы Цеван Рабтанның інісі Шона
Даба
басқарды. Дүрліккен ел шұбыра қашып, табаны езіліп, шұбырынды халық ақ
табан
болды. Аңдыздаған жұрт Алқа көлге аялдап, қасиетті Қаратауға бас сауғалады.
Қаратаудың баурайында қалың қазақ бас қосты. Елдің елдігін, ердің
ерлігін
соңғы рет сынайтын күн туды. Жауға соққы беріп, жалпы жұртты аман алып қалу
үшін данышпан ата Төле би батырларды батылдыққа, елді бірлікке шақырды.
4 – оқушы: Қара таудың басынан көш келеді,
Қара жорға шайқалып бос келеді.
Қара күнді жамылып қара қазақ,
Қара түнді басынан кешкен еді.
Қара қайғы көрсетпей ештеңені,
Қара жауы қанатын кескен еді.
Шұлғау болып қыздардың кестелері,
Талай қара шаңырақ өшкен еді.
Қара жұртта бықсыған шала қалған,
Аналардан ес кеткен, балалардан.
Тал да таппай қармауға жағалаудан,
Ақыл қашқан адыра бабалардан.
5 –оқушы: «Ат ауыздығымен су ішкен, ер етегімен су кешкен» заман болды. Қалың елді
Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай батырлар
бастап,
азулы жауды Аңырақайда жеңді. Райымбек сияқты киелі батырлар кейін
шапқан
кесапат жауды қасиетті қазақ жерінен біржола қуып тастады.
6 –оқушы: Ер елінің Қабанбай тірегі боп,
Өренінің мақтаныш, жігері боп.
Ерлік сапта жүр мәңгі өзі бастап,
Әр ұрпаққа күш берер жүрегі от.
Етсе егес Бөгенбай дана батыр,
Өткен емес кек алмай дара батыр,
Айбары боп елдіктің, ердің ісі,
Айғағы боп ерліктің дала жатыр.
Райымбек әулие – қасиетім,
«Құдайым» деп жаулары бас иетін.
Балалары батыр боп орындайды,
Бабалардың өнеге - өсиетін.
7 –оқушы: Ел иесіз, жер иесіз болған емес. Халық болған соң оның көсемі болады. Ел
басына
күн туғанда қол бастайтын батыры болмаса, ел бастайтын иесі болмаса ел болудан
қалады. Міне, осындайда ел басшысы болған, тарихта үлкен орын алатын тұлға
–
қазақтың батыр ханы Абылай. Абылай 1771 жылы Әбілмәмбет дүниеден өткен
соң
хан сайланады. Абылай 30 жасқа жетпей - ақ алғыр, жігерлі, қайрат – қуатымен
ел
бірлігіне араласады. Абылай бірінші ел бірлігі, екінші қарулы күш болу
керек
екенін түсінеді.
«Абылайлап» Сабалақ қол бастады,
Абылай хан аталып, ел басқарды.
Ерлігінен хандардың басталады,
Егемендік, елдіктің сел бастауы.
1 – жүргізуші: Тарихтың терең – терең қатпарларына көз жіберер болсақ, елдің есі мен
санасында ұзақ уақыттан бері сақталып келе жатқан небір орасан оқиғаларға
куә боламыз. Сол соқпақтардың бойында еліне елеулі еңбек сіңіріп, қаһар –
мандық қызмет атқарған ірі – ірі тұлғалардың өмірі мен тарихта қалдырған
іздері әлі күнге дейін сайрап жатыр. Заманымыздағы Тәуке хан сондай ардақ
–
ты есімдердің ішінен ерекше орын алады.
Көрініс: «Жеті жарғы»
Автор: Әділ хан аз болды Назардайын
Алашқа Есім ханның жолы дайын.
Тәукедей данышпан хан құрған екен
Басында Күлтөбенің құрылтайын.
Тәуке хан: Уа, жұртым, алты алашқа аты шыққан қазақтың игі жақсылары!
Бүгінде Күлтөбенің басына жайдан - жай жиылып отырған жоқпыз.
Бабаларымыз
Қасым ханның «Қасқа жолын», Есім ханның «Ескі жолын» жалғастыра отырып ел
тыныштығын сақтайтын, тентекті түзейтін Жарғы қабылдап «Қой үстіне бозторғай
жұмыртқалаған заманға» жетуіміз керек.
Бабадан мирасқа қалған жерді сақтау, нығайту үшін ең алдымен дау,
жанжалдың
негізі болған көшпелі елдің мал жаятын жайылымын, қоныстарын дұрыс жолға
қою
қажет. Олай болса бірінші жарғы жер дауы болсын.
Бұдан былай жайылымдар ру – ру болып пайдалануға беріліп және әр
ру
белгіленген аймақтың шеңберінде ғана көшіп – қонуға мүмкіндігі бар болсын. Белгі
–
ленген жер межесінің шеңбері рудағы түтін саны мен мөлшеріне қарай бөлініп, жер
-
ді пайдалану барысында дау туатын болса, ру басшылары, билер әділетті
шешім
шығаруы қажет.
Ал енді Ұлы жүздің бас биі Төле би, сен не айтасың?
Төле би: Жыртық үйден жел гулесе – сол жаман.
Өлім – бесік әлдилеген – сол жаман.
Ұрлық, қарлық, барымталап мал тауып,
Берекесін елдің алған – сол жаман.
Олай болса екінші жарғымыз ұрлық, қарлық, барымтаның жолын қиып, ел
тыныштығын қорғайтын заңымыз болсын.
Тәуке хан: Ал енді Орта жүздің бас биі Қаз дауысты Қазыбек биге сөз берейік.
Қаз дауысты Қазыбек: Біз қазақ деген мал баққан елміз,
Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Елімізден құт – береке қашпасын деп,
Жеріміздің шетін жау баспасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз.
Ешбір дұшпан басынбаған елміз,
Басымыздан сөзді асырмаған елміз.
Келесі жарғымыз ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз ету болсын.
Тәуке хан: Келесі сөзді Кіші жүздің бас биі Әйтеке биге берейік.
Әйтеке би: Қазақ ордасын нығайту үшін ең алдымен бет – бетімен ру – руға бөлініп, бір
–
бірімен қырқысып, ел берекесін алған рулар арасындағы дауды шешіп, елдің
ұлттық
бірлігін сақтауымыз керек. Алты алаштың баласы бір – біріне жау болса
елдің
ертеңі не болмақ. Келесі жарғымыз ру арасындағы дауды шешуге арналған заңы
–
мыз болсын.
Тәуке хан: Келесі сөзді қырғыз Көкім биге берейік.
Қырғыз Көкім би: «Аға өлсе – жеңге мұра,
Іні өлсе – келін мұра» дегендей жетімдеріміз бен жесірлеріміз ел кезбесін
десек
келесі жарғымыздың бірі жесір дауы болсын.
Тәуке хан: Қарақалпақ Сасық би, жарғыға қосарың бар ма?
Сасық би: Балаң жаман болса,
Көрінгеннің мазағы емес пе!
Әйелің жаман болса,
Бұл жалғанның тозағы емес пе!
Туған балаң жақсы болса,
Тән мен жанның шырағы емес пе!
Алған жарың жақсы болса,
Жиғаның мен мейманыңның тұрағы емес пе! - деп Қаз дауысты Қазыбек би
айтқандай, келесі жарғымыз үй іші мен бала тәрбиесі болсын.
Тәуке хан: Ал қатаған Жайма би, сөз кезегі саған да келді, не айтарың бар?
Қатаған Жайма би: Төрені қара өлтірсе, құнын оның кім бермек,
Азаматын өлтірсе, ақысын оның кім бермек?
Жерін жөнсіз иеленсе, есесін оның кім бермек?
Әйелі ерін сыйламаса, ері елін сыйламаса, елі әдет – ғұрпын сақтамаса
ертеңгі
күніміз не болмақ? Олай болса келесі жарғымыз құн дауы болсын.
Тәуке хан: Уа, жұртым, алты алаштың игі жақсылары! Ел тәуелсіздігі мен тыныштығын
қамтамасыз етер «Жеті жарғымызды» қабылдадық. Айымыз оңымыздан
туып,
«Жеті Жарғымыз» темірқазығымыз болсын! Әумин.
Автор: Жер дауы баяндайтын – біріншісі,
Ру, қоныс болыпты меншікті ісі.
Иеленген жеріне жанжал болса,
Біреуге басымдық қып озбыр кісі.
Үй іші мен баланы тәрбиелеу –
Болған екен заңының екіншісі.
Ұрлық, қарлық, барымта – үшінші заң,
Баян етер бәрін де білген кісі.
Төртінші боп саналған мынау заңы:
Бір халықпен басқа ру болса дауы.
Ұлтын жаудан қорғамақ – бесінші,
Алтыншы – құн, жетінші – жесір дауы.
2 –жүргізуші: Халқымыздың елдік тарихында Исатай, Махамбет бастаған 1836 – 1838 жылдары
шаруалар көтерілісі айрықша орын алады.
8 – оқушы: ХVIII – ХIХ ғасыр, Қазақ билері мен хандары иек атып, көмек күткен орыс
патшалығы бірте – бірте өз мақсатын орындап, қазақ жерін отарлап, қазақ елін
аздыра бастады. Ел ішіне іріткі салып, зымияндық саясатпен ел бірлігіне, ұлттық
қасиетімізге, тіліміз бен дінімізге, кеңдігіміз бен елдігімізге кесір келтірді. Оған
қазақ шаруалары ызаланып, бас көтерді. Исатай мен Махамбет бастаған ел
көтерілісі сәтсіз болса да, ер намысының айғағы еді.
9 – оқушы: Орнатам деп Исатай бостандықты,
Ордадан кек, құптауды достан күтті.
Жаңғырған мұң – шаруа күресінен
Жәңгір хан мен патша жасқаныпты.
Көрініс: «Махамбет пен Жәңгір хан»
Жәңгір: Уа, Махамбет, ел ішіндегі орақ ауызды ақын едің, мені мақтап бір өлең
айтшы
мына халыққа.
Махамбет: Айтсам айтайын.
Хан емессің қасқырсың,
Қас албасты басқырсың.
Дұшпаның келіп табалап,
Достарың сені басқа ұрсын.
Хан емессің аярсың,
Айыр құйрық шаянсың.
Жәңгір: Әй, Махамбет, талай жыл дәмдес болып тең өсіп едік. Сенен бұны күтпеген
едім,
текеметімді тілгендей Әбілқайыр тұқымынан не жамандық көрдің? Сені ел қатарына
қосқан Тайман тұқымы ма?
Махамбет: Жәңгір, атаң Әбілқайыр қарауындағы елді алакөз дұшпаннан қызғыштай қорғаған
ел
үшін туған нар еді. Нардан айғыр туды, айғырдан қауырсын туды.
Тайманұлы
Исатайға тіл тигізбе, ол қарадан туса да хан боп туды. Сен жылатқан елді ол
жұбатса несі айып?
1 –жүргізуші: Ресей қазақ елі түгелдей қол астына біріккеннен кейін, өз ойларын іске
асыра
бастады. Қазақтың шұрайлы жерлерін тартып алып, беттен ауған орыс шаруа
–
ларына берді.
Қазақтың хандығы жойылды, биліктен айырылды. Мұндай
зорлықтарға
Шыдамаған ел Кенесарыны хан сайлады. Азаттық соғыс ашты. Кенесары
қазақ
халқын өз алдына мемлекет етем, өз алдына дербес ел болғызам деген қазақтың
ең
соңғы ханы болды.
10 – оқушы: ХХ ғасырдың бас кезінде Ресей Азиялық Шығысты отарлауды кең
көлемде
жүзеге асырды.
1916 жылы 40 мыңға жуық шұрайлы жерінен айырылған қазақ еліне 19 бен
41
жастың арасындағы ер азаматтар окоп қазу жұмысына алынсын деген патша
жар-
лығы шықты.
Соған қарсы жер – жерде көтерілістер отряды құрылып, Торғай,
Жетісу
өңірінде Аманкелді Иманов, Әліби Жанкелдин, Тоқаш Бокин сияқты
ардагерлер
басқарды.
Ардагер Аманкелді ердің ері,
Кең өріс жалпақ дала туған жері.
Елі мен мекенінің туын ұстап,
Қол бастап қан майданда аққан тері.
2 – жүргізуші: Қазақтың ғұмырындағы жазылмас дерт – осы ғасыр. Ендеше тарихқа тағы
да
көз жүгіртейік.
11 – оқушы: 1918 – 1919 жылдар. Ресей үшін «Азаматтық» деп аталатын қызыл мен
ақтың
соғысында қазақ ауылдары қосақ арасында кетіп қырғынға ұшырады.
12 – оқушы: 1920 жыл. Алаш елі Кеңес империясының илеуінде қалды.
13 - оқушы: 1921 жыл. Қазақтың кейбір аймақтарында ашаршылық болып өтті.
14 – оқушы: 1928 жыл. «Ірі феодалдар» деген сылтаумен ағайынға ұйытқы болып отырған
қазақтың бай отбасыларын айдауға жіберді.
15 – оқушы: 1929 жыл. Қазақтың жүздеген зиялыларын, мыңдаған азаматтарын Кеңеске
қарсы деп атты, асты, айдауға жөнелтті.
16 – оқушы: 1930 жыл. Кәмпеске, колхоз деген желеумен мал сүмесіне ғана қарап отырған
ұлттың тігерге тұяғын қалдырмай, тышқақ лағына шейін сыпырып алды.
17 – оқушы: 1931 жыл. Қыстан әрең шығып, бір уыс тары таба алмай, Кеңес өкіметі
әдейі
ұйымдастырған алапат ашаршылыққа ұшыраған қалың қазақ жартысының
көбінен
айрылып шыбынша қырылды. Бір деректер бойынша 3 500 000 адам
аштан
өлген.
18 – оқушы: 1937 жыл. Қызыл репрессия
1 – жүргізуші: Жеке басқа табынушылықтан, Сталиндік зұлматтың зардабынан қоғам қайрат
–
керлері Әлихан Бөкейханов, Міжақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов,
Сәкен
Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Смағұл Садуақасовтар
құрбан
болды.
2 – жүргізуші: Бодандықтың қамытын киіп, қарғыс атқан күндерден құтылғанша көрген
азабы,
тартқан тозағы аз болған жоқ. Одан қайтсем құтқарам, теңдігін алып, терезесі
тең етем деген ұлт ұлылары қиян – кескі қарсылықтарын көрсетіп жатты. Өресі,
өлшемі ерек, ой – санасы қырандай қияны шалған Алаш арыстарының жолы
азапты да қасіретті. Алайда ұлт дегенде түн ұйқысын төрт бөлген олар алған
беттерінен қайтпады.
19 – оқушы: Тағдыры қиын, бірақ кісі қызығарлықтай тағдыр. Ғұмыры ащы арманға
толы,
алайда адамға өнеге боларлық ғұмыр кешкен Ахмет Байтұрсынұлы. Ол 1873
жы-
лы Торғай облысы Тосын болысында Сары түбек дейтін жерде дүниеге
келген.
1919 жылғы 24- шілдедегі РСФСР Совнаркомның қаулысы бойынша қазақ өлке -
лік әскери–революциялық советіне мүше болып кіреді, коммунистік партия
қатары
-на өтіп қызу еңбек ете бастайды. 1929 жылы оның басына бұлт үйіріле баста –
ды. Бұл Голощекиннің қазақ жерінде білгенін істеп, бүлдіріп жатқан кезі еді.
1929 жылы қамауға алынғандардың ішінде Ахмет Байтұрсынұлы да болды.
М.Горькийдің жұбайы Қызыл Крест арқылы көмектесіп, 1934 жылы босаттырды.
Бірақ көп ұзамай 1937 жылы репрессияның қанды пышағына ілігеді.
20 – оқушы: Алыстан алаш десе, аттанамын,
Қазақты қазақ десе мақтанамын.
Болғанда әкем - қазақ, шешем – қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын, - деп жырлап өткен қайраткер Міржақып
Дулатұлы 1885 жылы қазіргі Қостанай облысының Жанкелдин ауданына
қарасты
Қызылбел аулында дүниеге келген. 1909 жылы ең алғашқы жинағы «Оян, қазақ!»
Уфа қаласында жарық көреді, 1910 Қазандағы Каримовтар баспасыннан
«Бақытсыз Жамал» романы басып шығарылады. 1913 жылы Ахмет Байтұрсынов-
пен бірге «Қазақ» газетін шығарады. М. Дулатұлы Сталин, Голощекин озбырлығы
-на ілініп, 1928 жылы тұтқындалады. 1930 жылы ОГПУ коллегиясының үкімімен
өлім жазасына кесіліп, одан кейін бұл 10 жыл абақтыға қамау жазасымен
алмастырылады. 1935 жылы 5 – қазан күні елу жасқа толуына бір ай қалғанда
Ақтеңіз – Балтық каналының бойында Сосновец стансасында лагердің лазаретінде
ауыр науқастан қайтыс болады.
21 – оқушы: Сәкен Сейфуллин 1894 жылы қазіргі Қарағанды облысы Жаңарқа ауданында
дүниеге келді. «Сәкен Сейфуллин – қазақ әдебиетінде жаңа эра» деп қазақ
жазушысы Сәбит Мұқанов өз бағасын берген - ді. 1918 жылы маусымда контрре
- волюцияшыл күштер Ақмола қаласында Кеңес үкіметін уақытша
құлатқанда
Сәкен бір топ большевиктермен бірге тұтқынға алынады.
...Қажыма, ер көңілім, бәрі де өтер,
Сан азап бір күнгідей болмай кетер.
Қара түн басып тұрса алды – артыңды,
Жарқырап ататын таң әлі – ақ жетер, - деп қасындағы жолдастарына жігер
береді.
Азаттық таңын аңсаған ақын репрессия қармағына ілініп, 1938 жылы 25
ақпанда атылды.
1 – жүргізуші: 1941 – 1945 жылдар. Адамзат тарихында болмаған алапат соғыста бірлік,
достық
жолында жан қиған қазақ батырлары ерекше ерлік көрсетті. Батырлықты батыр
лардың ұрпағы Бауыржан Момышұлы бастады.
22 – оқушы: Бауыржан Момышұлы «Ескертпе»
Найзадан қол босаса, қалам алдым
Толғанып оқиғаны көп ойладым.
Тырмысып әл кеткенше көргенімді,
Жалтақтамай, именбей ашық жаздым.
Отырсам көп ойланып, күнім жақын,
Әр адам біле бермейді сөздің парқын.
Ұрпаққа арнап істеген адал еңбек,
Ақ ниетпен ұсындым саған халқым.
Жазушы болмаған соң менің затым,
Көркемді жұмыр емес жазған хатым.
Салмақтайтын саналы ер табылса,
Атаусыз неге қалсын менің атым.
23 –оқушы: Тоқтаровтай батырлар неткен жалын!
Оқтан ықпай, елім деп төккен қанын.
Батырларым жалынын жалаулатып,
Жатыр мәңгі аялап еккен бағын.
Бауыржандар Мәскеуді қорғап қалған,
Бауырмалдар жауға елді қорлатпаған.
Жатыр бүгін жалын боп алыптарым,
Батырлығы бағым боп орнап қалған.
Қорған болған елінің елдігіне,
Батырлардың бас идік ерлігіне!
Ұрпақтары қаһарман бабалардың,
Тәуелсіздік қамалын көрді міне.
2 – жүргізуші: 1986 жыл. Желтоқсанда отты оқиға болды. Елдің егемендігін аңсаған жастар
алаңға шықты. Желтоқсан желі дауылға айналды. Өрттей қаулаған өжет жастар
ұлттық намыс құдіретін әлемге паш етті.
1 – жүргізуші: «Қазақ елі хан сайлар зор данасын,
Ғажап елді келімсек қорламасын!»-
Деп, Қайраты көтерді намыс туын,
Кек қайнатты өрт жалын Орда басын.
Қайраттың ақтық сөзі: Күнәдан таза басым бар.
Жиырма бірде жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар.
Бозторғайдай жаным бар.
Алам десең алыңдар.
Қайрат деген атым бар.
Қазақ деген затым бар.
Еркек тоқты құрбандық
Атам десең атыңдар.
Мен не етермін, не етермін.
Мен келмеске кетермін.
Көрмеген қош бол, таңдарым
Көре алмай мен өтермін.
Хош – аман бол артымда
Ағайын – туған, азамат.
Артымда қалған ата – анам.
Ел – жұртым саған аманат.
2 – жүргізуші: Ол әділеттіліктің жеңетініне сенді. 1988 жылы 13 мамырда Семей түрмесінде
Қайрат Рысқұлбеков 21 мамыр күні таңда өмірмен қоштасады.
24 – оқушы: «Ерлік жыры»
Отан сені жырламасам болмайды,
Елін, жерін сыйламаған оңбайды.
1986, желтоқсан
Қазағыма әкелді ғой зор қайғы.
Қаралаған басына оның туды күн,
Жамандамақ, жазаламақ кімді – кім?
Империяның саясаты
Қазақтың
Тастамақшы жерге жаншып теңдігін.
Он мыңдаған әскер қоршап шеруді
Ұрып – соғып жаныштауға кірісті.
Осылайша қайғы шекті қазағым
Бұл не сұмдық,
Құлақ түрші, ағайын.
Қайрат пенен
Ләззәттай есімдер.
Тартты – ау азап,
«Елім - ай» - деп талай күн.
1 – жүргізуші: Ерлігіміздің арқасында Қазақстан егеменді болып дүние жүзіне танылуда. 1991
жылы біздің Отанымыз егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті болды.
2 – жүргізуші: Қандай бақыт қуанышты күн бүгін,
Дәлелдеуге Қазақстан елдігін.
Арман еткен, қыршын кеткен ағалар
Елің алды егеменді теңдігін.
25 – оқушы: Тәуелсіздік – бабалардың ұраны Қазақстан сен бір елсің жаһанда
Бейуақытта бойға тартқан тұмары. Тең танылған таудай асқақ тұлғасы
Тәуелсіздік – түнектерде тұншығып, Бір сөйлемді ортасынан үздім мен,
Ызғар ұрып жанбай қалған шырағы. Осыншама осал боппыз біз кімнен?
Тәуелсіздік – берекенің бір басы, Білсін әлем айырылмаймыз ешқашан
Дәулетің мен сәулетіңнің тұнбасы. Қолымызға түгел тиген тізгіннен
1 –жүргізуші: Міне, достар, Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. Осы
Тәуелсіздікті тұғырында нық ұстап тұру үшін сапалы білім мен
тәртіп керек. Болашақ өз ұлтын сүйетін, өз елі, өз жерін,
Отанын сүйетін ұлтжанды, өр намысты, биік рухты болу біздің
қолымызда.
2 – жүргізуші: Қазақстанның өз жолы, өзіндік болашағы бар, бұдан былай
және мәңгі Тәуелсіз Қазақстанның таихы жалғаса бермек!
Қазақстанның Тәуелсіздігі баянды болсын! Қарышта, жайна,
Қазақстан! Қазақстанның болашағы гүлдене берсін!
Педагогика - еще материалы к урокам:
- Классный час "Дружба в классном коллективе"
- Беседа - тренинг "Дом в котором я живу" 6-11 классы
- Конспект урока "Добывание огня и разведение костра, обогрев временного жилища" 6 класс
- Сценарий день рождения школы
- Классный час "Всероссийский урок Мира – урок гражданственности" 6 класс
- Воспитательное мероприятие "Все прекрасное от женщин"