Конспект занятия "Заңды тұлғалар"

Сабақ тақырыбы: Заңды тұлғалар
Сабақтың мақсаты: Заңды тұлғалар ұғымы мен оның түрлері туралы тиянақты
білім беру және жалпы түсініктер қалыптастыру.
Білімділік: Білім алушыларға заңды тұлғаның ұғымы, заңды тұлғаның түрлері
мен нысандары, заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі және заңды тұлғаның органдары,
атауы, тұрған жері туралы кең көлемде білім беру.
Дамытушылық: Оқыту кезінде оқушылардың танымдық қызушылығын,
шығармашылық қабілеттерін, жігерін, сөйлеу мәнерін, жадын, ынтасын, қабылдауын
т.б. танымдық қабілеттерін жіктеу, өзара байланыс, қорытынды шығару, топтық,
ұжымдық жұмыстарда қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Тәуелсіз еліміздің жан-жақты дамуына үлестерін қосу жолында
әрекет етуге насихаттау, ұлтжандылық, экономикалық тәрбие, ғылыми дүниетанымын,
тұлғаның ұлттық, жалпы адамгершілік құндылықтарды қолдануда жауапкершілікпен
шешім қабылдауға тәрбиелеу, оқуға деген саналы –белсенді, жауапкершіліктік
қатынасты қалыптастыру.
Сабақтың типі: Жаңа материалды игерту сабағы
Сабақтың түрі: Интеллектуалды ойын сабағы
Технология: Ойын технологиясы элементтерін қолдану
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, баяндау, иллюстративті әдіс, қосымша
материалдармен жұмыс, сұрақ-жауап, түсіндіру, пікір алмасу, ауызша, жазбаша әдіс.
Пәнаралық байланыс: Құқық негіздері, конституциялық құқық.
Сабақтың көрнекілігі: ҚР Конституциясы, ҚР Азаматтық кодексі, интерактивті
тақта, слайдтар, үлестірме материалдары
Сабақтың жоспары:
І.Ұйымдастыру бөлімі
1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу, сабаққа назарын аудару.
2.Мақсат қою және оқу іс-әрекетіне қызығушылықты ояту, мотивациялау.
3.Білімді өзектілендіру және мәселелік жағдаяттар туғызу.
ІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру
ІІІ.Бекіту кезеңі. «Білгір» интеллектуалды ойыны.
1 кезеңі «Таныстыру»
2 кезеңі «Тапқырлық»
3 кезеңі «Ойлан, тап»
ІV.Қорытындылау кезеңі
V.Бағалау кезеңі
VI. Үйге тапсырма беру
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
1.Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, өткен тақырыпты қайталау, сабаққа
дайындығын тексеру.
2.Мақсат қою және оқу іс-әрекетіне қызығушылықты ояту, мотивациялау:
сабақтың мақсатын хабарлап, оқушылардың назарын сабаққа аудару, эксперт тобы
құрылады (Сабақ барысында қолданылатын «Білгір» ойынының элементтерімен
таныстыру).
3.Білімді өзектілендіру және мәселелік жағдаяттар туғызу.
ІІ.Жаңа тақырып
1.Заңды тұлғалар, олардың түрлері
2.Заңды тұлғалардың туындауы және оны даралау
3.Заңды тұлғалардың таратылуы. Заңды тұлғаларды таратуды негізі және тәртібі
1.Заңды тұлға меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару
құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап
беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие
болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым
заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға
тиіс.
Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады.
Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табысын келтіруді көздейтін
(коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған
таза табысын қатысушыларына үлестірмейтін (коммерциялық емес ұйым) ұйым заңды
тұлға бола алады.
Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын,
шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив нысандарында ғана
құрылуы мүмкін.
Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық
бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қор, діни бірлестік нысанында және
заңнамалық актілерде көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін.
2.Заңды тұлға мүліктік қатынастардың басқа субъектілері ұйымдастырған,
құрған және құқықтары мен міндеттер берген субъект. Заңды тұлғаның
құрылтайшылары (құрушылары) оны мүліктік қатынастардың субъектілері ретінде
өзінен бөлу мақсатында құрады. Мүліктік азаматтық құқықтық қатынастар үшін
заңды тұлға институтының тәжірибелік маңыздылығы мынада: «заңды тұлға
құрылтайшыларының өз кәсіпкерлік тәуекелін өздері үшін орынды болады деп
есептейтін сомамен шектеу мүмкіндігі бар».
Заңды тұлға институтын заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігін, олардың
ұйымдық-құқықтық нысандарын, заңды тұлғаларды құру, қайта құру және тарату
тәртібін белгілейтін нормалардың жиынтығы, азаматтық құқықтың сала тармағы
ретінде анықтауға болады.
Заңды тұлға институтын заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігін, олардың
ұйымдық құқықтық нысандарын, заңды тұлғаларды құру, қайта құру және тарату
тәртібін белгілейтін нормалардың жиынтығы, азаматтық құқықтың сала тармағы
ретінде анықтауға болады.
Заңды тұлғалардың қатынасқа қатысу аясы олардың қандай мақсат үшін
құрылғандығына әрі жүзеге асыратын әрекеттерінің сипатына қарай белгіленеді.
Қатысуға тиісті қатынасына қарай заңды тұлға қайсыбір құқықтарды немесе
міндеттерді иеленеді. Демек, заңды тұлғаның құқықтық қабілеті оған жүктелген
міндеттерге қарай белгіленеді.
Құқық қабілеттілік дегеніміз бұл заң шығарушылардың нақты субъективтік
азаматтық құқықтарды иелену және нақты субъективтік міндеттерді атқару жөніндегі
жалпы қабілетін таныған ерекше заңдық қасиет.
Заңды тұлға азаматтармен (жеке тұлғалармен) қатар, мүліктік қатынастардың
субъектісі болып табылатындықтан (АК-ның 1 бабы), ол құқық қабілеттігіне ие болуға
тиіс. Заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі олар мемлекеттік
тіркеуден өткен сәттен бастап бір мезгілде пайда болатындықтан (АК-ның 42 бабының
3 тармағы) және таратылған сәтте (заңды тұлғалар мемлекеттік тркеуден заңды
тұлғаның таратылуы туралы жазба енгізілген соң) тоқтатылады, заңды тұлғалар үшін
бұл санаттарды ажыратудың маңызы жоқ.
Жалпы құқық қабілеттілігі бар азаматтардан өзгеше, заңды тұлғалардың арнайы
құқық қабілеттілігі болады. Заңды тұлғаның азаматтық құқықтары және өз қызметіне
байланысты қолданыстағы заңдарға сәйкес (АК-ның 35 бабы) және жарғылық
міндеттерді жүзеге асыру үшін құрылтай құжаттарын сәйкес міндеттері болуы мүмкін.
Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол құрылған сәттен бастап пайда болып, оны
тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Заңды тұлға заң құжаттарында тізбесі белгіленетін
жекелеген қызмет түрлерімен, тек лицензия негізінде ғана айналыса алады.
Яғни,белгілі бір қызметпен айналысу үшін лицензия алу қажет болатын заңды
тұлғаның құқық қабілеттілігімен, сол лицензияны алған сәттен бастап пайда болады.
Азаматтық кодекстің 35 бабының 1 тармағына сәйкес заңды тұлға азаматтық құқыққа
ие болып, өз қызметіне байланысты міндеттерді атқара алады. Мемлекеттік
кәсіпорындардан басқа коммерциялық ұйымдар заң құжаттары немесе құрылтай
құжаттары арқылы тыйым салынбайтын кез-келген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін
азаматтық құқыққа ие бола алады және азаматтың міндетін де атқарады.
Қызмет ету үшін міндетті түрде лицензия қажет болған жағдайда, заңды
тұлғаның құқық қабілеттілігі лицензия алғаннан бастап пайда болады. Соңғы жағдайда,
мәселе құқық субъектісінің мәртебесіне ие болғандығында емес, лицензиялауға
жататын қызмет саласында құқықтар мен міндеттерге ие болу мүмкіндігінде болып тұр.
Мемлекеттік қауіпсіздік, құқық тәртібін қамтамассыз ету, айналадығы ортаны
азаматтардың меншігін, өмірі мен деңсаулығын қорғау мақсатында тауарлардың,
жұмыстың немесе қызметтің кейбір түрлерін өндіру мен сату мемлекеттік лицензиялар
арқылы жүзеге асырылады (АК-тің 10 бабы, 4 тармағы). Лицензиялауға жататын
қызметтердің тізбесі «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңында
белгіленген. Азаматтық кодекстің 35 -баптың 2- тармағында ұйымның
лицензияланатын қызмет саласындағы құқық қабілеттілігі мұндай лицензияны
алғаннан кейін пайда болып, оның алынуы, жарамдылық мерзімі өткен деп танылған
сәтте тоқтатылады.
3.Тарату заңды тұлғаның құқықтары
мен міндеттерін мирасқорлыққа өткізбей тоқтату тәсілі. Тарату ерікті түрде
немесе ықтиярсыз жүргізілуі мүмкін.
Заңды тұлғаның мүлкін меншіктенушінің немесе меншік иесінің
уәкілдік берген органның шешімі бойынша, сондай-ақ құрылтай құжаттарында
шешім қабылдауға уәкілдік берілген заңды тұлға органның шешімі бойынша заңды
тұлға кез-келген негіз бойынша таратылуы мүмкін, әрине, бұл жерде әңгіме ерікті
түрде тарату туралы болып отыр.
Заңды тұлғаны тарату дегеніміз заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуден алу
арқылы оның құқық және әрекет қабілеттілігінің тоқтатылуы. Заңды тұлғаларды
тіркеуді жүзеге асырушы орган заңды тұлғаны тарату туралы шешім қабылдағаннан
кейін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тарату тәртібінің сақталуын
тексереді. Егер тексеру барысында таратудың белгіленген тәртібінің сақталуын
тексереді. Егер тексеру барысында таратудың белгіленген тәртібінің бұзылғандығы
анықталмаса, тіркеуші орган 10 күн ішінде заңды тұлға қызметінің тоқтатылғандығын
тіркейді.
Таратуды тіркеу үшін тіркеуші органға келесі құжаттар ұсынылады: белгіленген
үлгідегі таратуды тіркеу туралы арыз (мемлекеттік үлес қатысы бар ұйымдар реестр
ұстаушының белгісі соғылған арызы); заңды тұлғаны тарату туралы шешім (соттың,
өкілетті органның заңды тұлғаның мүлкінің меншік иесі және т.б.); құрылтай
құжаттары мен статистикалық карточканың түпнұсқалары; заңды тұлғаны мемлекеттік
тіркеуі немесе қайта тіркеуі туралы куәлігінің түпнұсқасы; таратуды тіркеу үшін
алымның төленгені туралы түбіртек немесе төлем тапсырмасының көшірмесі; заңды
тұлғаны тарату және несие берушілердің тілектерін білдіру тәртібі мен мерзімі туралы
деректердің жарияланғанын растайтын құжат («Заңды тұлғаларды мемлекеттік
тіркеудің Ережесі туралы» ҚР Әділет министрлігі тіркеу қызметі комитетінің 1999
жылғы 23 сәуірдегі № 66 бұйрығының 9 бабы).
Заңды тұлға ерікті түрде және ықтиярсыз тәртіппен таратылуы мүмкін. Ерікті
тәртіпте таратылуына кез келген негіз ықпал етеді (заңды тұлға мүлкін
меншіктенушінің немесе меншік иесі уәкілдік берген органның шешімі негізінде,
құрылтай құжаттары бойынша тарату жөнінде шешім қабылдауға уәкілдік берілген
заңды тұлға органының шешімі негізінде).
Ықтиярсыз таратылу соттың шешімі бойынша жүзеге асады.
Соттың шешімі бойынша заңды тұлға:
1) банкрот болған;
2) заңды тұлғаны құру кезінде заңдардың түзетуге келмейтін сипатта бұзылуына жол
берілуіне байланысты оны тіркеу жарамсыз деп танылған;
3) заңды тұлғаның жарғылық мақсаттарына қайшы келетін қызмет ұдайы жүзеге
асырылған;
4) тиісті рұқсат алынбаған (лицензиясыз) қызметті, не заң құжатында тыйым салынған
қызметті жүзеге асырған не, қызметін заңдарды бірнеше рет немесе өрескел бұза
отырып жүргізген жағдайларда;
5) заң құжаттарында көзделген басқа да жағдайларда таратылуы мүмкін
Сонымен қатар, заңнама мемлекеттік органдардың, несие берушілердің заңды
тұлғаны тарату жөніндегі талаптың сотқа беруін көздейді.
Заңды тұлғаның таратылуы заңды тұлғаның мүлкін меншіктенуші немесе заңды
тұлғаны тарату туралы шешім қабылдаған орган құрған тарату комиссиясы жүзеге
асырады. Тарату комиссиясы құрылған сәттен бастап заңды тұлға мүлкін және істерін
басқару жөніндегі өкілеттілік соған ауысады. Тарату комиссиясы заңды тұлғаның
таратылу жайлы, несие берушілерінің талаптарын мәлімдеу тәртібі мен мерзімі туралы
ақпаратты орталық әділет органының ресми баспасөз басылымдарына жариялайды.
Талаптарды мәлімдеу мерзімі тарату туралы жарияланған кезден бастап екі айдан кем
болмауы тиіс.
Заңды тұлғаны таратудың жеке жағдайы оны банкрот жариялау болып
табылады.
Заңды тұлғаның банкрот болуы оның таратылуына негіз болған ретте, оның
таратылу тәртібі өзгешелеу болып келеді.
Заңды тұлғаның таратылуы жөнінде мемлекеттік регистрге тиісті жазба
жасалғаннан кейін оның таратылуы аяқталады.
ІІІ. Бекіту кезеңі «Білгір» ойыны
1 кезең «Таныстыру»
Енді сабағымызды пысықтау үшін топ оқушылары заңды тұлғалардың түрлеріне
байланысты үш топқа бөлінеді және өздерінің құрған заңды тұлғаларын таныстырып
өтеді.
2 кезең «Тапқырлық»
а) Төменде берілген кестені толтыру керек.
Заңды тұлға ұғымы, құқық
қабілеттілігі
Заңды тұлғаның түрлері
мен нысандары
Заңды тұлғаны тарату
негіздері
ә) интерактивті тақтада берілген заңды тұлға түрлерінің анықтамасын
сәйкестендіруіміз керек.
Заңды тұлға
Анықтамасы
1
Толық серіктестік
а)
жарғылық капиталы құрылтайшылардың
(қатысушылардың) үлесіне (салымдарына) бөлінген
коммерциялық ұйым
2
Шаруашылық
серіктестік
ә)
серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл
мүлкімен (толық серіктерімен) қосымша жауап
беретін бір немесе одан да көп қатысушылармен
Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы
оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап
беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен
міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және
жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады (ҚР АК-нің 33-
бабы).
Заңды тұлға
Заңды тұлғалардың түрлері
Коммерциялық емес ұйым
мақсат ретінде пайда келтіре
алмайтын және алынған таза
табысын қатысушыларына
үлестірмейтін заңды тұлға болып
табылады
қатар, серіктестіктің (салымшылардың) мүлкіне
өздері салған салымдардың жиынтығымен
шектелетін бір немесе одан да көп қатысушыларды
да енгізетін және серіктестің кәсіпкерлік қызметті
жүзеге асыруға қатыспайтын серіктестік
3
Сенім серіктестік
б)
толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған
жағдайда қатысушылары серіктестіктің
міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық
мүлімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік
4
Акционерлік қоғам
в)
бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы
құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде
үлеске бөлінген серіктестік
5
Өндірістік кооператив
г)
басқарушылық, әлеуметтік-мәдени немесе өзге де
коммерциялық емес сипаттағы функцияларды
жүзеге асыру үшін өзінің құрылтайшысы құрған
және қаржыландыратын ұйым
6
Жауапкершілігі
шектеулі серіктестік
ғ)
өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту
мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға
7
Мекеме
д)
азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін
мүшелік негізде олардың өз еңбегімен қатысуына
және өндірістік кооператив мүшелерінің мүліктік
жарналарын біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі
8
Қор
е)
қатысушылардың материалдық және өзге де
қажеттерін қанағаттандыру үшін өз мүшелерінің
мүліктік (үлестік) жарналарын біріктіру арқылы
жүзеге асырылатын азаматтардың ерікті бірлестігі
9
Тұтыну кооперативі
ж)
рухани қажеттерін қанағаттандыру үшін өз
мүдделерінің ортақтығы негізінде, заң құжаттарында
белгіленген тәртіп бойынша біріккен азаматтардың
ерікті түрдегі бірлестігі
10
Діни бірлестік
з)
азаматтар және (немесе) заңды тұлғалар ерікті
мүліктік жарналар негізінде құрған, әлеуметтік,
қайырымдылық, мәдени, білім беру және өзге де
қоғамға пайдалы мақсаттарды көздейтін, мүшелігі
болмайтын коммерциялық ұйым
3 кезең «Ойлан, тап»
Жағдаяттық есептерді шешу
1.Акционерлік қоғам жобалау ұйымымен қоғамның сатып алған ғимаратын
қайта қалпына келтіру бойынша жобалық құжаттар дайындау жөнінде шарт жасасады.
Жоба жасаушылар шартта белгіленген мерзімде қайта қалыпқа келтірілетін
құрылыстың эскизін кішірейтілген үлгісі мен бас жоспарын жасайды. Акционерлік
қоғам рұқсат етуші құжаттарды алуға келгенде, жобаның толық көлемде
орындалмағаны анықталады. Жобалау ұйымы шартта берілетін материалдар тізімі
қарастырылмағанын, ал жобалау құжаттары бойынша нормативтік талаптар жоқ екенін,
бірақта қосымша төлем жасалған жағдайда жұмыстардың қажетті бөлігін
орындайтынын мәлімдейді.
Акционерлік қоғам заңгерге кеңес сұрап барады.
Қандай кеңес берген жөн?
2.Жауапкершілігі шектеулі серіктестік пен құрылыс фирмасы арасында шарт
жасалады, ол шарт бойынша құрылыс фирмасы серіктестіктің кеңсесін жөндеуге, ал ол
барлық қажетті материалдарды жеткізіп, жөндеу жұмыстарының ақысын төлеуге
міндетті болады. Құрылысшылар өз уақытында жұмыстарды орындауға кіріседі, бірақ
15 маусымнан бастап барлық жұмыстарды тоқтатады, өйткені жүргізілген
жұмыстардың ақысын төлеу үшін серіктестіктің қаржысы жоқ екендігі анықталады.
Оның үстіне, серіктестік қажетті материалдарды жеткізіп бере алмай, құрылыс
фирмасының материалдарын пайдаланып, жұмыстарды белгіленген мерзімде
орындауды талап етеді. Аталған талапты фирма орындаудан бас тартады. Сонда
серіктестік шартты бұзатынын жариялап, жұмыстарды аяқтау үшін басқа ұйымды
шақырады, ал шығындарды өтеуді мердігерге жүктейді.
Қоғамның әрекеттері заңға сәйкес пе?
3.Қаржының жетіспеушілігіне байланысты акционерлік қоғамның бас
директоры акционерлік қоғамның есеп шоты орналасқан банкпен несие шартын
жасасады. Несие шартын қамтамасыз ету ретінде директор акционерлік қоғамның
барлық тауарлық қорын кепілге салады. Оны біле салысымен акцияның 15% -нің иесі
болатын акционер мәмілені жарамсыз деп тану жөнінде талап арыз ұсынады. Талап
акционерлер жиналысының шешімімен бас директордың мәміле жасау құқығы
тауарлық қордың 25%-іне тең сомамен шектелгенімен негізделеді. Жиналыс
шешімімен аталған шектеу құрылтай құжаттарына енгізіледі де, тіркеледі.
Істі шешіңіздер? Егер несие шарты басқа банкпен жасалынған болса, шешім
өзгерер ме еді?
ІV.Қорытындылау кезеңі
Заңды тұлға – меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы
оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз
атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды
жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп
танылады.
Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табысын келтіруді көздейтін
(коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған
таза табысын қатысушыларына үлестірмейтін (коммерциялық емес ұйым) ұйым заңды
тұлға бола алады.
Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын,
шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив нысандарында ғана
құрылуы мүмкін.
Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық
бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қор, діни бірлестік нысанында және
заңнамалық актілерде көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін.
V.Бағалау кезеңі.
VI.Үйге тапсырма беру: Қосымша сұрақтармен жұмыс.