Конспект "Елімнің еркіндігі - тәуелсіздік"

«Елімнің еркіндігі - тәуелсіздік»
Мақсаты: Балаларға Тәуелсіздік мерекесі туралы түсінік беру.Отан
сүйгіштікке тәрбиелеу.Еліміздің рәміздері,картасы, қалалары, ұлты жайлы
білімдерін қалыптастыру
Көрнекіліктері:Желтоқсан құрбандарының фото суреті, ҚР картасы, ҚР
рәміздері қалалары.
Ұйымдастыру:Құрметті: қонақтар, кішкентай бүлдіршіндер, бүгін біз
дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын алғаш көтерген әйгілі 1986
жылдың желтоқсанына арналған «Елімнің еркіндігі - тәуелсіздік»атты
ұйымдастарылған оқу іс-әрекеттін бастаймыз.
Мұз жастанып азаматтық жолында,
Тәуелсіздік туы тұрды қолында.
Жеңіп шықты, бас имеді, қасарып
Сойыл таяқ ойнаса да жолында
Желтоқсан - ау, ұмтылмайсың жүректе
Ұрпақ өсер айналатын тірекке
Егемендік тиді міне еншіме
Желтоқсаным,жеткіздің ақ тілекке.
Тәуелсіздігіміз баянды болсын дей отырып, кішкентай бүлдіршіндерімізге
арналған шарамызды ән ұранмен ашайық.
Әнұран орындалады.
Шаттық шеңбері:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды қаламыз .
Жайнай түссін даламыз.
Қайырлы күн, балалар!
Қайырлы күн, қонақтар!
- Бүгінгі сабағымызды сүйікті Отанымыз Қазақстанға арнаймыз.
Бәріміз бірге кең байтақ республикамыз поездбен сапарға шығамыз.Ол
«Қазақстан» деген мерекелік поезд екен. Поезда жолсерік деген қызметкер
бар,ол жолаушыларға көмек көрсетеді.Бірнеше бекетке тоқтайтын боламыз,
бекеттерде тапсырмалар болады.
Бекет. «Тәуелсіз мемлекет» деп аталады.Осы ретте еліміздің сан мың
жылдар бойы найзаның ұшымен, еліміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр
сілкіндерген Желтоқсан оқиғасында құрбан болған аға-әпкелерімізді еске
алып кетейік.
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын, айналайын жас қайраты халқымның.
Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған
Намысыңды жықпай өттің нәубе, дүлей маусымнан.
Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма
Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан.
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріндей ер намысты жас өркені бар елдің,
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы! деп құрбан болған аға-
әпкелерімізге гүл жоқтарын қояйық.
Айару.
Туған жерге нұр шашып жарық берген,
Қуаныш пен мол бақыт алып келген.
16 желтоқсан шуақ болып
Тәуелсіздік еліме алып келген
Бекет «Рәміздер» деп аталады.
Тәуелсіздік - ел мұраты дей келіп,тәуелсіздігімізді қолымызға алғаннан
кейін 1991 жылы Тәуелсіз Қазақстан елі тұңғыш рет Н.Ә.Назарбаевты
президент етіп сайлады.
1992 жылы Қазақстан Республикасының Елтаңбасы, әнұраны, туы туралы
заң қабылданды.
Осы ретте мен сендерге сұрақтар қояйын.
1.Біздің туымыздың түсі неге көгілдір ?
2.Туымыздың ортасындағы күн шашақтары неге дәнге ұқсайды?
3.Тудың сабындағы ою –өрнек қалай аталады?
4.Елтаңба неге қанатты аттар бейнеленген?
Ал енді тақпақтарға кезек берейік.
Сезім.
Отан туы желбіреп,
Көз тартады құбыла.
Біз қараймыз елжіреп,
Туған жердің туына
Мейрамбек.
Тәуелсіздік жолында
Талай талай тер тамған,
Билігім өз қолымда
Еркіндігім Елтаңбам.
Нұрислам.
Әнұраным жан ұраным,
Айтар әнім,сөйлер сөзім
Туған жерім сағынарым,
Мәңгі бақи шырқалады,
Республикам Әнұраным
Келесі бекет «Отан» деп аталады.
Алина.
Отан сөнбес күніміз
Отан туған жеріміз
Отан ортақ үйіміз
Отан әнмен күйіміз
.
Темірбек
Гүл жайнаған Астана
Қазақстан Отан
Бірін –бірі сыйлаған
Туысқандар Отаны
Сұлтанбек
Отан осы достарым
Көңілге мұны түйе біл
Отан –деп өс,жас қауым
Оны ардақтап сүйе біл
Абильмансур.
Жаса ,жаңа Астанам
Өркен жая бастаған
Болашақтың есігін,
Өз қолыңмен аш маған
Асқақтай бер Астанам,
Берекеге бастаған.
Болашақтың есігін,
Өз қолыңмен аш маған.
«Шығармашылық» бекетке келіп шығармашылығымызды ұштай түссу
үшін, туымыздың суреті есімізде қалу үшін қылқаламның ұшымен
«Күн шуақ» - тың суретін бояйық.
Сары түспен қылқаламен бояу.
Сергіту сәті:
Жоғары қарап күн көрдім.
Төмен қарап, жер көрдім .
Оңға,солға бұрылып
Егеменді ел көрдім.
Келесі іс-әрекет жапсыру бөліміне қатысты болады.Тәуелсіз еліміздің бір
бөлшегі бүлдіршіндеріміз өз қолдарының таңбасын ҚР картасына
ораналастырады.
Ән «Көк тудың желбірегені» осы әнмен оқу іс –әрекетімізді
аяқтаймыз.
Қазақстанымыздың көк байрағы желбіреп, еліміз тыныш, жұртымыз
аман болсын.