Мен - өз елімнің патриотымын

«Мен – өз елімнің патриотымын»
Мақсаты: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай – қуатты ел
екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат
сезімін ояту;
Көрнекілігі: Елбасы суреті, рәміздер, қанатты сөздер, шарлар.
Әдісі: сұрақ-жауап,әңгімелеу, түсіндірмелі, көрнекілік
Формасы: тәрбие сағаты, топтық жұмыс
Тәрбие үрдісі: Азаматтық, патриоттық тәрбие беру.
Мұғалім: Білім күнімен құттықтай отырып,мектеп табылдырығын аттаған оқушыларды
құттықтау.Біздің Отанымыз-Қазақстан.
Отанымыз Қазақстан
Мемлекеттік рәміздер – ту, елтаңба, гимн.
Елордамыз Астана қаласы.
Қыран құсым көк аспанда самғасын
Желбіресін көк байрағым сан ғасыр
Жас ұландар, берік ұста туыңды
Жарқыратып туған елдің таңбасын - дегендей, Қазақстан Республикасының өз рәміздерін
мақтаныш етеміз.
Еліміздің рәміздерін атайық.
(Туы, Елтаңбасы, Әнұраны)
1992 жылы ҚР жоғарғы Кеңесінің сессиясында Республикамыздың Туы, Елтаңбасы және Әнұраны
қабылданды.
Шексіз көк аспанды жамылады
Уақыттың басылған жоқ дауылы әлі
Бірігіп бір жүрекпен шырқай тұғын
Әнұран – Мемлекеттің халық әні
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы ортасында шұғылалы күн, оның астында
қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында
ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек
бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік туының авторы суретші Шәкен Ниязбеков.
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы дөңгелек
2-кезең: «Мен – патриотпын!» тақырыбына ой толғау
3-кезең: Сөзжұмбақ шешу «Отан»
1. Ұлттардың бірлігі, татулығы /Достық/
2. Елордамыз қай қала /Астана /
3. Біз қай ұлтпыз?/ Қазақ/
4.Мемлекеттің рәміздеріміздің бірі /Әнұран/
4-кезең: «Полиглот» үш тілде жауап беру кереке
1. Қыс бойы жатады, тәтті ұйқыға батады (аю - медведь - bear)
2. Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. (Түйе – верблюд - camel)
3. Тікірейіп құлағы
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті-қолын жуады. (мысық – кошка – cat)
4. Жұдырықтай қызыл шар, тілді үйірген шырын бал. (алма - яблоко - apple)
5. Қанаты бар ұшпайды,
Жұрт айламен ұстайды. (балық – рыба fish)
6. Жеті қазынаның бірі – адамды күзетіп жүретін досы. (ит – собака –doq)
Мен бүгінгі сынып сағаттымызды мына өлең жолдарымен қорытындылағым келіп тур.
Қорытынды:
Тауды көрсең күн көзімен таласқан,
Аспан көрсең ай мен күнге жол ашқан.
Менің байтақ республикам даласы,
Менің көгім теңізбен қол ұстасқан.
Дала көрсең көк жиекпен таласқан,
Көлді көрсең секілді бір түскі аспан.
Менің байтақ республикам даласы,
Менің көгім – теңізбен қол ұстасқан.
Қызыл бұлттай көрсең қырдың гүлдерін,
Көрсең анық Алатаудың күндерін,
Жерінде гүл, көгінде күн бір жүзген –
Ұлан байтақ республикам бұл менің.
Қорытындылау.